Лекции.Орг


Поиск:




Taқыpыбы: ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ




Мақсаты: ««Достық» кұндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.

Міндеттері:

- өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсінік беру;

- өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

- бір-бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Дос - бәрінен де қымбат. Мақал

 

  Ic-әpeкeт бөлiмдepi Пeдaгoгтың ic-әpeкeтi Бaлaлapдың ic-әpeкeтi
Ынтaлaндыpy. Ceзiмдi oятy Балалар тәрбиешімен Х. Талғаровтың «Дос болайық, бәріміз» өлеңінің бір шумағын бірігіп айтады. Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп танымыз. Әнгімелесу - Балалар, «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Достық» аялдамасына назар аударайық. Бұл аялдамада біз «Дос» және «Достық» туралы әңгімелесіп, қалай достасу керектігін үйренеміз. - Қане, осы аялдамадағы суретке қарап әңгіме кұрас-тырайық. • Балалар, сендерге жалғыз ойнаған немесе серуендеген ұнай ма? Ойлап көріңдерші? Балалардың жауаптары тыңдалып, тәрбиеші қорытындылайды. - Дұрыс айтасындар, балалар. Жалғыз ойнасак, жалғыз серуендесек, жалғыз тамақтансақ көңілсіз екен. Сондықтан біз жалғыз қалмау үшін біздерге дос, жолдас керек. Достық - адамдардың бір-біріне деген адалдығы, өзара сыйластығы, татулығы, сүйіспеншілігі, жанашырлығы, қамқорлығының белгісі. Дәйексөз Тәрбиеші «Дос- бәрінен де қымбат»деген мақалды бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді. - Дос - қиналғанда қол ұшын беретін, алыста жүрсе сағынатын, қолындағысымен бөлісетін, үнемі бірге жүріп, қуаныштарын бөлісіп, қиналғанда бір-бірінің жанынан табылатын адамдар.   Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз, Атсын күліп танымыз.  
Iздeнicтep. Ұйымдacтыpy Өзіммен-өзім Балаларға өздерінің жақсы достары жайлы ойлау тапсырылады. Ол өзінің күнделікті өмірдегі достасып жүрген адамы, егер ондай досы болмаса, өз қиялындағы досы, немесе кіммен дос болғысы келетінін ойлау тапсырылады. • Өзімізге досты қалай табамыз? • Неліктен дос керек деп ойлайсыңдар? Балалардың жауаптары. Ойын «Досынды тап». Балалар екі топқа бөлінеді. Бір топтың балаларының көздері таңылып, өз достарын танып, табу ұсынылады. Олар өз досын қолын, шашын, киімдерін ұстап, сипау арқылы табуына болады. Достарын тапқаннан соң орындарын ауыстырады. Қимылды ойын. «Поезд» Ойынның шарты: Тәрбиеші топтағы балаларды екі топқа бөледі. Бірінші топтың балалары бір-бірінің белінен ұстап поезд болады, екінші топ балалары «Поезд» әнін айтады. Ойын музықамен сүйемелденеді. Музықа нотасы қосымшада берілген. Поезд әні Ж.Смақов Кәне, кімнің бойы ұзын? Паравөзы ол поездың. Қатар-катар тұрайық, Поезды біз кұрайық. (2 рет) деген кезде, поезд болып тұрған топтың бір баласы топтың алдына шығып паровөз болып тұра қалады. Осы әннің қалған шумағына бірінші топтың балалары да қосылып, ойынды бастайды. Музықаның ырғағымен балалар поезд көзғалысын бейнелейтін кимылмен жүреді. Ал, паравөз баста алға, Бәрімізді басқарада. Пш-пш, пш-пш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. (2 рет) Гу-гу, гу-гу, гуілде, Қалып қойма бірің де. Пш-пш, пш-пш, біз кеттік, Жүрісті тым үдеттік. (2 рет) Балалар өз орындарында музықаның ырғағымен жүре бастайды. Ілгері жүреді. Балалар гуілдейді. Күледі, қуанады, жүгіреді. Қолдарын белдерінен босатып, алға, артқа тербетіледі. Поездың соңында тұрған баланы паровөз етіп ауыстырып отыру керек. Әндерін айтып жүріп ойнай алатын болса, екі топтың да бір мезгілде ойнауына болады. Ойынның педагогикалық мақсаты балаларды топта әрекет ете алуға, жолдастыққа, ынтымақтаса білуге тәрбиелеу. Дәптермен жұмыс - «Достасу қадамдарын» үлкендермен бірге оқыңдар. Қадамдарды өздеріңе ұнайтын түстермен бояндар. Жағдаяттар шешу Тәрбиеші осы. берілген жағдаяттпарды рет-ретімен шешкен кезде бір-бірімен достаса білу ережесін құрастыратындарын айтады. 1-жағдаят Ғани мен Рүстем құрылыс орталығында өздеріне берілген тапсырманы орындап отыр. Ғанидың жасаған заттары барлық баланы қызықтырып, таңғалдырды. Ал Рүстем қанша талпынғанымен Ғанидікіндей жасай алмай әлек болды. Бұған Рүстем ашуланды. Бұны байқаған Ғани енді Рустеммен бірлесіп жұмыс істей бастады. • Ғани қандай дұрыс шешім кабылдады? • Бұл жағдаяттан достасудың қандай ережесін шығарар едіңдер? Балалардың жауаптары тыңдалады. 2-жағдаят Ғани тамаша заттар жасай алатынымен бірге балалармен де тату ойнай алатын еді. Топтағы барлық ибала Ғанимен ойнағысы келетін. Барлық уақытта өзінің ойыншықтарын ұстап көргісі, ойнағысы келетіндерге ықтиярымен ұсынатын. Ал Рүстем болса өз ойыншығын қызғыштай қорып әлек болумен шаршайтын. Рүстемге осындай қылықтарынан соң балалар да көп жуымайтын болды. • Рүстеммен балалар неге ойнағысы келмейді? • Балалардың неліктен Ғанимен ойнағылары келеді? • Бұл жағдаяттан достаса білудің қандай ережесін шығаруға болады? Балалардың жауаптары тыңдалады. 3-жағдаят Ғани Рүстемге ойыншықтарын балалардан қызғануының дұрыс еместігін ескерткені сол еді, Рүстем екпелеп, бұртиып ешкіммен сөйлеспей қойды. • Ғанидың жолдасына жасаған ескертуі орынды ма? • Сендер өз жолдастарыңа дұрыс емес қылықтарын айтасыңдар ма? • Бұл жағдаяттан достаса білудің қандай ережесін шығаруға болады? Балалардың жауаптары тыңдалады. Барлық жағдаяттарды шешкеннен соң балалалар реніш, өкпе, жанжалсыз қарым-қатынас жасаудың кейбір тәсілдері мен ережелерін «Достық ережесі» деп атауға келіседі.   Балалар өз орындарында музықаның ырғағымен жүре бастайды. Ілгері жүреді. Балалар гуілдейді. Күледі, қуанады, жүгіреді. Қолдарын белдерінен босатып, алға, артқа тербетіледі. Поездың соңында тұрған баланы паровөз етіп ауыстырып отыру керек. Әндерін айтып жүріп ойнай алатын болса, екі топтың да бір мезгілде ойнауына болады. Ойынның педагогикалық мақсаты балаларды топта әрекет ете алуға, жолдастыққа, ынтымақтаса білуге тәрбиелеу     Достық ережесі • Жолдастарыңа көмектес. Егер қолыңнан бір нәрсе келсе оларға да үйрет. • Жолдастарыңмен ойын кезінде өзіңе ұнайтын заттарыңмен бөліс. • Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін айтып, түсіндір. • Жанжалдасудан, сөз таластырудан аулақ бол. Тату ойна, мақтанып кетпе. • Жолдасыңның жетістігіне қуан.  
Қорытынды. Түзету жұмыстары. - Балалар, бүгін біз адамдар арасындағы достық қалай қалыптасатынын білдік. Достар қашанда бір-біріне қол ұшын беріп, қуаныштары мен реніштерін бірге бөлісетіндерін түсіндік. Дос болайық бәріміз Сөзін жазған X. Талғаров Әнін жазған И.Нүсіпбаев Әрқашан дос, біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріндер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер. Қайырмасы. Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сактаймыз, Атсын күліп тақымыз.   Жүректен жүрекке Балалар ұнтаспадан «Дос болайық, бәріміз» әнін тыңдап, қосылып айтады.  

Kүтiлeтiн нәтижe:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1186 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

745 - | 739 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.