Бұршақ тұқымдасы
Бұршақ тұқымдасы. Бұршақтар тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты).
Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор.
Негізгі өмірлік формалары: ағаштар, бұталар, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы, олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп, ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры шашақ, масақ, шоқпарбас болып келеді. Гүлі бұршақтың гүлі типтес
біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді). Күлтесі зигоморфты, 5-күлте жапырақшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан (желкенше, немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағы-нан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы, жоңышқа туысында, ескекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желкеннің бірігіп кетуі байқалады. Аңдроцейі 10 аталықтың жиьштығынан тұрады. Бір түрлеріңце аталықтарының 10-ы да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайыңцы андроцей) түтік түзеді, оның ішіңде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының 9-ы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталығы бос орналасады (екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар (нектарниктер) бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуінен пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады (206-сурет). Гинецейі бірмүшелі апокарпты, гүлтүйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай: Т Са(5) Со3+(2) А(9)+1 Ог
Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын (ашылатын) немесе ішінде бір-бірден ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырамайтын болып келеді. Дәндерінің қүрғақ салмағьша шаққанда оңдағы белоктың проценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох 34% дейін, ноқатта (нут -Сісег) 31%, люпинде (Ьиріішз) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланылатын белоктың сапасы бойьшша бірінші орында фасоль (Рһазсошз) мен жасымық (чечевица — Ьепз) түрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады.
Бұршақтар тұқымдасының коптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор. Олар азықтық, жемшоптік, бал жинайтын, сәндік, дәрі-дәрмектік т.б. осімдіктердің топтарын құрайды. Бұршақтар тұқымдасының
азықтық, жем-шөптік сапасы кейде олардың қүрамында глюкозидтердің немесе алколоидтардың көп молшерде болуына байланысты біршама төмендейді (люпин).
Сиыржоңышқа туысы (вика, немесе горошек). 150-дей түрі бар; БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дөн алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулері арам шоп ретінде егістікті бүлдіреді.
Егістік сиыржоңышқа (вика посевная) пішен дайындау жөне дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңышқа (вика мохнатая) біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қарабидаймен бірге себеді. Табиғи жағдайда ол БОР-дың европалық бөлігінде, Кавказдың Солтүстігінде және Орта Азияда кездеседі. БОР-дың барлық жерлерінде, арамшөп ретінде түкті сиыржоңышқа (вика волосистая), ал осы республикалардың европалық бөлігі мен Кавказда айылжапырақты сиыржоңышқа (вика узколистная) өседі.
Асбұршақ туысы (горох). Түрлерінің саны әлі күнге дейін толық дәлелденбеген. БОР-дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп түрады.
Егістік асбұршақ (горох посевная) (207-су-рет) біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түр дала асбұршағына жақын (грох полевой), шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.
Беде туысы (клевер). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасыңда 65 түрі, ал Қазақстаңда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық қүрлықтарыңца (континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық жөне біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік, сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5—9 жапырақшадан түрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлтежапырақшалары тұп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1—3 дөнді қақырайтын боб (сиректеу 4—6 дәнді), әдетте екі ерінді немесе қоңырау төрізді тостағаншаға еніп тұрады.
Қызылбас беде (клевер луговой — Т.ргаіеше) биіктігі 30—50см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарында біреуден ғана дөні болады, мәдени жағдайда көп өсірі-леді. Қызғылт беденің (клевер розовый или шведский) күлте жапырақшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оны негізінен орманды аудаңдарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады. Ақ беденің (клевер ползучий или белый — Т. гереш) күлте жапырақ-шасының түсі ақ болады, ол мал азығы ретіңде аса қүңды өсімдік, әрі малдың таптап-жаншуына шыдамды. БОР-дың барлық жерлеріңде кеңінен таралған.
Жоңышқа туысы (люцерна). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жер шарының екі ендігініңде тропикалық аймақтарында, жерортатеңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасыңца 36 түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18 түрі бар. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бір дәнді (немесе аз дәнді), формасы бүйрек немесе орақ тәрізді. Құрғақшылыққа, сортаң және сор топырақтарға жақсы бейімделген тамырыньщ ұзындығы 1,5 м-ге дейін жететін, кіндік тамырлы өсімдік. Агромелиоративтік маңызы зор. Мал азығы ретінде аса құңды, құнары жоғары және жақсы желінетін пішен беретін өсімдік. Сарбас жоңышқақ (люцерна серповидная, или люцерна желтая) биіктігі 100—120см болатын, күлте жапырақшасының түсі сары, құрғақшылыққа, ыстыққа және суыққа төзімді өсімдік. Табиғатта (Европада, Сібірде, алдыңғы және Орта Азияда) жөне мәдени жағдайда кең таралған өсімдік. Кәдімгі жоңышкцның (люцерна посевная, или синяя) (208-сурет) гүлі қою-күлгін түсті, бобы спираль төрізді бұралған болып келеді. Табиғи жағ-дайда Кіші Азияда, Тибетте, Индияда кеңінен таралған. БОР-дың территориясыңда, өсіресе құрғақ шөлейт аудан-дарда тек мөдени жағдайда ғана өседі, кейде жабайы жағдайға ауысқандығы байқалады.
Фасоль туысы. Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарыңда өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік, сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үшқұлақ күрделі болып келеді. Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр-қызыл және сия-көк түсті болып келеді. БОР-дың территориясыңда 20-дай түрі белгілі. Олардың барлығы тек мәдени жағдайда көкөніс дақылы ретінде және сәндік өсімдіктер ретінде ботаникалық бақтарда, парктерде, скверлерде өсіріледі.
Кәдімгі фасоль (фасоль обыкновенная — көкөніс дақылы, Солтүстік жақта Санкт-Петербургке дейін жетеді. Отжалынды-қызыл фасоль (фасоль огненно-красная) өрмелеп өсетін біржылдық өсімдік, гүлі ашық-қызыл түсті болып келеді. Сәндік өсімдік ретінде кеңінен отырғызылады, сиректеу тамақ ретінде де пайдаланылады (дәндері ақ болып келетін сорттары).
Соя туысы. Туыстың құрамыңда 40-тай түр бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның жөне Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың териториясында тек бір ғана Уссурий соясы (соя уссурийская — О.швигіешіз) деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызы жағынан ең қажеттісі түкті соя (соя щетенистая) деп аталынатын түр. Ол биіктігі 30-50 (80) см болатын біржылдық шөптесін өсімдік, жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып түрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дөндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10 млн. га асады. 1 т. дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған үн алынады. Дәнінің қүрамында 36%-ке дейін белок болады. Сабағы мен жапырағын жас балауса түрінде де, кептіріп те және сүр шөп түрінде де ауыл шаруашылық жануарларына қорек ретінде пайдаланады. Соядан әртүрлі тағамдар дайындайды: сүт, май, айран, қаймақ, сүзбе, нан, ал сусамыр ауруымен ауыратын кісілер үшін арнайы печенье, кофе, шоколад және т.б. (100-ден астам тағамдардың түрлерін) жасайды. Сонымен бірге соядан пластмасс, фанер жасауға қажетті клей және тағы басқа да заттарды жасауға керекті шикізат алады.
Люпин туысы (Ьиріпш). Туыста 400-дей түр бар, олар-дың басым көпшілігі Оңтүстік Америкада (Анды) кездеседі. Бүлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбүталар, ішіңде тіптен бүталарыда болады. Солтүстік Американың батыс аудандарында біржыддық түрлері басым болып келеді. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орыңды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жаға-лауы саналады. Жерорта теңізі жағалауыңдағы түрлердің басым көпшілігі біржыддық, биік, дөңдері ірі болып келетін өсімдіктер. Бұарға ұқұақ жөне саусақсалалы күрделі жа-пырақтар тән. Гүлдері ақ, сары, көк түсті болып келеді жөне үлкен шашақ тәрізді гүлшоғырына жиналады.
Люпин рекордтық деңгейге дейін жететін көк балауса береді, бірақта өсімдіктің барлық бөлігіңде көп мөлшерде улы заттар болады (люпинин және люпинидин алкалойдтары). Сидерациялық жәнесәндік өсімдіктер ретіңде өсіріледі. Алкалоиды жоқ сорттарын шығаруға байланысты люпиннің жем-шөптік маңызы арта түседі.
Техникалық дақылдар (өсімдіктер) – сабағы, жапырағы, жемісі, тамыры, гүлі әр түрлі өндірісте шикізат ретінде пайдаланатын өсімдіктер. Техникалық дақылдарға жататын өсімдіктерді бірнеше топқа бөлуге болады: крахмалды (картоп, батат), қантты (қант қызылшасы), майлы (күнбағыс, жер жаңғағы, соя, үпілмәлік, зығыр, күнжіт, қыша, рапс, ақсары, кокос пальмасы, майлы пальма, зайтун), сабағы талшықты (салалы зығыр, қара қурай, кенеп, тұт, бұйра кендір), кендір жапырақты талшықтылар (агава драцена), дәм талшықтары (мақта, эфир), майлы дақылдар (эфир майы, раушан, лаванда, қазоты, кориандр, анис, зире, жалбыз), каучукты ағаштар (гевея, гвагола, т.б.), каучукты шөптесін өсімдіктер (көксағыз, таусағыз, қырымсағыз, т.б.).
Бояулы өсімдіктер – жапон сафорасы, қара құлқайыр, көптеген илік затты өсімдіктер – скумпия шағыр. Тозды өсімдіктер – тоз емен, амур, барқыт ағашы, дәрілік өсімдіктер, валериана, емдік шалфей, итжидек, хинин ағашы, женьшень. Наркоздық өсімдіктерге темекі, махорка, ұнды қарақурайы, сондай-ақ құлмақ, қожакендір, сыр ағашы, балауыз ағаш, тағы басқалар жатады. Жоғарыда аталған техникалық дақылдардың (өсімдіктердің) бірнешеуіне жеке тоқталайық.
Қант қызылшасы — аса бағалы техникалық және жемшөптік мәдени дақыл. Қызылшадан алынатын негізгі өнім – қант, оның жемістамырында 20 пайыз қат болады. Қант жасағанда алынатын қалдықтар сығынды мен сірне малды азықтандыруға жұмсалады немесе сірне спирт өнеркісібі үшін шикізат есебінде пайдаланылады. Қант қызылшасы – екі жылдық өсімдік, сондықтан оның өсуі үш кезеңде қарастырылады. Бірінші кезеңде сіңіру қабаты пайда болып екінші кезеңде жеміс тамыры, ал үшінші кезеңде жемістамырда қант пайда болады. Қант қызылшасы екінші жылы отырғызылғанда ұшы сүйірлеу келген ақ тамыр түзіп, одан өркендер тармақтанып өседі. Өркеннің жоғары ұшында шыған шоғырланып жиалған толып жатқан гүлдері болады: гүлдері алабота тұқымдас өсімдіктердің гүлдері тәрізді бірнешеуі бірігіп құралады. Мұны шоқгүл дейді. Бір шоқта 2-6-ға дейін гүл, әрбір гүлде бес аталық гүл, бір аналық гүл болады. Аталық гүл серігімен бірге өседі. Жапырақтары сағақты пішіні жүрек тәрізді, айнала жиектері бір тегіс немесе ирек-ирек болып келеді. Жемісі бітісіп өскен бірнеше жемістерден құралады. Әрбір жемістікте бір тұқым болады, сыртындағы қабыршағы өте тығыз, ағаш тәрізді болғандықтан, тұқым ажырамайды, сондықтан оны бірге себуге тура келеді. Қызылша тұқымының пішіні мен құрылымы дәнді дақылдардан өзгеше. Мұның бірнеше дәндері бір-бірімен тұстаса өсіп құралады, сондықтан қызылшаның тұқымын дән деп атамай шоғырмақ деп атайды. Бір түйнекшеде 2-ден 6-ға дейін тұқымша болады. Себілген әрн түйнекшеден бірнеше сабақшалар өсіп шығады. Өсіп шыққан қызылшаны дер кезінде сиретудің маңызы өте зор, өйткені өсімдіктің жиі шығуы оның өнімін мықтап төмендетеді. Қант қызылшасының тұқымын алу үшін алғашқы жылғы тамыр жемістерді екінші жылғы көктемгедейін тиісті орындарда сақтайды. Келесі жылы көктемде бұларды топыраққа қайтадан шаршы-ұялап отырғызады. Осыдан кейін тамыржемістерден жаңа жапырақтары мен гүлдері бар сабақтар өсіп, олар тұқым береді. Қант қызылшасы Қазақстанда: Алматы, Талдықорған, Жамбыл облыстарында 100 мыңдай гектар жерге егіледі. 1933 жылдан қызылшадан қант алатын зауыттар салынып (Мерке, Талдықорған, Жамбыл, Алматы, Қарабұлақ, Шу қант зауыты), жұмыс істеуде. Тропиктік елдерде қант қамысының сабағынан қант алынады. Өзбекстанда қант қамысы өсіріледі. Мұнда қамыс сабағының гектарынан 1000 ц. өнім алынады. Қант қамысының жабайы түрлері қазір Бирмада, Қытайда, Жапонияда, Пәкістанда, Жаңа Гвинеяда, т.б. өседі.
Зығыр – техникалық дақылдарға жататын зығыр тұқымдас майлы және талшығы иірілетін, бір жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Зығырдың тамыры онша ұзын болмайды, сабағында будаланған берік торқа талшықтары болады. Оның гүлі таңертең ерте ашылады да, түс ауа жапырақшалары жабылып қалады. Зығырдың гүлдену кезеңінде бунақденелілер ұшпайды, сондықтан да зығыр өздігінен тозаңданады. Зығырдың гүлі дұрыс орналасқан, 5 тостаған жапырақшалардан, көгілдір түсті 5 күлте-жапырақшалардан, 5 бос аталықтан, 1 аналықтан тұрады. Піскен кезде қауашықтың қақпағы ашылып, дәні көрініп тұрады. Әрбір қауашықта 10-ға дейін майлы тұқым болады. Зығырдың көп жылдық жабайы және екпе түрінің дәнінен май, сабағынан талшық алынады, ол әсемдік үшін де өсіріледі. Зығырдың ширатылған ұзын талшығы бар, одан әр түрлі мата тоқылады. Салалы және бұйра зығыр болады.
Соя – бір жылдық техникалық өсімдік. Сояның сабағы мықты, тік өседі, көлденең кесіндісі төрт қырлы болып келеді. Жапырақтары үшқұлақ, күрделі, сабаққа кезектесіп орналасады. Аласа бойылы іріктемелерінің биіктігі 30-50 см., ал биіктерінікі 80-100 см., жетеді. Сояның гүлдері майда ақ немесе ақшыл күлгін, сыртын қалың түк басқан өте қысқа болады. Гүл сағағының басындағы 3-5 шашағы жапырақ қолтығында орналасады. Соя көбінесе өздігінен тозаңданады. Бұршақ қабындағы тұқымдарының пішіні, мөлшері, түсі іріктемесіне қарай әр түрлі олып келеді және 1-ден 5-ке дейін тұқымы болады. Сояның сабағын, жапырағын, бұршаққабын қалың, қатты түк басып жатады. Соя тұқымының пішіні домалақ немесе бір жағы ойық бүйрек пішінді болып келеді. Іріктемесіне қарай оның тұқымы сары, жасыл, қара қоңыр немесе қызыл түсті болады. Сояның ақуызы сіңімді, сапасы еттен кем түспейді. Сояның майы, әр түрлі тағам жасауға, маргарин өндіруге, сабын қайнату өндірісінде пайдаланылады. Соя ұнынан бағалы азықтық өнімдер, нан, тәтті тағамдар, сүт, қаймақ, соустар даярлайды. Майдың құрамында бағалы дәрумендер болады, жапырақ пен сабақтары мал азығына пайдаланылады. Соядан пластамасса өдіреді. Соя топырақ талғамайды, Қазақстанның таулы өңірінде де өсе беред
Ас бұршақ[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Pea | ||||||||||||||||||
Peas are contained within a pod Pea plant: Pisum sativum | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Pisum sativum L. |
Ас бұршақ (лат. Pisum sativum) — шырмалғыш немесе жер тағандап өсетін, біржылдық бұршаққынды өсімдік, асқа жасыл дәндері қолданылады.
Бұршақ, тіпті, ежелден-ақ әйгілі көкөністерге жатады. Ол Таяу Шығыста және Балкандарда өсіріле бастаған көкөністердің ең алғашқыларының бірі болды. Итальян бағбандары шикі түрінде қолдануға арналған сұрыпты шығарғанша, оны асқа кептірілген дәндер түрінде XVI ғасырға дейін қолданды. Бұршақты Версаль бақтарында өсіруге бұйрық берген XVI Людовик оны өте қатты жақсы көрген.
Құрамы[өңдеу]
Ас бұршағының 100 г - 79 ккал. Ағуыздың, көмірсулардың, жасұнықтың тамаша көзі, құрамында темір, калий, фосфор, мырыш, С дәрумені, В тобының дәрумендері бар.
Пайдасы[өңдеу]
Холестерин деңгейін төмендетеді. Қатерлі ісіктен қорғайды және сүйек жүйесіне жақсы әсер етеді. Ол өте дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы заттардың ерекше үйлесімділігі болып табылады. В1, В2, В6 мен С дәрумендерінің, сондай-ақ темірдің бар болуының арқасында, ол шаршағандыққа, қаназдыққа қарсы дәрі болып табылады, ақыл-ой қабілетін жақсартады, төзімділік жүйесінің мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Санат:
· Бұршақтар тұқымдасы
Үрме бұршақ[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Үрме бұршақ | ||||||||||||||||||
P. vulgaris | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Species | ||||||||||||||||||
see text |
Үрме бұршақ (лат. Phaseolus) — бұршақ тұқымдасына жататын белокты дақыл дар тегі.
Сипаттамасы[өңдеу]
Тропиктік және субтропиктік өңірлерде өсетін 200-ден астам түрі белгілі. Үрме бұршақ жылу сүйгіш өсімдік. Оның дәнінің жер бетіне көктеп шығуы үшін топырақ қыртысының 5 — 6 см-індегі температурасы 12 — 13°С-тан артық әрі ылғал мол болуы керек. Гүлденуі мен бұршақ түюіне қолайлы температура 20 — 25°С. Оның дәнінде белок 17 — 23%, крахмал 50 — 60% болады. Сол себепті үрме бұршақ жұғымды әрі дәмді тағам, белогы адам организміне оңай (90%) сіңеді. Өнімділігі орташа алғанда әр га-дан 10 — 12 ц.
Басқа да бұршақ тұқымдас өсімдіктер сияқты үрме бұршақ топырақ құрамындағы азот қорын молайтатын болғандықтан және тез пісетіндіктен көптеген дақылдарға, әсіресе күздік бидайға алғы дақыл болып саналады. Қазақстанда 1991 ж. көкөніс ретінде үрме бұршақтың “Триумф сахарный-764” және “Грибовская-92” сұрыптары аудандастырылып егілді.[1]
Дереккөздер[өңдеу]
1. Жоғарыға көтеріліңіз↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
рмебұршақ: құрамы мен қасиеті
Үрмебұршақ – бұршақ тұқымдасына жататын дақыл. Отаны – Оңтүстік, Орталық Америка және Үндістан. Қазіргі кезде бүкіл әлем елдерінде өсіріледі. Ертеректе тағамға пайдаланумен қатар, ағартқыш заттарға, опа жасауға қолданған екен. Клеопатраның өзі бетіне үрмебұршақ маскасын жасайтын болған.
Рамы мен қасиеттері
Үрмебұршақты шикілей жеуге болмайды. Құрамындағы улы компоненттер жоғары температураның әсерінен ғана жойылатындықтан, кемінде 10 минут қайнату қажет. Құрғақ бұршақты дайындар алдында суға салып қою қажет. Осының әсерінен асқазанда тез қорытылуға кедергі келтіретін зиянды заттардың ыдырауы жылдамырақ жүреді.
Қызыл үрмебұршақтың құрамында В тобының дәрумендері өте мол, әсіресе, иммундық, жүйке жүйелеренінің қызметіне, терінің жақсаруына әсер ететін В6 дәрумені көп. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы адамға күніне 20-40 грамм жасұнық қажет екенін хабарласа, 100 грамм үрмебұршақта 25 грамм жасұнық бар. Жасұнық күні бойы тоқ жүруге, қатерлі ісіктің алдын алуға, қандағы қант деңгейін бірқалыпты ұстауға, ағзадағы зиянды заттарды шығаруға көмектеседі. Үрмебұршақ құрамында крахмал, көмірсулар мен нәруыздар мол. Сонымен қатар С, B1, В2, В6, РР дәрумендері, макро- және микроэлементтер (әсіресе, мыс, мырыш, калий), түрлі қышқылдар, каротин бар. Үрмебұршақтың касиеттері ет пен балыққа жақын келеді. Құрамында күкірттің көп болуы буын ауруларына, өкпе жолының ауруларына, асқазан жолындағы инфекцияларға қарсы ем бола алады. Бұршақ қанның қызыл түйіршіктерінің түзілуіне, иммундық жүйенің жақсаруына әсер ететін темірге де өте бай. Сонымен қатар, үрмебұршақтың несеп айдайтын, ағзаны тазалайтын қасиеті де бар. Мырыш көмірсулардың алмасуына көмектеседі.
Арсы көрсетілімдері
Үрмебұршақты қарт кісілерге, гастритпен, тоқ ішегі қабынған, асқазан жарасы, өт қабынуы, артық тұздың жиналуымен ауыратын науқастарға жеуге болмайды.
Бұршақты шикі күйінде жеу улануға әкеп соқтыруы мүмкін. Көптеген адамдарға үрмебұршақ жақпайтындықтан, іштің кебуі мүмкін. Мұны болдырмас үшін, үрмебұршақпен бірге аскөк жеген дұрыс. Қызыл үрмебұршаққа қарағанда ақ үрмебұршақ іш кебуді аз тудырады.
Керек дерек
• Ертедегі Грекияда үрмебұршақ жармасы кедейлердің тағамы саналған, қазір бүкіл әлемде пайдалы тағамдардың көшін бастап тұр.
• Корея, Жапония, Қытай елдерінің тұрғындары майда бұршақтарды жеуді жөн санайды және оның өзін майдалап ұн ретінде пайдаланады. Бұршақ ұнынан дәмді тоқаштар, тіпті, ерекше тәтті кәмпиттер де жасайды. Жапон парфюмерлері үрмебұршақтан түрлі сусабындар мен опа жасап шығаруда.
• Бүкіл әлем қанша үрмебұршақ тұтынса, бір ғана Ұлыбритания тұрғындары сонша қуырылған үрмебұршақ пайдаланады.
Дайындаған: Назерке Смағұл
Бұршақ дәнділер[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Асбұршақ (сабағы, гүлі, жемісі)
Бұршақ дәнділер [1] - бұршақ тұқымдасы (Fabaceae, Leguminosae) - шөптесін, бұта және ағаш өсімдіктер. Дәнді бұршақты дақылдарға - асбұршақ, май бұршақ, үрмебұршақ(фасоль), малазықтық бұршақ, бөрібұршақ, жасымық, ноқат және басқалары.
Мазмұны
[жасыру]
· 1Жалпы сипаттамасы
· 2Бұршақ дәнділер топтары
· 3Бұршақ дәнділердің сабақтарының өсу түрлері
· 4Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар
· 5Бұршақты дәнділердің шаруашылықтағы маңызы
· 6Дереккөздер
· 7Дереккөздер
Жалпы сипаттамасы[өңдеу]
Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда ақуыз көп болады. Ақуыз, әсіресе, май бұршақ дәнінде мол(39%), Сары бөрібұршақ дәніндегі ақуыздың мөлшері 36 пайызға, асбұршақ дәнінде 24 пайызға тең. Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі - олардың ақуыздары тез қорытылып, ағзаға жақсы сіңеді. Майбұршақ дәнінің ақуызының сіңімділігі 89 пайыз, малазықтық бұршақтікі - 87 пайыз, ал жасымық пен асбұршақ дәніндегі ақуыздың сіңімділігі 85 пайызға тең. Ақуызбен қатар, дәнді бұршақ дақылдардың дәнінде майлар мен А, Н, Д, Е, С тобындағы витаминдері бар.
Дәнді бұршақты дақылдардың тамырларында түйнек бактериялары болады. Солардың көмегімен ауадағы бос азоттан дәндері мен вегетативтік мүшелеріне ақуыз түзіп қана коймайды, сонымен қатар топыраққа азот та жинайды.
Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа, сондықтан тез өсіп, танапты ерте боматады. Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді. Осы тұрғыдан алғанда, дәнді бұршақты дақылдар көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл.
Бұршақ дәнділер топтары[өңдеу]
Дәнді бұршақты дақылдар пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді:
· тағамдық дәнді бұршақтар(асбұршақ(Lens), үрмебұршақ, ноқат)
· малазықтық дәнді бұршақтар(пелюшка, малазықтық бөрібұршақ, малазықтық бұршақ)
· техникалық дәнді бұршақ(май бұрашақ)
· аралас пайдаланылатын дәнді бұршақтар(жасымық, ноғатық(Lathyrus))
· жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын бұршақтар(алколоидты бөрібұршақ)
Бұршақ дәнділердің сабақтарының өсу түрлері[өңдеу]
Бұршақ дәнділердің сабақтарының өсу түрлеріне қарай әр түрлі болады.
· Малазықтық бұршақ, бөрібұршақ - сабақтарының биіктігі 30-60(100) см. аралығында, жапырақтары күрделі, үш құлақты, гүлдері ұсақ, жемістері- бұршақ. Тік өсетіндіктен мықты келеді, сондықтан олар піскен кезде жатып қалмайды.
· Асбұршақ, үрмебұршақ, жасымық - сабақтары төселмелі, биіктіктері 25-100 см. аралығында,, жапырақтары қос қауырсын пішіндес, оның түбінде 2 жапырақ серігі бар, гүлшоғырлары ақ не жалған шатырша, жемістері - бұршақ. Шырмалып өсетіндіктен оларды жинау қиынға түседі.
Дәнді бұршақты дақылдың белсенді өсетін уақыты - бүрлену, гүлдену кезеңі. Олардың көпшілігі жатып қалуға бейім келеді, піскен кезде шанақ қабы ашылып, дәні шашылып қалады, дер кезінде жинап алмаса, егіннің өнімі төмендейді.
Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар[өңдеу]
Әр дәнді бұршақты дақылдың сыртқы ортаның факторларына қоятын талабы әр түрлі және олардың өсу мерзімі де әр түрлі.
· Ерте пісетіндер - асбұршақ, жасымық, ноғатық.
· Кеш пісетіндер - малазықтық бұршақ, үрмебұршақ, май бұршақ.
Осы ерекшеліктерін ескере отырып, әр жердің табиғи-климат жағдайларына сай келетін және өнімді көп беретін сорттарды өсірудің үлкен маңызы бар.
· Суыққа төзімді дәнді бұршақтар - жасымық, ноғатық, асбұршақ.
· Жылу сүйгіш дәнді бұршақтар - май бұршақ, үрмебұршақ.
Ылғалды көбірек керек ететін болғандықтан малазықтық, асбұршақ пен бөрібұршақты жауын-шашын мол түсетін аймақтарда егеді. Құрғақшылыққа төзімді келетін дақылдарға ноқат пен ноғатық жатады. Дәнді бұшақты дақылдар гранулометриялық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі.
Бұршақты дәнділердің шаруашылықтағы маңызы[өңдеу]
Дәнді бұршақ дақылдарының дәні майлар мен әр түрлі витаминдерге бай. Осындай қасиеттерінің арқасында дәнді бұршақты дақылдар тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.
Дәндерінде ақуыз мөлшері көп, сіңімділігі жоғары болғандықтан, бұршақ дәні етке пара-пар деп есептеледі.
Дәнде бұршақты дақылдар - құнды мал азығы, олардың дәнінде, сабағында, жапырағында жеткілікті мөлшерде ақуыз және мал азықтық өлшем бар. Олардың құрғақ шөбінде 8-ден 15 пайызға дейін ақуыз болады.
Дәнді бұршақты дақылдарындағы малазықтық өлшемінің мөлшері:
Бұршақ дәнділер | 100 кг дәнінде | көк балаусасында |
май бұршақ | ||
сары бұршақ | ||
малазықтық бұршақ | ||
асбұршақ |
Ноқат[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ноқат (лат. Cicer) – бұршақ тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы таулардың қиыршық тасты беткейлері мен тастақты жерлерінде, тау өзендерінің аңғарларында өсетін 3 түрі бар. Олардың биіктігі 15 – 70 см. Жай қауырсынды жапырақтарының ұштарында мұртшалары не өскіндері болады, олардың сыртын безді талшықтар (қымыздық, лимон, алма қышқылдарын бөледі) жапқан. Дара гүлдері ақ, қызғылт не қызыл түсті болады.
Маусым – шілде айларында гүлдеп, шілде – тамызда жеміс салады. Жемісі – бұршақ. Тұқымы қарақоңыр түсті, жұмыртқа тәрізді, екі бүйірінен бұдырлы келеді. Ноқаттың тұқымында белок, май, азотсыз экстрактты заттар, В витамині болады. Сондықтан ноқатты тағам ретінде пайдаланады, кондитерлік өнім алуда қолданады. Сондай-ақ ноқаттар – жақсы мал азығы.
Дереккөздер[өңдеу]
Соя[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Соя (Glycіne) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік туысы, бұршақ дәнді, майлы дақыл. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропикалық және субтропик. жерлерінде 10 түрі, Қазақстанда 1 ғана түрі – екпе соя (қытайбұршақ) өседі. Биіктігі 40 – 100 см, жапырағы күрделі, үш құлақты келеді, гүлі ұсақ, ақ не күлгін түсті. Сабағы ірі, тік. Жемісі – бұршақ. Сояның дәнінде 24 – 45% белок, 20 – 32% көміртек, 13 – 37% май, D, B, E витаминдері бар. Соя жылу, жарық, ылғал сүйгіш өсімдік, тұқымы 10 – 11°С-та көктейді, 5 – 7 см тереңдікке кең қатарлы тәсілмен себіледі. Вегетац. кезеңі 75 – 200 күн. Айқас тозаңданады. Қарашірігі мол қара топырақты жерде жақсы өседі, ал қышқыл, сор, батпақты топырақтарда нашар өседі. Соя ұнынан сүт, сүзбе, айран және кондитер тағамдары дайындалады, тазартылған майын тағамға пайдаланады. Соя белогынан жасанды талшық, пластмасса, желім алынады. Сояның майы сыр, бояу, сабын, маргарин жасауда, тоқыма өнеркәсібінде және медицинада қолданылады. Сондай-ақ соя – құнарлы мал азығы, шөбінің құрамында 36,4% шикі протеин, 6,5% май, 32,4% азотсыз заттар, 5,2% клетчатка, ал 100 кг шөбінде 51% мал азықтық өлшем болады. Соядан пішен, жарма, сүрлем, күнжара, т.б. дайындалады. Картоп, жүгері, жаздық бидай, т.б. дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Оны малға көк балауса түрінде беру, сүрлемге қосу үшін жүгері және қонақ жүгерімен араластырып егеді. Республикада Аврора, Гибридная-670, Волгоградка-1, Қазақстандық-200, Эврика-357, т.б. сорттары аудандастырылған. Негізінен, Алматы облысының суармалы егіншілігінде өсіріледі. Қазақстандағы соя егісінің жалпы көлемі 25,6 мың га, әр га-дан орта есеппен 14,5 ц өнім алынады.
[1]
Пайдаланған сілтеме[өңдеу]
1. Жоғарыға көтеріліңіз↑
Соя соусы[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Соя соусы
Соя соусы — соя пастасынан және тұздан тұратын әр түрлі соустар. Олар ұзақ мерзімде сақталынады. Бұл соустардың екі түрі бар. Қызыл соус (қою-қоңыр), өте тұздалған, ал ақ соус онша езбесімен шала қуырылған көкөністерді қосады да, баяу отта 45— 60 мин қайнатады. Пісіру соңында тұз, қант, бұрыш, лавр жапырағын косады. Соусты сүзеді, тамырларды езіп соусқа салады да, қайнағанша араластырады. Негізінен, туынды соустарды даярлау үшін — пияз бен қияр қосылған қызыл соус, қышамен пиязды соус, саңырауқұлақ қосылған пиязды қызыл соус және т.б. Котлет массасынан қуырылған тағамдарға, жіңішке шұжықтарға, қосылып берілетін қызыл соусқа май қатады. Пиязды соус қызыл соустың туындысы. Жарты сақинамен туралған пиязды шала қуырады, оған сірке суын, лавр жапырағын,бұршақ бұрышты қосады да, барлық дерлік сірке суы буланып кеткенше қайнатады. Негізгі қызыл соусқа дайындаған пиязды кетчуп қосып қайнатады. Дайын соусқа сары май қатады. Етті бұқтырғанда, көмбелеп пісіргенде қолданады, қуырылған ет пен котлет массасынан даярланған тағамдарға қосуға болады. Ұнсыз соустарға сары және өсімдік майларында және сірке суында дайындалған соустар жатады. Сары майда дайындалған соустарды ыстық, ал қалғандарын суық түрде береді. Сары майда дайындалған соустар жоғары калориялы, сондықтан оларды төмен калориялы балық және көкөністерден жасалған тағамдармен береді. Бұндай соустарға қосымша дәм беріп, тәбетті ашу үшін лимон шырынын қосады. Поляк соусы ерітілген сары майда дайындалады. Майды сүзеді, оған майда туралып, пісірілген жұмыртқа, ақжелкен немесе аскөк, тұз тұздалмаған. Осы өнімдерге әр түрлі компоненттер қосып қытай соустары жасалынады.[1]
Дереккөздер[өңдеу]
1. Жоғарыға көтеріліңіз↑