Лекции.Орг


Поиск:




Е а-тің ақпараттық базасы ретінде




Экономикалық субъектінің жағдайын өзгертуде немесе оны сақтауда бір жолға қойылуына әсер ететін басқаруды қамтамасыз етеді. Басқару ақпаратқа сүйенеді.

Ақпарат — жинау, сақтау, өңдеу объектісі болып табылатын мәлімет. Ақпарат құнына: ақпаратты жинауға басшылар мен солардың қол астындағылардың жұмсалған уақыты, рынокты талдау, пайданылған уақытын төлеу, сыртқы кеңесшілер қызметтерін пайдалану, сонымен қатар нақты шығыңдар жатады.

Желілі және функционалды басшылардың қатарына жататын бухгалтерлер, қаржылық менеджерлер, экономистер сияқты мамандардың жұмысының табыстылығы, олардың құқықтық, ақпараттық, нормативтік, техникалық және т.б қызметтерін қамтамасыз ету түрлеріне байланысты болады. Ақпаратты қамтамасыз ету осы жүйенің негізгі элементтерінің қатарына жатады.

Басқару — шешім қабылдау деген сөз. Басқару шешімдерін түсініп қабылдау тек акпарат негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан Наполеон: "Басқару - алдын-ала көре білу" деген. Бұл үшін ақпарат қажет. "Ақпарат" түсінігің сан түрлі анықтамасы бар, оның ең сыйымдысында былай деген: "ақпарат — бұл өзі тиісті саладағы белгісіздікті азайтатын мәлімет".

Қазіргі кезде ақпарат, қоғам дамуының негізгі ресурстарының бірі ретінде қарастырылады. Ақпарат сан алуан және адам қызметіне байланысты ғылыми, техникалық, өндірістік, басқарушылық, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, және т.б. больш бөлінеді. Аудит тиімді басқару шешімдері негізінде экономикалық ақпарат жүйесіне жатады. Жоғарыда аталғандай ол қаржылық есеп берудің нақтылығын дәлелдейді. Сондықтан ақпараттың осы түріне тоқталайық.

Тұжырымдамалық негіздеме - аудиторлық ХАС негізін құрайтын басты мәселелер тобын құрайды. Аудит қызметінің тұжырымдамалық негіздері екі саланың тұжырымдамалық негіздерінен құралады.

Каржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы каржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер -активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.

Табыстар мен шығыстар туралы есеп берулерде қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін бағалаумен тікелей байланысты элементтер болып табылады.

Концептуадды негіз ақша қозғалысы туралы есеп беру мен меншік капиталындағы өзгерістер туралы есеп берулер әдетте табыстар мен шығыстар және бухгалтерлік баланс элементтерінде болған өзгерістер туралы есеп берулердің жекелеген элементтерін көрсетеді.

1. Қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негіздерінен

Бұл тұжырымдамалық негіздерге кіретін басты құжаттар тобына мыналар жатады:

· халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары (ХАБЕС);

· ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары (ҚР БЕС). ХАБЕС барлығы түгелдей, қазіргі уақытта қабылданған (1.03.2001 ж.) ҚР БЕС -тің құрамына кірмеген, аудиттін негізгі мәселелер тобын құрайтын, ХАБЕС сәйкес стандарттары кейінірек қабылдануы мүмкін. Оларға, ХАС бойынша ҚР қабылданған аудит стандарттарының, мына түрлері жатады: "Бухгалтерлік бағалаулар аудиті", "Кейіннен болатын уақығалар", "Үзіліссіз әрекет" т.б. жатады.

· қаржылық есептіліктің ұсынылымы мен ашылымының негізін құрайтын нормативтік актілер тобынан: салық есебінің талаптары анықталатын "Салық кодексі", т.б.

2. Аудит пен ілеспе қызметтердің тұжырымдамалық негіздемелері. Негізгі мақсаты, аудит пен ілеспе қызметтер түрлерін, олардың арасындағы ерекшеліктерін көрсетіп, аудит пен шолу (қаржылық есепке) қызметтеріне сенімділік деңгейлерін айғақтау және анықтау талаптарын ұсыну.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем- есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты – аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғандығы жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру.

Қаржылық есеп берудің мақсаты экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылардың кең көлеміне қаржылық жағдай, қызмет нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну болып табылады.

Аудитор тексеріліп отырған қаржылық есеп беру нақтылығын дәлелдеу үшін, өзі жинаған дәлелдер жеткілікті екеніне сенімді болу керек. Аудиттағы дәлелдеулер жинау – мақсатты түрде жүргізілетін процесс.

Сондықтан аудиттің мақсаты іргелі тұжырымдамаларға негізделеді:

- маңыздылқ;

- аудиторлық тәуекелділік;

- Қаржылық есеп беруді басшылықтың бекітуі ретінде қарау.

Қаржылық есеп беру операциялар мен оқиғалардың қаржылық нәтижелерін, экономикалық сипаттамаларына сәйкес жалпы категорияларға біріктіре отырып көрсетеді. Осы кең категориялар қаржылық есеп беру элементтері деп аталады. Бухгалтерлік баланстағы қаржылық жағдайды бағалаумен тікелей байланысты элементтер – активтер, міндеттемелер мен меншікті капитал болып табылады.

Аудиторлық мақсат, клиент басшылығын бекіткен бойдан қалыптастырылады және олармен тығыз байланысты болады, Сондықтан аудитордың басты міндеті – басшылықтың қаржылық есеп беру жөніндегі тұжырымдарының дұрыс немесе бұрыс екендігін анықтау.

Аудит мақсатының мәні – аудиторға қажетті көлемде дәлел жинауға көмектесетін құрылымды құру. Мақсат түрлі тексерулер кезінде бірі болып қалады, бірақ нақты мәліметтер қалыптасқан жағдайда байланысты әртүрлі болады.

Қаржылық есеп берудің әр элементі үшін аудит мақсатын белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор қандай дәлелдер жинау керектігін анықтайды.

Егер аудитор қаржылық есеп берудің жеткілікті түрде әділ ұсынылғанына сенімді болса және оның сенімділігі ішкі бақылау жүйесін түсінуге, бақылау тәуекелдігін бағалауға, бақылау кездері тестілеріне негізделсе балансиың жекелеген баптары мен қаржылық есептемесінің басқа нысандарын тексеруді едәуір құрастыруға болады. Сонымен бірге қаржылық есеп берумен жұмысты жеңілдеті және аудиторлық команда мүшелері арасында аудиттің нақты учаскелерін рационалды бөлу үшін он сигменттерге немесе элементтерге бөледі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 927 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

784 - | 706 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.