Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
1. Экологиялылық құқық түсінігі.
2. Экология құқығының пәні, қағидалары және жүйесі.
3. Экологиялық құқықтың қайнар көздері.
4. Табиғи ресурстарға меншік құқығы және табиғатты пайдалану құқығы.
5. Экология саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық құқықтық механизмі.
6. Табиғатты пайдаланудың және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігі.
7. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
8. Жерді пайдалану мен қорғаудың экологиялық құқықтық режимі.
9. Жер қойнауын пайдалану мен қорғаудың экологиялық құқықтық режимі.
10. Суды пайдалану мен қорғаудың экологиялық құқықтық режимі.
11. Ормандарды пайдалану мен қорғаудың экологиялық құқықтық режимі.
12. Жануарлар әлемін пайдалану мен қорғаудың экологиялық құқықтық режимі.
13. Атмосфералық ауаны пайдалану мен қорғаудың экологиялық құқықтық режимі.
14. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық құқықтық режимі.
15. Қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғау.
Аралық бақылау. Коллоквиум сұрақтары.
1. Экологиялық сараптаманы құқықтық реттеу.
2. Экология саласындағы басқарудың түсінігі.
3. Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық реттеу.
4. Қоғамдық экологиялық ұйымдардың іс әрекетінде қоршаған ортаны құқықтық қорғау.
5. Төтенше экологиялық аймақтардың құқықтық режимі.
6. Жер асты суларын құқықтық қорғау.
7. Экологиялық аудитті құқықтық реттеу.
8. Орман пайдалану мен орман ресурстарын өндірудің құқықтық негіздері.
9. Аң аулауды және аң шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу.
10. Өсімдіктер дүниесін қорғау және пайдалануды құқықтық реттеу.
11. Экологиялық қауіпсіздікті жүзеге асырудың құқықтық негіздері.
12. Қазақстан Республикасында экологиялық конвенцияларды жүзеге асырудың құқықтық мәселелері.
13. Жануарлар және өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерін құқықтық реттеу.
14. Экология саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.
15. Мемлекеттік табиғи ресурстық кадастрларды ұйымдастыру және жүргізудің құқықтық негіздері.
Глоссарий
№ | Ұғымы | Мазмұны |
Қоршаған орта | Табиғи объектілердің, өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, Жердің азон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғандағы жиынтығы. | |
Қоршаған ортаны қорғау | табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі. | |
Қоршаған ортаны қорғау объектілері | қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері. | |
Табиғи ресурстар | қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттіктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және өзге қызмет процессінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері. | |
Қоршаған ортаның сапасы | қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы | |
Қоршаған ортаның мониторингі | адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдергезиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту. | |
Табиғат пайдалану | адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы | |
Экологиялық нормалау | адамның өмір сүруі мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау үшін қолайлы ортаны айқындайтын және қамтамасыз ететін ережелердің және қоршаған ортаның жай-күйі мен оған ықпал ету дәрежесін бағалаудың сан және сапа көрсеткіштерінің жүйесі. | |
Экологиялық талаптар | ҚР заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауда міндетті шектеулер және ондай қызметке тыйым салу. | |
Экологиялық қауіпсіздік | жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі. | |
Экологиялық жүйе | организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы. | |
Ластауға квота | нақты табиғат пайдаланушыға белгілі бір мерзімге бөлінетін ластау лимитінің бөлігі. | |
Тұтыну қалдықтары | табиғи және моралдық тозу нәтижесінде өзінің тұтынушылық қасиетін толық немесе ішінара жойған бұйымдар, материалдар мен заттар. | |
Қалдықтардың паспорты | қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамасын куаландыратын құжат. | |
Трансшекаралық объект | іске асырылуы екі немесе одан да көп облыстардың немесе шектес мемлекет аумағының қоршаған ортасына және адамдар денсаулығына зиянды әсер ететін немесе зиянды әсер етуі ықтимал сараптама объектісі. | |
Экологиялық аудит | аудиттелетін субъектілердің шаруашылық және өзге де қызметін экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалауға және олардың қызметінің экологиялық қауіпсіздігі деңгейін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге бағытталған тәуелсіз тексеру. | |
Стратегиялық объект | іске асырылуы табиғи ресурстарды барлау, өндіру, тасымалдау, қайта өңдеу, пайдалану, республикалық маңызы бар инфрақұрылым, республикалық маңызы бар аэроғарыштық және әскери кешендер, байланыс, энергетика саласындағы қызметпен тікелей байланысты сараптама объектісі. | |
Экологиялық қауіп | антропогендік және табиғи ықпалдар әсерінің, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса лағанда, зілзалалар мен апаттар себептерінен қоршаған ортаның жай-күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималжығымен сипатталатын және осыған байланысты жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жағдай. | |
Қолайлы қоршаған орта | объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта. | |
Экологиялық нормалар мен талаптар | экологиялық қатынастар субъектілерінің құқықтық актілерінде баянды етілген тәртібінің ережелері. | |
Экологиялық құқықтың әдісі | қоғамдық қатынастарға қатысушыларға ықпал ету және қатынастарды реттеу тәсілдері. | |
Экологиялық құқық жүйесі | жекелеген элементтер арасында құрылымдық-логикалық байланыстардың болуы, олардың бағыныстылық тәуелділігіне сәйкес орналасуы. | |
Жер ресурстары | қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процессінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жер. | |
Жер кадастры | жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі. | |
Сулар | су объектілерінде жинақталған барлық сулардың жиынтығы. | |
Гидромелиорациялық жүйе | жерді суаруға, суландыруға және құрғатуға арналған технологиялық жағынан өзара байланысты гидротехникалық құрылыстар, құрылғылар мен жабдықтар кешені. | |
Қала ормандары және орманды саябақтар | қалалық елді мекен шекарасы шегіндегі орналасқан және мемлекеттік орман қорының құрамына кіретін сауықтыру және рекреациялық мақсаттағы ормандар. | |
Орманды қорғау | орманды зиякестерден, аурулардан, антропогенді және табиғи сипаттағы қолайсыз факторлар әсерінен қорғау жөніндегі, жер үстінде жүзеге асырылатын іс-шаралар жиынтығы. | |
Орман | ағаш пен бұта өсімдікерінің және жанды табиғаттың басқа да компонентерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен. | |
Орманды мөлшерлеу | орман ресурстарының, соның ішінде кесу кесу көзделетін екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі іс-шаралар. |
Тест тапсырмалары: