Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кардиогенді шок кезінде жедел көмек көрсету.




Мақсаты: Артериальдық қан қысымын көтеру.

Қажетті заттар: танометр, фонендоскоп, оттек баллоны, маска, дәкеден жасалған салфетка, залалсыздандырылған: бір реттік шприцтер, к/т тамшылатып құюға арналған системалар, дәрілік заттар, мақта түйіршіктері, этил спирті 700, байлам.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. дәрігер шақыру;

2.науқасты көлденен жатқызып, аяғын жағын 200 көтеру;

3.пульсті санап, АҚҚ өлшеу;

4. ылғалды оттек беру,

5. 2-5 мг морфин к/т, 30 мин кейін қайталап енгізу н/е 0,005 % - 1-2мл фентанил ерітіндісін;

6. гепарин 5000 ЕД к/т бірден енгізу;

7. 0,25 г аспиринді шайнап жұту;

8. 0,9 % - 200 мл натрий хлор ерітіндісін 10 мин ішіне к/т тамшылату;

9. дофамин 200 мг в 400 мл 5% глюкоза ерітіндісін к/т тамшылату:

10.аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызу н/е кардиология бөлімінің интенсивті палатасына жатқызу;

11. науқасты басын көтеріп зембілге жатқызып тасымалдау;

 

Асқазаннан қан кеткендегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: қан кетуді тоқтату, АҚМ толтыру.

Көрсеткіші: құсығы кофе түстес(шоколад түстес), қара май тәрізді нәжіс(мелена)-қара түсті.

Арама-қарсы:орнынан тұруға, шұғыл қыймылдауға, тамақ ішуге, су ішуге, темекі шегуге, дәрі ішуге болмайды.

Асқынулары: өмірлік маңызды мүшелерде қайтымсыз өзгеріс болуы мүмкін.

Қажетті заттар: кушетка, мұзды жылтқыш, залалсыздандырылған материал, залалсыздандырылған лоток,дәрілер, жгут(байлам), шприцтер, система; этил спирті 700, мақта шариктері;

Іс-әрекет алгоритмі:

1. дәрігер шақыру;

2.пациентті көлденең жастықсыз жатқызу;

3.абсолютты тыныштық беру;

4.су ішуге, тамақ ішуге,дәрі ішуге тыйым салынады;

5.асқазан тұсына мұзды мұйық қою;

6. 5% р-р аминокапрон қышқылын ас қасықпен қайталап беру;

7.құсқан кезде көмек беруге керекті заттарды дайындау;

8 пульсті санап, АҚҚ өлшеңіз;

9.(дәрігер тағайындауымен) енгізілетін заттарды дайындау:

10.аминокапрон қышқылы 5%-100 мл,

11.этамзилат (дицинон)12,5%-2 мл.

12.адроксон 0,025%-1мл.

13.викасол 1% -1 мл,

14. хлористі кальций 10%-10 мл,

15.полиглюкин + қаналмастырушылар

Ескерту:

- хирургия бөліміне зембілмен тасымалдау;

- гемодез, реополиглюкин салуға болмайды(тромбтарды ерітуі мүмкін);

 

Бауыр шаншуының ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: ауырсынуды жою.

Қажетті заттар: танометр, фонендоскоп, залалсыздандырылған:бір реттік шприцтер, мақта шариктері, этиль спирті 700, жгут, қолғаптар, дез ерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік заттар: 2 мл но-шпа, папаверин 2%-2,0 мл, атропин 0,1%- 1,0 мл, 10 мл 2,4% или 1 мл 2,4% эуфиллин ертіндісі, 10 мл 40% глюкоза ертіндісі, 2,0 мл 1% морфин ертіндісі және 0,5-1 мл 0,1% атропин ертіндісі.

Іс-әрекет альгоритмі:

1. науқасқа физикалық және психикалық тыныштық беру және қатаң төсек режимі;

2. 2 мл но-шпа б/е, папаверин 2%-2 мл б/е, атропин 0,1%-1,0 мл б/е;

3. 5,0 мл баралгин к/т енгізу;

4. 2,4%-10 мл немесе 24% -1 мл эуфиллин ертіндісін 40%-10 мл глюкоза ертіндісімен к/т 5 минут ішінде жәймен енгізу;

5. 1%-1-2 мл морфин ертіндісін және 0,1%-0,5-1 мл атропин ертіндісін т/а енгізу;

6. пациенттің жалпы жағдайын бақылау;

9. хирургия бөліміне жатқызу.

 

Бүйрек ұстамасы кезіндегі жедел көмек көрсету.

Мақсаты: «бүйрек шаншуы» ұстамасын жою

Көрсеткіші: ауырсынуды жою және зәрдің дұрыс шығуын қамтамасыз ету.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ

Мүмкін болатын асқынулар: жедел обструктивті пиелонефрит,жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы калькулезді пиелонефрит, калькулезді гидронефроз, нейрогенді артериальды гипертензия, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі.

Керекті заттар: бір реттік шприцтер, бір реттік система, мақта шариктері, спирт70 градусті, аналгин 50%-2мл, баралгин 5мл, атропин 0,1%-1мл,платифиллин 0,02%-2мл,но-шпа 2%-2мл, папаверин 2%-2мл,штатив, грелка жылы сумен, ваннаға арналған ыстық сумен таз(судың температурасы 40-50 градус).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.науқасты тыныштандырып жатқызыңыз;

2.көп мөлшерде жылы сұйықтық беріңіз;

3.беліне жылтқыш, аяғына ыстық ванна беріңіз;

4.инъекцияда салатын дәрілерді дайындаңыз:

Дәрігер тағайындауымен салыңыз:

1.атропин сульфат 0,1%- 1мл б/е,

2. немесе папаверин гидрохлорид 2 % - 2мл б/е,

3.немесе но-шпа 2 %- 2мл б/е,

4.немесе платифиллин гидротартрат -0,2 %-1-2мл б/е,

5.немесе аналгин 50%-2мл б/е,

6.немесе баралгин 5мл к/т, б/е,

Ескерту:егер ұстамаға жылы су процедуралары, спазмолитиктер, аналгетиктер көмектеспесе,наркотикалық дәрілер,новокаин блокадасы қолданылады.Ауруханада емделуге жедел жатқызу.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2382 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

4033 - | 3829 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.