Лекции.Орг


Поиск:




Taқыpыбы: ДОСТЫҚ ТАТУЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ




Мақсаты: «Татулық» адамгершілік кұндылығы туралы түсіндіру.

Міндеттері:

- «татулық» ұғымы туралы түсінік беру;

- жақсы қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

- татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Татулық - табылмас бақыт. Нақыл сөз

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Шаттық шенбері Әнгімелесу • Сендер «татулық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбнеші қорытындылайды. - Татулық достар арасындағы ең керемет қасиет. Тату балалар бір-бірін тыңдайды, ойыншықтармен бөліседі, ренжітпейді, тату-тәтті ойнайды. Сондықтан да достық татулықтан басталады.   - Бүгін біз бір-бірімізге осы уақытқа дейін, өзіміз айтып жүрген ғажайып, жылы сөздерімізді сыйлайық. Алаканымызды бір-бірімізбен түйістіріп, татулығымызды білдірейік.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Әнгімелеу Тәрбиеші балаларға «Піл мен Маймыл»ерінегісін әңгімелеп береді, сұрақтар қояды. Пілмен Маймыл Халық ертегісі Бір орманда Піл мен Маймыл кездесіпті. Содан екеуі кезек-кезек мақтаныпты. - Дүние де менен күшті ешкім жоқ! Мен ашулансам, қандай ағаш болса да тамырымен жұлып аламын! - дейді Піл мақтанып. - Ағаштан-ағашка мен сияқты ешкім секіре алмайды. Мен ептімін! - дейді Маймыл тез-тез сөйлеп. Піл мен Маймыл осылай мақтана береді, мақтана береді. Ең сонында Үкіден сұрамақ болады. Үкі бір ағаштың бұтағында ұйықтап отыр екен. - Уа, данышпан, Үкі! - дейді Маймыл бұтақтан бір қолымен ұстап тербетіліп тұрып. - У-у-х! Өй! - деп Үкі шошып кетеді. Бағдаршам сияқты үп-үлкен көзін бір ашып қалып, қайта жұма қояды. Не болып қалды? Айта беріндер! - Піл: «дүниедегі ең күшті менмін» деп мақтанады. Ал мен оған: «дүниеде менен асқан епті жоқ» деймін. Төрелігін өзін айтып бер. - Бір сөзбен айтқанда, - дейді Піл сөзге араласып. -Күшті болған жақсы ма, жоқ епті болған жақсы ма? Үкі ұзақ үнсіз отырады. Содан үп-үлкен көзін бір ашып қалады да, қайта жұмады. - Мына өзеннің арғы жағында бір сәулім алма ағашы бар. Жалғыз ғана ағаш. Соның ең болмағанда бір алмасын жесем, сонда ғана төрелік айта аламын, - дейді Үкі. Піл мен Маймыл жүгіріп отырып өзенге келеді. Өзеннің ағысы қатты болатын. Содан Маймыл: - Өзеннен қалай өтеміз? - деп уайымдайды. - Уайымдама! Кел аркама мін. Өзеннен сені мен алып өтемін. Мен күштімін ғой! - деп Піл тұмсығын көкке көтеріп, макғана қышқырып алады. Маймыл лып етіп Пілге мініп алады. Екеуі өзеннен өтеді. Сәулім биік алма ағашының жанына келгенде Піл алмаға тұмсығы жетпейтінін көріп: - Алманы қалай жинаймыз? - деп уайымдайды. - Сен осы жерде тұр, - дейді Маймыл қуанып. - Қазір тез өрмелеп шығамын да, жемісті саған лақтырып тұрамын. Мен ептімін ғой! Екеуі осылай бір-біріне көмектесіп, алманы жинап алады. Содан қайтадан Үкіге келеді. Үкі тағы да көике дейін көзін ашпайды. - Уа, ормандағы кұс атаулының ақылдысы! Біз саған алма әкелдік. Соны жеп ал да, өзіңнің әділ төрелігіңді айт, - дейді Маймыл. - Сен өзеннен өзің өттің бе? - дейді Үкі көзін ашпаған күйі. - Піл өткізді. - Епті едің ғой, ептілігің көмектеспеді ме? - Ағысы қатты, тау өзені екен. Ағызып әкетуі мүмкін еді. - Ал, Піл, сен сәулім биіктегі жемісті қалай тердің? - Маймыл көмектесті. - Оның қалай, күшің көмектесе алмады ма? - Жоқ. Егер Маймыл көмектеспесе, мен жеміс жинай алмас едім. - Дұрыс, - дейді Үкі. - Мен екеуіңді, қиын сәтте бір-біріңе қалай көмектесуге болатынын білсін деп алмаға жұмсаған едім. Дүниедегі ең қымбат - достық, татулық екенін енді екеуің білдіңдер. Мына әкелген жемістерінді өздерің жей қойыңдар. - Мен мүлде алма жемеймін. Міне, осылай Піл мен Маймыл дос, тату болыпты, олар бір-біріне әрқашан көмектесіп жүреді екен. • Үкі неліктен піл мен маймылды алмаға жумсады?Достар көздеген мақсаттарына қалай қол жеткізді? Балалардың жауаптары тыңдалады.   Ойын «Көкпар» кимылды ойыны. Онынның шарты: Тәрбиеші балаларды тең екі топка бөліп, ағаштан жасалған аттарға мінгізеді де бірінің артынан бірін тұрғызып, екі катарға тұрғызады. Топ ортасына көкпар тарту үшін орамал әкеліп тастайды. Ойын музықамен сүйемелденеді. Нотасы қосымшада берілген. Музықа басталысымен көкпаршы топтардың басқарушылары балаларды соңдарынан ертіп, оң жақта тұрған топ оң жаққа қарай, сол жақта тұрғаңдар сол жаққа қарай айналып шаба жөнеледі. Ескерте кететін бір жай, айналма шабысты (жүріс) бірнеше рет қайталап шығуға болады. Екі жаққа бөлінген көкпаршылар орамалды жерден бірінші жүрісте ала алмай кеткен болады, тек екінші жүрісте ғана көкпар бастаушының көкпарға қай бұрын жеткені орамалды алып, екінші топтағы тартушылармен орамалды әрлі-берлі тартысады (бұл кезде бәрі де бастапқы тұрған қалпында тұрулары керек). Аз уақыт тартысып болған соң кезектерін өзінен кейінгі түрғаңдарға ауыстырып отырады. Осылайша көкпарды қатар тұрғаңдардың бәрі тартып шығады да, кезек ең соңғы екі көкпаршыға жетеді. Осы екеуінің қайсысы көкпарды бұрын тартып алса (қолы ілінсе), сол топ жеңіп шыққан болып табылады. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді. Ғажайып сөздер Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады. - Дүниедегі ең қымбат - татулық. - Біз тату доспыз.   Дәйексөз Тәрбиеші балаларға «Татулық - табылмас бақыт» деген нақыл сөзді бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - Татулық бар жерде бірлік те, қуаныш та болады. «Татулық-табылмас бақыт» деген нақыл сөз осыдан шықса керек.    
Қорытынды. Түзету жұмыстары. - Біз бүгін татулық бар жерде достық туындайтынын ұғындық. Татулық бар жерде достықтың, бірліктің, сыйластықтың болатынын білдік.   Жүректен жүрекке Балалар тәрбиешімен бірге Е. Өтетілеуұлының төмендегі өлең жолдарын қайталайды: Достар тату-тәттіміз, Болса қолда тәттіміз, Біз бөлісіп жатамыз, Бәріміз дәм татамыз.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic: «Татулық» адамгершілік кұндылығы туралы.

Tүciнiгi: «татулық» ұғымы туралы.

Kөpceтe бiлyi: Жақсы қасиеттер көрсете біледі.

 

Мектепалды даярлық сыныбында ұйымдаcтыpылғaн oқy ic-әpeкeтiнiң тexнoлoгиялық кapтacы.

Бiлiм бepy салаcы: Таным.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1228 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

954 - | 880 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.