Лекции.Орг


Поиск:




Тақырыбы:Элективтік курстарға және таңдау курстарына сараптама жүргізу әдістемесі.




Мақсаты: 12 жылдық мектеп түлегінің бағдарлы мамандығына қолдау жұмыстары туралы білу.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ: 9 сыныптарда таңдау курстарына сараптама жасай алуға, 10-11 сыныптарда байланыстыра алуы тиіс.

Жоспары:

1. 9 сыныптарда таңдау курстарына сараптама жасау.

2. 10-11 сыныптарда элективтік курстардың бағдарламаларына пікірсарап жасау және бекіту тетігі.

3. Элективтік курстардың және таңдау курстарының бағдарламаларына сараптама жүргізу.

Қазақстан Республикасында бейіндік оқытуды жүзеге асыру бірқатар жағдайларды, орындағанда мүмкін болады, солардың ішінде:

тұжырымдаманың мақсаттары мен мазмұнын түсінетін облыстар, Астана, Алматы қалалары,қалалық, аудандық білім басшылығы, білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары басшыларын,мамандарын даярлау; ҚР БҒМ 12 жылдық білім беру үлгісіндегі бейіндік оқытуды ұйымдастырудың және іске асыру шараларының бағдарламасын даярлау;

педагогикалық басылымдарда, БАҚ жоғарғы сынып оқушыларын оқытудың жаңа үлгісінің негізгі идеяларын түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу;

бейіндік оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес орта білім берудің нормативтік құқықтық қамтылуын іске асыру;

бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығы (біліктілігін көтеру және қайта даярлау) педагогтарының кәсіби дамуының стандартын әзірлеу;

бейіндік білім беру жүйесінің ғылыми-әдістемелік қамтылуын дамыту;

педагогикалық жұмысқа даярлаудың, жоғарғы және жоғары білімнен кейінгі кәсіби білім берудің стандарттарын орта білім беру деңгейіндегі бейіндік оқыту мен бейіналды даярлығына сәйкес жаңарту;

бейіндік оқыту жүйесін қаржыландырудың жаңа механизмдерін жасау.

Бейіндік оқуды мектепте іске асырудың қажетті жағдайларының бірі мұғалімдерді қайта даярлаудан өткізу және жаңа типті мұғалімдер даярлау болып табылады.

Келешекте 12 жылдық білім беруге көшу кезінде, жоғарғы мектептің алдыңда үлкен, бейіндік оқу мектебінде оқу-тәрбие жұмысына, мектеп пен қоғамның күрделі қайта құру кезеңінде жұмыс істей алатын кәсіби-білімді мұғалімдер даярлау міндеті тұр.

Типтік оқу бағдарламасының бейіндік оқыту бағдарына сәйкес ықпалданған пәндер, сондай-ақ бірқатар жаңа оқу пәндерін еңгізу көзделген.

Соған байланысты жұмыс істеп жүрген педагогикалық кадрлар қайта даярлықтан өткен болса, келесі оқу пәндерін оқыту мүмкін: «Қәзіргі әлемдегі Қазақстан» - тарих және география мұғалімдері; «Жаратылыстану» -физика, химия, биология мұғалімдері; «Өзін-өзі тану» - психолог, гуманитарлық пәндер мұғалімдері; «Ақпараттар технологиялары мен жүйелері»- ақпарат, технология және сызу мұғалімдері; «Әлемдік көркем мәдениет» - тіл және әдебиет, шет тіл мұғалімдері; «Ритарика» - тіл және әдебиет мұғалімдері; «Дизайн және жобалау» - сызу, көркем сурет мұғалімдері.

Білім және ғылым министрлігі облыстарда мектептерді бейімдеу картасын құрып, «Бейіндік мектеп» нормативтік базасын әзірледі. Бұдан еліміздің әлеуметтік-экономикалық өсуіндегі жаңа бағыттарға сәйкес, орта мектеп түлектерін дайындау сапасына, олардың болашақ мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына деген талаптардың күшейгендігін көруге болады. Осыған байланысты, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарындағы оқу сапасы бейіндік дифференциацияға негізделуі тиіс. Сонымен қатар, бейіндік оқыту білім берудің сапасын арттырудың тиімді тетігі, жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің дамуындағы өзекті, перспективалы қажеттіліктерді жүзеге асырудың бірден бір оңтайлы тәсілі болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей 2015 жылы 12 жылдық білім беруде бейіндік оқытуға көшу толығымен жүзеге асырылады, соған байланысты өңірлерде жұмыс жасайтын мектептерді қайта құру және жаңадан бейінді мектептер құрылысы жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда республикада 7402 мектеп жұмыс жасайды, оның 5325-і орта, 1113-і негізгі, 964 бастауыш мектеп.

Жергілікті атқарушы ұйымдардың мәліметі бойынша 12жылдық білім беру аясында бейінді оқытуды жүзеге асырудың алдын ала болжамы жасалған.

Қазақстанда бейіндік білім беруді жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай бейіндік мектептер мен бейіндік сыныптар ашу төмендегідей:

1) 98 бейіндік мектеп құрылысы (қала-53, ауыл-45). Оның ішінде интернаты бар бейіндік мектеп -64, интернаты жоқ бейіндік мектеп – 34 мектеп;

2) жұмыс жасайтын орта мектептен қайта құрылған бейіндік мектеп саны -92 (қайта жаңарту), оның ішінде 61-і қалада, 31-і ауылда;

3) 2394 жұмыс жасайтын орта мектептен (қалада - 353, ауылда - 2041) бейіндік сыныптарды ашу жоспарланады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Сравнительная педагогика. Большая современная энциклопедия. /СПб: ИОВ ДАО: 2001.

2. Философиялық сөздік «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 1993.

3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика және психология. А.: Мектеп, 2002.

4. TIMSS; PISA функционалды сауаттылық сраптамаларының каталогі. 2015ж көрсеткіші.

5. http//www.edu. kz.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 972 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

818 - | 695 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.