Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


А) алкоголизмнің 1-ші сатысы




Б) алкоголизмнің 2-ші сатысы

В) алкоголизмнің 3-ші сатысы

Г) тұрмыстық мастану

Д) алкогольді эпизодты қолдану

 

118. 18 жастағы бозбала төсекте жатыр, жан-жағына немқұрайлы қарайды, ешкіммен сөйлеспейді. Тамақтандыру кезінде ерінін қысады, аузын аштыртпайды.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) каталепсия

Б) апатиялық ступор

В) активті негативизм

Г) пассивті негетавизм

Д) истериялық ступор

 

119. 35 жастағы әйелде айқын қайғы, үрейлену жағдайы байқалады. Мимикасы уайымды бейнелейді. Кейде, жылап, менің «күнәларым» үшін жауапқа тартыңдар деген сөздермен, қозу жағдайы бақыланады.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) истериялық қозу

Б) депрессивті ступор

В) жедел сандырақтық жағдай

Г) ажитацияланған депрессия

Д) дисфория

 

120. 40 жастағы әйел адамда еш себепсіз көңіл-күйі түсіп кетті. Үйден шығуды қойды, төсекте жата беретін әдетті шығарды, өз-өзіне қарамайды. Тәулік бойы көңіл-күйі өзгеріп отырады, әсірісе ертеңгісін өзін-өзі нашар сезінеді, тәбеті төмендеп 7 кг салмақ тастады. Емделгеннен кейін көңіл-күйі орнына түсті, бұрынғысынша эмоциональды, ақкөңіл күйіне түсті, жанұясынмен айналысты, шамамен 2-3 жылда бір рет осы тәріздес жағдайлар қайталанды. Емделуден кейін психикалық жағдайы бастапқы күйіне оралып отырды.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) рекурентті шизофрения, депрессивті синдром

Б) депрессивті невроз

В) маникальді-депрессивті психоз, депрессивті фаза

Г) маниакальді-депрессивті психоз, биполярлы тип

Д) инволюциялық депрессия

 

121.45 жасар әйел, сауда қызметкері. Шапшаң, мимикасы жанданған, көздері жылтырайды, көп және жылдам сөйлейді. Қимыл-әрекет кезінде жиі ән айтады. Бөлімшеде барлығына араласады, сексуальды тежеусізденген, сексуальды тақырыпта көп және тамсанып әңгімелейді, өзін ерлерге жіберуді талап етеді. Осымен қатар тітіркенгіш, кейде төбелеске бейім тұрады. Қарсылыққа төзбейді, ескертулерге қарқынды және агрессивті реакция береді.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?

А) көңілді мания

Б) шатасқан мания

В) ызалы мания

Г) продуктивсіз мания

Д) типті мания

 

122. 55 жасар ер адам, анамнезінде алкоголизация, инсульт. Баяу, сөздерді созып сөйлейді. Байымды, әңгіменің басты мазмұнын ажырата алмай детальдарда тұрып қалады. Жиі ары қарай не айтарын білмей тоқтап қалады, бір тақырыптан екіншісіне ауысуы қиын. Есте сақтау қабілеті күрт төмендеген, жеке өмірінде болған оқиғалардың уақыттарын айта алмайды десе болады. Көңіл-күйі тұрақсыз, жиі себепсіз ызалы, тітіркенген күйге ауысады.

Төменде аталғандардан қандай синдром аса ТӘН?

А) лакунарлы деменция

Б) ақыл аздығы (малоумие)

В) психоорганикалық синдром

Г) тотальды деменция

Д) концентриялық деменция

 

123. 17 жастағы бозбала. Әкесі – маскүнем, ұлы өзінен туылмағандығына күдік туғандықтан 13 жасынан балаға ішкізе бастаған. Алғашқы мастанулардан кейін науқас ішкілікке аса әуестікті сезінген. Соңғы жылда мастануға қажет қабылдайтын мөлшері күрт жоғарылаған, 800 гр араққа дейін. Таңертеңгі уақытта бас жазуға қажеттілік туындаған, немесе еңбекке қабілетсіз. Екі рет анаша тартып көрді, мастану болмады, араққа қайта оралды. Психиатриялық ауруханаға мас күйінде түсті, балағат сөздер айтып, өзін тізгінсіз ұстады.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) алкоголизм 1-ші сатысы

Б) алкоголизм 2-ші сатысы

В) алкоголизм 3-ші сатысы

Г) тұрмыстық салынып ішу

Д) алкогольді мастану

 

124. 18 жасар бозбала. 11 жасында құрдастарының ортасында алғаш рет шарап дәмін көрді, шамамен 100гр., күш ағынын, эйфория сезінді, мастану фазасы 4 сағатқа созылды. Бұл күй ұнап, алкогольді аптасына 1 – 2 рет достарымен қабылдайтын болды. Ата-анасының ажырасуынан кейін алкогольді эксцесстер жиіледі, аптасына 3 рет қабылдайтын болды. Конфликтілі, агрессивті, оқуын тастады. 2 жылдан кейін «жеңілдеу үшін бас жазатын» болды. Салынып ішеді, толеранттылық жоғары. Күніне 1 литр араққа дейін ішеді.

Аталған емдік шаралар жоспарының қайсысы дұрысырақ болып табылады?

А) күштеп емдеу

Б) дезинтоксикациялық терапия

В) психотропты терапия

Г) психотерапия

Д) антиалкогольды терапия

 

125. 18 жасар бозбала. 11 жасында құрдастарының ортасында алғаш рет шарап дәмін көрді, шамамен 100гр., күш ағынын, эйфория сезінді, мастану фазасы 4 сағатқа созылды. Бұл күй ұнап, алкогольді аптасына 1 – 2 рет достарымен қабылдайтын болды. Ата-анасының ажырасуынан кейін алкогольді эксцесстер жиіледі, аптасына 3 рет қабылдайтын болды. Конфликтілі, агрессивті, оқуын тастады. 2 жылдан кейін «жеңілдеу үшін бас жазатын» болды. Салынып ішеді, толеранттылық жоғары. Күніне 1 литр араққа дейін ішеді.

Аталған болжам диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

А) алкоголизациямен психопатия

Б) тұрмыстық ішкілікке салыну

В) алкоголизм 1-ші сатысы

Г) алкоголизм 2-ші сатысы

Д) алкоголизм 3-ші сатысы

 

126. Тексерілудегі ер адам, 36 жаста, әскери қызметкер-ауғандық. Әдеттегідей, қызметіне жиналып, қаруын алды, бірақ, кенеттен «Душмандарды соқ!» деген айғаймен, көшеге жүгіріп шықты, оқ атқан дауыс шықты, нәтижесінде екі жай өткінші адам жараланды. Ұстаған кезде қозған жағдайда, бозарған, «душмандар» тарапына төндіріп, сөз жаудыруды жалғастырды. Шамамен бір сағат өткен соң, милиция бөлімінде оянып, өзінің ауыр қылмыс жасағанын есіне түсіре алмады. Қызметіне жиналғаны есінде, ал кейінгі оқиғалар толық есінен шыққан.

Төменде аталған бұзылыстардың қайсысы болуы мүмкін?

А) сананың аментивті бұзылысы

Б) сананың онейроидты бұзылысы





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 607 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2181 - | 2137 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.