3. Көзілдірік,қолғаптар,сутектің асқын тотығы, 70% спирт, таңу материалдары,
0,05% калий перманганаты
4. Стерильді бинт, қолғаптар, бриллиант көгі ерітіндісі, 70% спирт, таңу материалдары, 1% протаргол
5. Дистиллирленген су, 70% спирт, стерильді таңу материалдары, 5% йод
1265. АИТВ мен байланысты авриялық жағдайларда қажетті заттар:
1. +Ағынды су, 0,05% калий перманганаты, 70% спирт, 5% йод
2. Ағынды су, дез. ерітінді, 5% йод
3. Хлорамин
4. Гипохлорид
5. Сутектің асқын тотығы
1266. АИТВ жұққан құралдармен терең жарақаттануда сіздің әрекетіңіз:
1. Жараны басып тұру, дез.ерітінді, 5% йод, жарақатты таңу
2. Ағынды сумен жуу
3. + Жарадан қанды шығару, ағынды су, 70% спирт, 5% йод,стерильді таң материалдары
4. Хлоргексидинмен өңдеу
5. Октанеманмен өңдеу
1267. АИТВ/ЖИТС-тың алдын-алу:
1. Гормональды контрацепция
2. +Презервативтерді қолдану
3. Контрацепция, алдын-алу шаралары туралы толық мағлұматта болу
4. АИТВ мен ауыратын науқастарды оқшаулау
5. Антивирусты препараттарды қолдану
1268. Жатыр түтікшелерінің бөліктерін атаңыз:
1. Медиальды, латеральды
2. +Интерстициальды, истмикалық, ампулярлы
3. Истмикалық, ампулярлы
4. Жатырлық, түтікшелік, жатыр мойындық
5. Дистальды, проксимальды
1269. Жатыр түтікшелері келесі қабаттардан тұрады:
1. Шырышты, шырыш асты, бұлшық еттік
2. Шырышты, майлы, бұлшық еттік
3. + Шырышты, бұлшықетті, серозды
4. Эпителиальды, бұлшықетті, серозды
5. Эндометрий, миометрий, серозды
1270. Әйел жыныс мүшесінің қай бөлігінде ұрықтану жүреді:
1. Қынапта
2. +Жатыр түтікшелерінде
3. Жатыр қуысында
4. Цервикальді каналда
5. Қынапқа кіреберісте
1271. Қандай жүктілік эктопиялық жүктілік деп аталады:
1. Түсіктен кейінгі дамыған жүктілік
2. 30 жастан асқан әйелдердегі жүктілік
3. +Жатырдан тыс дамыған жүктілік
4. Ұрықтанған екі аналық жасушаларынан дамыған жүктілік
5. Экстракорпоральды ұрықтанудан кейін дамыған жүктілік
1272. Жатырдан тыс жүктілікке әкелетін факторға жатпайды:
1. Генитальды инфантилизм
2. Созылмалы сальпингит
3. +Бактериальды вагиноз
4. Түсіктер
5. Кіші жамбас мүшелерінің жабысқақ ауруы
1273. Түтіктік түсікпен асқынған жатырдан тыс жүктілікке күмәнданғанда төмендегі аурулармен дифференциалды диагноз жүргізіледі:
1. + Созылмалы аднекситтің асқынуы, ерте түсік, аналық без апоплексиясы, аппендицит,ДЖҚК
2. Кеш түсік, жатыр миомасы, аналық безі кистасы, жатыр мойнындағы жүктілік
3. Жедел эндомиометрит, эндометриоз, жедел панкреатит, аналық безінің поликистозы
4. Жедел ішектің жүрмеуі,бүйрек шаншуы, энтероколит, эндометриоз
5. Созылмалы пиелонефриттің асқынуы, жатыр миомасы, аналық бездерінің эндометриозы, жедел ішектің жүрмеуі
1274. Жатырдан тыс жүктілікті анықтауда қосымша әдістердің бірі:
1. Жатыр қуысын зондтау
2. +Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
3. Жатыр қуысын диагностикалық қыру
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия
1275. Жатырдан тыс жүктіліктің емі:
1. Консервативті
2. Комбинирленген
3. +Оперативті
4. Физиотерапиялық
5. Гормональды
1276. Түтіктік түсік түрінде үзілген жүктіліктің клиникалық симптомына тән емес:
1. Ауру сезімді шок
2. Іштің төменгі жағындағы кенеттен ауру сезімі
3. Ішкі қан кету
4. +Жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кету
5. Ішастардың тітіркену симптомы
1277. Жатырдан тыс жүктілік кезінде жатыр қуысынан алынған гистологиялық зерттеу нәтижесі:
1. +Эндометрийдің децидуальды өзгерістері
2. Хорион бүрлерінің болуы
3. Эндометрий гиперплазиясы
4. Эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы
5. Хорион бүрлерінің болмауы
1278. Жатырдан тыс жүктілікке тән емес белгі:
1. ХГЧ тестінің оң болуы
2. Тік ішекке берілетін ұстамалы ауру сезімі
3. Іш қуысында бос сұйықтықтың болуы
4. +Іш қуысында іріңнің болуы
5. Эндометрийдің децидуалды өзгерісі
1279. ДЖҚК дамуына әкелмейді:
1. Жүйкелік зорығу
2. +Ерте жыныстық қатынас
3. Психикалық жарақаттар
4. Дұрыс тамақтанбау
5. Инфекциялар, интоксикациялар
1280. Жатыр мойнының рак алды ауруы-бұл:
1. +Дисплазия
2. Псевдоэрозия
3. Эктропион
4. Туа пайда болған эрозия
5. Цервицит
1281. Жасанды түсік кезінде жатыр перфорациясымен асқынуда оперативті емінің көлемі байланысты:
1. Қан кетудің интенсивтілігіне
2. Ауру сезім синдромына
3. +Зақымдалу дәрежесіне
4. Қан кету көлеміне
5. Жүктілік мерзіміне
1282. Жыныстық жетілу кезінде қыздарда қандай негізгі өзгерістер жүреді:
1. Гипофиздің гонадотропты функциясының тежелуі
2. Фолликулдар персистенциясы
3. ФСГ тұрақсыз тұрақсыз бөлінуі
4. +ЛГ экскрециясының тұрақты пигі
5. ЛГ экскрециясының тұрақсыз пигі
1283. Менстраульды циклға сәйкес гонадотропты гормондарының бөліну сипаттамасы қай жаста толығымен тұрақталады:
1. +16-17 жаста
2. 14-15 жаста
3. 12-13 жаста
4. 10-11 жаста
5. 8-9 жаста
1284. Қыздардағы жыныстық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникалық белгілерінің бірі:
1. + Аменорея
2. Дисменорея
3. Меноррагия
4. Гипертрихоз
5. Гиперполименорея
1285. "Кері" байланыс механизмі арқылы гипоэстрогенемия:
1. ФСГ секрециясын төмендетеді
2. +ФСГ секрециясын күшейтеді
3. ЛГ секрециясын күшейтеді
4. ЛТГ секрециясын төмендетеді
5. ЛТГ секрециясын күшейтеді
1286. Репродуктивті жүйені реттейтін орталықтар саны:
1. Екі
2. Үш
3. Төрт
4. +Бес
5. Алты
1287. Хламидиялық цервициті бар науқасқа (жүкті емес) қай топтағы дәрілерді қолданған дұрыс:
1. Тетрациклин
2. Аминогликозидтер
3. +Макролидтер
4. Жартылай синтетикалық пенициллиндер
5. Метронидазол
1288. Алдыңғы кольпоррафияға көрсеткіш:
1. Аралықтың тыртықты деформациясы
2. Ректоцеле
3. Жатырдың толық емес түсуі
4. Жатырдың толық түсуі
5. +Қынаптың алдыңғы қабырғасы мен қуықтың түсуі
1289. Артқы кольпоррафияға көрсеткіш:
1. Қуықтың түсуі
2. +Ректоцеле
3. Жатырдың толық емес түсуі
4. Жатырдың толық түсуі
5. Қынаптың алдыңғы қабырғасының түсуі
1290. АИТВ инфекцияcына антиденелер қашан пайда болады:
1. 2 айдан соң
2. 2 аптадан соң
3. Бір айдан соң
4. +3 айдан соң
5. Бір жылдан соң
1291. Түтіктік түсік түрінде үзілген жатырдан тыс жүктіліктің клиникалық көрінісіне тән емес:
1. Мықын аймағының бірінде кенеттен пайда болған ауру сезімі
2. Ауру сезімнің иыққа берілуі
3. +Сол жақ қабырға астындағы ауру сезімі
4. Тік ішекке берілетін ауру сезімі
5. Есінен тануы
1292. Шоктық индекс-бұл:
1. Пульс жиілігінің орта артериалды қысымға қатынасы
2. Пульс жиілігінің диастоликалық артериалды қысымға қатынасы
3. +Пульс жиілігінің систоликалық артериалды қысымға қатынасы
4. Орта венозды қысымның диастоликалық артериалды қысымға қатынасы
5. Орта венозды қысымның систоликалық артериалды қысымға қатынасы
1293. Аналық безінің фолликулярлы кистасында көрсетілетін операция көлемі:
1. Аднексэктомия
2. Жатыр қосалқыларымен бірге жатыр экстирпациясы
3. Овариэктомия
4. Жатыр ампутациясы
5. +Цистэктомия
1294. Медициналық түсік жасау кезінде жатырдан көп мөлшерде қан кете бастады, жатыр мойнында жүктілік анықталды.
Дәрігер тактикасы:
1. Ұрықты тез шығарып тастау
2. Ұрықты саусақпен алып тастауға тырысу
3. + Лапоротомия, жатыр экстирпациясы
4. Вакуумэкскохлеатор көмегімен ұрықты алып тастау
5. Лапоротомия, жатыр ампутациясы
1295. Жатыр аденомиозын диагностикалау мақсатында гистеросальпангографияны менструальды циклдың қай күндері жасаған қолайлы:
1. 2-3 күндері
2. +7-8 күндері
3. 12-14 күндері
4. 16-18 күндері
5. 20-22 күндері
1296. Қалқанша безінің функциясының бұзылуында бедеуліктің дамуы немен байланысты:
1. Май алмасудың айқын бұзылуына
2. Дененің тұрақты гипотермиясына
3. Дененің тұрақты гипертермиясына
4. +Овуляция үрдісінің тежелуіне
5. Аналық безінің ақ қабығының қалыңдауына
1297. Гиперпролактинемия кезінде парлоделді тоқтату шартына жатады:
1. +Жүктіліктің болуы
2. 1,5-2 жыл бойы қабылдау
3. 3-6 ай бойы қабылдау
4. 7-10 ай бойы қабылдау
5. 11-12 ай бойы қабылдау
1298. Дексаметазонмен сынама "оң" болып табылады, егер оған жауап ретінде тәуліктік зәрде 17-КС мөлшері төмендегідей болса:
1. 50% немесе одан жоғары
2. 10%-ға жоғарылауы
3. 10-20%-ға төмендеуі
4. +50% немесе одан төмен
5. Мөлшері өзгермейді
1299. Босанғаннан кейін қанша уақыттан соң қуық-зәр жыланкөзіне байланысты реконструктивті-пластикалық операциялар жасалады:
1. 1-2 ай
2. 3-4 ай
3. +5-6 ай
4. 7-8 ай
5. 9-10 ай
1300. Пельвиоперитонит – бұл:
1. Жатыр маңы клетчаткасының қабынуы
2. +Кіші жамбас ішастарының қабынуы
3. Кіші жамбас клетчаткасының қабынуы
4. Жатырдың серозды қабатының қабынуы
5. Жатырдың шырышты қабатының қабынуы
1301. Науқас 28 жаста, етеккірінің екінші күні науқастанып қалды. Дене қызуы 38,20 С, қалтырау байқалады. Қан анализінде: ЭТЖ жоғарылаған, лейкоцитоз.
Сіздің диагнозыңыз:
1. Жедел эндометрит
2. Созылмалы эндометриттің өршуі
3. +Жедел сальпингит
4. Жеделдеу сальпингит
5. Жедел параметрит
1302. Эндометрийдің атипиялық гиперплазиясы морфологиялық жағынан ұқсас:
1. Безді-кистозды гиперплазияға
2. Эндометрий полипіне
3. Метроэндометритке
4. +Жоғары дифференциальды ракқа
5. Төмен дифференциальды ракқа
1303. Перитониттің дамуына әкелмейді:
1. Құрсақ қуысы ағзаларының қабынуына
2. Ішек қабырғасының өткізгіштігінің бұзылысына
3. Қуыс ағзалардың қабырғаларының бүтіндігінің бұзылысына
4. +Жатыр миомасына
5. Ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз етуінің жедел бұзылысына
1304. Науқас Г., 25 жаста, оң жақ үлкен жыныс ернеуінің ауру сезіміне, дене қызуының 390 С-қа жоғарылауына, жүрген кездегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: оң жақ үлкен жыныс ернеуі ісінген, ауру сезімді, гиперемияланған, пальпация жасаған кезде жұмсақ аймақ анықталады.
Сіздің диагнозыңыз:
1. Бартолин безінің кистасы
2. Бартолинит
3. +Бартолин безінің абсцессі
4. Вульвовагинит
5. Бартолин безі кистасының инфильтраты
1305. Науқас Г., 25 жаста, диагнозы: Бартолин безінің абсцессі.
Емдеу тактикасы:
1. Физиоем
2. Мазьды тампондар
3. Антибактериальды ем
4. +Абсцессті ашу, дренаждау, антибактериальды ем
5. Бартолин безі кистасын алып тастау
1306. Науқас Б., жыныс жолдарынан көптеген ақкірдің бөлінуіне, сыртқы жыныс мүшелерінің күйдіру, қышу сезіміне шағымданады. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері ісінген, гиперемияланған. Айнамен қарап тексергенде: қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты гиперемияланған, бөлінділер-іріңді.
Сіздің диагнозыңыз:
1. +Вульвовагинит
2. Вульвит
3. Эндоцервицит
4. Бактериальды вагиноз
5. Кольпит
1307. Науқас Б., жыныс жолдарынан көптеген ақкірдің бөлінуіне, сыртқы жыныс мүшелерінің күйдіру, қышу сезіміне шағымданады. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері ісінген, гиперемияланған. Айнамен қарап тексергенде: қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты гиперемияланған, бөлінділер-іріңді. Қойылған диагноз: Вульвовагинит. Диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет:
1. Қынап пен кіші жамбас ағзаларын УДЗ
2. +Қынап бөлінділерін бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу
3. Кольпоцитология
4. Онкоцитологияға жағынды алу
5. Жалпы қан және жалпы зәр анализі
1308. Науқас Б., жыныс жолдарынан жағымсыз иісті көпіршікті бөлінділердің болуына, сыртқы жыныс мүшелерінің күйдіру, қышу сезіміне шағымданады. Айнамен қарап тексергенде: қынап пен жатыр мойнының шырышты қабаты гиперемияланған, бөлінділер-көпіршікті. Сіздің диагнозыңыз:
1. Вульвовагинит
2. Бактериальды вагиноз
3. Эндоцервицит
4. Вульвит
5. +Трихомонадты кольпит
1309. Науқас 51 жаста, жиі құйылулардың болуына, басының ауру сезіміне, жүрек аймағындағы ауру сезімге шағымданады. Анамнезінде: Гипертониялық ауру. Соңғы етеккірі 2 жыл бұрын болған. АҚҚ 140/80 мм с б б. Гинекологиялық зерттеу кезінде патология анықталмады. Қойылған диагноз: Климактериялық синдром.
Емдеу тактикасы:
1. Симптоматикалық ем
2. +Орынбасушы гормонотерапия
3. Седативті ем
4. Кардиальды ем
5. Диспансерлік бақылау
1310. Науқас 51 жаста, жиі құйылулардың болуына, басының ауру сезіміне, жүрек аймағындағы ауру сезімге шағымданады. Анамнезінде: Гипертониялық ауру. Соңғы етеккірі 2 жыл бұрын болған. АҚҚ 140/80 мм с б б. Гинекологиялық зерттеу кезінде патология анықталмады.
Сіздің диагнозыңыз:
1. Кардиальды тип бойынша НЦД
2. +Климактериялық синдром
3. Гипертониялық тип бойынша НЦД
4. Пременопауза
5. Постменопауза
1311. Науқас М 33 жаста, етеккірге 1 апта қалғанда пайда болатын терісіндегі кезеңді қышыну сезіміне, беті мен аяқ-қолдарындағы ісіулердің пайда болуына шағымданады. Етеккір қызметі бұзылмаған. Анамнезінде 1 медициналық түсік болған. Гинекологиялық зерттеу кезінде патология анықталмады.
Сіздің диагнозыңыз:
1. Климактериялық синдром
2. +Етеккір алды синдром
3. Аллергиялық дерматит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Вегето-тамырлық бұзылыстар
1312. Науқас М 33 жаста, етеккірге 1 апта қалғанда пайда болатын терісіндегі кезеңді қышыну сезіміне, беті мен аяқ-қолдарындағы ісіулердің пайда болуына шағымданады. Етеккір қызметі бұзылмаған. Анамнезінде 1 медициналық түсік болған. Гинекологиялық зерттеу кезінде патология анықталмады. Диагноз: Етеккір алды синдром.
Емдеу тактикасы:
1. Антибактериальды
2. Десенсибилиздеуші
3. Иммуномодульдеуші
4. +Гормонотерапия
5. Физиоем
1313. Жедел бартолинитке тән:
1. +Аралық аймағындағы ауру сезімі, қалтырау
2. Ішінің төменгі аймағындағы ауру сезімі, көпіршікті бөлінділер
3. Ауру сезімі, іріңді-қан аралас бөлінділер
4. Сыртқы жыныс мүшелерінің қышуы
5. Бел аймағындағы ауру сезімі, кіші дәретке жиі бару
1314. Эндометритке тән емес:
1. Ішінің төменгі аймағындағы ауру сезімі
2. іріңді бөлінділер
3. дене қызуының жоғарылауы
4 жуынды тәрiздес иiстi бөлiнiстер
5 жиi зәр шығару
1315. Пельвиоперитонитке тән қынаптық зерттеу нәтижелері:
1. +Жатыр дұрыс анықталмайды, жатыр қосалқыларына пальпация жасағанда және жатыр мойнын қозғалтқанда, күмбездеріне пальпация жасағанда ауру сезімді, бөлінділері-іріңді.
2. Жатыр қалыптыдан үлкен, жатырдың қосалқылары бір жағында ұлғайған, ауру сезімді
3. Жатыр өлшемдері қалыпты, жатыр қосалқылары екі жақта ұлғайған, бөлінділері-іріңді.
4. Жатырдың өлшемдері қалыпты, жатырдың қосалқылары ұлғайған, ауру сезімді
5. Жатыр ауру сезімді, қосалқылары анықталмайды, бөлінділері іріңді-қан аралас
1316. Аменореяның аналық безді формасына тән:
1. Етеккір алды синдром
2. Лоуренс-Муна-Бидля синдромы
3. +Штейн-Левенталь синдромы
4. Климактериялық синдром
5. Шихан синдромы
1317. Антисептика – бұл:
1. +Жараға микробтардың түсуін алдын – алу
2. Инфекциямен күрес
3. Жараға микробтардың түсуінің алдын – алу және инфекциямен күресу
4. Бөлмені желдету
5. Дезинфекциялық ерітінділермен өңдеу
1318. Етеккір циклы кезіндегі «қарашық» симптомының оң болуы негізделеді:
1. Гиперандрогенияның болуына
2. Етеккір циклының II фазасының қысқаруына
3. +Ановуляторлы циклдың болуына
4. Етеккір циклының II фазасының ұзаруына
5. Гипоандрогенияның болуына
1319. Аменорея кезіндегі прогестеронды сынаманың оң болуы (препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін 2-3 күннен кейін етеккір тәрізді қанды бөлінділердің пайда болуы) негізделеді:
1. Эндометрий атрофиясының болуына
2. +Организмнің эстрогендерге толық қанық болуына
3. Гиперандрогенияға
4. Гипоэстрогенияға
5. Организмде прогестеронның болуына
1320. Жыныстық жетілу кезеңінің жас шекарасы:
1. Туылғаннан кейінгі алғашқы 10 күн
2. 7-8 жасқа дейін
3. +7 (8) – 17 (18) жас
4. 18 жастан 45 жасқа дейін
5. 45 жастан кейін
1321. Жыныстық жетілу кезеңіне жатады:
1. 5 кезең
2. +3 кезең
3. 4 кезең
4. 6 кезең
5. 2 кезең
1322. Жыныстық жетілу кезеңін ажыратады:
1. +Препубертатты кезең, пубертатты кезеңнің 1 және 2 фазасы
2. Пубертатты кезеңнің 1 фазасы, постпубертатты кезең
3. Препубертатты, пубертатты кезең, постпубертатты кезең
4. Бастапқы, соңғы кезең
5. Постпубертатты кезең
1323. Пубертатты кезеңнің 2 фазасына тән:
1. Бойдың тез өсуі
2. Бойдың баяу өсуі
3. +Менархе, бойдың баяу өсуі
4. Инволютивті өзгерістер
5. Иммунитеттің төмендеуі
1324. Мерзімінен бұрын жыныстық жетілу – бұл екіншілік жыныс белгілерінің және менархенің пайда болуы:
1. 15 жасқа дейінгі қыз балаларда
2. 10 жасқа дейінгі қыз балаларда
3. +8 жасқа дейінгі қыз балаларда
4. 5 жасқа дейінгі қыз балаларда
5. Жаңа туылған нәрестелерде
1325. Альгоменорея байланысты:
1. +Инфантилизмге
2. Жатыр аплазиясына
3. Қыздық перденің атрезиясына
4. Қынаптың атрезиясына
5. Қынаптың аплазиясына
1326. Науқас әйелдер кеңесіне келді: Бойы ұзын, екіншілік жыныстық белгілері жоқ, жатыры рудиментарлы, әйел фенотипі, кариотип 46 ХХ және 46 ХУ.
Сіздің диагнозыңыз:
1. Гонадалар дисгенезиясының жаңа формасы
2. Тестикулярлы феминизация
3. +Гонадалар дисгенезиясының аралас формасы
4. Гонадалар дисгенезиясының типті формасы (Шерешевский – Тернер синдромы)
5. Гонадалар дисгенезиясының жасырын формасы
1327. Қыз бала 7 жаста, қынаптан ретті емес қанды бөлінділердің болуына шағымданады. Екіншілік жыныс белгілері айқын дамымаған. Сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінің дамуына эстрогендер айқын әсер еткен. Сүйек жасы, бойы, дене салмағы – күнтізбе жасына сәйкес келеді. Бұл симптомокомплекс тән:
1. Аналық безінің фолликулярлы кистасына
2. Мерзімінен бұрын жыныстық жетілуге (церебральды генез)
3. +Аналық безінің гормон өндіруші ісігіне (аналық безі генезі)
4. Гонадалар дисгенезиясы
5. Тестикулярлы феминизациясына
1328. 4 жасар қыз баланы қарап тексергеннен кейін спецификалық емес вульвовагинит диагнозы қойылды. Ем жүргізбегенде болатын негізгі асқыну.
1. +Синехиялар
2. Келлоидты тыртық
3. Кондилома
4. Полип
5. Қынаптың атрезиясы
1329. Туа пайда болған адреногенитальды синдромның еміне жатады:
1. Эстрогендер
2. Андрогендер
3. Прогестерондар
4. Гонадотропты гормондар
5. +Дексаметазон
1330. Науқас 21 жаста, жатырдан тыс жүктілікке байланысты операция жасалған. Бойы 175 см, салмағы 65 кг. Етеккірі ретті емес. Лапаротомия кезінде ұзын және иректелген жатыр түтіктері анықталды. Жатырдан тыс жүктіліктің пайда болу себебі:
1. Жатыр қосалқыларының қабынуы
2. +Инфантилизм
3. Жатырдың даму ақаулары
4. Көзге көрінетін себептері жоқ
5. Жатыр түтіктерінің даму ақаулары
1331. Науқас ішкі қан кету белгілерімен гинекологиялық бөлімшеге келіп түсті. Жалпы қарап тексергенде АҚҚ 80/50 мм с б б. Пульс 110 рет минутына, ритмді. Hb-60г/л.
Сіздің тактикаңыз:
1. Бақылау
2. Артқы күмбезге пункция жасау
3. +Жедел лапаротомия жасау
4. Жедел лапароскопия жасау
5. Гемотрансфузия
1332. Операция кезінде жатыр мен жатыр түтіктерінің туберкулезі анықталды.Париетальды және висцеральды ішастарда туберкулезді бөртпелер, іш қуысында асцит анықталады.
Операция көлемі:
1. Жатырдың қосалқыларымен бірге қынапүстілік ампутация
2. Екі жақты тубэктомия
3. Жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпация
4. +Биопсия және құрсақ қуысын дренаждау
5. Құрсақ қуысын дренаждамай биопсиямен шектелу
1333. Науқас 50 жаста.Эндометрий жағындысын гистологиялық зерттегенде эндометрийдің атипиялық безді-кистозды гиперплазиясы анықталды.
Операция көлемі:
1. Жатыр қосалқыларымен бірге қынапүстілік ампутациясы
2. +Жатыр қосалқыларымен экстирпациясы
3. Жатыр ампутациясы
4. Жатыр қосалқыларынсыз экстирпациясы
5. Вергтейм операциясы
1334. 16 жасар қыз баланың, етеккірдің 3 айға кідіруінен кейін 8 күнге созылатын жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Ректо-абдоминальды зерттеуде патология анықталмады. Hb-80г/л.
Емі:
1. Жатыр қуысын диагностикалық қыру
2. Прогестеронмен гемостаз жасау
3. +Эстроген-гестаген препараттарымен гемостаз жасау
4. Эстрогендермен гемостаз жасау
5. Симптоматикалық ем
1335. Науқас 49 жаста, соңғы жылдары 2-3 айға дейін кідіретін етеккірінің ретсіз болуы мазалайды. 3 апта бұрын жыныс жолдарынан пайда болған қанды бөлінділер әлі жалғасып жатыр.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
1. Аденомиоз
2. +Дисфункциональды жатырдан қан кету
3. Эндометрий рагы
4. Субмукозды жатыр миомасы
5. Жатыр мойнының рагы
1336. Науқас 38 жаста, соңғы 6 ай ішінде ауру сезімді, етеккірге дейін және кейін пайда болатын қанды бөлінділердің пайда болуына шағымданады. Анамнезінде: 2 босану, 2 медициналық түсік болған, асқынусыз, соңғысы 1 жыл бұрын.
Сіздің болжам диагнозыңыз:
1. Жатыр миомасы
2. Жатырлық жүктілік
3. Эндометрий полипі
4. +Аденомиоз
5. Жатырдан тыс жүктілік
1337. Аменорея – бұл етеккірдің болмауы:
1. 2 ай және одан да көп
2. 4 ай және одан да көп