Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу.




1. Нарықтың негізгі категориялары, мәні.

Нарықты қалыптастыру сатылуға усынылған тауарлардың санымен анықталады, сатушыдағы ақша және оның тауарға немесе қызметке деген қажеттілігі. Оны сатып алу бағыты нарықтық қатынасты жүзеге асырады.

 
 

 

 


 

 

Нарықта өндіріс факторлары бар (жер, еңбек, капитал), қызмет пен өнім нарығы (суретке түсіру, тасымалдау), ұзақ және қысқа мерзімді пайдаланатын тауарлар нарығы.

Нарық – бұл өндіріс процесінде қалыптасатын экономикалық қатынас жүйесі, тауарды бөлістіру және айналымы, әрі ақша құралдарының айналымы.

Нарық құрылымының негізгі элементтеріне жататындар:

Сату-сатып алу актісіне қатысатын санының шектелу, нарыққа еркін кіру, бәсекелестер саны. Бәсекелестік нарықтың экономикалық механизміне жатады, оның көмегімен тауардың құны төмендеп, сапасы ұлғайып отырады.

Нарықтық механизм – клиентке, тұтынушыға көрсететін өызмет пен тауарды өндірушілер арасындағы бәсекелестік күрес.

Нарықтың артықшылығы және кемшілігі.

Нарық реттеуші рольді атқарады. Сұранысқа ие өндірістік тауарларды тиімді пайдалануға бағыттау. Нарықтың кемшілігіне келетін болсақ, онда тұрақты пайда табуға, халықтың жұмысбастылығына, инфляцияға тәуелсіздікке кепілдік береді.

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен мәні.

Республикада экономиканы мемлекеттік реттеу екі бағыт бойынша жүргізіледі.

1. Нарықтық экономиканың құқықтық базасы арқылы тікелей араласпау (жеке құқықты қорғау, кәсіпкерлік, салық салу).

1. Бәсекелестіктен қорғау.

Мемлекеттің функциялары табысты бөлістіруден байқалады:

- трасферттік төлемдер арқылы (жұмыссыздық пен кедейлік бойынша), әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту (аурухана, мектеп)экологиялық қорғау;

- салық есебі негізінде бюджет арқылы (әскерді қамтамасыз етуге шығындар, мемлекеттік аппарат, әлеуметтік инфрақұрылым).

Экономиканы мемлекеттік реттеудің экологиялық рычагы:

- баға, еңбекке төлем, импорт пен экспортты лицензиялау, кедендік тәртіп, қаржы және несие қатынасы, амортизациялық саясат. Экономиканы мемлекеттік реттеу салық арқылы жүзеге асады.

Салықтар – бұл заңды және физикалық тұлғалардың мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдері. Салықтар екі функцияны атқарады: фискалдық және экономикалық салықтар: тікелей және жанама, республикалық және жергілікті.

Мемлекет экономикаға да әсер етеді:

- баға арқылы тауарға;

- дотацияны ұсыну;

- еңбекке төлем формасы арқылы.

Бюджеттің негізгі бөлігін салықтар құрайды. Салықтар пайдаға, қосымша құнға салыққа, акциздерге салыққа физикалық тұлғаларға бөлінеді және т.б.

Экономикаға әсер етудің тағы бір әдісіне мемлекеттің несие саясаты жатады. Мемлекеттік ақша – несие саясаты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүзеге асады. Ұлттық Банкі міндетті резервтің нормативтерінің өзгеруін, ашық нарықта операцияны жүргізеді.

Ресттеудің тағы бір әдісіне амортизациялық саясат жатады.

Амортизация - өндірілетін өнімге кететін шығындар, негізгі қорлар құны жатады. Өнімді өткізгеннен кейін ақша соммасының бір бөлігі, негізгі құралдардың құнына, амортизациялық қорға бөлінеді.

Салық жүйесінің, негізгі құралына салық жеңілдігі жатады. Салық жүйесінің әртүрлісін жеделдетілген амортизация саясаты деп есептеуге болады. Амортизация нормасы заңды тәртіппен бекітіледі.

Принцип – басқару жүйесін қалыптастыратын негізгі ережелерді, басқару идеясын, талаптарын, тәртібін анықтайды. Осы принциптер негізінде өндірістің қызметінің мақсаты анықталып, оның саясаты қалыптасады.

Бәсекелестікті қалыптастырудың экономикалық негізі. Кәсіпорынның, өндірістің экономикалық тұрақты дамуына өндірушілердің мүмкіндігіне және ғылыми техникалық прогресті енгізуге, шаруашылық жұмысшыларының профессионалдық даярлығы, өнімнің сұранысына, технология туралы ақпараттарды жүйелі реттеу әсер етеді.

Біздің республикамыздағы өндірістің төмен тиімділігінің бір себебі, ол экономикалық қызығушылықтың жоқтығы және орталықтанған экономиканың шаруашылық механизмі жоқтығынан қалыптасты.

Нарықтың құрылымы еркін бәсекелестік деңгейінде сипатталып келесі түрлерге бөлінеді:

- жетілген нарыққа тауар өндірушілердің билігінің жүрмеу;

- жетілмеген нарыққа тауар өндірушілердің билігінің жүруі. Бірыңғай тауарлар аз және тауар өндірушілер өздерінің талаптарын қоя алады.

2. Өнеркәсіпті жоспарлы реттеу.

 

Кәсіпорында жоспарлау – жабдықтау келісіміне сәйкес, бәсекелестікке қабілетті тауарлармен жабдықтау және өндіріс бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету, жоғары қаржы нәтижесіне жету үшін өндірісті ұйымдастырып, жұмысшылардың жоспарланған көрсеткішін орындау үшін технологияны дамытып, жаңарту қажет.

Қазіргі уақытта республикадағы өнеркәсіптік кәсіпорындар өзін-өзі қаржыландырып отыр. Пайда әрбір кәсіпорынның негізгі мақсаты болып табылады.

Кәсіпорындағы жоспарлау маркетингтік зерттеу негізінде жүргізіліп, өнімнің бағасы, сапа нормасына әсер етеді. Басқа кәсіпорындармен, банктермен, кәсіпорындағы жұмысшылардың өзара қарым-қатынасы бойынша болжамдар жасалып, айналымдағы ақша айналымын пайдаланып жоспарланады.

Өндірістің әрбір саласы жоспарлаудың арнайы ерекшелігіне ие болады. Энергетикалық, шикізат ресурстарын пайдалану технологиясын есепке алып жоспар құрылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 999 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

794 - | 751 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.