Аборт – заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою
Адам өлтіру – басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру
Адамдар тобы жасаған адам өлтіру – адам өлтіруге екі немесе одан да көп орындаушының күні бұрын уәделеспей бірлесіп қатысуы
Азаматтық қару – азаматтардың өзін-өзі қорғауға қажетті: спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қарулары
Азаптау – адамды ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шектіру
Айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттар – кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі өаттарды, жүйкеге әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті не жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқадай түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтар
Акциз – жанама салықтың бір түрі
Алаяқтық – бөтен мүлікті талан-таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алдау не сенімге қиянат жасау арқылы алу
Ар-ождан – адам бойындағы қасиеттер мен істеген әрекеттерін таразылап, салмақтайтын мінез-құлық өлшемі
Аса қатыгездікпен адам өлтіру – адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша қорлау және қинаумен ұштасқан әрекет (мысалы, көптеген жарақат салу, тірідей өртеу, алдын ала, біртіндеп дене мүшелерін кесу, азапты әсер ететін уды қолдану, ұзақ уақытқа судан, жылудан айыру, т.б.)
Атом энергетикасының объектілері – атом (ядролық) энергияны пайдалану арқылы жұмыс істейтін кез келген қондырғылар мен құрылыстар
Аффект (жан күйзелісі) – (лат. Affectus – жан дүниенің тебіренісі, бейтарап күй) аса зорығу, уайым, сананың және өз әрекетінің бақылаудан тыс қалып, адамның бойында кенеттен пайда болатын қысқа мерзімді дел-сал күйі
Әдейі банкроттық - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немес өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға не өзге ауыр зардаптарға әкп соғуы
Әскери мүлік – қару-жарақ, оқ-дәрі, әскери көлік құралдары, түнде көретін приборлар
Әскерилендірілген құрама – атылатын немесе суық қарумен қаруланған тұрақты, берік ұйымдасқан адамдар тобы
Әуе көлігі кемесі – адамдар немесе жүк тасымалдауға бейімделген газ, ауа қысымы күшімен қозғалатын ұшу аппараттары
Баланы ауыстыру – бір баланы басқа бір баламен ауыстыру
Бандитизм – азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ құрумен, осындай топты басқарумен, тұрақты қарулы топқа қатысумен ұштасқан әрекеттер
Банкроттық – кәсіпкерлік немесе басқа да экономикалық қызмет кәсіпкердің өзіне немесе несие берушілерге залал келтіру тәуекелімен тікелей байланысты өзі кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты несие берушілердің тараптардың қанағаттандыра алмауы
Банктік құпия – банктік есеп, банктік салым, жекелеген шоттар бойынша есептеу, банк салымшылары туралы мәліметтер
Бәсекені шектеу – рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру
Биологиялық заттар – адамдар, жануарлар мен өсімдіктер арасында жаппай ауру тарататын әр түрлі бактериялар, вирустар, жәндіктер
Бұзақылық – қоғамды құрметтемеуін білдіретін азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннің мүлкін жоюмен немесе өлтірумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетін әдепсіз іс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзу
Газды қару – қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделген қару
Геноцид – ұлттықғ этникалық, нәсілдік немесе діни топты, осы топтың мүшелерінөлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп біреуге беру, күштеп көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы, толық немесе ішінара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер
Дәрменсіз жай-күй – жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәлілігі, қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға бағытталған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайы
Диверсия – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге, кәсіпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қиратуға немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге іс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату
Есірткі заттар – адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы
Жала жабу – басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу-жалған мәліметтер тарату
Жалған банкроттық – коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сондай-ақ жеке кәсіпкердің несие берушіге тиесілі төлемдерін кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борышын азайту, сол сияқты борышын төлемеу үшін несие берушілерді жаңылыстыру мақсатында өзінің дәрменсіздігі туралы көпе-көрінеу жалған хабарлау
Жалған кәсіпкерлік – кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүлктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру
Жалдамалылық – жалдамалыны жалдануға азғырып көндіру, оқытып үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына пайдалану
Жаппай тәртіпсіздік – қоғамға қауіпті әрекеттердің күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлікті жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен сондай-ақ олардың өкімет өкіліне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан әрекеттер
Жарнама – тауардың құны немесе басқа да қызмет көрсетудің, оларға деген сұранысты туғызудың шарттары туралы ақпарат
Жәбірленуші – қоғамға қауіпті әрекеттердің нәтижесінде тікелей немесе жанама түрде материалдық не материалдық емес зиян шегіп, зардап тартқан адам
Жезөкшелік - әр түрлі адамдармен ақылы негізде әлденеше рет жыныстық қатынаста болу
Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар – адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар
Заңсыз кәсіпкерлік – кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өткізбей не рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз /рецензиясыз/ немесе рецензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, сондай-ақ кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану
Заңсыз сыйақы – лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік ұйым қызметшісінің, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымның басқару қызметтерін атқармайтын адамның өз міндеттер шеңберіндегі жұмысты орындағаны немесе қызмет көрсеткені үшін материалдық сыйақыны, жеңілдіктерді немесе мүліктік сипаттағы қызмет көрсетулерді заңсыз алуы
Зорлау – ер адамның әйелдің еркінен тыс, оның келісімінсіз табиғи түрде жыныстық қтынас жасауы
Интеллектуалдық меншік – заң бойынша қорғалатын адамдардың кез келген саладағы бағыты мен құныдылығына қарамастан шығармашылық қызметінің нәтижесі
Кәмелетке толмағандар – заң бойынша 18 жасқа толмағандар
Коммерциялық құпия – коммерциялық ұйымның кез келген жариялауға жатпайтын басқару, өндірістік, ғылыми-техникалық және өзге де іскерлік саласындағы мәліметтер
Куә - айғақ беру үшін іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белігілі болуы мүмкін кез келген адам
Қамқоршы – 14 пен 18 жас арасындағы тұлғаларға, әрекет қабілеттілігі шектелген адамдарға тағайындалатын адамдар.адамдарға тағайындалатын ададыр
Қарақшылық – бөтен мүлікті талан-таражға салу мақсатында шабуыл жасауға ұшыраған адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсетумен немесе тікелей күш қолданамын деп қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау
Қарулы бүлік – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп өзгерту не Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қоғамға қауіпті әрекеттер ұйымдастыру не оған белсенді түрде қатысу
Қашқындық - әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу
Қинау – тергеушінің, анықтауды жүргізуші адамның немесе өзге лауазымды адамның қиналушыдан немесе үшінші адамнан мәліметтер алу немесе мойындату, не оны ол жасады немесе жасады деп күдік келтірілген іс-әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды кез келген сипаттағы кемсітуге негізделген кез келген себеп бойнша қорқыту немесе мәжбүр ету мақсатымен әдейі тән зардабын және психикалық зардап шектіруі
Қорғаншы – 14 жасқа толмаған жасөспірімдерге, ақыл-есі кем, жүйке ауруына шалдыққан, әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғаларға тағайындалады
Қорқыту – бұл өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілдермен ұштасқан әрекеттер
Қорқытып алушылық – бөтен мүлікті немесе мүлікке құқықты беруді немесе күш қолданумен не бөтен мүлікті жоюмен немесе бүлдірумен қорқыту арқылы мүлікті сипаттағы басқа да іс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбірленушіні немесе оның туыстарын масқаралайтын мәліметтерді таратумен, жәбірленушінің немесе оның жақындарының мүдделеріне зиян келтіруі мүмкін өзге де мәліметтерді жариялау
Қорлау – басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту
Құрлықтық шельф – Қазақстан Республикасы аумақтық теңізінен белгілі бір қашықтыққа дейінгі жердегі теңіздің үсті және су асты аумағындағы кен байлықтары
Қылмыстарды саралау – қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелген әрекетті нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы әрекетке Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті баптар бойынша құқытық баға беру
Мемлекеттік құпия – Қазақстан Республикасының қорғаныс және басқа да мүдделеріне ерекше қауіп туғызатын мемлекеттік маңызы бар құжаттар мен мәліметтер
Мемлекеттік наградалар – Халық қаһарманы, Даңқ, Парасат ордендері, медальдар, Президент жарлығымен берілетін құрметті атақтар
Мемлекеттік опасыздық - соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жауға беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шет елдік мемлекетке, шет елдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының азаматының мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсіреиту мақсатында жасаған қасақана әрекет
Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран
Мемлекеттік шекара – құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және ауа кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат
Мөр – кәсіпорын, ұйым, мекеменің атауы және басқадай реквизиттер бейнеленген зат. Мөр әдетте дөңгелек күйде дайындалады және құжатты куәландыратын адамның қолының жанына басылады
Мөртаңба – мекеме, ұйым, кәсіпорынның жеке тұлғалардың атауларын, тұрғылықты жерлеріннемесе басқа да реквизитерін көрсететін зат
Мүлікті иеленіп алу – кінәләнің өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына заңсыз айналдыруы мақсатымен оған заңсыз иелік ету
Мүлікті ысырап ету – кінәлі адамның өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті заңсыз және тегін өзінің пайдалануы немесе басқа біреуге беруі, сыйлауы, сатуы, қарызға беруі жөніндегі әрекеттер
Некрофилия – кінәләінің өзі өлтірген жәбірленушімен зорлық қатынасын жасау
Несие – банк немесе несиелік ұйымдардың қарыз алушыларға беретін ақшалай қаражаттары
Оқ-дәрі – конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға алынған құрылғылар немесе заттар
Өзен көлігі – шағын өлшемді өзен кемелері, параходтар, теплоходтар, катерлер, маторлы қайықтар және өзен көлігі құралдарының барлық түрлері
Өзінше билік ету – заңда белгіленген тәртіпке қарамастан, басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіретін өзінің нақты немесе болжамды құқығын өз бетінше жүзеге асыруы
Пара алу – лауазымды адамның өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекетіүшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы
Пара беру – лауазымды адамның өз қызметін пара берушының мүддесіне белгілі бір әрекетті істегені үшін лауазымды адамға пара затын немесе мүлік сипатындағы өзге де пайданы адамның тікелей немесе делдал арқылы беруі
Парақорлыққа делдал болу – пара алушыға және пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге қол жеткізуге немесе іске асыруға жәрдемдесу
Пневматикалық қару – нысананы зақымдайтын құралы сызылған, сұйытылған немес қатайтылған газдық қуаты есебінен бағыты қозғалыс алатын қару
Порнография – шектен шыққан әдепсіздіктер арқылы жыныстық қатынастардың көргенсіз, жүгенсіз түрлерін, астамшылдығын бейнелейтін көрініс
Притон – есірткі немесе жүйкеге әсер етеін заттарды қолдануға жүйелі түрде берілетін тұрғын үй /жеке үй, пәтер/ немесе тұруға болмайтын үйлер /кафе, ресторан, клуб, дискотека, сарай/
Радиоактивті заттар – құрамында ядролық қосындылары бар заттар
Су көлігі кемесі – мұхиттарда, теңіздерде, өзен-көлдерде адам немесе жүк тасуға арналған көлік құралы
Суық қару – нысананы тікелей зақымдайтын, құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қарулар
Тағылық – үйлерді немесе өзге де ғимраттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын өзге де іс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру
Талан-тараж – пайдакүнемдік мақсатта айыптының бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып өзінің немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз, тегін алып қою және айналдыру
Тауарлық белгі – тауардың немес біртектес тауардың өзіндік сөзбен, өрнекпен көрініс тапқан немесе басқадай шартты белгілері
Темір жол көлігі – рельсті көлік құралдары, метролар тар табанды темір жолдар және басқа да арнаулы бағыттағы темір жолдар, дыбыс беру және байланыс құралдары
Теңіз қарақшылығы – теңіз немесе өзен кемесіне бөтеннің мүлкін басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, шабуыл жасау
Терроризм – қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемелкеттік органдарының, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешім қабылдауына ықпал ету мақсатанда жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау
Тонау – бөтен мүлікті ашықтан ашық талан-таражға салу
Тонаушылық (мародерство) – шайқас даласында өлгендер мен жараланғандардың заттарын талан-таражға салу
Тұрғын үй – адамдардың түпкілікті немесе уақытша тұратын жеке үйлері, пәтерлері, бөлмелері, қонақ үйдегі бөлмесі, саяжайы, бағбаншылық үйшігі, сондай-ақ демалатын, зат қоятын қосымша жайлары
Тұтынушыларды алдау – меншік нысанына қарамастан тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететін дүкендерде немесе басқа кәсіпорындарда не сауда саласында кәсіпкерлер ретінде тіркелген азаматтардың кем өлшеу, кем тарту, кем санауы, тауардың тұтынушылық қасиеттері немесе сапасына қатысты шатастыруы немес тұтынушыларды өзгедей алдауы
Түнгі уақыт – жергілікті уақыт бойынша сағат кешкі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейінгі уақыт аралығы
Тінту – іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізілетін тергеу әрекеті
Ұрлық – бөтен мүлікті жасырын алу
Ұрып-соғу – адамға тән ауруын келтірген бірақ денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірумен ұштаспаған ұрып-соғу немесе өзгедей нысанда күш қолдану /мысалы денеге дақ түсіру, тырнау, денесін қанталату, жәбірленушіні араға шақтыру т,б/
Химиялық заттар - өте жоғары уландыратын, зәрлі, тері-нерв жүйелеріне қатты әсер етеін, тұншықтыратын, тітіркендіретін және адам жүйесін зақымдандыратын заттар
Шетел валютасы – басқа мемлекеттердің ақша жүйесінде айналымға шығарылған банкноттары
Шпиондық – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді шет елдік мемлекетке, шет елдік ұйымға немес олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға бару мақсатында жинау, ұрлау немес сақтау, сондай-ақ шет елдік барлаудың тапсырмасы боынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау
Ірі зиян – қылмыс жасалу сәтіне Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген салық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мүліктің құнына тең залалдың мөлшері
Экономикалық контрабанда – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, не декларацияланбаумен немесе күмәнді декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды ірі мөлшерде өткізу
Экоцид - өсімдіктер немес жануарлар дүниесін жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкін өзге де іс-әрекет
Эмиссия – бағалы қағаздарды шығару