Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан Республикасындағы 100 мың адамға шаққандағы аурулар саны. 6 страница




5. Ауыр заттарды көтеру және орнынан тасымалдау жұмыстары (массасы, қашықтығы); Мұндай жұмыстардың ұзақтығы;

6. Жеке анализаторларға (есту, көру, иіс сезу) және орталық жүйке-жүйесіне (ынта, ықылас, есте сақтау, қимыл-қозғалыс координациясы) жоғары талаптар қойылуы;

7. Өндірістік жарақаттану қауіптілігі;

8. Өндірістік зиянды заттардың әсері:

1. а) жұмыс зонасының ауасының ластануы (сандық және сапалық сипаттама);

2. б) өндірістік шуыл (оның деңгейі, ұзақтығы);

3. в) вибрация (жалпы, жеке, ұзақтығы);

4. г) электромагниттік өріс (жиілігі, күші);

5. д) метеорологиялық қолайсыз жағдайлар (температура, ылғалдылық) және оның бір ауысымдағы ұзақтығы;

9. Медициналық куәландыру кезінде, қандай органдар мен функцияларға ерекше көңіл аударылуы керек;

10. Жұмысқа жарамсыздық туғызатын аурушылдық пен организмдегі ауытқулар.

Едәуір тәжірибе жинақтай отырып, балалар мен жасөспірімдер бөлімінің санитарлық дәрігері еңбек гигиенасы бөлімінің дәрігерімен бірге бірыңғай типтегі өндіріс орындарына жалпы типтік санитарлық сипаттама жасауына болады. Бірақ, әрбір нақты жағдайларда, міндетті түрде сол объектіге қатысты ерекшеліктерді ескеру қажет.

Организмге тигізетін әсеріне байланысты барлық мамандықтарды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:

1. 1 топ - (ең көп таралған) ауыр жұмыс жағдайлары, қолайсыз факторлары жоқ мамандықтар. Оларға: кеңсе жұмыстары, халыққа қызмет ету саласы, прибор (аспаптар) құрастыру объектілері, электрлі-есептегіш машиналармен жұмыс, сағат жөндеу т.б. Бұл топтағы мамандықтарға медициналық қарсы көрсеткіштер қойылмайтындықтан, оларды денсаулығында және дене бітімінде, психикалық дамуында ауытқулары бар жасөспірімдерге ұсынуға болады.

2. 2 топ - қолайсыз өндіріс факторлары орташа және уақытша әсер ететін мамандықтар. Мысалы, аспазшылардың жұмысы жоғары температура мен жоғары ылғалдылықтың әсер етуіне байланысты болады. Мұнда, көп мөлшерде тер бөлінуі, артериялық қан қысымының төмендеуі, тамыр соғуының жиілеуі (кейбір жағдайларда 1 мин. 140 ретке дейін) байқалады, яғни, тыныс алу, жүрек, қан-тамыр жүйелеріне жоғары талаптар қойылады. Сондықтан, организмінің осындай негізгі функцияларында ауытқулары бар жасөспірімдерге мұндай мамандықты ұсынуға болмайды.

3. 3 топ - әртүрлі өндірістік қолайсыз факторлар тұрақты түрде әсер ететін мамандықтар. Мысалы, тоқыма цехтарында жұмысшыларға жоғары температура, шаң-тозаң, шуыл тұрақты түрде әсер етеді.Бұл жұмыста дене тұлғаның амалсыздан бірқалыпта болуы да орын алады. Тоқымашы мамандығын тыныс алу, жүрек, қан-тамыр жүйелерінде, есту органдарында, тірек қозғалыс аппараттарында аурулары бар жасөспірімдерге ұсынуға болмайды.

4 топ - ауыр және зиянды жағдайлары бар мамандықтар (300-ге жуық мамандықтар мен жұмыстар). Жасөспірімдердің денсаулығына қойылатын талаптардан басқа, мұндай жұмыстарға орналасу үшін 18-ге толмаған жастарды алуға тиым салынады және мұндай жұмыс орындарында оқушылар күніне 3 сағаттан артық болмауы тиіс.

 

№13-тақырыбы ҚАРТАЮ ЖӘНЕ ҰЗАҚ ЖАСАУ ПСИХОЛОГИЯСЫ. ГЕРОНТОЛОГИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ. ПСИХИКАЛЫҚ ҚАРТАЮДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ. ҚАРТАЮДЫҢ АЛДЫН АЛУ.

 

Мақсаты: Қарттық түсінігін ашу.

Дәріс жоспары:

1. Қарттық түсінігінің ерекшелігі.

2. Қарттық туралы стериотиптер.

3. Өмір сүру сапасының жас ұзақтығына әсері.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Корнилов. Клиникалық психология.

2. Өмір өзегі денсаулық ұзақ ғұмыр кепілі. Өмір туралы ғылымдар орталығы. Назарбаев Университеті 2011.

Дәріс тезистері. Дүние жүзінде қарт адамдардың абсолюттік саны күннен күнге өсіп бара жатқандықтан, олар туралы мәселелер де өте тереңдеп бара жатыр. Осы мәселені зерттейтін ғылым «геронтология» деп аталады, яғни ол термин «герон» — қарт, «логос» — ғылым деген екі сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл терминді алғаш рет Илья Мечников ойлап тапқан. Геронтология қартаю процесін ғана зерттемейді, ол сонымен қатар қартаю кезеңіндегі адам денсаулығын және өмір ұзақтылығына да мән береді.Қартаю барлық табиғи ағзалар әлеміне тән, тек адам үшін ол экономикалық, әлеуметтік және психологиялық процестермен сабақтасады. Геронтологияның қазіргі кезде жеке дамыған бөлімі — әлеуметтік геронтология. Ол өмір ұзақтығын және өмірдің салтын зерттейді.

Геронтология ғылымының мағынасын түсіну үші, оның дамуының сатыларын қысқаша болса да білу қажет.

Геронтология ұғымының қай кезеңде пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер айтылады. Бір зерттеушілер геронтология ерте заманда пайда болған ғылым деп айтады, яғни ол ерте замандағы медицина ғылымының атасы Гиппократ және Ибн-Сина, философтар Цицерон және Сенеки аттарымен байланысты деген. Ал кейбіреулерінің пайымдауы бойынша геронтология өз бастауын кейінгі жүзжылдықтың екінші жартысында, қарт адамдардың саны едәуір өскен шағында пайда болды дейді. Осы уақытта ең алғаш геронтологияның ғылыми-зерттеулік институттары құрылған. Осы айтылған екі пікір де дұрыс деп айтылады, яғни геронтология – жас ғылымдардың ішіндегі ең көнесі және көне ғылымдардың ішіндегі ең жас ғылым болып саналады.

Қоғам мәдени дамыған сайын, адам өмір тарихында өмірді ұзарту және өлімді ысырып тастауға әр уақытта әр түрлі амал-тәсілдер іздеген, бірақ оның нақты эксперименталдық жұмыстары мен практикалық қорытындысы XX ғ. ғана қолданыла бастады.

Геронтологияны мәдениеттің құрдасы деп те айтуға болады. Ерте ғасырлардан бері ғалымдар қартаю кезінде жастықты артқа қайтару үшін көптеген амалдар іздеген. Әр ғасырда қартаю ғылымы жаңа білімдер жинай бастады, әрине ол әр түрлі бағыттағы мамандармен байланысты, яғни олар: дәрігер – физиологтар, филологтар және биологтар, психологтар және социологтар, демографтар және этнографтар, тарихшылар және құқықтанушылар.

Бірақ бұл ғылымның пайда болуына өз үлестерін қосқан ғылымдардың қатары бұдан да көп. XX ғасырда геронтология жаңа, өте жас ғылымдардың жетістіктеріне байыды: биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология және т.б. Негізінен геронтология – комплекстік тәртіпаралық зерттеулер негізіндегі ғылым болып табылады.Қарт адамдардың саны бүкіл әлемде өсуде. Бұл денсаулық сақтау орталықтарының, өмір жасының ұзаруымен және сонымен қатар бала туудың төмендеуі мен қарт адамдардың саны жалпы массалық түрде өсіп келеді. Сондықтан да қазіргі кезде мемлекеттен не жалпы қоғам тарапынан болсын бұл мәселеге көп көңіл бөлінуде. Қарт адамдармен жұмыс істеу үшін, бұрынғы және қазіргі әлеуметтік жағдайын, психикалық ерекшелігін, материалдық және рухани қажеттілігін біле отырып, социологиялық ғылыми зерттеулерге сүйенген жөн. Яғни қарт адамдар қазіргі кезде әлеуметтік көмекті және мемлекеттік қолдауды қажет ететін топтардың бірі болып табылады. Бірақ бұл көмек пен қолдауды көрсетпес бұрын осы қарт адамдардың көкейкесті мәселелерін анықтап, оларды шешудің жолдарын қарастырған дұрыс болар еді.

Біз кейде өз жасымыздан жас көрінгіңіз келеді, өйткені кәрі және қауқарсыз болғаннан жас әрі дені сау болған артық саналады. Алайда бүгінде қартаюға деген көзқарас айтарлықтай өзгеруде. Ғылыми жетістіктердің арқасында мынау анықталды: біздің қартаюымыз жай ғана адамның жасына ғана емес, жасқа байланысты өзгерістерге деген біздің көзқарасымызға, атап айтқанда, организміміздің және санамыздың мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланбауымызға байланысты. Салауатты іс-әрекет ұзақрақ ауырмай, бейнетсіз өмір сүруге және өзіңді жас сезінуге көмектеседі.

Қазіргі ұрпақ оған дейінгілерге қарағанда басқаша қартаяды. Қазір 70 жастағылардың тән және психикалық саулығы өткен ғасырдың орта шенінде өмір сүрген 55 жастағылардың денсаулығымен шамалас. Бүгінде, ересектердің көбі жоғарғы қан қысымы, сусамыр секілді аурулармен зардап шеккенмен, олардың арасында бұрынғы ұрпақпен салыстырғанда еңбек қабілетінен айырылғандар азырақ. Бұған ең алдымен ауруларды ерте анықтау және емдеу жөніндегі заманауи технологиялардың арқасында қол жетті.

Кәрілік – көптеген аурулардың туындауындағы негізгі қауіп факторы. Бұл қартаю мерзімін шегіндіре отырып, көптеген дерттерден құтылуға болады дегенді білдіреді. Бұл түбегейлі көзқарас. Идеяның мәні мынада: қарттық бізге әу бастан берілген нәрсе емес, пластикалық ұғым, мүлде басқаша өлшем, жаңа парагдигма.

Телевидение, киноиндустрия және интернет ғасырында өмір сүре отырып, қарт адамдарға байланысты стериотиптерден құтылу қиын. Қартттар бізге әдетте жастарға қарағанда баяу, шапшаң әрекетке қабілетсіздеу болып көрінеді. Бұл бар болғаны стериотиптер. Біздің айналамызда денсаулығын, қуаттын, ақыл-ой ширақтығын және өмірге деген құштарлығын ұзақ сақтап келе жатқан қариялар жеткілікті. Қарттық туралы стереотиптерден және аңыздан арылу үшін осындай адамдармен көбірек қарым-қатынас жасау керек. Олар аз емес, олар біздің арамызда.

Бірінші бір пікір: Қартайғанның – ауруға жол бергеннің, Бұл қате пікір. Қарттардың көпшілігінің тамаша денсаулықты сақтай алатындығын ғалымдар дәләлді. Орта жаста салауатты өмір сүрген және бұны кейінде жалғастырған, атап айтқанда темекі шекпейтін, дене жаттығуларын жүйелі жасап отыратын, дене салмағын бақылайтын адамдар салауатты іс-әрекеттерден аулақ болған адамдармен салыстырғанда ұзақ өмір сүріп қана қоймай, сирек ауырады. Демек, денсаулық – ұзақ ғұмыр кепілі өз қолымызда және салауатты өмірге тезірек ден қою.

Екінші пікір: Қарттар жаңа дүниені жатсынады.

Адамның алдына қаншалықты аз міндет қойылса, оның соған орай үйренетініде аз. Әрине балалармен салыстырғанда

Өмір сүру деңгейі, өмір сүру деңгейіндегі әлеуметтік көрсеткіштер. Өмір сүру сапасындағы сипаттың әлеуметтік көрсеткіштер жүйесі.

Әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына Қазақстанның кіруі бойынша стратегиялық мақсат бірінші кезекте азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша міндеттерді шешуді талап етеді.

Қазақстанда адам өмірі құндылығының мемлекеттік кепілдігі, адам құқығы жүйесіне негізделген саясат жүргізілуі тиіс. Адам барлық жағдайда – оның денсаулығы, жұмыспен қамтылуы, асыраушысынан айырылуы немесе мүгедек болуына тәуелсіз өзін қауіпсіз жағдайда сезінуі тиіс. Бұған мемлекет және заңнамалар кепілдік беруі қажет, әсіресе әлемдік қаржы және тауар нарығында тұрақсыздықтың теріс салдарын еңсеруге байланысты қазіргі заманғы жағдайларда қажеттілігі арта түседі.

Осыған байланысты, өмір сүру сапасының стандарттары – мемлекет жіберіп алмауы қажет қажеттілікті қанағаттандырудағы бір тетік болып табылады. Әлеуметтік стандарттар саясатты тиісінше түзуге, сондай-ақ бюджетке орындауы тиіс жағдайларды қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді. Саясат нәтиже ғана емес стандарттарға негізделген, оны орындауға жауапкершілік болған, осы немесе басқа да құбылыстардың, сәйкессіздіктердің себептері сарапталған жағдайда ғана тиімді болады. Шындығында, бұл жағдайда ол әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, өмір сүру сапасын арттыру адам ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар туғызады. Экономиканың жаһандануы жағдайында бұл фактор ерекше өзектілікке ие, өйткені, адам ресурстары сапасы көбінесе мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айқындайды.

Осылайша, өмір сүру сапасының ұлттық стандартын қалыптастыру мақсаты Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделген азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік кепілдіктің ең төменгі деңгейін белгілеу және сонымен бір уақытта тыныс-тіршіліктің барлық салаларында Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асыру бағдарын айқындау болып табылады.

 

№14-тақырыбы: ӨЗІН-ӨЗІ ПСИХИКАЛЫҚ РЕТТЕУ. ӨЗІН-ӨЗІ ПСИХИКАЛЫҚ РЕТТЕУ ДЕНІ САУ ТҰЛҒАНЫҢ БӨЛІНБЕС КОМПОНЕНТІ РЕТІНДЕ. (С. М. ШИНГАЕВ)

 

Мақсаты: Өзін-өзі реттеуді анықтау.

Дәріс жоспары:

1. Өзін-өзі психикалық реттеу жайлы.

2. Өзін тану өзін реттеудің бірден-бір жолы.

3. Өзін-өзі психикалық реттеу дені сау тұлғаның бөлінбес компоненті ретінде. (С. М. Шингаев)

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.

3. Абрамова Ю.А. Психология в медицине М.1998.

Өзін-өзі реттеу идеясы. Әдебиет беттерінде өзін-өзі ретттеу мен өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де өзін-өзі тәрбиелеу бір мағынаны білдіреді деп түсінушілер де бар. Шынында, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі реттеуге негізделеді. Ал өзін-өзі реттеу дәл мағынасында өзін-өзі тәрбиелеу емес. Өзін-өзі тәрбилеу – бұл тұлғаның өзін-өзі реттеуде сыртқы ортаға, өз міндетттеріне саналы қатынасы және келешегіне көз жіберіп, талаптануының негізінде пайда болған қажеттілік.
Сонымен, қайта құру жағдайында әрбір мұғалімнің жаңа идеялармен, оқыту мен тәрбиенің озат теориясы және практикасымен қарулануы тұлғаның сапасын жобалай және анықтай білуге мүмкіндік береді. Осының негізінде мұғалім баланың бойына жақсы қасиеттерді игертеді, дүниеге көзқарасын, мінезқұлықтың нормасын қалыптастырады, болашақ өмірге, еңбекке, мамандықты саналы түрде таңдап ала білуге даярлайды.

Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы субьективті ең маңызды құндылық және оның мінез-құлқының басты реттеушісіне айналған құндылық. Адам дамуының шыңы - осы процесте өз денсаулығының белгісі бойынша адам организімінің, құратын қатынастардың адамгершілік нормаларға сәйкестілік белгісі бойынша тұлғаның еңбектегі және қарым-қатынастағы, сондай-ақ қоршаған орта мен өзін-өзі танудағы сәттіліктер белгісі бойынша іс-әрекет субьектісі ретіндегі қабілеттерінің жететін ең жоғарғы көрсеткіші. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.Өзiн-өзi тану сияқты күрделi психологиялық феноменнiң мазмұнына қатысты әр-түрлi көзқарастар бар. Тұлғаның өзiн-өзi тану теориясының негiзiн салушы К. Маслоудың анықтамасы бойынша, өзiн-өзi танып білуі - адамның өзiнiң барлық тұлғалық мүмкiндiктерi мен шығармашылық қабiлеттерiн толық ашуға және дамытуға үздiксiз ұмтылысы [2, б. 45].

Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра, маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:

1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.

2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.

3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан, әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.[3, б. 9-19].

С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар, психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген. Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы, мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi [4, б. 36].

Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi, тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi [5, б. 101].

Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.

Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:

- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады [6, б. 9-10].

Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. Австриялық психолог және психиатр З. Фрейд ығыстыруға агрессивтi және сексуалды тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы психоанализ техникасын қолдана көмек беру.

З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді.

Гештальттерапияда өзін-өзі тану адамның тұлғалық кемелге жетудегі жетістік құралы ретінде қарастырылады. Неміс психологы Ф. Перлз тұлғалық кемел сапасындағы көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді.

1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу.

2. Жауапкершілікті өз мойнына алу.

3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету.

4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару [6, б. 23].

Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.

Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.

Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.

Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).

Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.

Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.

Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.

Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.

Өзiндiк сана – «Мен» образын тану субьектiсi ретiнде «Мен» iс-әрекетi (Мен-концепциясы). «Мен» образы, «Мен» субьективтi ретiнде құрылымындағы реттеушi қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады.1. Эмоционалды құндылық қатынасы

2. Өзiн-өзi тану

3. Өзiн-өзi реттеу

4. Өзiн-өзi бақылау

5. Өзiн-өзi бағалау

«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi.№

 

№15-дәріс тақырыбы: ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ. ПРЕВЕНЦИЯ ПРИНЦИПІ. ЖАҢА ПРЕВЕНТИВТІК ПАРАДИГМА ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ. ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРДЫҢ ТЕРАПИЯСЫ. ИНТЕРВЕНЦИЯ ПРИНЦИПІ.

Мақсаты: Психикалық денсаулықты нығайту қағидаларын анықтау.

Дәріс жоспары:

1. Психикалық денсаулықты нығайту жайлы.

2. Психикалық бұзылыстардың терапиясы туралы.

 

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Ананьев В.А. Введение в психологию здоровья СПб, 1998.

2. Никифоров Г.С. Психическое здоровье СПб, 1998.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 601 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2227 - | 2095 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.