Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


азақстан – тәуелсіз мемлекет!

Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам Мәдениеті Университеті

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет!

 

Орындаған: Садырбай Ж.Ж.

Тобы: «Зәл», 1-курс

Қабылдаған: Дүйсен С.Ж.

 

 

Алматы, 2016ж.

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстан – тәуелсіз мемлекет!

 

Орындаған: Садырбай Ж.Ж.

Исламтану факультеті,

Зәл тобы, 1-курс

Қабылдаған: Дүйсен С.Ж.

 

 

Алматы, 2016ж.

азақстан – тәуелсіз мемлекет!

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді. Ендігі тәуелсіздік алғалы бері өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, басшыларды өзіміз сайлауға мүмкіндік алдық.

Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.

Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат, айтулы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті. Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді. Талай қиындықты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтеріліске келгенде де тосылып қарап қалған жоқ. Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерін қорғау үшін қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рухқа әр кез таңданамын. Аталарымыздың сол қасиеті елге - мұра, ұрпаққа - ұран болып келе жатыр. Ұлт-азаттық көтерілістер, Ұлы Отан соғысы мен желтоқсан оқиғалары, соғыстың қатал сынағынан өткен жандардың жанқиярлық ерлігінің арқасында біздің барлығымыз өмір сүру бақытына ие болдық. Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда. Біз оны көрмегенмен, үлкендер мен апайларымыздың айтулары, теледидардағы деректі фильмдерден жақсы білеміз. Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұшыраған «қасқалдақтай қаны, бозторғайдай жаны» бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды. Қайрат, Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен ел есінде! Желтоқсанның ызғарына тоңып, тас қараңғы тас қамалда, Қайрат ағамыздың жазған өлеңдерін оқығаныңызда өлеңдері «Мен қазақпын» деген әрбір жастың, әрбір адамның, жанына күш-қуат беріп патриоттық сезімін оятары анық.

Біздің бабаларымыз ежелден еркіндікті, қазіргі біз сүріп жатқан заманды аңсаған. Сол себепті ол кісілер үлкен ерлік көрсетіп, осындай заманда өмір сүруімізге себепші болып отыр. Биыл біздің егемендігімізге 26 жыл толып отыр. Қазақстан осы жылдар бойы қадамнан-қадамға жол салды. Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар күш-жігерімізді экономикалық, әлеуметтік жағдайларды көтеруге салған. Қазір енді біздің Қазақстанды экономикалық және әлеуметтік мемлекет деп мақтанышпен айтуға болады. Өйткені ол жылдан жылға дамып, гүлденіп келе жатыр.

Бүгін өзімнің Қазақстаным туралы мақтанышпен көптеген жақсы сөздер жазғым келеді. 1990 жылы 25-қазанда Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қабылданды. Осы жылдан кейін Қазақстан егеменді Республикаға айналды. Бұл біздің мемлекетіміздің мақтанышы. Осы күнді «Республика күні» деп атаған. Одан кейінгі Қазақстанның жолында елбасының сайлауы болды. 1991 жылы 1-желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тұңғыш елбасы болып сайланды. Бұл күн елдің тарихында ең басты оқиғаның бірі. Елбасы - халықтың сайланып қойылатын басшысы, ең жоғары лаузым иесі. Елбасының құқықтары мен міндеттері өте көп. Біздің елбасымыздың арқасында біздің елімізде бейбітшілік, бірлік және амандық бар. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қабылданды. Биыл біздің еліміздің тәуелсіздігімізге 25 жыл толып жатыр. Осы жылға дейін ата-бабаларымыз көптеген қиыншылықтарды бастан кешкен. Сол себепті қазір біз үшін бұл ұлы мереке деп есептеледі. Сондықтан әрбір азамат өз елінің отансүйгіші болу керек. Мен өз елімнің отансүйгішімін. 16-желтоқсанда Қазақстан республикасының тәуелсіздігі жарияланды. Бұл - еліміздің тәуелсіз дербес мемлекет екендігін дүниежүзіне әйгілі, аса қасиетті құжаты. Осы күннен бастап еліміз ешкімге жалтақтамай, өз бетінше өмір сүріп келеді. 16-желтоқсан «Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан республикасының туған күні» деп алтын әріптермен жазылды. Бұл мемлекеттік және халықаралық мейрам. Себебі, Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Біздің мемлекетімізде 150 ұлттың өкілдері тұрады. Қазақстанның барлық халықтары достықпен, береке-бірлікпен тұрып жатыр. Тәуелсіздік күні республикамыздың тарихында маңызды оқиға болды.

Қазақстан 1992 жылы 2-наурызда Бас Ассамблеяның 46-сессиясы мәжілісінде Біріккен Ұлттар ұйымына мүшелікке қабылданды. Біріккен Ұлттар ұйымына кіруі республика үшін әлем елдерімен бейбіт араласуға кең мүмкіндіктер береді. Әр халықтың тарихына, салт-дәстүріне мәдениетіне байланысты рәміздері болады. 1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заң қабылданды.

Қазақстанның рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Елтаңбасы елімнің

Құт, береке-шаңырақ

Неткен әйбат, әдемі!

Орын алған ол төрден.

Тұнығындай көңілдің

Қанатты қос арғымақ

Ортада аспан әлемі.

Екі жақтан көмкерген.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған....

Билігім - өз қолымда,

Еркіндігім - Елтаңбам.

(С.Қалиұлы.)

Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айырықша белгісі - Ұлттық валюта. «Ақша-асыл қазына, халық байлығы», -дейді қазақ халқы. Бұл сөздерді қазақ халқы босқа айтпаған. Қазақстан республикасының ұлттық валютасы 1993 жылы қарашаның 15-інде қабылданды. Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге.Ұлттық валютасы барлық уақытта тәуелсіздігімізді қамтамасыз етеді. Теңге - біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. 1993 жылы 28-қаңтар Қазақстанның тұңғыш Ата Заңы қабылданды. Екінші Ата заңы 30-тамыз 1995 жылы қабылданды. Ата Заңға кішкене өзгерістер енгізілді. Ата Заңы бойынша Қазақстан республикасы демократиялық зайырлы және құқықтық мемлекет болып саналады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары - адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Біздің Ата заңымызда 9 бөлім, 98 бап бар. Ғасырдың соңғы ең маңызды оқиғасы – Алматының Астанаға ауысуы. 1997 жылында Н.Ә.Назарбаев Астанаға көшу туралы ұсыныс білдірді. Оны көбі қолдады. 1997 жылы 10-желтоқсанда Қазақстанның астанасы - Ақмола қаласы болды. Ал, 1998 жылы Ақмоланың жаңаша аты Астана болып өзгерді. Қазақ елінің тарихында төрт астана болды. Соның ең кереметі - Астана қаласы. Астана қаласы іскерлік пен мәдени орталыққа айналды. Астана қаласы Еуразия құрылығының орталығында орналасқан. Астана - сауда, экономикалық және халықаралық қатынастар орталығы. Бүгінгі Астана өте әдемі, әйгілі және көп ұлтты қала. Қалада көптеген сәулетті және зәулім ғимараттар бар. Астана қаласы – біздің мақтанышымыз, Қазақстанымыздың жүрегі. Биыл 1-2 желтоқсанда Астанада айрықша мәнді оқиға өтті. Халықаралық саммит ЕҚБҰ ең басты мәселелерді талқылады. Осы саммитке көптеген мемлекеттің елбасшылары қатысты. Саммиттің басқарушысы біздің елбасымыз - Н.Ә. Назарбаев. Бұл біздің биікке көтерілген деңгейіміздің дәлелі. Астанадағы өткен саммит бұл біздің еліміздің мақтанышы мен беделі. Негзігі ризашылығымды біздің елбасымызға білдіргім келеді. Ол біздің еліміз үшін көптеген еңбек еткен. Осы кісінің арқасында біздің ортақ үйіміз гүлденіп, дамып жатыр.

Мен Қазақстан республикасының 2030 жылы өзінің нақты даму жолы бар, жастары интелектуалды, мәдениеті, діні, ділі, салт-дәстүрі, экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылатынын нық сеніммен айта аламын. Мағжан Жұмабаев атамыздың:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін, -

деп айтқанындай біздер сенімді ақтау үшін қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз. Осы жолда жұмылған жұдырықтай еңбек етеміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 


 

Пайдаланылған дереккөздер:

1.https://www.zharar.com/kz/shygarma/2177-jeltoksan_16.html#read

2.https://surak.szh.kz/қазақстан-егемен-қазақстан-ең-әдемі-мемлекет-шығарма-жазу.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Департамент правового регулирования экономической деятельности | Расчет и обоснование образования отходов
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1025 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2159 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.