Лекции.Орг


Поиск:




Ойлаудың формасы бойынша бұзылуы




 

Ойлау жылдамдауы оның темпінің жоғарылауымен сипатталады. Бұл кезде алаңдаушылық, зейін бұзылыстарына байланысты пікір беткей, аяқталмаған, үстірт талданады, рифм ұйқастыруға бейімділік болады. Ассоциативті қызмет жылдамдауының ең шегі идеялар секіруі - fuga idearum деп аталады. Бұндай жағдай сөздік қозумен көрінеді, бұл айқын көрініс бергенде сөз «сөздік қиқымдарға» айналады. Сөз байланыссыздығын еске түсіреді, бірақ бұл екі феномен екі түрлі. Идеялар секіруі кезінде ойлар арасындағы байланыс бұзылмайды, бірақ ассоциациялар құйынына түскен науқас сөздерін айтып үлгермейді. Сөзі ой соңынан ілесе алмайды. Мұндай жағдайда науқас сөйлемді аяқтамай, келесісіне көшеді, бірнеше сөз айтып, сөздер немесе сөйлемдерді жібере отырып, келесі ойын жеткізуге асығады. Бұл жағдайда қоршаған ортаға аса қызығушылық және зейіннің аса тұрақсыздығы ойлау қызметіне түрткі болатын көптеген әсершіл пікірлер тудырады.

Ойлау жылдамдығымен науқастың стенографиялық жазбасында:

«Менің толықтай денім сау, менде тек маниакал. Әдіс емес, нәтиже маңызды. Сіздің күтушіңіз бүгін жұмысқа келді, оның ішкі киімі көйлегінің астынан көрініп тұр. Жұмадан соң сенбі... Ертең сенбі, Сіз мені ертең шығарасыз ба. Сіздің галстугыңыз дұрыс болмай тұр, мен сізге жөндеп жіберейін, ойламаңыз, мен сізге жағымпазданып тұр деп. Бүкіл әлемге қаншама рет жағымпаздықтың қажетсіз, зиянды екені айтылды. Мен сізге ғашықпын, бұнда тұрған не бар? Махаббат ұят емес, үлкен күнә. Мен сізге өлең түрінде хат жаздым, оқып берейін бе?» және т.с.с.

Ой жылдамдауы маниакальды-депрессивті психоз, шизофрения, экзогенді психоз шеңберіндегі маниакальды жағдайда бақыланады.

Ойлау баяулауы - ойлау қарқынының төмендеуі, тежелуі. Науқас ойлау қызметінің қиындығына, басы босап қалған сияқты, ой тоқтауына, жоғалуына шағынданады. Сөзі баяу, кедейленген, сұрақтарға жауаптары біртекті, біраз үзілістен кейін жауап береді. Депрессиялық психозда, шизофренияда, реактивті және басқа да психоздарда кездеседі.

Патологиялық байымдылық - бір ойдан екіншіге ауысуының қиындауымен, ойлаудың аз жылжымалылығымен сипатталады. Науқас маңыздысын екінші дәрежелі мәнділіктегі ойдан ажырата алмайды, детальдардан шыға алмайды, бір орында тұрып қалады, негізгі тақырыбынан бөлек басқа тақырыпқа ауысып кетеді, біраз уақыттан кейін қайтадан сол тақырыпқа келіп, артық ассоциациялармен қайта көңілі бөлінеді.

Эпилепсиямен науқастан ұстама қалай өтеді деп сұрағанда науқас былай жауап береді: «Оқиға жазда болды, біз қыздармен тоғайға саңырауқұлақ теруге келіскенбіз, мен кештен бастап жинала бастадым, уайымдап түнімен ұйықтай алмадым. Оянсам әлі түн екен», «тұрсам ба екен» деп ойладым, тұрдым сыртқа шықсам сиыршы Иван Васильевич уақытында сиырларды жинап жатыр екен. Бұл сиыршының өткен күзде әйелі уланып қайтыс болды, үйлерінде ешкім жоқ еді. Әйелі пештің үстіне шығып жатқаннан тұрмай қалған. Иван Васильевич қызы Надя, менің досыммен жалғыз қалды. Қалай мен Иван Васильевичті көрдім, солай басым қатты ауырды. «Сен неге сонша асығасың» - менің Надеждам әлі төсегінен тұрған жоқ» - деді. Мен жүгіріп Надяға барсам шынымен ол тұратын ойы жоқ, заттарын жинастырмаған, етігін, себетін іздеп жүр екен. Мен одан сайын толқып кеттім. Басқа қыздар келді, ол әлі жүр. Тоғайға келдік, мен саңырауқұлақтар іздеп жүріп, Қара алаңқайға қалай шыққанымды білмей қалыппын. Бұрын бұл жерде хутор болған, соғыс кезінде ол өртеніп кеткен. Бұл жердің айналасында күйген ағаштар әлі күнге дейін тұр. Сондықтан бұл жерді Қара алаң деп атайды. Қараймын өз көзіме өзім сенбеймін: барлық ағаштың түбінде саңырауқұлақтар өсіп тұр. Мен жүгіріп барып алуға еңкейіп едім, барлығы да жоғалып кетті де әрі қарай ештеңе білмеймін. Өзім көлдің жағасына келдім. Қыздар айналамда тұр. Надя мені құшақтап жылап тұр. Мен суға малынғанмын: менің үстіме су құйған ба, әлде зәр жіберіп қойғанмын ба... Содан бері ұстамамен ауырамын.»

Ойлаудың патологиялық байымдылығы, эпилепсиялық ақыл кемдігіне тән, сонымен қатар, эпидемиялық энцефалиттің кеш кезеңінде, ОЖЖ-нің басқа да органикалық ауруларында байқалады.

Р езонерлік – танымдық мағынасынан айырылған бос, өнімсіз пікір. Шизофренияда бақыланады, бұл дерттің бұрыннан бері келе жатқандығының белгісі. Мысал ретінде науқастың дәрігермен әңгімелесуінен үзінді келтірейік.

Сұрақ: Сіз өзіңізді аурумын деп санайсыз ба?

Жауап: «Бұл дертті жағдайды қалай түсінуге байланысты. Ауру деген – тіршіліктің бір түрі, ал тіршілік ету - өмір сүру, яғни аурудағы өмір, өмірдің бір белгісі. Ауырмай өмір сүруге болады, ал өмір сүрмей ауыруға болмайды. Аурудың зардабы тереңдеген сайын, өмір сүру сезімі де қиындайды. Мен ешқандай зардапты сезінбеймін, осыған байланысты, мен ауру емес болғаныммен өмір де сүрмеймін. Менің өмірім ағзаның бұзылмаған физиологиялық бөлінділеріне сай келеді.

Ойлау үзілуі - сөйлемнің грамматикалық құрылымының сақталуымен түсініктер арасындағы мағыналық байланыстың болмауы. Науқастың сөзін мысалға келтірейік:

«Сіздің үлкен ынтаңызды біле отырып, осы көзқарасыңызға толық қосыла отырып, мен жақын жатқан сөре деңгейіне дейін төмендей аламын. Бірінші және екінші жағдайда да дұрыс болар еді, себебі аспанға тек бір саусақпен жету қиын»

Мұндай жағдайда сөйлем өзінің коммуникациялық қасиетін жояды, адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы ретіндегі қасиетін жоғалтады, тек өзінің сыртқы түрін сақтап қалады. Ой үзілуі шизофренияның көп жылғы үрдісінде бақыланады.

Ойлау байланыссыздығы. науқастың сөзі мағынасы бір – бірімен байланыспайтын фразалар үзінділерінен, жеке сөздерден тұрады; грамматикалық құрылымы бұзылған. Ойлау байланыссыздығы өте ауыр ағымдағы жалпы және психикалық аурулар кезінде психикалық бұзылыстардың тереңдігін көрсетеді. Ол сананың аменция түрінде бұзылуы жағдайында байқалады.

Ойлау персеверациялары және стереотипиялары – қандай-да бір ойда мүдіріп, тұрып қалу. Ол бір сөзді немесе сөйлемді бірнеше рет қайталаумен көрінеді, нәтижесінде науқастың жауабы мағынасыз болады. Мысалы:

Сұрақ: Сіздің аты-жөніңіз кім?

Жауап: Виталий Александрович.

Сұрақ: Сіз нешедесіз?

Жауап: Александрович.

Сұрақ: Сіз қайда тұрасыз?

Жауап: Александрович.

Персеверация және стереотип инсульттан кейінгі және кәрілік кезеңдегі ақыл кемдігі бар науқастардың афазиясымен бірге жүреді және мидың басқа да органикалық зақымдануларында кездеседі.

Ментизм (ой ағымы) – науқастың еркіне бағынбайтын, еріктен тыс ойлар ағыны, оларды басқара алмау, олардың жасандылығы сезімімен жүреді. Бұл идеаторлы автоматизм құбылысына жатады, шизофрениямен науқастрда байқалады.

Шперрунг (ойлау үрдісіндегі үзіліс) – анық сана фонында кенет пайда болатын ассоциациялар ағымындағы үзіліс, әңгіме желісінің жоғалуы. Шизофения ауруында байқалады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 555 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

995 - | 758 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.