Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Республика Премьер-Министрi




1. Республика Премьер-Министрі:
1) Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасында функционалдық міндеттерді бөледі;
2) Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен және басқа да мемлекеттік органдармен қарым-қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады;
3) халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
4) Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; министрліктерді және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр лауазымына тағайындау үшін кандидатуралар жөнінде; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министрді, оның ішінде Үкімет жүргізіп отырған саясатпен келіспейтін немесе оны жүргізбей отырған министрді лауазымынан босату туралы ұсыныстар енгізеді;
5) Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге ұсынады;
6) Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндайды;
7) Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептерін тыңдайды;
8) Үкімет жанындағы консультациялық-кеңесші органдарды құрады және таратады;
9) Үкіметтің қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды.
2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.05.06 N 379 Конституциялық Заңымен, 2004.11.24 N 604 (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен, 2007.06.19 N 267; 29.09.2014 N 238-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және
Республика Үкiметiнiң өзге де мүшелерi

1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.
2. Үкімет мүшелері:
1) тиісті мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады;
2) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) саясатты қалыптастырады;
3) заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді;
4) өз құзыреті шегінде шешімдер қабылдауда дербес болады;
5) Республика Премьер-Министрінің алдында өздеріне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшін дербес жауап береді;
6) тиісті мемлекеттік органдардың қарауындағы мемлекеттік басқару саласындағы (аясындағы) істің жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жауапты.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379, өзгерту енгізілді - 2007.06.19. N 267Конституциялық Заңдарымен.

21-бап.
Ескерту. 21-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

21-1-бап. Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы

1. Министрліктердің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың аппараттарын Республиканың Премьер-Министрімен келісім бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жауапты хатшылар басқарады.
2. Жекелеген министрліктер мен Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарда Республика Президентінің шешімімен жауапты хатшы қызметі енгізілмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда осы Конституциялық заңда көзделген жауапты хатшы өкілеттіктерін
министрліктің немесе Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның Республика Президенті айқындайтын лауазымды адамы жүзеге асырады.
3. Үкіметтің, министрдің, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысының орнынан түсуі жауапты хатшылардың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соқпайды.
4. Министрліктің және Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органның жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктерін Республика Президенті белгілейді.
5. Жауапты хатшы өз қызметін жүзеге асыру кезінде Республика Президентіне, Премьер-Министрге және министрге (Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган басшысына) есеп береді.
Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 267 Конституциялық Заңымен.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 462 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2514 - | 2362 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.