$$$001
Балаға 15 күн, анасы баласының емгеннен кейін бірден және кейде біраз уақыт өткеннен кейін жиі құсуына шағымданады. Жиі ұйыған сүт құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты, патологиялық өзгерістері жоқ, дәреті қалыпты. Анамнезі бойынша босануы тез, Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл. Құсуы өмірінің алғашқы күнінен бастап. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Пилороспазм
В) Пилоростеноз
С) Перинатальды энцефалопатия
D) Ішек дисбактериозы
Е) Лактазды жетіспеушілік
{Дұрыс жауап}=А
{Күрделілігі}=
{Оқулық}=(Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., 2000 г.)
{Курс }=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының білім деңгейі}=FM
$$$002
1,5 айлық қыз бала, анасы баласының емгеннен кейін бірден және кейде біраз уақыт өткеннен кейін жиі құсуына шағымданады. Жиі ұйыған сүт құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты, патологиялық өзгерістері жоқ, дәреті қалыпты. Туғаннан бері 1-ші айда 700грамм салмақ қосты. Анамнезі бойынша босануы тез. Құсуы өмірінің алғашқы күнінен бастап. Осы ауру неліктен пайда болды:
А) Қалтқы стенозының салдарынан
В) Қалтқы спазмы салдарынан
С) Ішек өтімсіздігі салдарынан
D) Ішек дисбактериозы салдарынан
Е) Лактазды жетіспеушілік салдарынан
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=
{Оқулық}=(Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., 2000 г.)
{Курс }=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының білім деңгейі}=NS
$$$003
Балаға 1 ай. Анасы баласының емгеннен кейін бірден және кейде біраз уақыт өткеннен кейін жиі құсуына шағымданады. Құсу мөлшерінің көлемі тұрақсыз, жиі ұйыған сүт құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты, патологиялық өзгерістері жоқ, дәреті қалыпты. Туғаннан бері 1-ші айда 650 грамм салмақ қосты Анамнезі бойынша босануы тез, Апгар шкаласы бойынша 5-7 балл. Құсуы өмірінің алғашқы күнінен бастап. Осы құсудың себебіне жатады:
А) Ішек дисбактериозы
В) Лактазды жетіспеушілік
С) Алиментарлы диспепсия
D) Неврогенді фактор
Е) Ферментативті жетіспеушілік
{Дұрыс жауап}=D
{Күрделілігі}=
{Оқулық}=(Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., 2000 г.)
{Курс }=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының білім деңгейі}=NS
Іштегі ауырсыну синдромы
$$$001
Дені сау 12 жастағы балада кіндік маңында толғақ тәрізді ауырсыну байқалды, ал бірнеше сағат өткеннен кейін ауырсыну тұрақты түрде іштің оң жақ бөлігіне ауысты. Бірнеше рет құсу болды. Бала қабылдау бөліміне жеткізілді. Рентгенографияда кеуде және құрсақ мүшелері қалыпты. Қанда аздаған лейкоцитоз. Зәр анализі бойынша көру алаңында үш лейкоцит. Сіздің болжам диагнозыңыз:
А) Дивертикулит
В) Аппендицит
С) Жарықтың қысылуы
D) Ішек өтімсіздігі
Е) Перитонит
{Дұрыс жауап}=В
{Күрделілігі}=
{Оқулық}=(Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., 2000 г.)
{Курс }=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының білім деңгейі}==PA
$$$002
Қабылдауға 12-жастағы қыз бала келді, ол ішінің төменгі бөлігіндегі кенеттен тұрақты түрде, қатты ауырсынуға және құсусыз жүрек айнуға шағымданады. Ауырсыну пайда болғанға дейін қыз балада қалыпты дефекация болды. Қараған кезде ішінің барлық бөлімінде қатты ауырсыну және оның оң жақ мықынға берілуі, ішек шулары естіледі, құрсақта тітіркену симптомы жоқ. Лейкоциттер саны 18,0*109 /л. Қан сарысуындағы белсенді амилаза қалыпты. Нәжісті жасырын қанға тексергенде-ол теріс нәтиже берді. Сіздің әрекетіңіз:
А) Анальгетиктерді тағайындау арқылы амбулаторлы емдеу
В) Ауырсыну күшейген кезде қайтадан ауруханаға жатқызу
С) Ирригография
D) Ректороманоскопия
Е) Диагностикалық лапоротомия
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}=
{Оқулық}=(Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., 2000 г.)
{Курс }=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының білім деңгейі}=PA
$$$003
Дені сау 10 жастағы балада кіндік маңында толғақ тәрізді ауырсыну байқалды, ал бірнеше сағат өткеннен кейін ауырсыну тұрақты түрде іштің оң жақ бөлігіне ауысты. Бірнеше рет құсу болды. Бала қабылдау бөліміне жеткізілді. Рентгенографияда кеуде және құрсақ мүшелері қалыпты. Қандағы лейкоциттің мөлшері 12,6х109/л. Зәр анализі бойынша көру алаңында үш лейкоцит. Осы балада неліктен ауырсыну синдромы пайда болды:
А) Энтерит салдарынан
В) Құрсақ қуысының қабынуы салдарынан
С) Ішек өтімсіздігі салдарынан
D) Қуықтың қабынуы салдарынан
Е) құрт тәрізді өсіндінің қабынуы салдарынан
{Дұрыс жауап}=Е
{Күрделілігі}=
{Оқулық}=(Педиатрия, под редакцией Шабалова Н.П., 2000 г.)
{Курс }=7
{Семестр}=14
{Тест тапсырушының білім деңгейі}=NS