E) ципрофлоксацин
459. Митральды стенозды хирургиялық емдеу үшін митральды тесіктің тарылуы ең кемі:
A) 6 см²
B) 5 см²
C) 4 см²
D) 2 см²
E) 1,5 см²
460. Қайталамалы ревматикалық қызбадан кейін жүрекке барлық оперативтік шараларды жүргізеді:
A)1 ай
B) 3 ай
C) 6 ай
D) 12ай
E) 2 жыл
461.Митралді стенозға тән ЕМЕС:
A) өкпелік гипертензия
B) сол жақ жүрекшенің гипертрофиясы
C) оң жақ қарыншаның гипертрофиясы
D) жүрек белінің болмауы
E) сол жақ қарыншаның гипертрофиясы
462. Митралды қақпақша жеткіліксіздігінің аускультативті белгісі болып табылады:
A) Оң жақ 2 қабырғааралықтағы дөрекі систолалық шуыл
B) Жүрек ұшында диастолалық шуыл
C) Грэхем – Стил шуылы
С) Флинт шуылы
E) Жүрек ұшындағы систолалық шуыл
463. Қолқада және V нүктеде диастолалық шу, жүрек ұшында І тонның әлсіреу, қолқада ІІ тонның әлсіреу қандай ақауға тән?
A) Митралды қақапақшаның жеткіліксіздігі
B) Митралды қақапақшаның стенозы
C) Қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі
D) Қолқа қақпақшасының стенозы
E)Үшжармалы қақпақашаның жеткіліксіздігі
464. Боткин – Эрба V нүктесіндегі және төстің оң жағында екінші қабырғааралықта систолалық, ІІ қабырғааралықта систолалық діріл, қолқада ІІ тонның бәсеңдеуі қандай ақауға тән?
A) Митралді қақпақшаның стенозы
B) Митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі
C) Қолқа қақпақшаның жеткіліксіздігі
D) Қолқа қақпақшаның стенозы
E) Үшжармалы қақпақашаның жеткіліксіздігі
465. Диспансерлік бақылау кезінде жүректің созылмалы рематикалық ауруында қандай лабораторлы зерттеулер жүргізіледі?
A) Қанның жалпы анализі, фибриноген, серомукоид, антистрептолизин
B) Қанның жалпы анализі, зәрдің жалпы анализі
C) Қанды электролиттерге, калийге, натрийге, кальцийге анықтау
D) Қандағы холестеринді, триглицеридтерді анықтау
E) Трансаминазаларға, билирубинге қан анализі
466. Жүректің митральды ақауы түзілуімен болған жедел ревматикалық қызбамен ауырған науқасқа екіншілік профилактиканың ұзақтығы:
A) 3 жыл
B) 5 жыл
C) 7 жыл
D) 10 жыл
E) өмір бойы
467. Жас жігіт, 17 жаста, оң жақ тізе буындағы ауру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 37,6 градусқа көтерілуіне, денедегі бөртпелердің пайда болу шағымдарымен дәрігерге қаралды. Анамнезінен: 3 апта бұрын баспамен ауырды, баспадан кейін 2 аптадан соң жоғары айтылған шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ тізе буынның артриті, кеуденің терісінде, алақанында қызыл түсті сақина тәрізді бөртпелер.
Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?
A ) Ревматоидты артрит.
B ) Жедел ревматикалық қызба
C ) Дерматит
D ) Реактивті артрит
E ) Түйінді периартериит
468. Қызбала, 16 жаста, тізе буындарының ауру сезіміне, ісінуіне, терідегі бөртпелерге, қызбаға, тамақтың жыбырлауына шағымданды. Қарап тексергенде: денеде – сақина тәрізді эритема, тізе буындарының ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл, тахикардия. Артериалды қан қысымы 110/70 мм с.б.б.
ЕҢ ЛАЙЫҚТЫ қосымша зерттеу қандай?
A ) Ревматоидты фактор
B ) Нативті ДНК антиденелер
C ) Антистрептолизин «О»
D ) Райт-Хеддельсон реакциясы
E ) С- реактивті белок
469. Науқас, 18 жаста, жүрек тұсындағы жайсыздыққа және тұйық ауру сезіміне, тізе буындардағы ісіну мен ауру сезіміне, дене қызуының субфебрилді көтерілуіне шағымданады. 20 күн бұрын іріңді баспамен ауырған. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары солға қарай 1,5 см ығысқан. Жүрек тондары бәсендеген, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систолалық шуыл. Жалпы қан анализінде: ЭТЖ – 34 мм/сағ, лейкоциттер – 15,0×109/л, фибриноген – 6,8 г/л, антистрептолизин «О» 1:625 б. Электрокардиограммада - ырғағы синусті, жүрек жиырылу жиілігі – минутына 60 рет, I дәрежелі атрио-вентрикулярлы блокада.
Қандай диагноз болуы МҮМКІН?
A ) Ревматоидты артрит, олигоартрит, ағымы тез үднмелі, активтілік дәрежесі II, БФЖ II
B ) Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жетіспеушілігі, қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) IIА
C ) Ревматикалық емес миокардит, жеделдеу ағымы. ҚЖ І
D ) Жедел ревматикалық қызба, кардит, полиартрит, ҚЖІ
E ) Жүйелі қызыл жегі, полиартрит, кардит, ҚЖІ
470. Ер адам, 47 жаста, тізе буындардағы ауру сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауруына, жүрек қағуына, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке деген шағымдармен ауруханаға келді. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: тері жамылғылары бозғылт. Сирақтарда – ісіктер. Буындар өзгермеген. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ қырынан 2 см сыртқа қарай, жоғарғы – ІІ қабырға, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа қарай. Жүрек ұшында І тон күшейтілген, систолалық және пресистолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Пульс – минутына 92 рет. Бауыр қабырға доғасынан 4см төмен.
Қандай болжама диагноз болуы МҮМКІН?
A ) Тонзилогенді миокардиодистофия, Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІIА
B ) Жедел ревматикалық қызба, кардит, ҚЖ ІIА
C ) Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қосарланған митралды ақау, ҚЖ IIБ
D ) Висцералды көріністермен ревматоидты артрит, кардит, ҚЖ ІIА
E ) Ревматикалық емес миокардит, рецидивті ағымы, ҚЖ IIБ
471. Ер адам, 40 жаста, аздаған физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, аяқтағы ісіктеріне, беттің қызаруына шағымданады. Жүректің салыстырмалы тұйықталуы солға қарай, жоғары қарай ығысқан, ұшында диастолалық діріл. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон күшейген, диастолалық шуыл, дұрыс ритмді. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен ұлғайған, сирақтарда ісіктер байқалады.
Жоғарыда аталған аускультативті белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A ) Митралды қакпақшаның жеткіліксіздігі
B ) Митралды қақпақшаның стенозы
C ) Аорта қақпақшаның жеткіліксіздігі
D ) Үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
E ) Өкпе артериясының стенозы
472. Ер адам, 45 жаста, ревматологта диспансерлік есепте тұрады. 18 жастан бастап жүрек ақауы анықталды. 42 жастан бастап бауыры ұлғайған, аяқтары кезеңді ісінеді, асцит. Үнемі верошпиронды қабылдайды. Қарағанда: акроцианоз. Жүректі тындағанда І тон күшейген, митралды қақпақшаның ашылу тоны, жүрек ұшында диастолалық шуыл, семсер тәрізді өсінді тұсындағы систолалық шуыл. ЭКГ – жыпылықтаушы аритмия, жүректің электрлік осі вертикалды, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. ЭТЖ – 6 мм/сағ., С- реактивті белок теріс.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A ) Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды стеноз. Қанайналым жетіспеушілігі (ҚЖ) ІІА
B ) Қарыншааралық перденің кемістігі, ҚЖ ІІІ
C ) Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды стеноз. Үшжармалы қақпақашаның салыстырмалы жеткіліксіздігі, ҚЖ ІІБ
D ) Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақапақшаның жеткіліксіздігі, ҚЖ ІІІ
E ) Қайталмалы ревматикалық қызба, митралды қақапақшаның жеткіліксіздігі, ҚЖ ІІІ
473. Ер адам, 56 жаста, дәрігерге ентігуіне, аяқтардың ісінуіне шағымданып келді. Қарағанда жүректің салыстырмалы тұйықталуы төстің оң жақ қырынан 2,5 см сыртқа қарай ұлғайған, эпигастралды пульсациясы, І тонның бәсеңдеуі және V тындау нүктесінде систолалық шуыл.
Ең ықтимал жүрек ақауы қандай?
A ) аорталды жеткіліксіздігі
B ) митралды жеткіліксіздігі
C ) Лютамбаше синдромы
D ) Үшжармалы жеткіліксіздігі
E ) Қарыншааралық перденің кемістігі
474. Ер адам, 32 жаста, ұзақ уақыт бойы жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауырады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталудың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1 см сыртқа қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон бәсеңдеген және систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ тонның акценті. Жүректің жиырылу жиілігі – минутына 92 рет. Артериалды қан қысымы – 110/70 мм.с.б.
Төменде айтылған аускультациялық белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A ) а орталды жеткіліксіздігі
B ) ө кпе артерияның стенозы
C ) м итралды жеткіліксіздігі
D ) а орталды стеноз
E ) м итралды стеноз
475. Ер адам, 27 жаста, жүрек тұсындағы шаншып ауыратын ауру сезіміне, есінен танған күйге шағымданады. Бала кезінен жүрек ақауы бар. Қарағанда: тері жамылғылары боз, мойын артериялардың пульсациясы, басын ырғақты шайқауы. Жүрек ұшы түрткісі VІ қабырғааралықта, төс аймағындағы «мысық пырылы», жүрек түрткісі жайылмалы, биік. Аускультацияда: эпицентрі ІV қабырғааралықтағы диастолалық шуыл, төстің сол жақ қырындағы І тон бәсендеген. Пульсі жоғары, жиі, минутына 88 рет. Сан артериясында екі еселенген Траубе тоны, Виноградов-Дюрозье естіледі. Артериалды қан қысымы– 140/60 мм.с.б. Бауыр ұлғаймаған.
Төменде айтылған белгілер қандай ақауға ЕҢ ТӘН?
A ) а орталды стеноз
B ) а орталды жеткіліксіздік
C ) м итралды жеткіліксіздік
D ) қ осарланған аорталды ақау
E ) м итралды стеноз
476. Әйел адам, 23 жаста, жүректі тындағанда: ұшында шапалақтаушы І тон, митралды қақпақшаның ашылу шертпегі, өкпе артерияда ІІ тонның акценті, ұшында диастолалық шуыл. Рентгенологиялық зерттеуде ІІ және ІІІ доғалардың сол жақ контуры бойынша томпаюы.
Қандай жүрек ақауы ТӘН:
A ) қолқа саңылауының стенозы
B ) м итралды стеноз
C ) м итралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
D ) а орталды қақпақшаның жеткіліксіздігі
E ) ү шжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
477. Әйел адам, 26 жаста, 2 жыл бұрын диагноз қойылды: жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралді стеноз. Профилактикалық қарауда ешқандай шағымдар болған жоқ, физикалық жүктемелерді қанағаттанарлық түрде көтерді, жүрек декомпенсация белгілері жоқ.
Науқасты Ең мақсатты жүргізу тактикасы қандай?
A ) ж ыл бойындағы экстенциллинді-профилактика
B ) х ирургиялық емге жолдау
C ) т ек қана стероидты емес қабынуға қарсы препараттармен профилактикалық емдеу
D ) д испансерлік есептен шығаруға болады
E ) а уруханада емдеу
478. Әйел адам, 65 жаста, жыпылықтаушы аритмиямен, көп жылдар бойы ЖИА, ырғақ бұзылуы, артериалды гипертензия бойынша емделді. Жас шақтардан бері ентігу мазалайды, баспалармен жиі ауырды. Сол жақ бүйірінде, дем шығарғаннан кейін тыныс алуын ұстап жүректі тыңдағанда, ұшында І шапалақтаушы тон, митралды қақпақшаның ашылу тоны, протодиастолалық шуыл. Өкпенің төмен бөліктерінде дауыссыз сырылдар. Артериалды қан қысымы 135/85 мм.с.б.б.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A ) ЖИА, ырғақ бұзылысы жыпылықтаушы аритмия типі бойынша кардиосклероз
B ) артериалді гипертензиясы II дәрежесі
C ) созылмалы обструктивті бронхит
D ) ауруханадан тыс пневмония
E ) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митралды стеноз
479. Әйел адам, 24 жаста, түскендегі шағымдар: жүректің қағуы, субфебрилді деңгейге дейін дене қызыуның жоғарлауы, тершендік, артралгиялар. Жасөспірім кезінде жиі баспамен ауыратын. Кезеңді баспадан кейін жағдайы нашарлады. Қарағанда: жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары жоғары қарай және оңға қарай ұлғайған. Аускультацияда: жүрекшелердің фибрилляциясы, бөдене ритмі, ұшында диастолалық шуыл.
Ең ықтимал диагноз қандай?
A ) қайталамалы ревматикалық қызба, митралды стеноз
B ) жедел ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі
C ) диффузды уытты жемсау (зоб), тиреотоксикоз
D ) ревматикалық емес миокардит
E ) нейроциркуляторлы дистония
480. 38 жастағы науқаста митральді ақауы бар, баспадан кейін жиі жүрекшелік экстрасистолалар пайда болды.
Осы науқаста қандай асқынуы дамуы мүмкін?
A ) өкпелік артерияның тромбоэмболиясы
В ) едел миокард инфарктісі
С ) қан айналым жеткіліксіздігі
D ) өкпе ісінуі
E ) жүрекшілік фибрилляциясы
481. Ер адам 20 жаста тексерілуге жіберілген болжама дигнозы жүректің митральді ақауы. Қарап тексергенде жүрек ұшында систолалық шу анықталған. Диагнозды дәлелдеу үшін немесе жүрек ақауы болса қандай зерттеу әдісі информативті болып саналады?
A ) Коронарография
В ) Электрокардиография
С ) Эхокардиография
D ) Кеуде құысының рентгенографиясы
E ) Компьютерлік томография
482.Ревматоидты артрит буындардың қай ауруларына жатады?
A) Қабынулы
B) Дегенеративті
C) Метаболикалық
D) Реактивті
E) Спондилоартритпен бірге үйлескен
483. Қандай буындар ЖИІ ревматоидты артритте зақымданады?
A) Дистальды саусақаралық буындар
B) Проксимальды саусақаралық буындар
C) Бірінші алақан-саусақаралық буын
D) Омыртқаның мойын бөлігінің буындары
E) Омыртқаның бел бөлігінің буындары
484. Ревматоидты артриттің ерте диагностикасы үшін қай клиникалық симтомдар КӨБІРЕК тән?
A) Қол басы буындарының латеральды девиациясы және ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсыну
B) Ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсыну және 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу
C) «Аққу мойыны» тәрізді саусақтарының деформациясы және тері асты түйіндер
D) қол басы буындарының латеральды девиациясы және 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу
E) 60 минуттан аз емес таңертеңгілік құрысу және 6 апта бойы проксимальды саусақ аралық буындардың ісінуі
485. Ревматоидты артритпен науқастардың буындарын қарап тексергенде ЖИІ анықталады:
A)Б буындар аймағының қызаруы және Бушар түйіндері
B) Бушар түйіндері және саусақтары «аққу мойындары» тәрізді
C) Саусақтары «аққу мойындары» тәрізді және қол басының ульнарлы девиациясы
D) Буындар аймағының қызаруы және саусақтары «аққу мойындары» тәрізді
E) Саусақтары «аққу мойындары» тәрізді және буындарда сықыр
486. Ревматоидты артриттің белсенділігін дәлелдейді:
A) ЭТЖ жылдамдануы
B) Лейкоцитоз болуы
C) АЛТ және АСТ жоғарылауы
D) ЛДГ жоғарылауы
E)АСЛ-О титрі жоғары
487. Ерте ревматоидты артрит диагностикасында қандай лабораторлық маркер КӨБІРЕК маңызды болып табылады?
A) Ревматоидты фактор
B) Циклдік цитруллинирленген пептидке антидененлер
C) Нейтрофильді лейкоцитоз
D) Анемия
E) Тромбоцитопения
488. Ревматоидты артриттің рентгенологиялық белгілері болып табылады:
A) буынайналасындағы остеопороз, буын саңылауының тарылуы және эпифиздер эрозиялары
B) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және эпифиздер эрозиялары
C) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және омыртқа аралық оссификаттар
D) буынайналасындағы остеопороз и остеофитоз, буын саңылауының тарылуы
E) буынайналасындағы остеофитоз, буын саңылауының тарылуы және бір жақты сакроилеит
489. Ревматоидты артритпен ауыратын 36 жастағы әйелде рентгенологиялық тексергенде буын айналасындағы остеопороз, буын саңылауының тарылуы, бірлі-жарым узуралар анықталды.
Осы өзгерістер процестің қай рентгенологиялық сатысына жатады?
A) 0 сатысы
B) I сатысы
C) II сатысы
D) III сатысы
E) IV сатысы
490. Ревматоиды артрттің қай жүйелік көрінісі глюкокортикоидты терапияға қарсы көрсеткіш болып табылады?
A) Интерстициальды нефрит
B) Плеврит
C) Амилоидоз
D) Өкпенің интерстициальды фиброз
E) Васкулит
491. Ревматоидты артриттің базисті терапиясына жатады:
A) Мелоксикам
B) Метотрексат
C) Аспирин
D) Преднизолон
E) Ибупрофен
492. 32 жастағы әйелде қол басының ұсақ буындарындағы қозғалыс шектелуімен ауыру сезімдері мазалайды. Ревматоидты артритпен және жүйелі қызыл жегі арасында дифференциальды диагностика жүргізгенде қай көрсеткіш диагноз үшін шешуші болып табылады:
A)ЭТЖжоғарылауы
B) буын айналасындағы тіндердер деструкциясының рентгенологиялық белгілері
C) қан сарысуында ревматоидты фактордың артуы
D) қанда LЕ-клеткалардың артуы
E) Ig G, М, А және СРБ артуы
493. Ревматоидты артритпен науқастың кәрі жілік-білек буындарында тұрақты контрактура, иық және тізе буындарында қозғадыс шектелген, өзін –өзі күтуі қиындаған, кәсіби қажеттілігі жойылған. Осы науқаста функциональды бұзылыстардың қай дәрежесі?
A) 1
B) 2
C) 3
D) 4
E) 5
494.Ревматоидты артритпен науқаста еңбекке жарамдылық көбінесе немен байланысты:
A) Буындар функциясының бұзылыстар дәрежесі
B) Қабыну үрдісінің белсенділігі
C) Лейкопения, лимфоаденопатия және гиперспленомегалияның болуы
D) Ішкі ағзалардың зақымдануы
E) Серопозитивті түрінің болуы
495. Әйел К. 50 жаста, шағымдры: тізе буындарында ауыру сезімі, оң жағынан көбірек, жүргенде күшейеді, жарты сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысу. Соңғы екі жыл ішінде буындарда шамалы ауыру сезімдері мазалаған. Қарап тексергенде: тізе буындарында дефигурацияланған, периартикулярлы тінде тығыздану,оң жағынан гипертермия белгісі. Тексергенде: тексерушінің қол астында крепитация, буындардағы қозғалыс көлемі сақталған. Дистальды саусақаралық буындарында тығыз түйіндер және саусақтарының шыққаны байқалады. ЖҚА: эр-4,2 млн., л-5,6 мың ЭТЖ-15мм/сағ. СРБ – теріс, реакция Ваалер-Розе 1:8. Сіздің диагноз?
A) Ревматоидты артрит
B) Псориаздық артрит
C) Остеоартроз
D) Реактивті артрит
E) Подагралық артрит
496. Остеоартроз диагнозы МҮМКІН:
A) Синовиальды қуыста айқын қабыну сарысуы болғанда
B) Буындар рентгенгенограммада остеофиттер болуы
C) Ұзаққа созылған таңертеңгілік құрысу
D) Жас пациент
E) Ревматоидты түйіндер
497.Әйел 62 жаста, тігінші, қолбасының кіші буындағы ауру сезіміне, ауру сезімі механикалық сипатта, жүктемеден кейін, жұмыстың соңына қарай, таңертеңгілік құрысы 30 минутқа дейін, дисталды фалангааралық буындардың ауру сезімсіз қалындауы. Объективті: қолбасыныың дисталды фалангааралық буындар қалындаған, олардың бүйірінде қатты түйіндер сезіледі, өлшемі бұршақ тәрізді. Қолбасының рентгенограммада: остеофитоз және буын саңылауының тарылуы. Жалпы қан анализде – ЭТЖ – 8 мм/сағ. Райта-Хедельсона реакциясы теріс.
Қандай диагноз ең орынды?
A) остеоартроз
B) ревматоидты артрит
C) бруцеллез
D) подагра
E) анкилоздаушы спондилоартрит
498. Амбулаторлы жағдайда остеоартрозды нақты дәлелдейтін ең тиіді әдісі қандай?
A) қанның клиникалық зерттеу
B) қанның биохимиясын зерттеу
C) иммунологиялық статусты зерттеу
D) буын рентгенографиясы
E) синовиалды сұйықтық пунктатын зерттеу
499. Остеоартроз кезінде болатын реактивті синовит кезінде қандай препаратты буын ішіне еңгізу ең орынды?
A) лорноксикам
B) гидрокортизон
C) алфлутоп
D) дипроспан
E) циклофосфан
500. Буын рентгенография жасағанда остеоартрозға ең тән өзгерістер?
A) "пробойник" симптомы
B) узуралар
C) буын шеттерінен сүйек өсуі (остеофиттер)
D) буын саңылауының шамалы тарылуы
E) буын саңылаудың толығымен жабылып қалуы
501. Кез келген буынның остеоартрозы кезінде болады:
A) таңертеңгілік құрысу
B) «старттық» ауру сезім
C) анкилоздар
D) узурациясы
E) бұлшықеттік контрактуралар
502. Шеміршек метаболизміне кері әсер ететініне байланысты остеоартрозды емдеуге қарсы көрсетілген препарат қайсы:
A) вольтарен
B) целебрекс
C) ксефокам
D) индометацин
E) олфен
503.Остеоартроз емінде қолданылатын базисті препаратқа жатады:
A) Хондроитин сульфат
B) Метотрексат
C) Сульфасалазин
D) Циклоспорин
E) Индометацин
504. Науқас С. 60 жаста, шынтақ буындарында ауырсынулар мазалайды. Жүрек ауруына байланысты диуретиктер және гепарин қабылдаған. Об-ті: гиперемия, шынтақ буындары аумағында ісінулер, қозғалысы шектелген, бұршақ мөлшеріндей тығыз түйіндері бар. Жүрек тондары тұйқталған, жыпылықтаушы аритмия. ЖСС – минутына 100 рет. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Нв-150 г/л, лейкоциттер - 10 мың. ЭТЖ - 2мм/сағ. ЖЗА: меншікті салмағы-1020, лейкоциттер -4-5 к/а., эритроциттер – 6-8 к/а. Ураттар. Қандай тексеру диагнозды дәлелдейді?
A) Қабынудың жедел фазалық көрсеткіштерін анықтау
B) Зәр қышқылының дәрежесін анықтау
C) Ваалер-Розе реакциясы
D) Креатинин деңгейін анықтау
E) Синовиальды сұйықтықты бактериологиялық тексеру
505. 55 жастағы ер адам – оң аяғының 1 саусағының табан башпайы буынында артрит, тізе буындарында ауыру сезімдері, ішімдік ішумен әуестенеді, көбіне сыра ішеді. Қандай ауру болуы мүмкін?
A) Бруцеллез
B) Қантты диабет
C) Подагра
D) Вирусты гепатит
E) Рейтер ауруы
506. Подагралық артритті емдеуде зәр қышқылдың деңгейін төмендету үшін қолданады:
A) ксефокам
B) ацеклоран
C) аллопуринол
D) нимесил
E) диклофенак
507.Жедел подагралық артриттің классификациялық критерийлеріне КІРМЕЙДІ:
A) таңертеңгілік құрысу
B) буын қабынуының айқыны бірінші күнде болады
C) ішінде критасталы ураттар бар тофустар
D) гиперурикемия
E) синовиалды сұйықтықты себкенде теріс нәтижелер
508.Жедел подагралық ұстамада қолданылмайды:
A) глюкокортикоидтарды буын ішіне еңгізу
B) аллопуринол
C) диклофенак
D) нимесил
E) колхицин
509. Төменде аталған рентгенологиялық белгілердің қайсысы подаградағы буындық өзгерістерге КӨБІРЕК тән?
A) Буын саңылауының тарылуы
B) Узуралар
C) Эпифизарлы кисталар
D) Остеосклероз
E) Буындық тышқан (мышь)
510. Жедел подагралық ұстаманы басу үшін қолданады:
A) ибупрофен
B) пироксикам
C) колхицин
D) реопирин
E) напроксен
511. Подагралық тофустар дегеніміз қандай құрылым:
A) Дәнекер тіннің өсуі
B) Сүйек тінінің өсуі
C) Зәр қышқылды тұздардың шөгуі
D) Шығу тегі иммунды қабынулы гранулема
E) Әк тұздарының шөгуі
512. 65 жастағы пациент, 30 жылдан артық темекі тартады, тізе, балтыр-табан және жамбас-сан буындарында ұзаққа созылған қарқынды артралгияларға шағымданады. Буындар кейде ісінеді, қозғалыстары шектеледі, бірақ бұл өзгерістер ұзаққа созылмайды.Соңғы үш айында 8 кгға арықтаған, тәбеті төмендеген, әлсіздік, көңіл-күйі төмен, ұйқысы нашар. Қан анализінде - анемия. Дәрігерге үш жыл бойы қаралмаған.
Сіздің диагностикалық тәсіліңіз:
A) Тек бақылау
B) Буындардың арнайы патологияны анықту мақсатында тексеру
C) Ісіктік үрдісті анықтау үшін тексеріледі
D) Туберкулезді анықтау үшін тексеріледі
E) Қан ауруларын анықтау үшін тексеріледі
513. Остеопорозға тән ЕМЕС тұжырым:
A) остеопороз – қанқаның метаболикалық ауруы
B) остеопороз сүйек тін массасының төмендеуімен сипатталады
C) остеопороз кезінде сүйектің микроархитектоникасы бұзылады
D) остеопороз кезінде қанқаның гиперостозы дамиды
E) остеопороз кезінде сынықтардың сыну қаупі жоғарлайды
514. Біріншілік остеопорозға жатпайды:
A) Ятрогенді
B) Постменопаузальды
C) сенилді
D) идиопатиялық
E) ювенилді
515. Остеопороз диагностикасындағы ақпаратты инструментальды әдіс болып табылады:
A) Қосэнергетикалық рентгендік абсорбциометрия
B) Ультрадыбыстық денситометрия
C) Сүйектер рентгенографиясы
D) Буындардың ультрадыбыстық зерттеу
E) Моноэнергетикалық рентгендік абсорбциометия
516. 62 жастағы әйел. Постменопауза 13 жас. Рентгендік денситометр жасағанда келесі мәліметтер алынды: омыртқа аймағында Т критерий – 3,1 SD, сан мойнының аймағында – 2,0 SD.
Қандай диагноз БОЛУЫ мүмкін?
A) Остеопения
B) Остеопороз
C) Остеопетроз
D) Рахит
E) Остеоартроз
517. 49 жастағы әйел, бойы 168 см, салмағы 54 кг. Анамнезінде - созылмалы панкреатит. Бір жыл бұрын оральды контрацептивтерді қабылдауды тоқтатқан (үзілістермен 10 жыл бойы қабылдаған).
Осы науқаста остеопороздың МҮМКІН қауіп-қатер факторын анықтаңыз:
A) Дене салмағы индексінің артуы
B) Созылмалы панкреатит
C) Дене салмағы индексінің төмендеуі
D) Оральды контрацептивтерді қабылдамау
E) Оральды контрацептивтерді қабылдау
518. 43 жастағы ер адам, зиянды әдеттері жоқ. Осы уақытқа дейін өзін сау деп есептеген. Суық күні құлап қалып, балтыр сүйегі сынып, стационарлық ем қабылдағаннан соң жалпы тәжірибелік дәрігерде бақыланады. Зақымданған аяғына рентген жасағанда остеопороз анықталды.
Науқасты жүргізудін қандай тактикасы ТИІМДІ?
A Миакальцик тағайындау(Calcitonin)
B) Фосамакс тағайындау(Alendronic acid)
C) Кальций және Д витаминінің препараттарын тағайындау
D) Балтыр сүйектерінің рентгенографиясына қайталап жіберу
E) Денситометрияға жіберу
519. Дені сау адамдардың максимальді гликемия деңгейі қандай?
A) 5.5 ммоль/л
B) 6.1 ммоль/л
C) 7.8 ммоль/л
D) 8.5 ммоль/л
E) 9.9 ммоль/л
520. Қантты диабет диагностикалау үшін ашқарындық гликемияға қандай минимальді көрсеткіш тән?
A)≥ 5.5 ммоль/л
B) ≤5.8 ммоль/л
C) ≥6.1 ммоль/л
D) ≥6.7 ммоль/л
E) ≤7.8 ммоль/л
521. Дені сау адамның ашқарындық гликемия көрсеткіші қандай?
А) 3,3-4,0 ммоль/л
В) 3-4,1 ммоль/л
С) 3-6,7 ммоль/л
D) 3,3-4,3 ммоль/л
Е) 3,4-7,8 ммоль/л
522. Балаларда және жасөспірімдерде жиі кездесетін диабет түрі?
A) МОДY-диабеті
В) Қантты диабеттің 1 түрі
С) Қантты диабеттің 1 және қантты диабеттің 2 түрі
D) Қантты диабеттің 2 түрі
Е) Гестационды диабет
523.Орта дәріжедегі ауырлықтағы қантты диабеттің уақытша еңбекке жарамсыздық орташа шамамен ұзақтығы қандай?
А) 5-7 күн
В) 8-10 күн
С) 25-30 күн
D) 30-45 күн
Е) 50-60 күн
524. 56 ж. әйел ауыз құрғауына, жалпы әлсіздікке, арықтауға, көрудің нашарлауына зәрдің көп бөлінуіне шағымданды. 6 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, қасыну іздері байқалады. Қабақта ксантелазмалар. Гингвит пен пародонтит белгілері бар. Жүрек қағысы бәсен, ырғақты. ЖСЖ-102 рет мин. АҚҚ - 160/100мм с.б. Кіндік аймағындағындағы ауру сезімі.
Төменде көрсетілген қандай болжама диагноз ЕҢ ТИІМДІ?
A) Гиперпаратиреоз
В) Феохромоцитома
С) Панкреатит
D) Қантсыз диабет
Е) Қантты диабет
525. 63 ж. ер адам. Ауыз құрғауы, жалпы әлсіздік, арықтауға және көрудің нашарлауымен зәрдің көп бөлінуіне шағымданды. 6 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде: Дене салмағы жоғары.Терісі құрғақ, қасыну іздері байқалады.Қабақта ксантелазм. Соr- тондары тұйық, ырғақты.ЖСЖ-98 рет мин.АҚҚ -180/100мм сын бағ. Кіндік аймағындағындағы ауру сезімі.
Төменде көрсетілген қандай болжама диагноз ЕҢ ТИІМДІ?
А) Холестерин
В) Қандағы қант
С) Қандағы альфа-амилаза
D) Жалпы қан талдауы
Е) Жалпы ақуыз және оның фракциялары
526.Әйел, 48 жаста, бойы 160 см, салмағы 84 кг, кездейсоқ қанда глюкозаның 6,9 ммоль/л дейін жоғарлағаны байқалды.
Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы бірініші орында?
А) ашқарынға гликемияны қайталап анықтау
В) глюкозотолерантты тест глюкоза 75 г бастап
С) тамақтан кейін гликемияны анықтау
D) гликемияны кеште анықтау
Е) гликолизді гемоглобинді анықтау
527. 23 ж. ер адам. Түнгі мезгілдегі тәбетінің жоғарылауымен тершеңдікке шағымданады. Орынбасушы инсулиндік ем: таңертең 8 бірл. жай 12 бірл. ленте, кешке 6 бірл. жай.10 бірл. ленте. Таңертеңгі қандағы қант сағат 8-де 7,7 ммоль/л, сағат 12- де – 8,2 ммоль/л, сағат 24- те – 3,2 ммоль/л. Зәрдегі қант 0,8%.
Берілген науқасқа төменде көрсетілген ЕҢ ТИІМДІ жағдай қандай?
А) Гипогликемия
В) Гиповолемия
С) Кетоацидоз
D) Гипокалиемия
Е) Гипокальцемия
528. Науқас 19 жаста, іштегі ауру сезіміне, жүрек айну, құсу, ауыздың құрғауы, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінен 10 күннен бері шөлдеу және полиурияның күшейгені байқалады. Бір күн бұрын жүрек айну, құсу, іштегі ауру сезімі қосылды. Науқас тежелген, сұрақтарға қиындықпен жауап береді. Терісі құрғақ, сұр. Дем шығарғанда ацетон иісі шығады. Пульс – 97 мин. АҚ – 100/70 мм. с.б. Іштің эпигастрий аймағында ауру сезімі, ішастардың тітіркену синдромы әлсіз. Қанда: лейк. – 12,8 мың., қандағы қант мөлшері – 28 ммоль/л.
Төменде көрсетілген қандай емдеу әдісі патогенетикалық терапия болып саналады?
А) Оксигенотерапия
В) Витаминотерапия
С) Жай инсулинді қолдану
D) Пероральды қантты төмендететін дәрілер
Е) Калий препараттары
529. Науқас әйел 49 жаста, бас айналуына, көз алдындағы шіркейлерге, таңертеңгі беттің ісінуіне, аузының құрғауына, шөлдеуге (тәулігіне 3 литр су), зәр шығарудың жиіленуі (түнде 4-5 рет) шағымданады. Бірнеше жылдан бері шөлдеуді және ауыздың құрғауын байқаған, бірақ оған мән бермеген. Обьективті: беттің ісінуі. Жүрек тондары тұйықталған. Қолқа үстінде II тонның акценті. Ритм дұрыс. Пульс - 64 рет минутына. АҚ – 190/115 мм с.б. Жүректің сол жақ шекарасы: сол жақ бұғана ортаңғы сызық бойынша 2 см сыртқа. Негізгі ауру бойынша болжама диагноздардың қайсысы ТИІМДІ?
А) Қант диабеті 1 тип
В) Қант диабеті 2 тип
С) Аутоиммунды қантты диабет
D) Идиопатиялық қантты диабет
Е) МОДY-диабет
530. Науқас әйел, 48 жаста. Шағымдары: аштық сезімі, тамақтан кейін 2-4 сағаттан кейін әлсіздік, ыстықтау сезімі, терлеу, жартылай естен тану жағдайы. ҚД бойынша тұқымқуалаушылық жоқ. Таңертең қант мөлшері сағат 7де - 7,7 ммоль/л, сағат 12-де – 8,2 ммоль/л, сағат 24 те – 3,2 ммоль/л. Зәрдегі қант 0,8%.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы ТИІМДІ?
А) Гипогликемия синдромы
В) Гиповолемия синдромы
С) Әкелуші ілмек синдромы
D)Анастомоздың пептикалық жарасы
Е) Демпинг-синдромы
531. Глюкозаға бұзылған толеранттылықты диагностикалауда ең бағалы зерттеу болып табылады:
А) Глюкозаға толеранттылық пероралды тест
В) Тәуліктік гликемиялық профиль
С) Толбутамидпен көктамыр ішілік жүктеме
D) Инсулиндік көктамырішілік тест
Е) Глюкагонмен көктамырішілік тест
532. Қантты диабетті анықтайтын пероралды 75 г глюкозамен жүктемеден кейін 2 сағаттан соң гликемияның көрсеткіштің шегі қандай (БДҰ критерийлері):
А) 6 ммоль/л;
В) 8 ммоль/л;
С) 8,4 ммоль/л;
D) 9,7 ммоль/л;
Е) 11,1 ммоль/л.
533. 18 жастағы балада, суық тиюден кейін шөлдеу, полиурия, жалпы әлсіздік, қандағы қанттың деңгейі 20 ммоль/л, несепте 5% ацетон несепте оң.
Қандай типті диабет?
А) ҚД 1типті
В) ҚД 2 типті
С) Аутоиммунды ҚД
D) MODY-Диабет
Е) Екіншілік ҚД.
534. 45 жастағы семіздігі бар әйелде диспансерлік бақылаудан өткенде гликемия ашқарынға 10 ммоль/л, глюкозурия 3%, несепте ацетон теріс. Туған ағасы қантты диабетпен ауырады.
Әйелде диабеттің қандай типі?
А) ҚД 1типті
В) ҚД 2 типті
С) Аутоиммунды ҚД
D) MODY-Диабет
Е) Екіншілік ҚД.
535. ҚД 2 типте өлімнің ең жиі себебі?
А) Кетоацидотикалық кома
В) Гиперосмолярлы кома
С) Миокард инфарктысы
D) Аяқытң гангренасы
Е) Диабеттің нефропатиясы
536. Ер адам 32 ж ҚД 1типі 16 жыл бойы. Көз түбін зерттеген кезде: ретинальді тамырлардың микроанаврезмасы, көптеген қан құюлар, ретинада неоваскуляризация бар.
Болжама диагнозыныз қандай?
А) диабеттік микроангиопатия; ретинопатия 2 сатысы
В) диабеттік макроангиопатия; тор тамырларының атеросклерозы
С) диабеттік микроангиопатия; ретипатия 3 сатысы
D) хориоретинит
Е) макулодистрофия
537. Науқаста алғаш рет инсулинге тәуелді диабет анықталған кезде инсулин препараттар қайсысын тағайындау керек?
А) адам инсулині
В) шошқа монопикті инсулинге
С) шошқа көпкомпонентті инсулинге
D) бұқа кристаллизделген инсулинге
Е) бұқа көппикті инсулинге
538. Амбулаторлы бақылау кезінде науқастың ҚД 1 типінің компенсация сатысын қандай тест сипаттайды?
А) аш қарынға глюкоза концентрацииясын анықтау
В) 2 сағат тамақтан кейін қанда глюкоза концентрацииясын анықтау
С) глюколизирленген гемоглобин концентрацииясын анықтау
D) зәрде глюкоза концентрацииясын анықтау
Е) қанда контринсулярлы гормон деңгейін анықтау
539. Инсулинотерапияның асқынуларына не жатады?
А) гипогликемиялық жағдай
В) кетоацидоз
С) синдром Мориака
D) синдром Нобекур
Е) неврастения
540. Әйел 48 ж айқын шөлдегіштікке шағымданады (5 литрге дейін сұйықтық қабылдайды), көп және жиі зәр шығарады, әсіресе түнде, шап аймағында қышу сезімі. Ауырғанына 3 ай болды. Объективті: тамақтануы жоғары. Тері жабыңдылары қалыпты және ылғалды, өкпесінде везикулярлы тыныс. ЖСЖ 74 мин. АҚҚ 130/80 мм с.б. Жүрек тондары бәсен, ырғақты. Тілі құрғақ. Іші қалыпты. Ісінулер жоқ. ЖЗА: салыстырмалы тығыздығы 1035, белок жоқ, қант 2%, ацетон (-).
Төменде айтылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) ҚД 1тип
В) ҚД 2 тип
С) Аутоиммунді ҚД
D) MODY-Диабет
Е) Екіншілік ҚД
541.Әйел 42 ж, 2 сағат тамақтан кейін денесінде діріл, тершендік, көз көруінің төмендеуі пайда болған. Анамнезінен: 3 жыл бойы ҚД 1 типімен аурады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Сұраққа жауаб бермейді, агрессивті. Өкпесінде - везикулярлы тыныс, пульс 98 мин. АҚҚ – 90/50 мм с.б. Жүрек тондары бәсен, ырғақты. Тілі ылғалды. Іші қалыпты. Қанда глюкоза деңгейі – 2,8 ммоль/л.
Төменде айтылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
А) гипергликемия
В) гипогликемия
С) ҚД 2 типі, декомпенсация
D) MODY-Диабет
Е) Екіншілік ҚД
542. Әйел 42 ж, 2 сағат тамақтан кейін денесінде діріл, тершендік, көз көруінің төмендеуі пайда болған. Анамнезінен: 3 жыл бойы ҚД 1 типімен аурады. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Сұраққа жауаб бермейді, агрессивті. Өкпесінде - везикулярлы тыныс, пульс 98 мин. АҚҚ – 90/50 мм с.б. Жүрек тондары бәсен, ырғақты. Тілі ылғалды. Іші қалыпты. Қанда глюкоза деңгейі – 2,8 ммоль/л.
Емдеу тактикасы қандай?
А) в/і глюкоза 40%-40-60мл
В) в/і строфантин еріт-сі
С) инсулин мөлшерін жоғарлату
D) в/і норадреналин
Е) в/і калий тұздары
543. 29 жас, жүкті әйел әйел кеңесі бөлімінде, 25-26 апталық жүктілік, қандағы глюкоза деңгейін 2 рет анықтады – 8,2 ммоль/л.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ТИІМДІ?
А) Жүктілік 25-26 апта, глюкозаға толеранттылықтың бұзылуы
В) Жүктілік 25-26 апта, қант диабеті 1 тип
С) Жүктілік 25-26 апта, гестационды диабет
D) Жүктілік 25-26 апта, қант диабеті 2 тип
Е) Жүктілік 25-26 апта, қалыпты ағым
544. Қызбала, 18 жаста, несептің төмен тығыздықты полиурия анықталды. Сұйықтықты азайтумен тестті жүргізгеннен кейін несептегі салыстырмалы тығыздығы өзгермеді. Науқаста қандай диагноз деп ойлауға болады?
А) қантты диабет
В) қантсыз диабет
C) психогенді полидипсия
D) созылмалы пиелонефрит
E) созылмалы гломерулонефрит
545. Атеросклероз және жүректің ишемиялық ауруының үдеуіне және дамуына не ықпал етеді:
A) Тиреотоксикозда
B) Қант диабетінде
C) Ревматоидті артритте
D) Өкпелік жүректе
E) Бауыр циррозында
546. 15 жастағы жас өспірім ҚД 1 тип диагнозымен диспансерлік бақылауда кімде тұру керек?
А) учаскілік терапевт
В) терапевтік бөлім бастығында
С) жас өспірім терапевтінде
D) эндокринологта
Е) жанұялы дәрігерде
547. Науқас ер кісі 45 жас, қалыпты дене салмағымен бірінші рет қант диабеті анықталды, емдәммен емдеу нәтижесіз, тәуліктік гликемия 10-нан 15 ммоль/л-ге дейін.
Төменде көрсетілген қандай топ дәрілік препараттарын тағайындаған ТИІМДІ?
А) Қысқа әсерлі инсулиндер
В) Орта әсерлі инсулиндер
С) Ұзақ әсерлі инсулиндер
D) Бигуанидтер тобының препараттары
Е) Сульфанилмочевина препараттары
548. Дене салмағының индексін қалай есептейді?
A) Салмағы кг бойы м2
B) Салмағы кг / бойы м2
C) Салмағы г / бойы м2
D) Салмағы кг - бойы см3
E) Салмағы г/ бойы м2
549.Қалыптыдағы дене салмағының диапазоны қандай?
A) Дене салмағының индексі 14,3 тен 17,3 кг/м2 дейін
B) Дене салмағының индексі 15,6 дан 32,5 кг/м2 дейін
C) Дене салмағының индексі 17,5 тен 23,8 кг/м2 дейін
D) Дене салмағының индексі 17,9 дан 42,7 кг/м2 дейін
E) Дене салмағының индексі 18,5 тен 24,9 кг/м2 дейін
550. Семіздіктің I дәрежесінде дене салмағының индексі нешеге тең?
A)17,3-20,6
B) 27,5-29,9
C) 30-34,5
D) 30-39,9
E) 35-39,9
551. Семіздіктің II дәрежесінде дене салмағының индексі нешеге тең?
A) 12,3-20,6
B) 25,-34.9
C) 30-34,9
D) 30-39,5
E) 35-42
552. Семіздіктің III дәрежесінде дене салмағының индексі нешеге тең?
A) 17,3-20,6
B) 30-39,5
C) 30-34,9
D) 27,5-29,9
E) 35-39,9
553. Әйел 60 жаста. Жалпы әлсіздігіне шағымданады басы ауырып, аузы құрғап, шөлдейді (күніне 3 л су ішеді) кіші дәретке баруы жиілеген (түнде 4-5 рет). Көптеген жылдар бойы аузының құрғауы мен шөлдеуін айтты, бірақ мән бермеген, дәрігерге қаралмаған. Объективті: тағам қабылдауы жоғарлаған. Бойы 158 см, салмағы 80 кг. Жүрек тоны бәсеңдеген, ритмі дұрыс. Пульс 64 минутына, АҚҚ 130/90 мм с.б. Жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортанғы сызықтан 2см сыртқа.
Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы ТИІМДІ болып келед3?
A) Семіздіктің I дәрежесі
B) Семіздіктің II дәрежесі
C) Семіздіктің III дәрежесі
D) Семіздіктің IV дәрежесі
E) Артериальді гипертензия I дәрежесі
554. Қай кезде семіру ЕҢ ЖИІ кездеседі?
A) Диффузды токсикалық зобта
B) Созылмалы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі
C) MODY-диабетте
D) Гиперпаратиреозда
E) 2 Қант диабетінде
555. Май тінінде кандай гормон түзіледі?
A) Прогестерон
B) Эстрадиол
C) Лептин
D) Иинсулин
E) Кортизол
556. Т3, Т4-тің түзілуі қай жерде жүреді?
A) Қалқанша безінің фолликуласында
B) Парафолликулярлы жасушаларда
C) Қалқанша маңы безінде
D) Айырша безде
E) Бүйрек үсті безінің қыртысты затында
557. Диффузды токсикалық жемсауға не ТӘН?
A) Синусты тахикардия
B) Синуты брадикардия
C) Дене салмағын қосу
D) Ұйқышылдық
E) Іш қату
558. Гипотиреозға ЕҢ ТӘН нәрсе?
A) Тершеңдік
B) Тахикардия
C) Тері ылғалды
D) Жыпылықтаушы аритмия
E) Ісіну
559.Ересек адамның йодқа тәуліктік қажеттілігі?
А) 10-15 грамм
В) 60-80 мкг
С) 100- 150 мкг
D) 150-200 мкг
Е) 500 мкг және одан да көп
560.Біріншілік гипотиреоз кезінде анықталады?
А) тироксин деңгейінің төмендеуі
В) трийодтиронин деңгейінің жоғарылауы
С) ТТГ деңгейі төмен
D) холестерин деңгейінің жогарылауы
Е) тироксин деңгейінің жоғарылауы
561. 44 жастағы әйел. Жүрек қағуға, дірілдеуге, ыстықтау сезіміне, тынышсыздыққа, шаршағыштыққа, тершеңдікке, арықтауға, тітіркенгіштікке шағымданды. 2 айдан бері ауырады. Жүрек тондары дауысты, ритмі дұрыс. Пульс минутына 112, АҚ 150/80мм сын бб, үлкен дәреті- іш өтуге бейім.
Аталған диагноздардың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ?
A) Артериалды гипертензия
B) Феохромацитома
C) Эндемиялық жемсау
D) Нейроциркуляторлы дистония
E)Диффузды токсикалық жемсау
562. 63 жастағы ер адам. Жүрек соғуына, дірілдеу сезіміне, тынышсыздыққа, тершеңдікке, арықтауға, ашуланшақтыққа, іш өтуге шағымданды. 6 айдан бері ауырады. Объективті: тері ылғалды, қол треморы. Пульсі минутына 112, АҚ 140/80мм сын бб. Жалпы қан анализі: эритоциттері 3,8х1012г/л, гемоглобин 100г/л, лейкоциттер 4,3х109, ЭТЖ 18мм/сағ. ЭКГ-да синусты тахикардия, ІІ әкетуде Р тісшесінің ұлғаюы, V5-V6-да ST сегментінің және Т тісшесінің төмендеуі.
Аталған зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ ақпаратты?
A) Тиреоглобинге антидене
B) Жалпы холестерин
C) Пероксидазаға антиденелер
D) Сарысуда тироксин
E) Қандағы катехоламиндер
563. 41 жастағы ер адам. Жүрек соғуына, дірілдеу сезіміне, тынышсыздыққа, тершеңдікке, арықтауға, ашуланшақтыққа, іш өтуге шағымданды. 6 айдан бері ауырады. Объективті: пульсі минутына 112, АҚ 140/80мм с.б. Жалпы қан анализі: эритоциттері 3,8х1012г/л, гемоглобин 100г/л, лейкоциттер 4,3х109, ЭТЖ 18мм/сағ, холестерин 3,8ммоль/л, ЭКГ-да синусты тахикардия, ІІ әкетуде Р тісшесінің ұлғаюы, V5-V6-да ST сегментінің және Т тісшесінің төмендеуі.
Аталған дәрілік препарттардың қайсысы ЕҢ ТИІМДІ?
A) Мерказолил
B) Бисопролол
C) Сорбифер Дурулес
D) Триметазидин
E) Диазепам
564.Әйел 45жаста. Шағымдары: апатия, есте сақтаудың және жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық, дел-салдық. Объективті тексергенде: терісі құрғақ және қабыршақтанған, пульс минутына 52. АҚ 100/70мм.с.б. Жалпы қан анализінде: эритроцит-3,8х1012/л, гемоглобин 90г/л, лейкоцит 4,3х109/л, ЭТЖ 18мм/сағ. ЭКГ-да синустық брадикардия Р және Т тісшелерінің вольтажы төмендеген.
Біріншілік гипотиреоз диагнозын негіздеу үшін керек:
А) Кортикотропты гормонды анықтау
В) Гонадотропты гормонды анықтау
С) Лютеинді гормонды анықтау
D) Тиреотропты гормонды анықтау
Е) Фоликулынталандырышу гормонды анықтау
565. Әйел 34жаста. Шағымдары: апатия, есте сақтаудың және жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ұйқышылдық, дел-салдық. Объективті тексергенде: терісі құрғақ және қабыршақтанған, пульс минутына 52. АҚ 100/70мм.с.б. Жалпы қан анализінде: эритроцит-3,8х1012/л, гемоглобин 90г/л, лейкоцит 4,3х109/л, ЭТЖ 18мм/сағ. ЭКГ-да синустық брадикардия Р және Т тісшелерінің вольтажы төмендеген.
Диагнозды дәлелдеу үшін ең біріншіден қандай зерттеу әдісін жүргізген ТИІМДІ?
А) Тиреоглобинге антидене
В) Жалпы холестериннің анықталуы
С) Тиреотропты гормон
D) Сарысуда тироксин
Е) Сарысуда трийодтиронин
566. Аталған ырғақ бұзылыстардың қайсысы тиреотоксикозы бар науқастарға ТӘН?
A) Қарыншалық тахикардия
B) Брадикардия
C) Жыпылықтаушы аритмия
D) Бөгемелер
E) Синусты түйіннің әлсіреуі
567. Қалқанша бездің қандай функциональды жағдайы эндемиялық жемсауға ТӘН?
A) Клиникалық гипотиреоз
B) Тиреотоксикоз
C) Гипертиреоз
D) Функциясы бұзылмаған
E) Гипер және гипофункция ауысуы
568. Әйел 32 жаста. Шағымдары: жүректің тез соғуы, ентігу, әлсіздік, ашуланшақтық, тершеңдік және арықтаған. Бір жылға жуық ауырған, қатты стресс алған. Объективті тексерісте: көзі жанып тұрады, саусақтарында діріл бар, Ромберг қалпында, тұрақсыз, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны қатты, тахикардия, жүректің соғу жылдамдығы минутына 110 рет. АҚҚD 150/30, АҚҚS160/40 мм.с.б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.
Көрсетілген науқасқа қандай болжама диагноз ТИІМДІ?
А) Нейроциркулярлы дистония
В) Гипертиреоз
С) Гипотиреоз
D) Феохромоцитома
Е) Біріншілік альдостеронизм
569. Әйел 32 жаста. Шағымдары: жүректің тез соғуы, ентігу, әлсіздік, ашуланшақтық, тершеңдік және арықтаған. Бір жылға жуық ауырған, қатты стресс алған. Объективті тексерісте: көзі жанып тұрады, саусақтарында діріл бар, Ромберг қалпында, тұрақсыз, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тоны қатты, тахикардия, жүректің соғу жылдамдығы минутына 110. АҚ 150/30, 160/40 мм.с.б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.
Науқасқа көрсетілген дәрілердің ішіндегі қайсысын тағайындаған ТИІМДІ?
А) Тиреоидин
В) Мерказолил
С) L-тироксин
D) Йодомарин
Е) Преднизолон
570. 63 жастағы ер адам. Жүрек соғуына, дірілдеу сезіміне, тынышсыздыққа, тершеңдікке, арықтауға, ашуланшақтыққа, іш өтуге шағымданды. 6 айдан бері ауырады. Объективті: тері ылғалды, қол треморы. Пульсі минутына 112, АҚ 140/80мм сын бб. Жалпы қан анализі: эритоциттері 3,8х1012г/л, гемоглобин 100г/л, лейкоциттер 4,3х109, ЭТЖ 18мм/сағ. ЭКГ-да синусты тахикардия, ІІ әкетуде Р тісшесінің ұлғаюы, V5-V6-да ST сегментінің және Т тісшесінің төмендеуі.
Болжама диагнозды көрсетіңіз?
А) Гипотиреоз
В) Стенокардия
С) Миокарда инфарктысы
D) Гипертиреоз
Е) Панкреатит
571. Әйел, 35жаста. Шағымдары: жүректің тез соғуы, діріл, мазасыздық, тершеңдік, арықтау, ашуланшақтық. 3ай бойы ауырған. Объективті тексергенде: терісі ылғалды, қолының дірілі, пальпациялағанда мойынның алдыңғы үштен бір бөлігінің түйіні 2*2см, қатты ауру сезімі. Бұғана асты лимфа түйіндері оңға қарай ұлғайған, диаметрі 1см.,қатты.