Жоспар:
1.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ұғымы мен қағидалары.
2. Ерекше коргалатын табиги аумақтардың санаттары мен түрлері.
3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау.
4.Ерекше корғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерін ұйымдастыру, күзету және олардың қызметінің ерекшеліктері.
Негізгі ережелер: табиғи аумақтар, қорықтар, мемлекеттік қорық, ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаның соларда орналасқан экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды объектілері ҚР ұлттық байлығы болып табылады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи-қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері жатады.
Мемлекеттік табиғи-қорық қоры дегеніміз қоршаған ортаның ғылыми зерттеулерге, білім беру ісіне, туризмге және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған объектілерінің жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттік табиғи-қорық қорына мына объектілер енгізіледі:
1. Зоологиялық объектілер – жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері; жануарлардың құнды түрлері және сирек кездесетін тобы.
2. Ботаникалық объектілер - өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері; өсімдіктердің құнды түрлері және сирек кездесетін тобы.
3. Орман объектілері – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар.
4. Дендрологиялық объектілер – ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағаштар немесе олардың топтары.
5. Гидрологиялық объектілер – ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары.
6. Геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілер – жер қойнауының экологиялық ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелер.
7. Топырақ объектілері - әр түрлі топырақ аймақтарындағы типтік, бірегей және сирек кездесетін топырақтар.
8. Ландшафтық объектілер – типтік, бірегей және сирек кездесетін ландшафтар.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар дегеніміз: ерекше қорғау режимі белгіленген, табиғи кешендері мен мемлекеттік табиғи -қорық қорының объектілері бар жерлердің, су объектілерінің және олардың үстіндегі әуе кеқістігінің бөлігі.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардық табиғи кешендері дегеніміз — ерекше қорғауды қажет ететін биологиялық алуандылық пен өлі табиғат объектілерінің жиынтығы.
Мемлекеттік табиғи -қорықтық қор дегеніміз: мемлекеттік қорғау аясына алынған қоршаған ортаның, генетикалық резервтердің табиғи эталондары, уникумдары мен реликтері, ғылыми зерттеулердің, ағартушылықтың, білім берудің, туризм мен рекреацияның көзі ретінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құнды объектілерінің жиынтығы.
Табиғи кешендер, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ осы жерлер мен басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттік табиғи - қорықтық қор объектілері - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар объектілері болып табылады (4-бап).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерінің маңызына қарай республикалық немесе жергілікті манызы бар санаттарға бөлінеді.
Құру мақсатына және қорғау түрлеріне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың келесі түрлерін белуге болады:
1) мемлекеттік табиғи қорықтар;
2)мемлекеттік ұлттық табиғи парктер;
3) мемлекеттік табиғи резерваттар;
4)мемлекеттік зоологиялық парктер;
5)мемлекеттік ботаникалық бақтар;
6) мемлекеттік дендрологиялық парктер;
7)мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
8) мемлекеттік табиғи қаумалдар;
9) мемлекеттік қорық аймақтары.
Құру мақсатына және қорғау түріне байланысты жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың келесі түрлерін белуге болады:
1) мемлекеттік өнірлік табиғи парктер;
2)мемлекеттік зоологиялық парктер;
3) мемлекеттік ботаникалық бақтар;
4)мемлекеттік дендрологиялық парктер;
5) мемлекеттік табиғат ескерткіштері;
6) мемлекеттік табиғи қаумалдар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқа да түрлері көзделуі мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызу уәкілетті органның ұсынысымен Қазақстан Республикасы Үкіметімен, ал жергілікті маңьізы бар санатқа — уәкілетті органның келісуімен облыстық (республикалық маңызы бар қалалар, астаналар) атқарушы органдармен іске асырылады.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқа, мәртебесінің төмендеуіне әкелетін санатқа ауыстыру, табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан оның ерекше құндылығы мен қайталанбастылығын жартылай немесе толығымен жоғалтқан жағдайда жүргізіледі.
Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты, мөртебесінің төмендеуіне немесе өсуіне әкелетіндей бір санаттан екіншісіне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың жаратылыстану-ғылыми негіздемеге оң қорытындысы болған кезде:
республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды - уәкілетті органның ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкіметі;
жергілікті манызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды - уәкілетті органның келісуімен облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы органдар қабылдайды. (14-бап).
Мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттік мекеме түрінде құрылады.
Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңрлік табиғи парктердін күзету аймақтарыньщ жер учаскелері жер учаскелерінін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттағы жерлер құрамында бөлінеді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендері толығымен немесе жартылай, мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімге шаруашылық пайдаланудан алынып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңда көзделген тәртіппен, олардьщ ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызын ескере отырып ақылы негізде пайдаланылады (20-бап).
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардын жері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан басқа санаттардағы жерлердін жер учаскелері мемлекет меншігінде болады және жекешелендіруге жатпайды.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардьщ жерін алып қоюға, сондай-ақ оларды басқа санаттардағы жерлерге ауыстыруға жол берілмейді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардьщ жерлерінде оларды пайдаланудьщ нысаналы мақсатына сай келмейтін кез келген қызмет түріне тыйым салынады (23-бап).