1. Терезе түрлері және олардың конструктивті шешімі.
2. Терезе өлшемі қандай факторларға байланысты?
3. Витрина және витраждар түрлері. Олардың конструктивті шешімдерінің
ерекшеліктері.
4. Табиғи жарықтануға нені жатқызасыз?
5. Жасанды жарықтану көзіне нені жатқысазыс?
Практикалы сабақ (2 сағат)
Тақырып: Ғимараттардың көлемдік –жоспарлық шешімдерін техникалық-экономикалық бағалау.
Мақсаты: Тұрғын ғимараттардың көлемдік –жоспарлық шешімдерін техника-экономикалық бағалауды үйрену.
1 Тұрғын ғимараттардың көлемдік –жоспарлық шешімдерін техника-экономикалық бағалау
Ғимараттарды жобалаудың экономикасының негiзгiмәселесі тиiмдi көлемдi-жоспарлық шешiм таңдауы болып табылады. Тұрғын ғимараттардың тиiмдi көлемдi-жоспарлық шешiмі деп экономикалық тиiмдi және шешiмнiң эксплуатациялауға ыңғайлы пайдалануларын түсiнедi.
Тұрғын ғимараттың көлемдi-жоспарлық шешiмнің техника-экономикалық көрсеткiштеріне келесi параметрлер ықпал етеді: ұзындық және ен, қабаттың биiктiгi, ғимараттың биiктiгi, қабаттылық, аудан және орналастыруы пәтерлер және бөлмелер.
Тұрғын ғимараттар көлемдi-жоспарлық және конструктивтiк шешiмдерін бағалауды келесi негiзгi көрсеткiштер бойынша жүргізеді:
- құрылыс ауданын (S3) цоколь (қабырғалардың сыртқы айналып өтуi бойынша) деңгейде ғимараттың сыртқы периметрi бойынша анықтайды;
- құрылыс көлемiн (V) құрылыс тұрғызу ауданын ғимараттың (төбе жоғары) биiктiгiне көбейту арқылы анықтайды;
- (Sжалпы) жалпы аудан барлық қабаттардың бөлмелер аудандарының қосындысын тазалықтағы (яғни қоршаулардың iшкi беттерiнiң шектерiнде өлшенген) басқыш торшалар, iшкi қабырғалар, тiректер және қалқалардың аудандарының шегермесiн ұсынады;
- тұрғын аудан (S) демалуға және тұруға қолайлы тұрғын бөлмелер аудандарының қосындысымен анықтайды. Мұнда асхананың ауданы, алдыңғы және санитарлық тораптар (дәретхана, жуынатын бөлме) кiрмейдi.
- жоспарлау коэффициентін (К1) тұрғын ауданның жалпы аудан қатынастарымен анықтайды:
Осы коэффициент жоспарлау шешiмiнiң тиiмдiлiгiн анықтайды;
- көлемдi коэффициент (К2) ғимарат көлемiнiң тұрғын ауданына қатынасымен анықтайды:
Бұл коэффициент ұтымдылыққа - ғимарат көлемiн қолдануды көрсетедi.
Бақылау сұрақтары:
1.Жоспарлау шешімінің тиімділігін қалай анықтайды?
2.Тиімді көлемдік-жоспарлық шешім деп нені түсінеді?
3. ТЭК дегеніміз не? Не үшін жасалады?
4. Көлемдi коэффициенті қандай формула арқылы анықталады?
5. Жоспарлау коэффициенті қандай формула арқылы анықталады?
Әдебиеттер:
1. Буга П.Г. Гражданские, промышленные и сельско-хозяйственные здания – 2-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.школа., 1987. – 351 стр..: ил.
2. Дятков С.В. Архитектура промышленных зданий: - 2-е изд. перераб. и доп. – М.: Высш.школа., 1984. – 415 стр..: ил.
3. Архитектура гражданских и промышленных зданий: Учебник для ВУЗов, под ред К.К. Шевцова. – М.: Строииздат, 1983. – 239 стр..: