Лекции.Орг

Поиск:

Нарықтық экономика жағдайындағы бақылаудың ролі

Ішкі бақылау құрылымы және оның элементтері

Ішкі бақылау жүйесі кез келген кәсіпорында орын алады, себебі басшылықты қабылданған шешімнің орындалуы қызықтырады. Бақылауды іске асыратын жағдайға басқарудың сәйкес құрылымы енеді. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" заңның 8-бабында: "Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жүргізу қаржылық есепті құру кезінде активтерді сақтау, ұрлық пен қателерді болдырмау және анықтау жөніндегі шараларды камтыған операцияларды тиімді жүргізу, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру, есеп саясаты туралы заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйымдар ішкі бақылауды ұйымдастыруға құқықты. Ішкі бақылауды ұйымдастыруды басшылық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік мекемелерден басқа ұйымдар ішкі бақылауды тәуелсіз аудиторлар немесе аудиторлық ұйымдарды тарту арқылы іске асыруға құқықты" – деп көрсетілген.

Бақылауды жүргізу шарты кәсіпорын персоналы мен оның басқарушылық буынының өзара қатынасы мен біліктілігінде болады.

Әдетте, ішкі бақылау жүйесі қаржылық есептемені дайындау мен құруға қарағанда сұрақтардың кең ауқымын қамтиды. Сондықтан ішкі бақылаудың барлық пайдаланылатын реттемелері мен әдістері аудиторға пайдалы. Оған ең алдымен нақтылы қаржылық есеп беруді дайындау үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу және жинақтау процестерін реттеу және бақылауға тікелей бағытталған шаралар қызықты. Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:

- Заң талаптарының орындалуы;

- Мүлікгі ысыраптан қорғау;

- Ағымдағы шаруашылық операцияларының тиімді орындалуы;

- Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау;

- Құжаттар және олардағы ақпараттың толықтылығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;

- Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;

- Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;

- Кәсіпорын басшылығы саясатын қолдану;

- Шаруашылықты жүргізудің тиімдірек және прогрессивті әдістерін енгізу...

Бақылауды жүргізу шарттарын білу аудиторға мыналарды анықтауға мүмкіндік береді:

- Бухгалтерлік есеп пен бақылау реттемесінің тиімді жүйесің қамтамасыз ету үшін олар жеткілікті ме;

- Олар қаржылық есеп берудің бұрмалануын минимумға жеткізуге көмектесе ме?

Басшылықгың ішкі бақылауды ұйымдастыруға жауапкершілігі

Қазақстандық 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" стандартының 6-тармағында былай делінген (өзгерістер және қосымшаларымен 11.09.2003 ж.): "Операциялар мен оқиғаларды орындау кезінде заңның орындалуы мен ұйымның бухгалтерлік есебін ұйымдастыруға басшылық жауапты болады". Ішкі бақылау жүйесінің субъект қызметі көлемі мен ерекшелігіне сай келуі, оның ретімен және тиімді жұмыс істеуі соған байланысты. Кәсіпорында басшы құрам бар, бірақ олардың мінез-құлық нормасы, жауапкершілігі мен құқығы белгіленбеген, бақылау әдістері анықталмаған жағдайда олардың қызметінің нәтижелерінде тиімділік пен әрекеттілік болмайды.

Объектіні басқару оның құрылтайшы құжаттары мен заңдарға сәйкес жүргізіледі. Субъект басқару құрылымы мен оның шығындарын өзі анықтайды. Субъектінің ұйымдық құрылымын толтыратын, өзара әрекет ететін және бір-біріне тәуелді адамдар арасында көлденең және тікелей байланыстарының кең желісі қалыптасады. Ол нақты үйлестіру мен реттеуді қажет етеді. Бұнымен алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған шешімдер қабылданылатын және орындалатын басқару жүйелі айналысады.

Мысалы, материалдық және ақша қаражаттарының біртұтастығына, олардың сақталуына, бастапқы құжаттарды жіберу, есепке алу және түгендеуге кім жауап беретінін білу үшін бүкіл кәсіпорын шеңберінде жауапкершілікті бөлуге қатысты толық анықтық қажет.

Тиімді бақылаудың алғы шарты ұйымдық құрылым болуында болып табылады. Осы құрылым қаншалықты, толық және бірлескен болса, бақылау тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Экономикалық субъект қызметіне қатысушы әр қызметкердің жауапкершілігін орнатып, оның оқу мен аттестациясын ұйымдастыру қажет. Осының бәрі еңбек шарттарында (келісім шарттарында), персонал туралы ережелерде және т.б. көрсетілуі керек.

Бақылау мақсаттары мен аудиттің жалпы мақсаттарының өзара байланысы

Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен заңдылығын қамтамасыз ету және бұл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өндеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дұрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-н негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.

Ішкі бақылауды бағалауды талдау кезіндегі аудитор мақсаты оған деген сенім дәрежесін орнату болып табылады. Бұл өз кезегінде тексеру әдісінің сипатын, көлемі мен уақыт бойынша ұзақтығын анықтау кезінде пайдаланылады.

Ішкі бақылау жүйесін бағалау кезіндегі аудитордың алға қойған тағы бір мақсаты - оны жетілдіру жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындау. Ресми түрде аудиторлар бұл ұсыныстарды кеңес беру қызметіне кіргізбей, аудиторлық тексеру элементі ретінде анықтайды. Ұсынылған ұсыныстарға еру керектігін клиенттің өзі шешеді. Аудиторға жағымсыз фактілерді іздеудің кажеті жоқ. Ол басшылыққа ІБЖ-інің белгілі бір элементтерінің қызмет етуі ақпараттың елеулі қателері мен бұрмалауларының тексерілген қаржылық есеп беруде пайда болуы ықтималдылығын салыстырмалы төмен деңгейге дейін төмендетпейтіндігін және бұл қателерді субъект персоналы өзінің күнделікті міндеттерін орындау барысында қажетті мерзімде таба алмайтындығын хабарлауы керек.

Поделиться с друзьями:

Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 960 | Нарушение авторских прав

Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

818 - | 780 -

© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.