Лекции.Орг


Поиск:




Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы




Азақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Азақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директоры

т.ғ.к., доцент Л.К. Мұқатаева

«___» _________________ 201 2ж.

 

 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

 

Пән модулінің атауы: Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

 

Барлығы ___3__ кредит

 

Курс ___1___

 

Семестр _2_________

 

Дәріс __30__ сағат

 

Практикалық, семинар__15__ сағат

 

Зертханалық сабақтар _______ сағат

 

СОӨЖ ___23___ сағат

 

СРС __67__ сағат

 

Аралық бақылау ______2_____

 

Жалпы сағат саны ____135____ сағат

 

Экзамен ___2___ семестр

 

А С Т А Н А – 2012 ж.

Оқытушылар жөнінде мәліметтер және байланыс ақпараттары:

Тарих ғылымының кандидаты, доцент Құсайынова Жәния Дауылбайқызы.

Құсайынова Жәния Дауылбайқызы - Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультеті, ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің аспиратурасын бітірген, «Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысының тарихнамасы» тақырыбынан кандидат диссертациясын қорғады. Қазақ гуманитарлық заң университетінде «Қазақстан тарихы» пәнінен 2001 жылдан бастап дәріс оқиды.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасы: тел: 70-30-52

Пререквизиттер:

Аталған пән бойынша нақтылық білімді алу үшін студенттер дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, философия, география, деректану, әлеуметтану, саясаттану, этнология және этнография пәндері бойынша білімдері болуы қажет. Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді.

Қазақстан тарихындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға зерттеу жасау, өткенге шолу, қабылдау үрдісі, зерделеу, қазақ халқы тарапынан ғылыми пайымдау, сонымен қатар, басқа да қоғамдық-саяси жүйелер, инститтар, ғылыми бағыттаулар және мектептер Қазақстан Республикасының өткен тарихының маңызды беттерін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

Пән модулінің мазмұнының сипаттамасы:

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері, қоғам алдындағы басты мәселе отандық тарихты бұрмалаудан арылту. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік және саяси тарихындағы өзекті мәселелерінің бірі, мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы мен дамуы, таным және қоғамдық-саяси мәселелері алдыңғы орында. Қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде этникалық тарих, этникалық территория, мемлекеттіліктің шығу тарихы және Қазақстандағы азат ету күрестерінің сабақтастығы өзінің мазмұны жағынан өзекті болып отыр. Сондықтанда отарлау тарихи кезеңі тұсында орын алған азат ету қозғалыстары мен үрдістері ғылыми зерттеуді қажет ететін мәселелер.

Пән мақсаты:

Тарихи үрдістердің өзара байланысы мен мазмұнын ашып көрсету. «Historia est magistra vitae» - «Тарих – өмір оқытушысы» – деп ең көп таралған латын мақалы кездейсоқ айтылмаған.

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның орын алу мәселелері мен қазіргі заманғы ғалымдардың өлшемдері мен зерделеулерін қарастыру.

Пән міндеттері:

Тарих бір қатар міндеттерді атқарады. Бұл міндеттерсіз азаматты тәрбиелеу, жоғары білікті маманды дайындау мүмкінсіз болып табылады:

– гносеологиялық – отанымыздың өткені туралы білім беру;

– аксеологиялық - тарихқа тікелей қатысуының сезімін қалыптастыру;

– праксеологиялық-тарихи құбылыстарға жеке сараптама жасау, баға беру қабілеттерін қалыптастыру;

– прогностикалық - өз әрекеттерін анықтау, болашақтағы оқиғаларды болжап беру;

– қазақ халқының егемендік алу жолындағы азаттық қозғалыстары басымдылықтарын зерттеу, өткенге шолу; негізгі тарихи фактілерді келтіре отырып, XVIII – мен XX ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды отарлаудың ерекшеліктерімен Ресей империясының сыртқы саясатына талдау жасай отырып зерделеу;

Өз тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы бола ма? Табысты оны оқу үшін философия негіздерін, жалпы тарихты, географияны білу қажет, тарихи шығармалармен, құжаттармен, карталармен жұмыс істей білу.

Қазақстан тарихын зерттеу барысындағы студенттердің қосымша атқаратын міндеттері:

1. Қазақстан тарихын зерттеу жөнінде әр-түрлі тұрғыларды, адамзаттын тарихи дамуының тұжырымдарын білу.

2. Оқу процессінің басынан бастап жеке позициясын тудыру, сұрақтарды қою, сезіктену, сезіктерді шешу үшін тарихи дәлелдерді сөйлемше әдіс ретінде пайдалану.

3. Оқытушылармен, профессорлармен пікір таласты ұйымдастыру. Нақтылық пікір талас тудырады.

Пән компетенциялар:

Қазақстан тарихын меңгеру барысында студент тарихи үрдістерді талқылауға, этникалық түсініктерін қалыптастыруға, мәдениет пен салт-дәстүрді сақтауға және әлем тарихындағы өзіндік орнымызды анықтауға машықтанып үйренеді. Өзінің туған тарихын білмеген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуы екіталай.

Пәнүстілік компетенциялар:

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан

пән модулі әлеуметтік ғылым саласындағы студенттерді дайындау барысында негізгі теоретикалық және жалпы дүниетанымдық түсінік қалыптастырады.

 

 


Дәріс, семинар, практикалық, тәжірбиелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары (тәжірбиелік жұмыстар)





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 647 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

768 - | 756 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.