1. Зат және оның атауы арасындағы сәйкессіздіктер туралы Демокрит тұжырымдары:
A) Көп ұғымдар сөзбен белгіленбеген, көптеген ұғымдардың бірнеше атаулары бар
B) Көптеген сөздердің бірнеше мағыналары бар.
C) Бір сөз басқа сөзді алмастыра алады.
D) Алғашқы дыбыстар табиғатқа еліктеуден туған.
E) Затқа атау табиғаттан берілген.
F) Тілге анықталған заңдылықтар, ережелер тән.
G) Тілде заңдылыққа бағынбайтын ауытқушылықтар көп.
H) Заттардың атауы сипау, сезумен байланысты жасалған.
2. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінде көрсетілді:
A) Түркі тілдерінің классификациясы.
B) Түркі тарихи фонетикасы мен грамматикасы бойынша мәліметтер.
C) Тарих, география, этнография, поэзия, фольклор туралы мәліметтер.
D) Салыстырмалы-тарихи әдісті сипаттады
E) Жалпы тілдер классификациясы
F) Салғастырмалы әдісті сипаттады
G) Тілдің синтаксистік құрылымы
H) Түрлі тілдердегі грамматикалық тәсілдер
3. Орта ғасырдағы араб лингвистикасының жетістіктері –
A) Дыбыс пен әріп арасын аса айқын ажыратты
B) Сөз таптарының есім, етістік және көмекші сөздер деген жіктеуін Аристотельге дейін көрсетті
C) Семит тілдеріне тән 3 дауыссыздан тұратын түбірді көрсетті
D) Синтаксис бойынша құнды еңбектер жазылды
E) Тілдердегі грамматикалық тәсілдердің классификациясын жасады
F) Тілдердің түрлі типтері жіктелді
G) Тілдер дамуындағы экстралингвистикалық факторлар жете зерттелді
H)Тілдік тип және тілдегі тип терминдерін ажыратты
4. Грамматист Панинидің үнді тіл біліміне қосқан үлесі –
A) үнді тілінің алғашқы нормативтік грамматикасын құрастырушы
B) санскрит және Вед әдебиеті тілдерін фонетика, морфология, сөзжасам бойынша салыстырды.
C) салыстырмалы әдістің алғашқы үлгісін көрсеткен ғалым
D) «Пракрит грамматикасы» еңбегінде санскрит сөздерінен пракрит сөздерінің жасалғанын айтты.
E) сөйлем мен ойдың қатынасын философиялық тұрғыдан талдады
F) сөздің 3 аспектісін жіктеді: жазбаша түрі, фонологиялық құрылымы, номинативтік қызметі
G) Зат және оның атауына байланысты теория ұсынды
H) Тілдің шығуына байланысты еліктеуіш теориясын ұсынды
5. Аристотельдің «Поэтика» еңбегіндегі тілмен байланысты мәселелер:
A) сөз таптарының классификациясын
B) есімдер – дербес мағынаға ие, мезгілдік реңктері жоқ сөздер деп.
C) етістіктер - мезгілдік реңктері бар, дербес мағынаға ие сөздер деп
D) дауысты, даыссыз дыбыссыз және дауыссыз дыбысты түрінде жіктеді
E) тілдегі ауытқушылық құбылыстарды род тұрғысынан түсіндірді
F) тілдің белгілі бір ереже, заңдылыққа бағынатынын талдады.
G)этимология ғылымын қалыптастырды
H) 8 түрлі сөз табын көрсетті
6. Көне грек-рим тіл білімінде александриялық грамматикалық ілім жүйесін қалыптастырушылар –
A) Аристарх Самофракийский
B) Дионисий Фракийский
C) Апполоний Дискол
D) Тит Лукреций Кар
E) Демокрит
F) Гераклит Эфесский
G) Августин.
H) Платон
7. Пор-Рояль грамматикасы авторларының Р. Декарт философиясы негізіндегі тұжырымдары:
A) Парасат операциялары: түсінік (ұғым), пайым, ой түйіні
B) Түсінік – бұл есімдер (зат есім, сын есім), есімдік, артикльдер; пайым – бұл етістіктер, етістіктен жасалған сөз таптары, жалғаулықтар, еліктеуіштер.
C) Ой түйіні – бұл байланысты мәтін.
D) Зат есім – субстанцияның грамматикалық категориясы
E) Инфинитив – етістіктің мейлінше көне формасы, есімге қарағанда етістік дерексіз. Есім мен етістік бір уақытта пайда болған
F) Субстанция категориясы үдеріс (етістік) категориясы тарапынан ығыстырылып шығарылады
G) Адам әлемді өз тілінің шектігінде көреді, таниды.
H) Тілді үйрену – сол тілді иеленуші халықтың логикасын меңгеру.
8. Юлиус Цезарь Скалигердің «О причинах латинского языка» еңбегіндегі тұжырымдары:
A) грамматиканың міндеттерін ономасиология тұрғысынан анықтауға тырысты
B) барлық сөздерді 2-ге бөлді: негізгі және көмекші.
C) сөздерді қайсы бір сөз табына жатқызуда мағыналық критерийді басшылыққа алуды ұсынды.
D) дауысты, даыссыз дыбыссыз және дауыссыз дыбысты түрінде жіктеді
E) тілдегі ауытқушылық құбылыстарды род тұрғысынан түсіндірді
F) тілдің белгілі бір ереже, заңдылыққа бағынатынын талдады.
G) этимология ғылымын қалыптастырды
9. «Пор-Рояль грамматикасының» негізгі теориялық концепцияларын белгілеңіз:
A) Тіл – бұл ойдың білдірілуі, тіл категориялары – бұл логикалық категориялардың көрсеткіші.
B) Логика мен грамматика өзара байланысты.
C) Логика барлық адамдарда біркелкі, ойлау қағидалары да бірдей, сондықтан ортақ бір ғана грамматика болуы тиіс.
D) Тіл дами келе, өркендеу, гүлдену, одан соң кері кету, құлдырау кезеңдерің өткереді.
E) Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді.
F) Тіл – биологиялық организм емес, өйткені тілде табиғи организмде болатындай өзгеге тәуелсіз өзіндік өмірі болмайды. Оның өмірі – адамда.
G) Тілдер дыбысқа еліктеуден пайда болған «алғашқы тілдер» және солардың негізінде туған «туынды» тілдер болып бөлінеді.
H) Логика барлық адамдарда біркелкі болғанымен оның тілде білдірілу жолдары әр түрлі.
10. 1660 ж. «Рационалды грамматика» авторларының тілдік тұжырымдары:
A) Грамматика – бұл сөз өнері, тіл және сөйлеу өнері.
B) Сөйлеу – таңба арқылы ойды білдіру.
C) Таңба ретінде сөзді түсінді.
D) Сөйлемді біртұтас мән-мағынаны білдіретін бөлшектенбейтін айтылыс ретінде анықтады
E) Сөйлемді тілдің басты бірлігі деп есептеді.
F) сөйлеудегі дыбысқа қарсы қойылатын фонеманы айқын ажыратты.
G) сөзді мәнсіз, жасанды құрылым ретінде қарастырды.
H) фонетикалық өзгерістер деп ассимиляцияны көрсетті
11. 1506 ж. латын тілінде жазылған Рейхлиннің көне еврей грамматикасында алғаш қолданылған морфологиялық ұғымдар:
A) түбір
B) аффикс
C) суффикс
D) орфография
E) туынды
F) фонема
G)морфонология
H) синтаксис
12. «Пор-Рояль грамматикасы» авторлары – А. Арно және К. Ланслоның алға қойған негізгі міндеттері:
A) Жалпы тілдерге ортақ, әмбебап тілдік құбылыстарды анықтау
B) Тіл категориялары мен құбылыстары және логикалық категориялар арасындағы байланыстарды, арақатынасты анықтау
C) Сөз табиғатын, олардың құрылысын, сөздер мен олардың мағыналары арасындағы қатынастарды зерттеу
D) Тілдердің үздіксіз даму заңдылықтарын ашу
E) Үндіеуропа тілдерінің грамматикалық құрылысындағы генетикалық ортақ элементтерді іріктеп, жүйелеу
F) Тілді индивидуумның психикалық әрекеттерінің жемісі ретінде зерттеу
G) Тілдің коммуникативтік қызметтерін зерттеу.
H) Тілдің дыбыстық заңдылықтарын ашу
13. И. Гердердің тілдің шығуы теориясына байланысты тұжырымдары:
A) Тілдің шығуы және оның даму тарихы ойлаумен тығыз байланысты.
B) Тілді құдай жаратқан жоқ, сондай-ақ ол кездейсоқ та пайда болған жоқ.
C) Тілдің пайда болуы адам ойы мен сезімінің дамуы барысындағы заңды құбылыс.
D) Тіл дамуына қоғам қажеттелігі ықпал етті, бірақ адам тілі үшін құдайға міндетті.
E) Тіл – табиғи дыбыстарға еліктеуден пайда болып, дамыған құбылыс.
F) Тілдің шығуын адамдардың ішкі сезімін білдіруімен байланыстырды.
G) Тілдің эмоционалды шығу тегі теориясын ұсынушы.
H) Тілдің шығуын әлеуметтік келісім теориясы арқылы түсіндірді.
14. ХҮІІІ ғ. Филогенетикалық концепциялардың авторлары:
A) Ж.Ж. Руссо
B) Д. Дидро
C) И. Гердер
D) Р. Декарт
E) Ф. Бэкон
F) Д. Локк
G) Ф. Бопп
H) У. Джонс
15. Ж.Ж. Руссоның концепциялары:
A) Әлеуметтік келісім және тілдің эмоционалды шығу тегі немесе еліктеуіш теорияларын ұсынушы.
B) Тілдің шығуын адамдардың ішкі сезімін білдіруімен байланыстырды.
C) Алғашқы адамдардың қауіп-қатерлерден сақтануы барысында бірігіп, инстинткты түрде дауыс беруінен басталады.
D) Тіл дамуына қоғам қажеттелігі ықпал етті, бірақ адам тілі үшін құдайға міндетті
E) Тіл – адам ойы мен сезімінің дамуы барысындағы заңды құбылыс.
F) Еліктеуіш теориясын жоққа шығарды.
G) Тілдерді дыбысқа еліктеуден пайда болған «алғашқы тілдерге» және солардың негізінде туған «туынды» тілдерге бөлді.
H) Тілдің шығуы мен тарихын ойлаумен байланыстырды.
16. Қайта өрлеу дәуіріндегі негізгі 3 тілдік философиялық концепция:
A) Ағылшын эмпиризмі (Бэкон, Локк)
B) француз рационализмі (Декарт)
C) Лейбництің ғылыми-философиялық концепциясы
D) Номиналист Росцеллиннің реалистерге қарама-қайшы философия-лингвистикалық тұжырымдары
E) Номиналист Пьер Абелярдің реалистерге қарама-қайшы философия-лингвистикалық тұжырымдары
F) Реалист Ансельмнің номиналистерге қарама-қайшы философия-лингвистикалық тұжырымдары
G) Пор-Рояль грамматикасы авторларының логикалық теориясы
H)В.фон Гумбольдтың тіл философиясы
17. Ф. Бэконның философиялық грамматикасының ерекшеліктері:
A) Тілді зерттеуде эмпирикалық әдісті дәріптеді.
B) Грамматиканы әріптік және философиялық деп бөлді.
C) Сөздер мен заттар, сөздер мен ой арасындағы қатынастарды қарастырды.
D) Сөз мағынасына көп көңіл бөліп, оны тілдің мәнісі туралы іліммен байланыстырды.
E) Сөз – ойдың түйсікті, сезіммен қабылданатын белгісі, ал сөз мағынасы – таным мен түсініктің, яғни ойдың орнын ауыстыратын қабілеті деп көрсетті.
F) Жасанды тіл теориясын сандардың табиғи тәртібі қатары негізінде ұсынды.
G) «Жасанды тілде сөздердің жіктелу, септелу жүйесінде бір ғана тәсіл болады» деп болжады.
H) Сөз мағынасын субъективті және объективті деп бөлшектеді.
18. Д. Локктың тілдік философиялық концепциялары:
A) Сөз – ойдың түйсікті, сезіммен қабылданатын белгісі, ал сөз мағынасы – таным мен түсініктің, яғни ойдың орнын ауыстыратын қабілеті деп көрсетті.
B) Сөз мағынасын субъективті және объективті деп бөлшектеді.
C) Сөз мағынасын идивидуалды / қоғамдық, жалпы / нақты деп бөлшектеді.
D) Сөздер мен заттар, сөздер мен ой арасындағы қатынастарды қарастырды.
E) Әріптік (эмпирикалық) грамматика практикалық мақсатта қызмет етеді деп шешті.
F) Тілді зерттеу әр түрлі халықтардың салтын, мінез-құлқын тануға көмектеседі.
G) «Жасанды тілде сөздердің жіктелу, септелу жүйесінде бір ғана тәсіл болады» деп болжады.
H) Грамматиканы әріптік және философиялық деп бөлді.
19. Ф. Бопп бойынша тілдердің типологиялық классификациясы:
A) Нағыз түбір тән емес, яғни жалғануға бейім түбірлі тілдер, мысалы, қытай тілі.
B) Бір буынды түбірлер тән тілдер, етістік және есімдік түбірлерінің жалғануы арқылы сөз жасалатын үндіеуропа тілдері.
C) Екі буынды үш дауыссыздан тұратын етістік түбірлі тілдер, грамматикалық формалар түбірдің ішкі модификациясы арқылы жасалады, семит тілдері.
D) Нақтылы түбір және таза реляциялық ұғымдарды білдіретін жалаң реляциялы тілдер: вьетнам, қытай, тибет тілдері.
E) Аморфты тілдер – морфологиялық, синтаксистік қатынастарды сөздердің орын тәртібі арқылы білдіретін қытай, үнді-қытай тілдері.
F) Сөздің мағыналық құрамдарының өзара байланысу сипатына және түбірдің дыбыстық өзгеруіне қарай – флективті және аффикстендірілуші тілдер.
G) Нақтылы түбір және нақтылы реляциялық ұғымдарды білдіретін жалаң аралас- реляциялы тілдер: банту және француз тілдері.
H) Ой анықтығына қол жеткізу кезеңі: аналитикалық, флексиядан бас тарту.
20. А.Х. Востоковтың салыстырмалы-тарихи тіл біліміне қосқан тұжырымдары:
A) Өлі тілдер ескерткіштерін тірі тілдер және диалектілер деректерімен салғастыру қажеттілігі.
B) Орыс тілі тарихының 3 кезеңін көрсетті: көне орыс XIV ғ. дейін; 2) орта орыс XIV ғ.-дан XVIII ғ.-ға дейін, яғни М.В. Ломоносовқа дейін (мысалы, Иван Грозный «Судебник»); 3) жаңа орыс тілі XVIII ғ.-дан қазіргі кезеңге дейін.
C) Дыбыстық сәйкестіктерді басшылыққа ала отырып, славян тілдерінің генетикалық туыстығын анықтады.
D) Тілдердегі грамматикалық және фонетикалық сәйкестіктер - олардың шығу тегінің ортақтығын, туыстығын анықтаудағы мейлінше маңызды белгілер.
E) Герман тілдері дамуының 3 кезеңін көрсетті: көне, орта және жаңа – гот тілінен жаңа ағылшынға дейінгі.
F) Адамзат тілі дамуының 3 кезеңін көрсетті: түбір және сөздердің жасалуы, дамуы, қалыптасуы; 2) флексияның дамып, жетілуі, санскрит, көнегрек; 3) ой анықтығына қол жеткізу кезеңі: аналитикалық, флексиядан бас тарту.
G) Морфологиялық, синтаксистік қатынастарды сөздердің орын тәртібі арқылы білдіретін қытай, үнді-қытай тілдерін салыстырды.
H) Үндістандағы қазіргі тілдер, парсы, жаңа грек, роман тілдерін өзара салыстырды.
21. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізгі қағидалары:
A) Түрлі тілдердегі сөздердің сәйкес келуін туыстық негізінде емес, кірме сөздер тұрғысынан түсіндіруге болады.
B) Ата тілді толықтай қалпына келтіру мүмкін емес, алайда оның фонетикалық, грамматикалық басты мәліметтерін түзуге болады.
C) Туыстық бірлік бір негіз тілден шығу тұрғысынан түсіндіріледі.
D) Барлық тілдерге ортақ құбылыстарды, сондай-ақ кездесетін айырмашылықтардың себептері мен қағидаларын анықтау.
E) Логика мен грамматика өзара байланысты. Логика барлық адамдарда біркелкі, ойлау қағидалары да бірдей, сондықтан ортақ бір ғана грамматика болуы тиіс.
F) Тіл – халық рухы, халық рухы тіл арқылы көрінеді.
G) Тіл – биологиялық организм емес, өйткені тілде табиғи организмде болатындай өзгеге тәуелсіз өзіндік өмірі болмайды.
H) Тілдің өмірі – адамда.
22. Ф. Бопптың тіл біліміндегі жетістіктері:
A) Бір тілдің формаларын басқа тілдегі формалар арқылы түсіндіріп, салыстырмалы грамматикаларыдың жазылуна жол ашты.
B) Үндіеуропа тілдерінің грамматикалық құрылысындағы генетикалық ортақ элементтерді іріктеп, жүйеледі.
C) Тілдердің типологиялық классификациясын талдаушы.
D) Синтаксисті тілдер туыстығын зерттеудегі басты бөлім деп таныды.
E) Фонетикалық сәйкестіктерді заңдылықтар ретінде қарастырды.
F) Тілдер дамудың шектігіне жеткенде, олардың морфологиясы қарапайымданады.
G) Тіл дамуының көне дәуірінде сөйлеуде фантазия күшті, ал қазіргіде формалды логика басым.
H) Алғашқы қауымдық нақты ойлау кезеңіндегі сөйлемге синтетикалық сипат тән.
23. И. Шмидттің салыстырмалы-тарихи тіл білімі үшін маңызды қағидалары:
A) Ата тіл ата тек шежіресі – бұтақ, тармақ түрінде емес, толқын түрінде бөлінген әрі әр тіл екі жағынан да көптеген туыс тілдерге ие болған.
B) Туыстықты анықтаудағы ең сенімді өлшем – жартылай сәйкестілік және жартылай сәйкессіздік – б/ф: брат и frater.
C) Герман тілдері – келть және славян тілдерінің екі арасындағы жалғастырушы буын.
D) Туыс тілдерге тән үдерістер типке топтасуы мүмкін.
E) Бір негізден шыққан туыстас тілдердегі ортақ сөздер мен формалар олардың архетиптерін жорамалдауға мүмкіндік тудырады.
F) Негіз тілден туыстас диалектілер бөлініп шығады, диалектілердің бірі қосылып, біреулері бөлініп шығады.
G) Славян тілдері герман тілдеріне жақын туыстас тілдер.
H) Тіл – биологиялық организм емес, өйткені тілде табиғи организмде болатындай өзгеге тәуелсіз өзіндік өмірі болмайды.
24. Я. Гриммнің адамзат тілі дамуының 3 кезеңі туралы идеясы бойынша:
A) 2 кезең – флексия ең жетілген даму шегіне жетуі.
B) Алғашқы кезеңде түбірлер мен сөздер пайда болды, тіл әуенді (мелодикалы), бірақ тым шұбалыңқы болған.
C) Тілдер дамуының 3 сатысына ойды жеткізудегі анықтылыққа талпыныс тән: аналитикалық, флексиядан бас тарту, қазіргі жаңа грек, роман, парсы тілдері.
D) Тілдер дамудың шектігіне жеткенде, олардың морфологиясы қарапайымданады.
E) Д.ж. тілдерінің барлығы бірдей дамудың анықталған кезеңдерін бастан өткереді және әрқ айсысы әр түрлі жылдамдықпен өткереді.
F) Тілдер дамуының екінші кезеңінде олардың құрылымдары, бәрінен бұрын грамматикасы мен фонетикасы қалыптасады.G) Тілдер дамуының анықталған шектігіне жеткеннен кейін олар өзгеріске түспейді.
H) 1 кезеңде тілге синтетикалық сипат тән.
25. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің жетістіктері:
A) Ата тілді реконструкциялау арқылы нақты бір тілдің даму тарихын қарастыру.
B) Тілдерді зерттеуде тарихилық идеясы мен салыстыру әдісін енгізуі
C) «Тіл жүйесі», «диахрония», «синхрония» сияқты ұғымдарды лингвистикаға енгізулері.
D) Синтаксисті тілдер туыстығын зерттеудегі басты бөлім деп таныды.
E) Құрылымдық лингвистиканың негізін салушылар ретінде танылды.
F) Этимологические заметки.G) Морф және морфеманы ажыратты.
H) Семантикалық қоршауына қарай ықпалға түсіп, үнемі өзгерісте болатын элементтер ді анықтады.