Лекции.Орг


Поиск:




тақырып. Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы




1. Хаылқаралық экономиканың (ХЭ) ерекшеліктері және негізгі нысандары.

2. Ақша экономика принциптері.

3. Кәзіргі жағдайдағы шаруашылық процестердің интернационалдануы мен глобализациясы.

Негізгі сөздер: дүниежүзілік шаруашылық, әлемдік экономика, ақша экономика, глобализация

1.Халықаралық экономиканың (хэ) ерекшеліктері және негізгі нысандары.

Дүниежүзілік шаруашылық, әлемдік экономика дегеніміз ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы.

Дүниежүзілік шаруашылық – халқаралық экономикалық қатынастардың объективті негізі және маңызды бөлігі.

Халқаралық экономикалық қатнастар - жалпы экономикалық жүйенің басты компоненті.Халқаралық қатнастардың пәніне, біріншіден, халқаралық қатнастардың өзі,яғни әртүрлі елдердің шаруашылық жүргізуші субьектілері арасындағы экономикалық байланыстар, екіншіден, бұл байланыстарды іске асыратын тетіктер жатады.

Осы заманғы ХЭҚ елеулі, тұрақты мемлекет аралық реттеуді талап етеді.

Экономикалық қатнастардың жүзеге асу механизмі мыналардан тұрады:

Құқықтық нормалар;

Оларды жүзеге асыратын құралдар (халықаралық экономикалық мәмілелер,партиялар т.б.)

ХЭҚ – ды дамыту мақсаттарына жетуге бағытталған халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі.

ХЭҚ құрылымына мыналар кіреді:

Халықаралық еңбек бөлінісі.

Халықаралық сауда.

Капиталдар мен шетел инвестицияларының халықаралық қозғалысы.

Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы.

Халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары.

Халықаралық экономикалық интеграция.

ХЭҚ әлемдік шаруашылық пайда болғанға дейін де болған. Мысалы, жеке елдер арасында, аймақтар шеңберінде ХЭҚ дамыған. Бұл қатынастар еларалық, тар аймақтық сипатта болады.Әлемдік шаруашылық тың пайда болып,дамуына байларысты халықаралық экономикалық қатынастар өзінің әрекет ету шеңберін кеңейтіп және тереңдетіп,ғалама сипатқа ие болады.

1. 2. Ашық экономика принциптері.

Дүниежүзілік шаруашылықтың 20ғ-ң соңғы жылдарындағы даму ерекшеліктерінің бірі-тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу практикасының бірте-бірте сыртқы рыноққа бағытталып, ашық типтегі экономика тенденцияларының басым сипатқа ие болуында. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа елдері балсенді түрде автаркиялық (Автаркия грек сөзі - өзін-өзі қамтамасыз ету) мұрасынан арыла бастады.

Ашық экономика дегеніміз – бұл біріккен кәсіпкерліктің әр түрлерін белсенді пайдалану, еркін кәсіпкерлік аймақтарын ұйымдастыру, сыртқы саудаға мемлекет монополиясын жою, ХЕБ елдің салыстырмалы артықшылығы принципін тиімді пайдалану.

Ашық экономика автаркияға, яғни өзін-өзі қамтамасыз ету принциптері мен өз күшіне сүйену саясатына қарама-қарсы.

Ашық экономиканың артықшылықтарына мыналар жатады:

-өндірістің мамандануы мен коперациясының тереңдеуі;

-ресурстарды пайдаланудың тиімділігі мен ұтымдылығы;

-әлемдік бай тәжірибенің ХЭҚ арқылы таралуы;

-дүниежүзілік рыноктағы қатаң бәсекенің ықпалымен ұлттық өндірушілерарасындағы бәсекенің күшейуі;

Сонымен, экспорттың ЖІӨ қатынасын экспорттық үлес деп атасақ, онда былай жазылады – Эү=Э/ЖІӨ*100%

Егер, Эү 10% болса онда экономиканың ашықтық деңгейі жеткілікті деп есептеледі.

Иү=И/ЖІӨ*100 %

Экономикалық ашықтық көрсеткіштерінің ең маныздысы сыртқы сауда үлесі:

ССү=СС/ЖІӨ*100%

1.3.Қазіргі жағдайдағы шаруашылық процестердің интернационалдануы мен глобализациясы.

Соғыстан кейінгі жылдары ғылыми – техникалық прогресс экономикалардың интернационалдануының айқындаушы факторына айналды. Халқаралық сауданың және халқаралық өндірістің даму қарқындарында шұғыл өзгерістер жасалды. Микроэлектрониканың, биотехнологияның және жаңа материалдарды өндеудін қарқынды дамуы ұлттық экономикалардың өзара тәуелдігін күшейте түсті.

Глобализация құбылысын екі жақта қарастыруға болады.

Макроэкономикалық деңгейдегі глобализация дегеніміз – мемлекеттердің және жеке аймақтардың өз шекараларынан тыс әрекет ететін экономикалық белсенділікке ұмтылуы. Осындай белсенділіктің белгілері ретінде ырықсыздандыру (либерализация), сауда және инвестициялық шектеулерді алып тастау, еркін өнеркәсіп аймақтарын құру, т.б. қарастырылады.

Микроэкономикалық деңгейдегі глобализация дегеніміз – кәсіпорын қызметінің ішкі шекарасынан тыс әрекет етіп, өрісінің кеңейе түсуі. Глобализациялаудың ұлтаралық немесе көпұлттық бағыттағы кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы - әлемдік нарықты меңгеруге күш салады.

 

2 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ.

1. Халықаралық сауда: түсінігі, даму қарқындары.

2. Меркантилистік теория

3. Абсолюттік артықшылықтар теориясы

4. Салыстырмалы артықшылықтар теориясы

Негізгі сөздер: халықаралық сауда, экспорт, импорт

2.1. Халықаралық сауда: түсінігі, даму қарқындары.

ХС дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.

ХЕБ – дегеніміз қоғамдық еңбектің еларалық бөлінісінің жоғарғы сатысы. Ол жекелеген елдердің экономикалық пайдалы өндіріске тұрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.

Сыртқы сауда- белгілі бір елдің басқа елдермен сауда жасауы. Келесі операциялары бар:

Экспорт – тауарды шетке шығару, сату

Импорт – тауарды шеттен әкелу арқылы сатып алу

Реэкспорт – бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату

Реимпорт – бұрын экспортталған және қайта өндеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.

2.2.Меркантелистік теория

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан. Сыртқы сауда маңызын және оның мақсаттарын белгілеуді ең алғаш ұсыныстар жасаған меркантилизм мектебі болған. Меркантилистер байлықтың қайнар көзі мен қоғамның әл- ауқаттылығы материалдық игіліктер өндірісінде емес, ол тауар мен ақша айналымы салаларында болады деп есептеген. Олардың ойынша қоғамның әл- ауқаттылығына сыртқы сауданы реттеу, тауарды сыртқа шығару басқа елден әкелуінен артып тұруы мен елден ақша капиталы қорлануының арасында қол жеткізіледі. Сыртқы сауда мемлекеттің молаюының негізі деп мемлекеттік реттеу құралдарын еңгізу керектігін көрсетті. Мемлекет тауарды сыртқа шығаруды қолдап, шетелдік тауарларға кеден баждарын бекітті. Яғни мемлекет сыртқы сауданы қатаң ретеу механизмдері арқылы жүргізді.

2.3.Абсолюттік артықшылық теориясы

Сыртқы сауданы зерттеудегі келесі теория Абсолюттік артықшылықтар. А.Смиттің «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері» деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалаған. «Егер кез келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне срол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді.» деген.

Бұл теорияның негізгі идеясы еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуы тиіс.

Бұл ұсынылған теория қарапайым еңбек бөлінісіне; еркін саудаға негізделген. 2 ел арасындағы байланысқа және екі тауар айырбасына, еңбектің еркін қозғалуына өндірістік тура шығындарға елдегі жалақы мөлшерінің айырмашылығына қарамайды және транспорт, техникалық шығындар жоқ.

А.Смит өз зерттеулерінде Португалия, Шотландия елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтірген. Бұл мысалда салыстыру туралы ретінде өдірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады. Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан, Шотландияда шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.

А.Смиттің теориясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен кемшіліктері анықталды. Солардың ішіндегі артықшылықтары:

Әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы. Мысал ретінде тек екі ел ғана алынған, бірақ шын мәнінде тәжірибеде бұлай болуы мүмкін емес.

Ақша айырбасының моделі емес, тауар айырбасының моделін қарастырады

Абсолюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды әсер ете алмайды, өйткені тауар өндірісінің альтернативтік құны халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.

2.4.Салыстырмалы артықшылықтар теориясы.

Елдер арасындағы айырмашылықтың болуы – Рикардо теориясының негізі болып табылады. Өндіріс шығындарың салыстырмалы теориясы бойынша өндірілетін өнімнің бір түріне маманданудың, басқа бір елге сол өнімді өндірудің басым артықшылықтарына қарамастан, пайдалы екендігі дәлелденеді. Осыған сәйкес келесі тұжырым жасалған – кез келген елде оның табиғи-климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар өндірісін іске асыруға болады.

ШЕШІМ:

Сауданың негізгі салыстырмалы артықшылық

Сауданың болуы өнімділіктегі салыстырмалы артықшылықтың болуынан

 

 

3-тақырып. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ АРАҚАТЫНАСЫ ТЕОРИЯСЫ.

3.1.Хекшер – Олин моделі.

3.2. Леонтьев парадоксы.

Негізгі сөздер: өндірістік факторлар, Леонтьев парадоксы.

3.1. ХЕКШЕР – ОЛИН МОДЕЛІ.

Іс жүзіндегі кезкелген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік факторлар (жер, капитал) қолданылады.

1919 жылы Э.Хекшер халықаралық айырбас артықшылық немесе өндірістегі сирек кездесетін факторлар (капитал, еңбек, жер) қатынасынан шығатын және әрбір елдің бар өндірістік факторлар қатынасына қолайлы болатын тенденциямен мамандандырылады. Мысалы, жерге бай, қаржы мен еңбекке кедей Австралия өзінің Ұлыбританиямен айырбасында бидай өндірісіне, мал шаруашылығына, мал азығын өндіру мәдениетіне негізделіп мамандануы керек. Ал қаржы мен еңбекке бай, ал жерге кедей Ұлыбритания мақсаты – Австралияға өнеркәсіп тауарларын сату болып табылады.

1933 жылы Б. Олин бұл анализді толықтырады: халықаралық айырбас – бұл «артық факторларды сирек факторларға айырбастау болып табылады. Тауарлардың мобильділігі өндіріс факторларының күрделі мобильділігін алмастырады. Тәжірибеде халықаралық айырбас өндірістегі факторлардың ұзақ мерзімді перспективадағы бағасын теңдестіру тенденциясымен шығаруы керек».

Тұжырым:

-жұмыс күші артық, бірақ капитал мөлшері аз болған елдер еңбекті көп қажет ететін тауарлар өндірісіне мамандандырылады;

-капитал көп, бірақ еңбек мөлшері аз елдер капиталды көп қажет ететін тауарлар өндірісіне мамандандырылады.

Хекшер – Олин теориясының негізі мынандай:

Халықаралық айырбасқа қатысушы елдер тауар өндірісіне мол өндірістік факторларды қолданатын болса, онда олар сол тауарлар мен қызметтерді шетке шығаруға тырысады, ал керісінше кейбір тауарлар бойынша тапшылық көрініс тапса, онда олар өнімдерді шеттен алуға тырыады. Мемлекеттерде өнімдерді экспортқа шығару тенденциясы байқалады. Оларды дайындау үшін өндірістің артық факторы қолданылады және керісінше елге шетелден әкелінетін өнімдер өндірісте керекті сирек фактор. Өндірістік теория факторы - өндірістік өнімді шығарудың алғашқы факторы немесе өндірістік фактор. Классикалық экономикалық теория негізгі үш факторды бөледі: еңбек, жер, капитал.

Халықаралық сауданың дамуы «факторлық бағалардың, яғни осы фактор иесінің алатын табысының теңестірілуіне әкеп соғады.» Дүниежүзілік сауда да мүмкіншілігінше тиісті тенденция – «бағалық факторға» теңеледі, «бағалық фактормен» бірге жобалап ақы төлеу иемденуші фактордың қолданғаны үшін төленеді. Еңбек үшін – бұл еңбекақы, капитал үшін проценттік төлем мөлшері, жер үшін – жер рентасы.

Экспорттық өнімді өндірістік алмасу факторы мен айырбастауға болады, яғни елдер арасында тауар экспортының орнына сол факторлардың өздерін шығаруға мүмкіндік туады.

3.2. Леонтьев парадоксы.

1954 жылы Нобель сыйлығының лауреаты В.Леонтьев сол кездегі капитал молшылығымен ерекшеленетін ел АҚШ-тың экспорты мен импортындағы еңбек пен кпиталдың толық жұмсалуын негізге ала отырып, Хекшер –Олин теориясын қадам жасаған мақаласы жарық көрді. Соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ капиталы мол болып, Европада капитал тапшылығы байқалды (керісінше еңбек көп болды).Сондықтан АҚШ капитал сыйымдылығы бар тауарларды сыртқа шығарып, еңбек көп тауарларды шетелден әкеледі деп күтілген еді. Бірақ нәтиже керісінше немесе бұған қарама – қайшы болды да, теория «Леонтьев парадоксы» деп аталды. Елдегі капиталдың молшылығы Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдерді шет жаққа шығара бастады.

АҚШ-тың пайдаланатын факторлардың ішіндегі өте тиімдісі – еңбек факторы болып табылады.

Оған себеп болған нәрсе – АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель түсінігі – «жұмысшы күшінің біліктілігі» теориясы деп аталады (Американдық еңбектің 1 адам/жылы – шетелдік еңбектің 3 адам/жылына тең болады). Бұл теорияның негізгі түйіні мынада: яғни өндіріске үш фактор емес, 4 фактор қатысады, атап айтқанда капитал, жер, еңбектің 2 түрі – білікті және біліксіз еңбек.

Кәсіби персонал мен жоғары маманданған жұмыс күшінің салыстырмалы молшылығы дайындалуына маманданған еңбек күшін жұмсауды қажет ететін тауарлар экспортына әкеледі. Мамандануы төмен жұмыс күшінің молшылығы өндірісіне жоғары мамандануды қажет етпейтін тауарларды экспортқа шығаруға көмектеседі.

 

4-тақырып. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАДАҒЫ ЖАЛПЫ ТЕПЕ- ТЕҢДІК.

1. Халықаралық сауда теориясындағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың мәнісі.

2. Саудадан түсетін ұтыс.

3. Сауда жағдайындағы баланс.

4. Экспорт кеңейтүші және импорт алмастырушы саясаты.

Негізгі сөздер: айырбастан түсетін ұтыс, маманданудан түсетін ұтыс

4.1.Халықаралық сауда теориясындағы сұраныс пен ұсынысты талдаудың мәнісі.

Кез келген нарықта сұраныс сипаты тұтынушылардың талғамы мен табыстарымен анықталады. Егер сұраныс қисығындағы сұраныс көлемі мен бағанаң арақатынасын шығындар негізінде есептелінген ұсыныс қисығымен біріктірсек онда халықаралық сауданың өндіріс, тұтыну және бағаға әсер етуін көруге болады.

Хекшер – Олиннің моделін мысал ретінде келтіре отырып, экономикалық өсу тенденциясы ескертілетін динамикада салыстырмалы артықшылықтар теориясын қарастырайық.

Халықаралық сауданың өсуі, жұмыс күшінің мамандығын көтеру, жаңа жерлерді, кең орындарын игеру, өнеркәсіпті инвестициялау елдің экономикасының өсуіне, сонымен бірге, ұсыныс пен сұраныстың өзгеруіне өз әсерін тигізеді.

Сұраныстың өзгеруінің белгілі бір заңдылығы бар, оның мәнісі – тұрғылықты халықтың пайдасының өсуі мен әр түрлі тауарларға және қызмет түрлеріне деген сұранысының өсе түсуі әркелкі қалыптасады, яғни, табыстылығы жағынан әр түрлі тауарлар әр қалай икемділік танытады:

4.2.Саудадан түсетін ұтыс.

Әрбір ел саудаға қатысады, егерде ол саудадан ұтыс алса. Кез келген ел өзінің даму деңгейіне қарамастан саудаға қатыса алады. Саудадан түсетін ұтыс 2 бағытта іске асады:

1 Айырбастан түсетін ұтыс (тұтынудан ұтыс) – тек қана шетелдермен саудалық қатынастардан түсетін артықшылық. (автаркия кезінде тұтынатын тауарлардың көлемі елдің еркін сауда кезіндегі алатын ұтысы).

2 Маманданудан түсетін ұтыс (өндірілген ұтыс) – еркін сауда кезінде салыстырмалы артықшылығы бар тауарлар өндірісінен айналысудан артықшылық.

Саудадан түсетін жиынтық ұтыстың бөлінуі: айырбастан ұтыс және маманданудан ұтыс.

4.3.Сауда жағдайындағы баланс.

Жалпы тепе-теңдікті қамтамасыз ету үшін мысалы, АҚШ-тың азық-түлік экспорт, Ұлыбританияның азық-түлік импортына тең болуы керек, және АҚШ –тың киім импорты Ұлыбританияның киім экспортына тең болу керек.

Немесе халықаралық саудадағы тепе-теңдік әлемдік ұсыныстың әлемдік сұранысқа тең болуы. Барлық өндірушілер не сатқысы келеді соны сатады, ал тұтынушылар не сатып алғысы келеді соны алады.

Ұсыныс қисық сызығын қолданып тепе-теңдікті көрсетеміз. Халықаралық тепе-теңдік екі елдің ұсыныс пен сұраныс қисықтарының қиылысқан нүктесі. График түрінде.

Нәтижесінде азық-түліктің бағасы халықаралық тепе-теңдік қалыптаспағанша көтеріледі. Қарастырылған үлгі өндіріс жағдайын (ұсыныс) және тұтынушылар талғамын (сұраныс) сипаттайды.

4.4.Экспорт кеңейтуші және импорт алмастырушы саясаты.

Отандық экономикада тек қана бір салада (киім өндірісінде) экономикалық өсім болса делік. Онда кез келген баға деңгейінде киім өндірісі өседі, ал азық-түлік төмендейді.

Ел экспорттайтын тауар бағытындағы өндірістік мүмкіншіліктердің біркелкі емес өсімін экспортты кеңейтуші (экспортқа бағытталған) деп атайды.

Елге импортталатын тауарлар өндірісінің өсімі импортты алмастырушы деп атайды.

Жалпы қорытынды: экспортқа бағытталған өсім, экономикасы өсу үстіндегі елдің сауда жағдайларын нашарлатады және оның сауда серіктестіктерінің ұтысына әкеледі; импортты алмастырушы өсім, экономикасы дамыған жоғары елдердің сауда жағдайларын жақсартады.

Экономикалық өсім әр елге әр түрлі әсер етеді. Шетелдегі экспортқа бағытталған өсім, біздің сауда жағдайымызды жақсартып бізге пайдалы, ал шетелдегі импортты алмастыру біздің айырбас жағдайымызды нашарлатады.

1950 жылдары дамушы елдердің көптеген экономистері шикізатты экспорттаудан сауда жағдайларының нашарлануын айтты. Олардың ойынша дамыған елднрдегі өсім табиғат ресурстарының синтетикалық алмастырушыларының пайда болуында жатыр, ал дамушы елдер индустриализациясының орнына өсім экспортқа табиғат шикізаттарын өндіретін салаларды кеңейтуге бағытталған деген. Басқаша айтқанда, дамыған елдердегі өсім – бұл импортты алмастыру, ал дамушы елдерге экспортқа бағытталу.

Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша экономикалық өсім дамушы елдерге жағымсыз әсерлер береді дейді. Кейбір жағдайларда экспорттық салалардың өсімі сауда жағдайларын өте нашарлатуы мүмкін, кедей елдің әл-ауқатын тым төмендетеді. Бұл ситуацияны шығынға ұшыратушы өсім деп айтады.

 

5-тақырып. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ТАБЫСТАРДЫ БӨЛУГЕ ЫҚПАЛ ЕТУІ.

1.Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуін талдау.

2.Еркін халықаралық сауда жағдайында табыстарды бөлу.

3.Әлемдік сауда және тұтынушы, өндіруші мүдделері.

4.Халықаралық саудадан алынатын таза ұтыс.

5.Рыбчинский теоремасы.

Негізгі сөздер: табыстарды бөлу, тұтынушы, өндіруші мүдделері

5.1.Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуін талдау.

Рикардоның сыртқы сауда моделі бойынша – саудадан түсетін потенциалды табыстар көрсетіледі, яғни сауда әрбір елдің жұмыс күші тиімсіз салалардан үлкен қайтарым беретін тиімді салаларына ауысу сипатындағы мамандануына әкеледі.Бұл модельде еңбек тек бірден – бір өндіріс факторы ретінде ғана көрінеді және ол бір саладан екінші бір салаға шектеусіз ауыса алады. Демек, бұл модельде саудадан ешкім зиян шеге қоймайды.

Рикардо моделі сауда арқылы мемлекеттермен қатар, әрбір жеке индевид те табыс табады, өйткені сауда айырбасы табысты үйлестіруге әсер етпейді деп болжам жасайды. Шын мәнінде, сауда мемлекет ішінде табыстың бөлінуіне зор әсер етеді, яғни іс жүзінде саудадан түсетін табыстар көп жағдайларда барлық оның қатысушыларына біркелкі бөлінбейді.

Сыртқы сауданың табысты бөлуге елеулі әсерін тигізетін себептері төмендегіше түсіндіріледі:

Ресурстар салалар арасында тез және қосымша шығындарсыз ауыса алмайды.

Салалар тауарларды өндіруде қолданылатын факторлар бойынша ерекшеленеді.

Елде өндірілетін тауарлар жиынтығындағы өзгерістер өндірістің кейбір факторлар тобына деген сұраныс деңгейін төмендетсе, келесі бір факторлар оған керісінше, сұраныс деңгейін көтереді.

5.2.Еркін халықаралық сауда жағдайында табыстарды бөлу.

Елдер арасындағы сыртқы экономикалық қатынастардың дамуы нәтижесінде, әр ел белгілі мөлшерде халқының әл-ауқатының өсу қарқыны бойынша ұтыс алады. Елдер арасындағы және әр ел ішінде халықаралық саудадан ұтыстың бөлінуі сатылатын тауардың бағасымен көлемімен анықталады.

Осы тұжырымды талдау үшін мысал келтіреміз.

Ресей және Канада бидай өндірісімен айналысады. Сыртқы сауда жоқ болғандағы әр елдегі бидай бағасы 1 тонна 200 және 120 доллар. Бағалар арасындағы айырмашылық экспорт үшін (Канада) импорт үшін (Ресей) мүмкіндік береді. Канада фермерлеріне егер әлемдік баға 1т.12 доллардан жоғары болса бидайды экспорттауға тиімді болады. Егерде әлемдік баға жоғары болса бір сәттегі Канададағы ішкі бағалардың өсуімен және бидайға ішкі сұраныс көлемінің төмендеуімен Канада өндірушілерінің бидай ұсынысы жоғарлайды. Сонымен әлемдік нарықтағы бидай дың экспорт көлемі (ұсыныс) бидай бағасының өсуі Sx=Sкан-Dканада жағдайында қалыптасқан Канаданың ішкі нарығындағы ұсыныс пен сұраныс көлемі арасындағы айырмашылықпен анықталады.(В суреті).

Ресейлік тұтынушыларға егер әлемдік баға автаркиялықтан төмен болса, импорттық бидайды (Рw< 200) алу тиімді болады. Әлемдік баға төмен болған сайын және еркін сауда жағдайында ішкі баға, Ресейде бидайға сұраныс көлемін жоғарлатады. Бір уақытта Ресейлык өндірушілер ұсыныс көлемін азайтады. Сонымен, әлемдік нарықтағы (Dм) импорт көлемі (сұраныс) бидай бағасына төмендеуі Dм=Dрес-Sрес жағдайында қалыптасқан Ресейдің ішкі нарығындағы ұсыныс пен сұраныс көлемі арасындағы айырмашылықпен анықталады.

Ресей мен Канада арасындағы сауданың нығаюынан Канадада бидай бағасы өседі және оның сыртқы нарықта сату үшін ұсынысы өседі, ал Ресейде баға төмендейді және оның импортқа сұраныс көлемі өседі.Б суретінде импортқа сұраныс функциясы және импортқа ұсыныс функциясы көрсетілген, олар тепе- теңдік бағаға сәйкес келетін нүктеде қиылысады. Бидайдың әлемдік нарығында тепе – теңдігі 1 т -150 доллар болғанда жетеді.Осындай бағада Ресейдегі артық сұраныс (50-20=30) Канададағы артық ұсынысқа сәйкес келеді (60-30 =30).Баға жоғары болған кезінде әлемдік нарықтағы бидайдың ұсыныс көлемі сұраныс көлемінен асып түседі және ол бағаның төмендеуіне әкеледі. Төмен баға жағдайында, керісінше сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен асады және әлемдік баға тепе – теңдікке жеткенше өседі.

5.3.Әлемдік сауда және тұтынушы, өндіруші мүдделері.

Еркін сауда қатысатын елдерге өзара тиімді болса да ел ішінде кейбір халық тобы ұтады, ал кейбіреулері ұтылады. Тұтынушы мүддесі.

Елдер арасындағы сауда қатнастарына дейін Ресейдегі бидай сатып алушылары тұтынушы артығын талады, бір үшбұрыш көлеміне сәйкес (а суреті) Канададағы бидай тұтынушыларына (6+7+9) көлем мөлшеріне сәйкес (в суреті).

Екі ел арасындағы сауда қатынастары пайда болғаннан кейін Ресей бидай импорттаушы болады және ішкі нарықтағы баға 1т -200 ден 150 дейін төмендейді. Ресейдегі тұтыну ұтысы (1+2+4+5) көлеміне дейін өседі. Таза тұтыну ұтысы (2+4+5) ке жетеді.

Канадада сауда қатынастарына кіргеннен кейін кері өзгеріс болады: ішкі баға 1т 120 дан 150 дейін өседі және ол бидайдың ішкі сұранысы көлемінің төмендеуіне әкеледі.Канада тұтыну артығы 6 сәйкес көлемге қысқарады және тұтынушылардың таза шығыны (7+9) тең.

Сонымен, халықаралық сауданың дамуымен экспорттаушы – ел экспортерлері ұтылады, өйткені бағаның өсуіне өндіріс көлемін қысқартуға мәжбүр болады.

Импорттаушы- ел тұтынушылары ұтады,өйткені керекті тауарларды үлкен көлемде төмен бағамен ала алады.

Өндірушілер мүддесі.

Сауда қатынастарына дейін Ресейдегі және Канададағы өндірушілер өндіруші артығын (2+3) және (8+10) көлеміне сәйкес алады.

Сауда қатынастары орныққаннан кейін Канадалық бидай өндірушілер экспорттаушы болады және өндіріс көлемін өсіру үшін жоғары баға деңгейінің және өткізу нарықтарының кеңеюінен қосымша ынта алады.Осы жағдайда өндірушілердің жиынтық ұтысы (7+8+9+10+11) көлеміне сәйкес келеді, ал халықаралық сауданың дамуынан таза ұтыс (7+9+11). Ресейлік өндірушілер өз өнімдерін төмен бәсекеге қабілеттілігінен ішкі нарықта шетелдік бәсекелестерден қалады және өндірістерін қысқартады. Олардың жиынтық ұтыстары 3 көлемге дейін қысқарады, нәтижесінде олар 2 көлеміне сәйкес көлеміне ұшырайды.

5.4.Халықаралық саудадан алынатын таза ұтыс.

Сонымен, халықаралық сауданың дамуы барлық елдерге ұтыс әкеледі.Егер де өндіруші пайдасы отандық тұтынушылар шығынынан асса санды экспорттаушы елде таза ұтыс болады, импорттаушы елде керісінше әл- ауқаттың жалпы өсімі импортпен бәсекелес өнім өндірушілердің шығынын тұтынушылар ұтысы жабатын болса ғана болады.

Елдер арасындағы халықаралық саудадан ұтысты бөлу.

Экспорттаушы елдің таза ұтысы (11 көлем) б суреті экспорттың физикалық көлемінен (60-30 = 30)және қаншалықты әлемдік баға автаркиялық бағадан (150-120 = 30) жоғары болады содан тәуелді. Импорттаушы елдің таза ұтысы (4-5 көлемі) а суреті импорттың физикалық көлемінен (50-20 =30) және қаншалықты баға елде төмендетеді (200-150=50) содан тәуелді елдер арасындағы саудадан ұтысты қарастыру үшін сұраныс (импорт) және ұсыныс (экспорт)функциясын талдаймыз.(б суреті). Бұл графикте барлық ақпарат бар: экспорт пен импорттың тепе- тең көлемі және саудаға дейін және сауда жағдайындағы баға деңгейі.Импортер елдің таза ұтысы импорттың сұраныс қисығы Dм мен әлемдік баға линиясындағы көлемге тең. Ал экспорттаушы елдің таза ұтысы әлемдік баға линиясындағы және экспорттық ұсыныс Sx қисығының көлеміне тең.

Екі елдегі сауда көлемі бірдей болғандықтан оған ұтыстың бөлінуі елдердегі бағалардың әлемдік қатысты қаншалықты өзгергендігіне тәуелді.

Біздің мысалда Ресейдің баға деңгейі 33% төмендетеді (200-150)/150*100%) ал Канадада баға 20 % өсті (150-120/150*100%). Сондықтан да Ресейдің ұтысы 66,7 % жоғары болады.

Сонымен халықаралық сауда өзара тиімді болады, және одан түсетін ұтыс елдері арасында біркелкі емес бөлінеді. Көп ұтысты бағасы көп дәрежеде өзгерген ел алады.

5.5. Рыбчинский теоремасы

Рыбчинский теоремасының жеке жағдайы ретіндегі “колландық сырқат”.

Рыбчинский теоремасында сипатталатын факторлар ұсынысының бір қалыпты емес өсуінің мына тұрғыдағы маңызы ерекше: басқа да өзгермелі факторлардың тұрақтылығы кезіндегі ұсыныс факторлары бірінің өсуі осы факторларды қарқынды пайдалану барысындағы тауар өндірісінің өсуіне және басқалай тауарлар өндірісінің қысқаруына әкеледі.

Бұл жағдай мысылы, егер капитал өсімі байқалатын болса. Мексикада киім өндірісі кезінде қалыптасуы мүмкін.

Рыбчинский теоремасы іс жүзінде бірнеше рет дәлелденеді осылайша Голландияның «голландық сырқатты» индустриялизациясыздандырудың хрестоматикалық сипатына айналып үлгерді.Бұл проблема Голландияның белсенді түрде кең орынын ашып, пайдалануына байланысты пайда болды.Сөйтіп табиғи газды өндірудің өсуіне орай Голландияның өнеркәсіптік экспорты қысқара түскендейәсер қалдырады; ал жылу отынның барлық түріне (табиғи газды қоса алғанда) әлемдік нарықтағы бағаның өсуі бұл тенденцияны күшейте түсті. Бұл жағдай Рыбчинскийдің мына теоремасынан тарайды: Жаңа сектор ресурстардың басқа салалардан неғұрлым жоғары еңбек ақы мен осы сектордағы соғұрлым табыстың есебінен кері қайтуына әсерін тигізді. Соның нәтижесінде өңдеуші кәсіптің өнімі қысқарды.Осылайша, дүниежүзілік сауданың ұнамды жақтары мен қатар, ұнамсыз салдары да болуы мүмкін. Бұл, әрине сыртқы сауда саясатында еркін сауда және протекционизм тәрізді екі бірдей тенденцияның бар екенің көрсетеді.

 

 

6 тақырып. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ БАЛАМАЛЫ ТЕОРИЯЛАРЫ.

1. Масштаб эффектісі негізіндегі сауда.

2. Олигополия және монополиялық бәсеке жағдайындағы сауда.

3. Р.Вернордің тауардың өмірлік циклі теориясы.

Негізгі сөздер: масштаб эффектісі, сыртқы масштаб эффектісі, өнімнің өмірлік циклі

6.1. Масштаб эффектісі негізіндегі сауда.

Классикалық теорияның күштілігі оның қарапайымдылығы және әр түрлі елдердегі технологиялардың әртүрлілігі.

Халықаралық сауданың пайда болуының 2 себептері бар: 1) елдер ресурстар және технологиялармен әртүрлі және қандай тауарды жақсы шығарады соған маманданады; 2) сауда себебі, тар өнім нарығында елдің мамандануын тиімді жасайтын масштабты үнемдеу.

Кестеде саладағы шығын мен арақатынасы көрсетілген. Сала өндірісі тек қана жұмыс күшін талап етеді, оның саны өндіріс көлеміне байланысты.

Өнім өндіру көлемі Еңбектің жалпы шығыны Еңбектің орташа шығыны
     
    1,5
    1,33333
    1,25
    1,2
    1,166666

10 өнімді шығару үшін 15 еңбек сағаты керек.

Бұл жерде масштаб тиімділігі еңбек шығынын көтерген кезде 15-тен 30-ға дейін өндіру көлемі 2,0 есе өседі. Басқа нысанда масштаб тиімділігі бір өнімге шығындардың азаюынан көрінеді: егер тек 5 өнім шығарылса, әр өнімге 2 сағат кетеді, ал 25 өнімге 1,2 сағат кетеді.Қорытынды: Әлемдік нарықта тауар көлемі көп болады, егер оны екі ел емес бір ел ғана өндіретін болса.

6.2. Олигополия және монополия бәсеке жағдайындағы сауда.

80 жылдардың басында америка экономистері П.Кругман және К.Ланкастер халықаралық сауданың себептерін түсіндірді. Олардың әдісі бойынша, бірдей өндіріс факторларымен қамтамасыз етілген елдер бір-бірімен сауда қатынастарынан максималды пайда алады, егер де олар масштаб эффектісіне негізделген әртүрлі өндірісте маманданса. Бұл микроэкономикалық теория мәні келесі, - белгілі технология және өндірісті ұйымдастыруда өнім өндірісін өсіргенде ұзақ мерзімді орташа шығындар қысқарады, яғни жаппай өндірістен туындайтын үнемдей пайда болады. Осы жаппай өндіру эффектісін іске асыратын сала – халықаралық сауда, бұл жерде төмен бағамен көп өнім ұсынылады.Ішкі масштаб эффектісі – фирмада өндіріс масштабын өсіру төмен орташа шығындарға әкеледі. Халықаралық кедергілерді төмендету арқылы нарықты үлкейту ішкі салалық сауданың өсуіне әкеледі және тауарлар әр түрлі болады. Мысалы, Еуропады автомобиль саласы. Жеке өнім бірліктерінде масштабты үнемдеу болса ішкі үнемдеу фирма ішінде де болады. Бұл жағдай бір фирма ішінде әртүрлі зауыттарда жеке компонеттердің өндірісіне әкеледі.

Сыртқы масштаб эффектісі – жеке фирма емес, сала деңгейінде масштаб эффектісі қолданылғанда пайда болады. Белгілі географиялық ауданда кіші фирмалардың топтасуы әр жеке фирманы тиімді жасайды. Маманданған жабдықтаушылардың дамуы немесе маманданған жұмысшылардың немесе білімдердің ағымы саладағы өндіріс шығындарын төмендетуі мүмкін және географиялық ауданға бәсекелестік артықшылық береді. Мысалы, Калифорниядағы Силиконовая долина.

6.3. Р.Вернордің тауардың өмірлік циклі теориясы.

Жаңа технологиялық бағыттың неғұрлым танымал тнориясы 1966 жылы ал американдық ғалым Раймонд Вернон, Киндельберг және Ульстер ойлап тапқан «өнімнің өмірлік циклі» болып табылады. Бұл алғашында американ нарығы үшін қарастырылып, АҚШ-та тұтынылып жүрген тауарлар болатын. Сөйтіп, олар біртіндеп басқа елдерге де тарай бастаған 60-жылдармен тұспа-тұс келген еді.

Жаңа өнімді ішкі нарық үшін өндіре бастаған циклдің бірінші кезеңінде (жаңа өнім кезеңі) оған деген сұраныс аса үлкен емес. Мұндай сұраныс тауарды сатып алу туралы шешім қабылдауда оның бағасына ерекше мән бере қоймайтын табысы жоғары адамдарға ұсынылады. Табысы жоғары адамдар көбейген сайын нарық өндірісінде жаңа тауарлардың пайда болуы мүмкін. Мұндай технология жоғары маманданған қызметкерлерді көптеп пайдалануды көздейді. Тауар шыққан елде ғана өндіріледі және тұтынылады., тек қана ішкі нарыққа бағытталған. Бірінші кезеңде жаңа тауардың экспортқа шығуы елеусіздеу болады. Екінші кезеңде (өнімнің өсу кезеңі) ішкі нарықтағы сұраныс жедел өсіп, өнім көпшілікке танымал бола бастайды. Жаңа тауардың үлкен партияларын топтап шығару жүзеге асырылады. Жаңа тауар шет елде де сұранысқа ие болады. Алғашында ол экспорт тауар есебінен қанағаттандырылып, кейіннен өндіріс технологиясын ұсыну арқылы жаңа тауарды шет елде де өндіру жолға алынады.

Үшінші кезеңде (тауардың кемелдену кезеңі) ішкі нарық қанықтығы жоғары деңгейге жетеді. Өндірістік технология толығымен стандартталады. Бұл біліктілігі төмендеу жұмыс күшін пайдалануға, өндіріс шығындарын, бағаны төмендетуге, тауар пайда болған елдің ішкі нарығына ене бастаған шет ел компаниялары мен жаңашыл елдің фирмаларының максималды тауар өндірісіне қол жеткізулеріне мүмкіндік береді.

Өнімді ойлап шығарған елге тауарды өндіру тиімсіз болады. Оны еңбек күші арзан басқа елге аудару тиімдірек. Басқа елдер оны ішкі нарыққа лицензия бойынша өндіреді.

Төртінші кезең (өнім өндірісі күйреген кезең) арзан жұмыс күшін қолданып тауар қабылдап алған ал өнімді ойлап шығарған елге өз жергілікті өндірушілерін ығыстырып өнімді сатады. Өнімді ойлап шығарған елде тауар өндірісі тез төмендейді және экспорт тоқталады.

Бесінші кезең (ішкі тауардың тоқталу кезеңі) циклдің соңғы кезеңінде өнім «қартаяды», оны өндіру қысқара бастайды. Бағаны бұдан әрі төмендету, «кемелдену» кезеңіндегі сияқты сұраныстың өсуіне әкелмейді. Өнімді ойлап шығарған ел сол өнімді импорттай бастайды. Сол кезде бұл жаңа өнімді ойлап шығара бастайды.

7 тақырып. СЫРТҚЫ САУДА САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ.

1. Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және түрлері.

2. Тарифтің кішігірім және үлкен ел экономикасына ықпал етуі.

3. Сауда саясатының құралдары.

4. Тарифтік емес кедергілер.

Негізгі сөздер: халықаралық сауда саясаты, тариф, тарифтік емес кедергілер

7.1.Халықаралық сауданы мемлекеттік реттудің қажеттілігі және түрлері.

Халықаралық сауданың саласында саясаттың екі түрі бар:

халыаралық сауда саясаты;

сыртқы сауда саясаты.

Халықаралық сауда саясаты – халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Оны БСҰ (ВТО) жүргізеді.

Сыртқы сауда саясаты – мемлекеттің басқа елдерімен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі.

Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

-осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен әдісін өзгерту;

-эксорт пен импорт көлемдерін өзгерту;

-елдеі қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия т.б.);

-экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.

Сыртқы сауда саясатының екі түрі бар:

-еркін сауда саясаты (фритредерство);

-Протекционизм.

7.2.Тарифтің кішігірім және үлкен ел экономикасына ықпал етуі.

Елдің импорттық тауарларға сұранысы өзгерісі әлемдік бағалардың өзгерісіне әкелмесе, онда ол ел кіші ел деп саналады.

Кіші ел экономикасына тарифтің әсер етуін қарастырамыз. Импорттық тауарларға тапиф тауардың ішкі нарықтағы бағасын көтереді. Нәтижесінде осы тауармен бәсекелес отандық сала өндірісі өседі, ал импорттық тауарға сұраныс төмендейді. Импорт көлемі төмендейді, өйткені ішкі сұраныс көлемі мен ішкі ұсыныс көлемі арасындағы айырмашылық қысқарады.

Кедендік баж алымдары мемлекеттік бюджетте жинақталады және табыстардың өндіруші мен тұтынушы арасында қайта бөлінуі болады.

Сонымен импорттық баж алымын енгізу отандық және импорттық тауарларға бағаның 15 долларға дейін өсуіне әкеледі.

7.3.Сауда саясатының құралдары.

Сауда саясатының құралдарына жатады: тарифтік және бейтарифтік.

Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф – бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі.

Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсіндіріледі.

Кедендік баж алымы келесі критерийлер бойынша жіктеледі:

Тауар қозғалысының бағыты бойынша.

Тауар қозғалысының бағытына байланысты импорттық, экспорттық транзиттік баж салықтары болады. Көбінесе импорттық баж салықтары кездеседі. өйткені олар ұлттық өндірісті, ішкі бағалар деңгейін қорғау мен фискалды және саяси мақсаттарда кең қолданылады.

Баж салығын орнату әдісі бойынша.

Орнату әдісіне сәйкес баж салықтары адвалорлы, спецификалық және құрама болып бөлінеді. әлемдік саудада кең тараған тауар бағасына байланысты пайыз мөлшерімен орнатылған баж салығы адвалорлы деп атайды. Спецификалық (арнайы) кедендік баж алымы өлшем бірлігінің абсолютті мағынасында орнатылады. Құрама (комбинированный) аралас баж салықтары екі әдіспен орнатылады.

Баж алымдарының іс-әрекет бағыты бойынша.

Іс-әрекет бағыты бойынша преференциалды және дискриминациялық баж салықтары болып бөлінеді. Преференциялды алымдары бір елдер немесе қандай бір тауарларға тиімді жағдай жасау мақсатында минималды деңгейден төмен қойылады. Дискриминациялық баж салықтары қандай да бір ел немесе тауарға қарсы орнатылып, оған тиімсіз жағдайларды орнатуға бағытталады.

Демпингке қарсы баж алымдары орын толтыру (компенсациялық) баж алымдарының түрі болып табылады. Олар демпингке қарсы қолданылып, бағалар деңгейін қалыпта жағдайда ұстау үшін пайдаланылады.

Экономикалық саясат құралы ретінде тарифті қолданудың қарсыластары тарифке қарсы бірқатар дәлелдер келтіруде:

тариф - экономикалық өсуді тежейді;

тариф – тұтынушыларға салықты ауыртпашылықты ұлғайтады;

импортталған тауарларға салынатын тариф жанама түрде елдің экспортына нұқсан келтіреді;

тариф – жұмыспен қамтудың жалпы деңгейінің қысқаруына әкеледі;

тарифтерді бір жақты еңгезу көп жағдайда сауда соғыстарына әкеледі;

Ал тарифтерді жақтауға мынадай дәлелдер келтіреді:

тариф – жас салаларды қорғайды;

тариф – жергілікті өндірушілерді ынталандыру құралы;

тариф – бюджеттік түсімдердің маңызды көзі;

тариф – ұлттық қауіпсіздікті, елдің халықаралық беделін қорғайды.

7.4.Тарифтік емес кедергілер.

Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:

белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралар: квоталар, лицензиялар, орнын толтыру алымдар, импорттық депозиттер және демпингке қарсы және орнын толтыру баж алымдары.

тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілдік шаралар: кедендік құжаттарды дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылған талаптар т.б. сияқты.

Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған, бірақ сол нәтижеге әкелетін басқадай шаралар.

Квоталар мен лицензиялар.

8 тақырып.КАПИТАЛДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУ.

1. Капитал миграциясына түсінік беру,оның маңызы мен себептері.

2. Капитал миграциясының түрлері,кәсіпкерлік капиталды шетке шығару.

3. Қарыз капиталының миграциясы және халықаралық несие.

Негізгі сөздер: капитал миграциясы, халықаралық несие, кәсіпкерлік капитал, тікелей және портфелдік инвестиция

8.1. Капитал миграциясына түсінік беру,оның маңызы мен себептері.

Капиталдың шетке қарай ығыстырады. Негізінен,ол тауарлардың шетке шығарылуын толықтырады және де сыртқы нарықтарды жеңіп алу құралы ретінде қолданылды. Тауарлардың шетке шығарылуы қарқынымен салыстырғанда,капиталдың шетке шығарылу қарқыны 5 есе көп болды.Капитал миграциясындағы «капитал» термині өндіріс факторы ретінде ғана емес еңбек,жер,кәсіпкерлік қабілеттілік және басқа да мағынада қарастырылады.Халықаралық капиталдың шетке шығарылуы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі.Капитал миграсиясының ең басты себебі – белгілі бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көп болуы,яғни оның шектен тыс көп жинақталуы.Осы артық кпитал кәсіпкерлік пайда немесе процент алу мақсатында шетке шығарылады:

Капитал деген сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі,яғни тең болмауы (мысалы,дамушы елдерде кпиталға деген сұраныстың өте көп болуы,яғни ол елдерге капиталды енгізу өте тиімді іс болып табылады.)

Жергілікті нарықты мон.ополизациялауға мүмкіндік ашылады (мысалы,белгілі бір елге каптиалды сату арқылы инвестор ел өз талабын,шартын орындатуға мүмкіншілік табады.)Капитал енгізілетін елде шикізат пен жұмысшы күшінің арзан болуы.Тұрақты саяси жағдайдың және жалпы алғанда ыңғайлы инвестициялық климаттың болуы.

8.2. Капитал миграциясының түрлері,кәсіпкерлік капиталды шетке шығару.

Капиталдың сыртқа шығарылуы, ішке тартылуы және шетелде жұмыс істеуі төмендегі формалар бойынша іске асады:

1) Жеке меншік және мемлекеттік капитал формалары. Ол көбінесе жекелеген елдегі мемлекеттік ұйымдар мен компаниялардың капиталды тасымалданунанегізделеді. 1989жылы АҚШ-тың капиталды шетке шығаруы жуық шамамен 155млрд.долларға жеткен,оның ішінде:

- жеке меншік капитал – 122 млрд.дол.

- мемлекеттік капитал – 33 млрд.дол.

2) Ақша және тауар формалары. Сыртқа шығарылатын капитал ақша формасында шығарылмайды,сонымен бірге,ол машина,құрал-жабдық, «ноу-хау»,патеттер және таурлық несиелер формасында шығарылады.

3) Қысқа мерзімдік (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімдік формада.1989 жылы АҚШ 92 млрд.дол.көлемінде қысқа мерзімдік және 63 млрд.дол.мөлшерінде ұзақ мерзімдік капиталды шетке шығарған.

4) қарыз және кәсіпкерлік формада.1989 жылы қарыз капиталы 96 млрд.дол-ға,ал кәсіпкерлік капитал 59 млрд.дол-ға тең болды.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан,заемнан,несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Ал кәсіпкерлік формада капитал көп жағдайда кіріс ретінде табыс әкеледі.Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – бұл басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау.

Бұның негізгі жолдары:

· шетелде жеке меншік кәсіпорындарды салу;

· шетелде аралас кәсіпорын құру,

· істеп тұрған жергілікті кәсіпорындардың бөлімдерін ашу,

· заңды түрде тәуелсіз кәсіпорындардың бөлімдерін ашу;

· жергілікті компаниялардың үстінен бақылау жүргізу.

8.3. Қарыз капиталының миграциясы және халықаралық несие.

Қарыз капиталының шетке шығарылуы несие немесе заем (қарыз) беру арқылы жүзеге асырылады.Несие берудегі мақсат – жоғары қарыз процентін алу.Қарыз капиталының шетке шығарылуы – қазіргі заманға халықаралық несиенің негізі болып табылады.Ол елдер арасындағы тауар айырбасының өсуіне мүмкіндік жасайды,олардың арасындағы есеп айырысуларды жеңілдетеді,экономиканы дамыту мақсатында сыртқы қаржыларды тартуға мүмкіндік береді.халықаралық несие қарыз алған елдің шаруашылығының жылдам дамуына жәрдемдеседі.Мемлекеттер арасындағы несиелік қатынастар жоғары қарқынмен кеңейіп келе жатыр,олардың көлемі әлемдік сауда қарқынынан және тікелей шетел инвестицияларының ұлғаюынан әлдеқайда артық деп есептелінген.Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық,жеделдік және процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі.Несие берушілер мен оны алушыларға банктер,.компаниялар,жекелеген кәсіпкерлер,мемлекетік ұйымдар,үкіметтер және халықаралық,аймақтық ұйымдар жатады.

Халықаралық несие әр түрлі формада болады.

Өзінің мақсатты пайдалануына байланысты халықаралық несие екіге бөлінеді.

- байланысқан несие;

- қаржылық несие;

Байланысқан – қаржылық несиелердің несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады.

Оларға жататындар:

- комерциялық несиелер – олар таурларды сатып алу немесе қызметтерге ақы төлеу кезінде беріледі.

- инвестицялық несиелер – нақты бір обьектіні сату кезінде беріледі.

Бұл несиелермен салыстырғанда,қаржылық несиелер қатаң түрдегі мақсатта берілмейді.Қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес берілілді.Мысалы,тауар сатып алу,инвестициялар,қаржылық операцияларды жүргізу,төлем балансының тапшылығын жою,сыртқы қарыздарды жоюжәне тағы басқа мақсаттарда.

 

9 тақырып. ЖҰМЫСШЫ КҮШІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МИГРАЦИЯСЫ.

1. Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері.

2. жұмысшы күші миграциясының қазіргі кездегі масштабтары мен бағыттары.

3. Жұмысшы күшін экспорттаушы және импорттаушы елдердің табыстары мен шығындары.

4. Қазіргі кездегі жұмысшы күшін тарту.

Негізгі сөздер: халықаралық жұмыс күшінің миграциясы, білімділердің кетуі, жұмысшы күшінің экспорты

9.1. Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері.

Халықаралық жұмыс күшінің миграциясы –яғни,өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатымен еңбекке қабілетті халықтың бір елден екінші елге ауысуы,сонғы он жылдықта кең тарлып отыр.

Жұмысшы күшінің ауысуы дегеніміз – адамның тұрақты мекен жайларының шекарасынан өтіп кетуі мен қайта оралу процесін көрсететін қозғалыс.

Халықаралық миграциясының жұмыс бабындағы, отбасылық, рекрециондық (үзіліс,дем алу,мерзімі және туристік) тағы басқа нысандары бар.Біз негізінен халық аралық еңбек миграцисы мен жұмысшы күшінің халық аралық рыногына тоқталамыз. Жұмысшы күшінің халықаралық рыногы ұлттық шекарадан өтіп кететін еңбек ресурстарының ерсілі-қарсылы қозғалысы.Халықаралық еv





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2326 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

1014 - | 829 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.