***
29 жастағы науқас тамақ ішу кезіндегі 3.6 тістегі ауырсынуға шағымданып келген. Тістегі терең кариозды қуыс тіс қуысымен жалғасқан, ұлпа мүйізі ашылған. Оны зондтап шұқығанда күрт ауырсынады, ұлпа қанайды. ЭОМ 40 мкА. Келтірілген клиникалық белгілері қай ауруға тән деп ойлайсыз://
Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі//
Жедел ошақты пульпит//
+Созылмалы фиброзды пульпит//
Созылмалы гипертрофиялық пульпит
***
47 жастағы ер адам дәрігерге профилактикалық қаралу мақсатында келген. Анамнезінде: науқас ыстық және ащы тағамды қабылдағанды өте жақсы көреді. Қарағанда: ұрттың шырышты қабығындағы тістердің қабысу сызығында жәңе астыңғы еріннің қызыл жиегінде әртүрлі пішінді және көлемді гиперкератоз ошағы бар, ол қоршаған бөліктердің шырышты қабығы деңгейінен көтерілмейді, бірақ шекарасы анық, ақ қақпен жабылған сияқты, қатты қырғанның өзінде алынбайды. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
+Лейкоплакияның жалпақ түрі//
Қызыл жегінің типтік түрі//
Лейкоплакияның веррукозды түрі//
Папулезді мерез//
Гиперпластикалық кандидоз
***
Диаметрі 1-3 мм төмпешіктер, ошақ ортасына топталған, бұзылып тегіс емес жаралар түзеді, беткейі сәл қансырайды. «Алмалы дірілдеуік (желе)» симптомы және зондпен сынама оң. Келтірілген клиникалық белгілер қай ауруға тән деп ойлайсыз://
Қызыл жалпақ теміреткі//
Екіншілік рецидивті мерез//
Үшіншілік мерез //
Лейкоплакия//
+Туберкулезді жегі
***
50 жастағы ер адам үстіңгі жақтың сол жағындағы тісінің ыңғайсыз сезімнің болуына шағымданып келді. Қарағанда: 2.7 тістің түсі өзгерген, медиальды-шайнау бетінде тіс қуысымен жалғасатын терең кариес қуысы көрінеді. Перкуссияда тіс ауырмайды, түбір ұшы проекциясы аймағындағы сілемейлі қабық көгілдір түсті, жыланкөзден қалған тыртық анықталады. Рентгенограммада таңдай түбір ұшы аймағында көлемі 4 мм-ге дейінгі пішіні тегіс емес сүйек тінінің ыдырау ошағы анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз://
Созылмалы фиброзды периодонтит//
Созылмалы гранулематозды периодонтит//
+Созылмалы гранулденген периодонтит//
Созылмалы гангренозды пульпит//
Созылмалы фиброзды пульпит
***
35 жастағы әйел адам еріннің үлкейіп ыңғайсыздық туғызатынына, жалпы бетінің ісінуіне шағымданады. Жарты сағат бұрын науқастың тіс тасын алып, пародонт қалталарды медикаментозы өңдеп, қызыл иегіне метрагил-дента гелімен аппликация жасалды. Қарап тексергенде: жоғарғы және төменгі еріннің және ұрттың шектелген ісінуі. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
+Квинкенің ангионевротикалық ісінуі//
Аллергиялық жанаспалы хейлит//
Десквамативті хейлит//
Эксфолиативті хейлит//
Гландулярлы хейлит
***
Тісті щеткамен тазалағанда және тамақ ішкенде қызыл иектің қанағыштығына, қызыл иек бүртіктерінің өсуіне шағымданады. Объективті: тіс сауытының 1/3 бөлігіне дейін тіс бүртіктерінің ұлғаюы анықталады, тигенде оңай қанайды. Қызыл иек бүртіктері көгілдір түсті. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді://
Жаралы гингивит//
Созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//
+Гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//
Гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі//
Жайылмалы катаральды гингивит
***
Тіс дәрігері 22 жастағы науқасқа тексеру барысында, 2.5 тістің созылмалы ұлпа қабыну диагнозын қойды. Емдеу үшін жартылай жансыздандыру жасады, тіс қуысын егеп тазалады, ұлпа мүйізіне күшәлә сықпасын қалдырып, уақытша пломба қойды. Бір күннен кейін уақытша пломбаны алып, тістің сауытты және түбір ұлпасын алды. Аспаптармен және дәрі-дәрмектермен өңдеп, өзекті пломбалады. Содан соң аралық және тұрақты пломба қойды.
Дәрігер ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді://
+Девитальды экстирпация//
Витальды ампутация//
Консервативті//
Девитальды ампутация//
Витальды экстирпация
***
49 жастағы науқас емханаға ауыз қуысын сауықтыру мақсатында келді. Тексеру барысында 1.5 тістің дистальді бетінде тісжегі қуысы анықталды. Сүңгілеу ауру сезімін тудырмайды. Суыққа жауап жоқ. Рентген суретте 1.5 тістің периодонтальді саңылауы түбір ұшында кеңейген. Осы ауру кезіндегі ЭОМ көрсеткіші://
20-30 мкА//
+100 мкА жоғары//
30-40 мкА//
40-60 мкА//
МкА
***
20 жастағы науқас тістердегі пигменттелген дақтың болуына шағымданады. Анамнезінен-бала кезінен тіс түсінің өзгеруі анықталады, тістердің түсінің сондай өзгеруі туыстарында да кездеседі. Тіс эмальін тексергенде көптеген бор тәрізді, кейбір аймақтарда пигменттелген дақтар анықталды, олар тістің бүкіл бетінде орналасқан. Дақ аймағындағы эмаль тегіс, жалтыр, зонд зақымдалған аймақ бетінен сырғиды, дақ метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Осы ауру кезіндегі емдік шаралар ретінде қолданылады://
Профилактикалық тексеру//
Гигиенаға үйрету//
Форқұрамды препарттарды қабылдау//
В витаминіне бай тағам қабылдау//
+Су көзін ауыстыру
***
Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 3.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс мойын аймағында орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://
Консервативті әдіс//
+Витальді экстирпация//
Витальді ампутация//
Девитальді ампутация//
Девитальді экстирпация
***
Науқас А, 55 жаста, жоғарғы жақ алдыңғы бөлігіндегі тістердің арасының ашылуына шағымданады. Эстетикалық ақау. Өзін сау деп санайды. Объективті: жоғарғы және төменгі жақ қызыл иек кілегейі ақшыл- қызыл түсті, тығыз, атрофияланған. Пародонтальды қалталары жоқ. Тістері берік, 1.1, 2.1 тістер аймағында 5 мм-лі диастема, 1.1, 1.2, 2.1, 2.2 тістердің арасы желдеткіш тәрізді иіліп ашылған. Тістесуі терең. Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болады://
Формалинді сынама жүргізу//
Гигиеналық индекстерді анықтау//
Шиллер-Писарев сынамасын жүргізу//
+Рентгенография//
Пародонтальды индексті анықтау
***
Науқас 20 жаста, сау, аллергиялық статусы қалыпты, 4.5 тіске жедел ошақты пульпит диагнозы қойылған. Кариозды қуыс шайнау бетінде орналасқан. Төмендегі емдердің қайсы жақсы нәтиже береді://
+Консервативті әдіс//
Витальді экстирпация//
Витальді ампутация//
Девитальді ампутация//
Девитальді экстирпация
***
Науқас 57 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде-жара, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтрат бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері шеміршекті тығыз, диаметрі 2-3 см дейін, тығыз консистенциялы пальпацияда ауырсынбайды. Диагнозды нақтылау үшін қандай реакция қажет://
Гемагглютинация реакциясы//
Манту реакциясы//
+Вассерман реакциясы//
Лейкоциттер агломерация реакциясы//
Лейкоцитолиз реакциясы
***
Тіс дәрігері 4.7 тісті ұлпа қабыну диагнозымен емдеу үшін, егеп тазалады, тіс қуысын ашып сауыт және түбір ұлпасын алды (өтетін өзектері дистальды, медиальды-ұрттық,) өтпейтін өзекке мумификация жасалды (медиальды-тілдік өзекке), медикаментозды, инструментальды өңделіп, өзектерді пломбылап, аралық төсем, тұрақты пломбы қойылды. Ұлпа қабынуын қай әдіспен емдеді://
Девитальды экстирпация//
Витальды ампутация//
Консервативті//
+Аралас//
Витальды экстирпация
***
Ұлпа қабынуын емдеуде тіс дәрігері түбір өзектерін пломбылау үшін силер және гуттаперча штифтерді қолданды, спредердің көмегімен әрбір штифтке орын қалдырып, оларды кезекпен енгізді. Бұл түбір өзектерін обтурациялау әдісінің қандай түрі://
Термафил//
Квик фил//
Тік конденсация//
Бір штифті//
+Латеральды конденсация
***
Ауыз қуысы түбінің жоғарғы шекарасы://
тіл//
тіл иектік бұлшық ет//
тіл асты сілекей безі//
+ауыз қуысы кілегей қабаты//
меншікті ауыз қуысы
***
Жақ сүйегі сынықтарының рентген көрінісі сипатталады://
склерозды ошақтардың болуы//
диструкция//
+сүйектің бүтінділігінің бұзылуы//
сүйек тіндерінің тітіркенуі//
сүйек тіндерінде сэквестрлердің болуы
***
Талықсудың негізінде жатады://
жүрек-қантамыр жетіспеушілігі//
қан қысымының төмендеуі//
жүрек тамырларының рефлекторлы тарылуы//
+бас ми тамырларының рефлекторлы тарылуы//
бас ми тамырларының рефлекторлы кенейуі
***
Тубералды анестезиясы нәтежесінде жансызданатын тістер://
18,47,16 және 26,27,29//
18 және 28//
15,14 және 24,25//
17,16,15,14 және 24,25,26,27,28//
+18,17,16 және 26,27,28
***
Тіс жұлу операциясы кезінде науқаста қозу пайда болған, көзі козғалмай, көз қарашығы ұлғайған, тері түсі ағарған, демі беткей, қан қысымының жылдам түсуі байқалған. Анағұрлым дамитын асқыну түрі://
естен тану//
+коллапс//
анафилактикалық шок//
жарақатты шок//
геморрагиялық шок
***
Науқас Ж., төменгі жағының сол жақ қызыл иегінде іріңнің болуы, ыстық немесе салқын тағам қабылдағанда төменгі жақ тістерінің сезімталдығына, қанағыштына шағымданып келді. Анамнезінен: ауруына 2-3 ай болған, көмек сұрап келмеген, жағдайы біртіндеп нашарлаған. Объективті: сырттай өзгеріссіз. Ауыз қуысында: 36 тіс қызыл иегі аймағында дөңгелек пішінді жана түзіліс пайда болған, қуысты, сұйықтан тұрады, саусақпен сипалау ауру сезімін тудырады, флюктуация симптомы оң. Айтарлықтай қызыл иек асты және үсті
тіс қақтары бар, қызыл иегін түрткенде тез қанайды. Болжамалы диагноз://
Абсцесс//
Флегмона//
Шиқан//
+Пародонтальды абсцесс//
Эпулис
***
Науқас 32 жаста, ауызын ашқанда төменгі жақтың сол жақ бұрышы аймағының тұрақты ауырсынуына стоматологиялық емханаға шағымданып келді. 2 тәулік бұрын жұдырықпен бетіне соққы алған, есінен танған. Күш түсіру симптомы оң, сүйек сынықтарының патологиялық қозғалуы көрінеді, ауыз 2 см ашылады, тістесу бұзылған. Төменгі жақтың сол жағында 3.8 тіс аралығындағы кілегей қабаты жыртылған. Болжамалы диагноз://
+төменгі жақтың сол жағының ашық ангулярлы сынығы//
төменгі жақтың сол жағының ашық ментальды сынығы//
сол жақ буын өсіндісінің сынуы//
сол жақтың тәждік өсіндісінің сынуы//
төменгі жақтың сол жағының жабық ангулярлы сынығы
***
Науқастың құлақ маңы аймағы томпайған, ауырсыну, теріде гиперемия байқалады. Ауырсыну әсерінен шайнау кезінде қиналады. Болжамалы диагноз://
ұрт аймағының флегмонасы//
+құлақ маңы шайнау аймағының флегмонасы//
самай флегмонасы//
бет флегмонасы//
төменгі жақ флегмонасы
***
Науқас отау болған аймақта сыздап ауру сезіміне, аузын жапқанда үдемелі ауру сезіміне, ас қабылдағанда ауру сезімдеріне шағымданады. Ауру сезімі ота, жасаған орны 1,5-2 сағаттан кейін аура бастайтынын айтты. Сырттай тексеріп көрген кезде бет- әлпеті симметриялы, жақасты лимфа түйіндерінде ауру сезімі бар. Аузы еркін ашылады аурусынусыз. 38 тістің ұяшығы ұйыған қанға толы. 37-тіс интактты, тісті ұрып тексергенде ауырады. Болжамалы диагноз://
ұяшық жүйесінің невриті//
+37-тісте периодонт жарақаты мен 38 тіс альвеолиті//
тіс жегінің асқынуы//
төменгі жақтың сынуы//
төменгі жақ буынының шығып кетуі
***
Науқас Б. 29 жас. Тіс дәрігеріне келгенде шағымы аузының ашылуының шектелуі, төменгі сол жақ тісінде ауру сезімі бар.Қарап тексеріп көрген кезде: 38 тісітің дистальді және шайнау беті ісінген, қызарған, тісті ұрып тексергенде ауырсынусыз. Рентген көрінісінде ретромоляр аймағында ешқандай патологиялық өзгеріс жоқ. Болжамалы диагноз://
38 тісте созылмалы периодонтит//
+38 тісітің қиналып шығуы, перикоронарит асқынуы//
38 тісте жедел ұлпа қабынуы//
38 тісте жедел іріңді периостит//
38 тісте жедел периодонтит
***
Науқас А., 40 жаста. 2.6 – шы тісін жұлғаннан 3 күннен кейін аузын шайғанда
сұйықтықтың мұрын қуысына өтуін байқаған. Болжамалы диагноз://
Жедел іріңді гайморит//
Жедел токсикалық гайморит//
+Гаймор қуысының жедел перфорация//
Гаймор қуысының созылмалы перфорация//
Мұрын түбінің жедел перфорация
***
Науқас Н., 46 жаста. Жақ-бет бөліміне төменгі жақтың сол бөлігінде ауырсынудың болуына, ұрт аймағының ісінуіне және ауыз қуысының ашылуының шектелуіне шағымданып түскен. Объективті – бет әлпеті асимметриялы ұрт аймағындағы жұмсақ тіндердің ісінуінен. Ісік үсті тері өзгеріссіз. Ауыз қуысының ашылуы шектеулі. Контрактура 2-ші дәрежелі. 4.8 тістің медиальды бұдыры ғана көрінеді. Дистальды бұдыры шырышты қабығы астында. Пальпация жасағанда шырышты қабықтан іріңді бөлініс байқалады.Ретромолярлы кеңістіктің шырышты қабығы қызарған, ісінген. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынбалы. Болжамалы диагноз://
Жедел катаральды перикоронориті//
+Жедел іріңді перикоронориті//
Моляр арты периоститі//
Ұрт аймағының абсцессі//
Қанатша төменгі жақ қатпарының абсцессі
***
Науқастың ұртының сол бөлігі домбыққан. Ісік үсті тері өзгермеген. Қатпарға
жиырылады. Ауыз қуысында өтпелі қатпар 2.5, 2.6, 2.7 тістер аймағында тегістелген, қызарған. Пальпация жасағанда флюктуация анықталады. 2.6-шы тіс сауытының 1/3бөлігі бұзылған, перкуссия оң, Қозғалмалығы 2-ші дәрежелі. Болжамалы диагноз://
Жоғарғы жақтың шектелген остеомиелиті 2.6 тістен.//
Созылмады периодонтиттің өршуі//
Жедел іріңді периодонтит//
+Жоғарғы жақтың жедел іріңді периоститі 2.6 тістен//
Ұрт аймағының абсцессі
***
Науқас 30 жаста. Төменгі ерін аймағында 2 ай бұрын жазылмайтын жараның пайда болғанын шағымдайды. Қарап тексергенде еріннің қызыл жиегінде- сопақша пішінді, көлемі-=2,5см, тіндер асты қабаты ақауы анықталынады. Жараның шеті тегіс емес, түбі ластанған. Сипап тексергенде жара жараның айналасындағы тіндер тығыздалған, ауырсынбайды. Болжамалы диагноз://
туберкулез//
Боуэн ауруы//
+төмеңгі ерін обыры//
мерез//
Кератоакантома
***
23 жасар науқас А., жол танспорттық апаттынан кейін жедел жәдем көмегімен жеткізіліп бет-жақ хиругиясына шұғыл ретте жатқызылған, шағымдары бетінің ауыру сезімі, ісуі, ауызын шектеулі ашуы. Бас ауру және бас айналу, лоқсу мен құсу. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Екі жақтық пароорбитальды гематомасы. Диагностикалық қарауда: басты игенде мұрыннан сұйықтық ағуының күшеюі байқалады. Болжамалы диагноз://
+Ле-фор I//
Ле-фор II//
Ле-фор III//
альвеолдық өсідінің сыну//
жоғарғы жақ пен гаймор қуысы түбінің сынуы
***
Науқас Б., 32 жасар бет-жақ хиругиялық бөлімшесіне қаралған, шағымдары ауыру сезімінің жұтыну кезінді пайда болуы, ауызының шектеліп ашылуы, тістесуінің бұзылуы, ас шайнай алмауы. Анамнезден белгісіз адамдар соғып-сабап кеткен. Есін жоғалтпаған, лоқсу мен құсу болмаған. Объективті: бет жұмсақ тінінің ісінуінен пайда болған бет асимметриясы. Ауыз ашуының шектелуі II дәрежелі. Жақ бұрышында "басып тексеру"симптомы оң нәтиже береді. Болжамалы диагноз://
Ле-фор I//
Ле-фор II//
Ле-фор III//
+төменгі жақ сынуы//
гаймор қуысы түбінің сынуы
***
Науқас М., 23 жасар сол жақ бетінің тұрақты, қиналтып, ашытып ауыру сезіміне шағымданып түскен. Анамнезінен: 2 сағат бұрын ыстық будан күйген. Объективті: сол жақ бет терісінің қызаруы байқалады, шеттерін таза-сары сұйықтығы бар көпіршіктер қоршаған. Ауыру сезімі сақталған. Болжамалы диагноз://
күйіктің I сатысы//
+күйіктің II сатысы//
күйіктің III А сатысы//
күйіктің III В сатысы//
күйіктің IV сатысы
***
Науқас қышқылмен күйген. Қарағанда тері, тері асты, ет кейбір жерлерінде сүйек зақымдалған. Күйік беті тығыз, қатты қара түсті некрозбен жабылған. Ауырсыну сезімі мүлдем жоқ. Күйіктің дәрежесі://
I-дәреже//
II-дәреже//
IIIа-дәреже//
IIIб-дәрежесі//
+IV-дәрежесі
***
Науқас М., 22 жасар оң жақ тісінің жұлынған орнының тұрақты ауру сезіміне. Ауыру сезімінің оң құлағына таралатындығына, азық қабылдауы мүмкіншіліксіздігіне, ауызынан жағымсыз иіс шығатындығына, кешкісін субфебрильді температурасы байқалатындығына шағымданған. Анамнезінен: 37- тісі бір тәулік бұрын жұлынған, жұлынғаннан кейін тіс ұяшығынан мол қан кету байқалған. Объективті: 37- тіс ұяшығының қызыл иек гиперемиясы байқалады, тіс ұяшығы бос, қабырғасы кір-сұр қақпен жабылған, ауызынан
жағымсыз иіс шығады. Болжамалы диагноз://
жақтың жедел ошақтық остеомиелиті//
жақтың жедел шектелген остеомиелиті//
ұяшық нерві зақымданған невриті//
+альвеолит//
ұяшықтың жедел остеомиелиті
***
Науқас К., 19 жасар 34- тісі 1 апта бұрын жұлған кейін ауызын толық аша алмауына, азық қабылдауы мүмкіншіліксіздігіне шағымданған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, ауыз ашуы шектелген 2,5 см- ге дейін, ауыз қуысында тіс ұяшығы қан ұйығына толы, шырышты қабаты күлгін- қызғылт түсті. Болжамалы диагноз://
жақтың сүйек контрактурасы//
жақтың қабыну контрактурасы//
+инъекциядан кейінгі контрактура//
жақтың бұлшық ет контрактурасы//
сол жақ төменгі жақтың іріңдеген кистасы
***
Бітемелермен, пломбамен салыстырғанда салмалардьң қасиеттері
қандай://
Әсемдеу//
Жанасу шеті жақсы//
Tipeуіш тістерді абайлап егеп дайындау//
+Шайнайтын тістері жағындағы құрылмалы заттардың беріктігінің арқасында тісаралық түйіспелі нүктені қалпына келтіреді//