Лекции.Орг


Поиск:




Драмалық шығармаларды оқыту жолдары. Көркем шығармалардың композициясы мен сюжетін таныту

 

   

Мақсаты: Драмалық шығармаға байланысты, көркем шығарманың композициясы туралы мағлұмат беру.

1.Драмалық шығарма жанрына байланыстымағлұмат

2.Көркем шығармалардың композициясы мен сюжетін таныту

Негізгі ұғымдар: драма, тартыс, қатысушы, көрініс, ремарка, акт, композиция, сюжет.

Дәріс (түйіні)

Драмалық шығармаларды оқытқанда, оның өзіне тән ерекшелігі ескеріледі. Мұнда автордың баяндауы, суреттеулер, кейіпкерлер мінезі мен портреті берілмейді. Драмалық туындыда кейіпкер‑қатысушылар өздері сөйлейді. Пьеса оқиғасы басталмас бұрын, оған қатысушылар, олардың кім екендігі беріледі. Әрі қарай кейіпкерлер сөйлеу, өз ойларын айту, оқиғаға қатысу арқылы беріледі. Пьесадағы кейіпкерлердің көңіл‑күйі, қимыл‑қозғалысы автордың түсініктемесі (ремарка) арқылы беріледі. Қазақ драмасын қаһармандық, саяси‑әлеуметтік, тарихи‑ғұмырнамалық (Р.Нұрғали) деп бөлу оның табиғатының түрлілігінен хабар береді.

Драмалық шығармаларды өтерде мұғалім оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:

- мұғалім алдымен өзі оқып көрсетеді;

- оқушылар рөлдерге бөліп оқиды;

- пьесадағы негізгі тартысты анықтайды;

- басты кейіпкерлерге мінездеме береді;

- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.

Пьесада көзге көрініп тұрған әрекет, оқиға болмағандықтан, оқушыларға алдымен қатысушыларды анықтап, олардың кімдер екендігін жете ұғынулары керек. Мәселен, белгілі драматург С.Жүнісовтің “Қызым, саған айтам...” пьесасының көтерген тақырыбы – адагершілік‑ізеттілік мәселесі. Мұндағы бір отбасының ойран болған тағдыры басқаларға сабақ боларлықтай көрсетіліп, адамдар арасындағы тұрмыстық‑отбасылық қарым‑қатынастың мәнін ашады. Пьесаға өзек болған басты әрекет барысында Мұрат пен Разияның отбасылық тірлігіндегі алуан түрлі оқиғалар мұндағы тартыс сипатын тереңдетіп отырады. Драматург образдарды даралауда өнімді тәсілдердің бірі – психологизмді қолданған. Жалпы, көркем туындыларда психологизм мәселесі екі жақты көрінеді: бірі ‑ ол алдымен жеке танымның құрылымы ретінде – адамгершілік, психологиялық және идеологиялық деңгейде көрінсе, екіншіден, тұлғаның ішкі әлемін ашу тәсілі ретінде көрінеді. Драма театр өнерімен байланысты. Қазақ драматургиясы осы жанрға тән сипаттарды бойына жинаған, өркендеу үстіндегі жанр.

Композиция мен сюжет. Композиция ‑ әдебиеттану ғылымындағы мазмұны терең теориялық ұғым. Композиция дегеніміз – көркем шығарманың құрылысы деген сөз. Көрем шығармада негізінен бейнеленетін – адамдардың өзара қарым‑қатынасы, әрекеті. Композиция – шығарманың сюжеттік‑баяндауыштық жағымен бірге, оның бейнелілік бітімін, характерлер сипатын толық қамтитын ұғым. Оның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз қозғалысын реттеу де жатады. Осы іс‑әрекеттер сюжет құрайды да, кейіпкердің мінез‑сипатын, қимыл‑әрекетін, мақсат‑мүдесін, танытады. Композициядағы маңызды мәселе – компоненттерді орналастырудағы жүйелілік. Автордың алғашқы кезекте қай мәселені, екінші кезекте не жайында айтпақшы болғаны, нені бөлшектеп, суреттейтіні де белгілі мақсатқа бағындырылады.

Сюжетті эпикалық шығармалардың құрылымында жиі ұшырасатын композициялық бөлшектің бірі – лирикалық шегініс. Бұл детальдің неге эпикалық шығармаға тән екенін былайша түсіндіруге болады. Драмалық шығармаларда авторлық баяндау жоқ. Лирикалық шығармада автордың әр алуан көңіл‑күйі беріледі. Лирикалық шегініс дегеніміз – эпикалық шығарма авторы ойы мен сезімінің шығармада тікелей көрінуі. Лирикалық шегініс арқылы:

- қаламгер кейіпкерлер мен олардың әрекеттеріндегі өзінің пайымынша ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын аударып, мәтін әсерлілігін күшейтеді;

- бір кейіпкерге бағытталған оқиғаның басқа кейіпкерлерге де қатысты екенін көрсетеді;

- автор өз шығармасының сипат‑болмысын хабарлайды.

Мәтіннің мазмұнын тереңдетіп, идеясын кеңейту үшін қаламгер кейде композициялық тәсілдердің бірі – оқшау эпизодтарды қолданады. Оқшау эпизодтар деп, мәтінде баяндалатын негізгі оқиғаға тікелей қатысы жоқ жанама көріністердің суреттелуін айтамыз. Кейде бұлар лирикалық шегініс секілді мәтіннің идеясын, пафосын түсіндіру үшін қолданылады. Көркемдік ишаралау – композициялық бөлшектердің бірі. Қаламгер өзі суреттеп отырған құбылыстың мән‑маңызын мейілінше ашу үшін, сол оқиғаларға кейбір сипаттары үйлесетін үзік, эпизодтарды енгізеді. Сол сияқты қаламгер алда болатын оқиғаны барынша терең түсіндіру үшін оны алдын ала соған іштей ұқсас көріністер арқылы аңғартатын тәсілдерді қолданады. Мәселен, М.Әуезовтің “Қорғансыздың күні” әңгімесінде Ақан мен Қалтай жолда келе жатқанда, олардың ниет‑пиғылынан хабар беретіндей Күшікбай кезеңі аңызы беріледі. Табиғаттың сұрғылт кезіне, Күшікбай аңызы қосылып, алдағы трагедиялық оқиғаның болатынын аңғартады. Бұл көркемдік аңдату болады.

Сюжет – эпикалық, драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиғаның дамуы. Сюжет тарихи‑әлеуметтік мәнге ие. Сондықтан, сюжетті қарастыру үстінде, шығарманың негізінде қандай қоғамдық тартыс жатқанын және оның қандай ұстаным тұрғысынан бейнеленгенін айқындап алу керек. Сюжетте қаламгердің жазу шеберлігі көрінеді. Сюжет толыққанды шығу үшін ол тиянақталып, тартыстың даму сипаттары, себеп‑салдарлары, оқиға дамуындағы әрбір эпизод айқын, көркем ашылу керек. Эпикалық шығармалардың бөлімдерге, тарауларға бөлінуі, автор немесе кейіпкер атынан баяндалуы композицияға қатысты. Жанры әр түрлі формадағы мәтіннің композициясын оқыту көркем шығарма табиғатын танып‑білуге үйретеді. Көркем шығарманың композициясын танытудағы мақсат – шығармадағы негізгі ой‑пікірді, идеялық мазмұнды ұғындыру. Мектептің төменгі сыныбында көркем шығарманың құрылысы ең жеңіл ұғыммен танытыла бастайды. Мұғалімнің басты міндеті – көркем мәтіндегі оқиғалардың байланыса дамуына назар аударту.

Оқырман көркем мәтінді алғаш оқығанда, оның жалпы фабуласын қабылдайды. Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығармада суреттелетін әрбір әрекеттің, құбылыстың мәніне тереңдей үңіліп, соның нәтижесінде сюжет туралы түсінік қалыптасады. Осы тұрғыдан келгенде, фабуланы болған оқиға деп, сюжетті сол оқиғаның оқырманға көркемделіп жеткен түрі деуге болады.

Қаламгер пайдаланған дайын фабулалар сюжетке айналған кезде, көркемдік өзгеруге ұшырайды. Алдымен, дайын фабулалар өмірдегі нақты оқиғаларға негізделген шығармаларда жиі кездесуі ықтимал; екіншіден, бір қаламгердің жасаған фабуласы келесі жазушыда жаға сападағы сюжетке ұласуы мүмкін. Яғни, бір фабула әр жазушының стиліне байланысты түрлі сюжеттік сипатқа ие болады. Демек, мәтіннің көркемдік маңызы фабулаға емес, оның (фабуланың) шығармашылық түрде игерілген көркемдік жағының сюжетте тереңдетілуіне байланысты. Көркем шығарма сюжетінде бірнеше фабула желісіқамтылуы да мүмкін. Сюжет бір немесе бірнеше эпизодтан тұрады. Эпизод дегеніміз – мазмұнның бөлінбейтін ең кішкене бөлшегі. Әдебиеттану ғылымында композиция мен сюжеттің мәні ерекше. Ол белгілі бір идеяны береді. Композиция ұғымы көбіне, өлең, поэма, мысал сияқты жанрларға, ал сюжет әңгіме, повесть, роман сияқты жанрларға тән. Екеуінің ұқсастығы – олар шығарманың құрылысына байланысты формалар. Айырмашылығы – композиция автор ойы тікелей айтылатын лирикалық шығармаларға тән. Ал, сюжет автор ойы тікелей байқалмайтын прозалық жанрларға тән. Өлеңді шығарма немесе поэма көбінесе композициялық жағынан талданады. Ал, сюжетті поэмада композиция мен сюжет элементі ұштас талданады.

Мәселен, С.Сейфуллиннің “Көкшетау” поэмасының сюжеттік‑композициялық құрылымын тізіп көрейік:

1. Көкшетау аңыздары (пейзаж).

2. Абылайдың қалмақ ауылын шауып алуы (оқиғаның басталуы).

3. Қалмақ қызының тұтқын болуы (оқиғаның дамуы).

4. Адақ бейнесі (оқиғаның байланысы).

5. Қыз жұмбағының шешілуі (оқиғаның шарықтау шегі).

6. Қалмақ қызының еркіндік алуы (оқиғаның шешімі).

Поэманың негізгі тақырыбы – ғасырдағы феодалдық‑хандық құрылыстың ішкі‑сыртқы қайшылығы. Идеясы – Адақ пен қыз мүддесінің жақындығы, халықтың, адамның бостандығы мәселесі.

Тұжырымдама. 1. Драматургия – қазақ әдебиетінде өткен ғасырдың басында әлеуметтік‑қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жар. Тұңғыш қазақ пьесалары фольклор шығармаларының негізінде жасалды. Мысалы: Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”, “Қозы Көрпеш‑Баян сұлу” пьесалары драма жанрының ерекшеліктерін, поэтикалық қуатын меңгерудегі алғашқы тәжірибелер болды. Драма – оқиға, іс‑әрекетті диалог арқылы бейнелеу дегенді білдіреді. Драмалық шығармалар да эпикалық туындылар сияқты, сюжетке, яғни оқиғаға құрылады. Драмада да кейіпкерлер әрекет етеді, тартысқа түседі, уақыт пен кеңістікке араласып кетеді. Драмада шиеленіс көп. Оқиғасы жан‑жақты, бірқалыпты өрбитін эпикалық сюжеттен, драмалық сюжеттің айырмасы мұнда тартыс қозғалмалы, өткір болып келеді. Бұл жөнінде М.Әуезов: “Драматургиядағы конфликт мәселесі –пьесаның жанрлық белгісін көрсететін шешуші элементтерінің бірі.... драматургияның негізгі компоненті. Драматургиялық шығарманы нықтап, проза, поэзиядан бөлектеп тұратын шартты белгі жалғыз осы конфликт”,‑деген еді. Драмалық шығармада автор өз кейіпкерінің әрекетіне араласпайды, драма қатысушылары сюжетті өздері ұйымдастырады. Автор болса сюжеттің динамикалылығын, бейнеленуін кеңейтеді. Драмалық характер үнемі жоғары эмоцияда, тартыста ашылады. Ол трагедиялық, комедиялық, драмалық сипатта беріледі.

1. Көркем мәтіннің құрылысын танытуда сюжет көрнекті роль атқарады. Сюжет – шығармадағы

басты компонент, ол композицияның бірінші элементі. Сюжетте жалпы адам болмысы, алуан тағдырлар, қарама‑қайшылықтар мен қоғамдық тартыстарың мәні ашылады. Шығармадағы “фабула”, “сюжет” деген ұғымдар көркем шығармадағы оқиғалар оқиғалар жиынтығына қатысты қолданылады. Сюжет пен фабула – бір мәселенің екі жағы. “Фабула” термині этимологиялық жағынан ашатын болсақ, латын тілінен аударғанда, “әңгімелеу, баяндау” деген мағынаны береді. Сонда фабула мазмұндап әңгімелеуге болатын дүние. Мысалы, шығармадағы суреттелетін оқиғаны ықшамдап айтып шығу фабула болса, сюжет шығарманы оқу арқылы ғана ашылады.

Дәріс бойынша әдістемелік нұсқама: Студенттердрама жанры бойынша жасалатын жұмыс түрлерін саралай алулары керек.

Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі

Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты.
Драмалық шығармаларды оқыту оқыту әдістемесінде мынандай әдістерді алуға болады:
Әңгімелеу;Ø
Проблемалық баяндау;Ø
Шығармашылық оқыту (іздендіріп оқыту);Ø
Иллюстрация және көрнекілік;Ø
Жазбаша жұмыс;Ø
Өз бетімен жұмыс жасау;Ø
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары;Ø
Деңгейлік тапсырмалар орындату;Ø
Өнер және мәдениет құралдарын қолдану;Ø
Техникалық құралдарды қолдану;Ø
Сабақтан тыс жұмыстар жүргізу т.б.Ø

Жазбаша жұмыстарды орындату.
Жазбаша жұмыстардың мақсаты- оқушылардың тілін дамыту. Драмалық шығарманы оқыта отырып, оқушылардың тілі мен ойлауын дамыту жүйелі ету үшін жазбаша жұмыстардың түрлерімен тақырыптарын мұғалім алдын ала белгілеп,даярлап алады. Драманы талдауда оқушының сөздік қорын байытуға жазба жұмыстың «Сөздік дәптер»түрін қолдану дағдыға айналдыру өте маңызды орын алады.
Одан кейін жазба жұмысының түрі-драмалық шығармада автор жасап шығарған ерекше сөз қолданыстарын іріктеу, іздеті, талдау.
Жазбаша жұмыстың тағы бір түрі- драмалық шығарамада қолданылған халық тілінің байлығын талдау. Мақал-мәтелдер,фразалық тіркестер, нақыл сөздердің драмада қалай қолданылғаны мен автордың негізгі идеясын ашуға оладың қалай қызмет етіп тұрғанын көрсету арқылы оқушылардың ана тілін ойды білдіруден қолдана білу дағдылары қалыптастырылады.
Жазба жұмыс түріне сұрақтарға жазбаша жауап беру де жатқызылады. Мұның ерекшілігі – жазбаша жауап берілген кезде оқушының ауызша жауаптан гөрі ойлануға уақыты, мүмкіндігі мол болуында.
Жазбаша жұмыс жүйесінде шығарма жазу үлкен орын алады.Шығарма жазу барысында оқушының өзі оқырман,оқушының өзі сұрақ қоюшы,оқушының өзі жауап беруші, оқушыныңөзі төреші роліндеболып, нәтижесінде ойдың қаншама қабатынан сыналып, сығымдалып шыққан ой-толғаудан шығарма пайда болады. Сондықтан шығарма жазудың арнайы әдістемесінің мәні зор.
Негізінен монолгтық түрде келетін мазмұндау мен баяндама жасауда сөйлеу заңдылықтары мен тәртіптері де ескеріледі.
Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы.
Қазіргі уақытта оқушылардың өз бетімен ізденуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан драмалық шығармаларды оқытуда оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын түрлендіріп отыру керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы олардың саналығына сүйенеді, әрі осы қасиетті қалыптастырады. Өз бетімен жұмыс жасауда оқушы мынандай алгоритімдерді орындай алады:драмалық шығарманы талдаудағы берілген тапсырмаға тікелей қатысты мақсатты нақтылау;мақсатқа жету үшін, соған қажетті материалдарды драмлық шығарма мәтінінен бақылау, ізденіп оқу;берілген тапсырманың, сұрақтың шешімін мәтіннен,белгілі бір абзац пен олардың байланысынан іздеп табу, өзінің болжамын нақтылап жазу;айтар ойының жоспарын жасау;жоспар бойынша өз ойын баяндау, басқа фактілермен салыстыру, өзінің шешімін ғалымдардың пікірімен салыстыра отырып дәлелдеу: өзіне берілген мәселені шешу үшін ұсынатын нақты көзқарасын айқын түрде көрсету.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
Әдебиет сабағының оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру мен дамытудағы үлкен ролі бұрыннан белгілі. Бірақ барлық әдістер бірдей оқушының шығармашылық қабілетін дамытады деп те түсінбеу керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағыты осыған арналған арнайы жоспардың талап етеді. Оқужылының басында жасалған пәндік жоспарда драмалық шығармаларға қатысты да орын беріліп, осы тақырыптың мазмұндық – құрылымдық болмысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға потенциалды қандай мүмкіндіктер барын мұғалім алдын ала анықтап алады. Мысалы Ғабит Мүсіреповтың драматургиясын оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жоспарын мынандай элементтер қолдануға болады деп есептейміз.
Оқушылар «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» драмасын оқып шыққан соң,кейіпкерлер жүйесін өзіойлап тапқан мизансценаға орналастыру керек,яғни барлық кейіпкер сценаға шығатын болса, қайсысын қай жерде және қандай позада тұрғызу керектігі және сол ойын дәлелдеу керектігі тапсырылады.
Қарабай бейнесінің ең түйінді тұсын суретке салу тапсырылады.
Оқушылар арасында Қозы мен Баянға ескерткіш орнатуға авторлық конкурс жариялап,жеңімпазын қазылар алқасына анықтату керек.
Махаббат пен адалдыққа қарсы шыққан Қарабай мен Қодарды «Ар сотына» айыптау керек, соның сценарийін оқушыларға жазғыздыру тапсырылады т.б.
Мұндай мысалдарды көптеп табуға болады.Шығармашылық әдістерді қолдану арқылы мынадай мақсат-міндеттер шешіледі.
1.Оқушы әдеби шығарманы талдау теориялық әдістерін шығармашылық қызмет әрекетіне айналдырып, білімнің өмірдегі жетекші ролін тани алады.
2. Шығармашылық талдау әдісі арқылы эстетикалық білім алады.
3.Эстетикалық таным әдістері арқылы этикалық таным әдістері арқылы этикалық-моральдық норманың сабақтастығын сезіп біледі,эстетикалық білім ғана адамға этика нормаларын шынайы меңгеруге көмектеседі.
4. Білім мазмұнын шығармашылық қызметтің моделіне айналдыра алады, яғни драмалық шығарманың мазмұнымен таныса отырып,оны басқаша аспектіден түсіну әдістерін меңгереді.
5. Шығармашылық жұмыстарды орындау қабілеттерін үйренеді.

 

 

Қазақ әдебиеті сабағында драмалық шығармаларды оқытудың сахналау үрдісін жүзеге асыру жолдары

Әдебиетті оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері — оқушылардың әдеби тілін жетілдіру, оқырмандық мәдениетін дамыту, шығармалардың көркемдік болмысын түсініп қабылдауға жол салу. Мұндай мақсаттар әдебиетті оқыту барысында оқушылардың жан-дүниесіне әсер ете алатын әдістерді қолдану нәтижесінде ғана орындалады. Проза, поэзия, драматургия қайсысы болсын ең бастысы туындының көркемдік болмысын оқушыға таныта алатын жақсы әдістер жүйесін қолдану арқылы ғана оқушының дамуы туралы айта аламыз.

Қазіргі уақытта оқушылардың өз бетімен ізденуіне баса назар аударылып отыр. Сондықтан драмалық шығармаларды оқытуда оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарын түрлендіріп отыру керек. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы олардың саналығына сүйенеді, әрі осы қасиетті қалыптастырады. Өз бетімен жұмыс жасауда оқушы мынандай алгоритімдерді орындай алады:драмалық шығарманы талдаудағы берілген тапсырмаға тікелей қатысты мақсатты нақтылау;мақсатқа жету үшін, соған қажетті материалдарды драмалық шығарма мәтінінен бақылау, ізденіп оқу;берілген тапсырманың, сұрақтың шешімін мәтіннен,белгілі бір абзац пен олардың байланысынан іздеп табу, өзінің болжамын нақтылап жазу;айтар ойының жоспарын жасау;жоспар бойынша өз ойын баяндау, басқа фактілермен салыстыру, өзінің шешімін ғалымдардың пікірімен салыстыра отырып дәлелдеу: өзіне берілген мәселені шешу үшін ұсынатын нақты көзқарасын айқын түрде көрсету.

Бағдарламада берілген драмалық шығармаларды оқи отырып, оқушылар тарихи-әдеби процестер туралы біліп, әдебиет теориясынан білім алады. Осы арада бағдарламада берілген драмалық туындының оқытылуы құрғақ, формалдық жолмен оқытылып кетпеуін қатаң қадағалау арқылы ғана әдістеменің тиімділігі танылады. Сондықтан драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің міндеті — оқушыларға теориялық, тарихи-әдеби білім беру, өнердің бір саласы ретінде драмалық шығармалардың ерекшелігін таныту, адам характерін сомдаудағы мүмкіндіктерін таныту және сол білімді өз бетімен ала алатындай әдістерді үйрету.

Драмалық шығармаларды өтерде мұғалім оқушыларға мынадай жұмыс түрлерін жүргіздіртуіне болады:

- мұғалім алдымен өзі оқып көрсетеді;

- оқушылар рөлдерге бөліп оқиды;

- шығармадағы негізгі тартысты анықтайды;

- басты кейіпкерлерге мінездеме береді;

- сюжет желісін бақылай отырып, әр көрініске тақырып ойлайды.

Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесінің дұрыс жасалуы мен ұйымдастырылуы және драмалық шығармаларды оқытудың жемісті болуы оқыту мазмұнын анықтаумен, оқыту принциптерін жүйелеумен тығыз байланысты..
Мектеп бағдарламасында берілетін драмалық шығармалардың барлығына ортақ негізгі мәселелерді қатыстыра отырып, әрбір шығарманың өзінің көркемдік – сюжеттік құрылымына байланысты да әдістемелік құралдар мен әдіс-тәсілдерді жүйелеуді міндет етіп отырған драматургияны оқыту әдістемесі қазіргі білім берудегі бастан кешіріліп жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді де молынан бойына сіңіруі тиіс. Сол арқылы ғана драмалық шығармаларды оқытудың сапасы жетіліп, оқушыларға білім беру мен биік идеялды тәрбие беру міндеті жүзеге асырылмақшы.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Это закон природы!!! Это аксиома!!!!! Это факт!!!!!!!!! | Свойства бинарных операций
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3363 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

872 - | 785 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.