Лекции.Орг
 

Категории:


Расположение электрооборудования электропоезда ЭД4М


Транспортировка раненого в укрытие: Тактика действий в секторе обстрела, когда раненый не подает признаков жизни...


Агроценоз пшеничного поля: Рассмотрим агроценоз пшеничного поля. Его растительность составляют...

Баланың терісін күту



Загрузка...

 

Баланы күнде жуындыру қажет. Алғашқы 6 күн бойы сәбидің бетін қайнаған сумен жуады. Әр көзін жеке мақта тампонымен шетінен ішке қарай сүртеді, одан соң бетін таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен құрғатады. Мұрын тесіктерінің әрқайсысын ширатылған мақтамен тазартады. Баланың тырнағын өскен сайын алып отыру қажет. Сәбиді әр үлкен дәреттен кейін, міндетті түрде, жылы ағын сумен жуып-жаю қажет. Қыздардың сыртқы жыныс мүшелері үлкен дәрет қалдықтарымен кірленбеуі үшін, алдынан артына қарай жуады. Содан соң таза шүберек немесе жұмсақ орамалмен сүртіп, шап және бөксе іркістеріне балаларға арналған май жағады.

Геронтология(грекше герон және логос – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше герон және іатреіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады

 

ТЕРМОРЕГУЛЯЦИЯ
Өте жақсы дене шынықтыруды өткізу үшін ең алдымен терморегуляцияның механизмін білу керек.

Жер бетіндегі барлық, ағзалар айналаны қоршаған орта факторларының өсер етуіне байланысты екі топқа бөлінеді.

Бірінші топқа жататын ағзалар — суық қандылар. (пойкилогермдер), өздеріне кджетгі температураны сыртқы ортадан алып отырады.

Екінші топтағы жануарлар — жылы қандылар — гомаиотермділер. Айналаны қоршаған сыртқы орта температурасына байланысты. Ағзаларындағы температура тұрғылықты.

Адам ағзаларының температурасының тұрақты болуы өте күр-делі биологиялық және физикалық-химиялық үрдістердің термо-регуляциясы механизмдері мен байланысты. И.П.Павловтың айтуы-на қарағанда термореуляцияның механизмін жетілдендірусіз адам ағзасында тұрақты температураны сақтауға болмайды.

Осыған орай біриеше сауал туындайды. Адам денесінде әр түрлі органдарында температураның мөлшері қандай. Арнаулы жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, адам денесінің температурасы тұрақты болады деп айту салыстырмалы түрде айту деп ұғыну керек. Адам денесінің ашық болуы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасының әсеріне қарай тез төмендеп кетеді Ал жабық денедегі тсмпература онша өзгеріске ұшырамайды. Ішкі органдардың температурасы айналаны қоршаған сыртқы орта температурасымен байланысты, онша кеп өзгеріске ұшырамай, тұрақы түрде болады.

Дененің темпсратурасының ауытқуы тәулік бойы үнемі өзгеріп отырады. Температураның өзгеруі киген киімге байланысты болады. Ауыр жұмыс істеген адамдардың температурасы үнемі өзгеріп тұрады. Спортшылардың дене температурасы әр қилы болып ауытқиды. Температураның өзгеруіне ағзаның физиологиялық жағдай, әйел адамдардың жүкті болуына байланысты. Дененің температурасы тәулік бойына 0,5-0,7°С ғана өзгереді. Дененің температурасы кешке қарай, сағат 16-18-де өте жоғары деңгейге көтеріледі(37,0-37,1°). Түнде сағат 3-4-те температура өте темен деңгейде болады (36,2-36,0) қарт адамдардың дене температурасы онша жоғары деңгейде болмайды (35-36°С).

Ішкі органның температурасы әр түрлі. Ең ыстық орган бауыр Оның температурасы 38-40°С жетеді. Қолтықтағы температура 36,5-36,9°С әдетте қолтыққа градусник қойып температураны анықтайды. Тік ішек температурасы 37,2-37,5°С. Қанның темпера-турасы дене температурасына сәйкестенеді. Адам ағзасы темпера-тураға байланысты жылу бөліп отырады. Жылудың көлеміне сәйкес температура өзгереді. Жылу зат алмасу үрдісіне байланысты. Ішкен тағамдарға да байланысты болады. Энергияның өлшемі үлкен калория (ккал) немесе килоджоулмен белгіленеді.

Адам ағзасынан бөлініл шығатьш энергияның мөлшері үш шамадан тұрады 1) негізгі зат алмасуынан; 2) тамақтану кезіңдегі энергия; 3) физикалық және ой еңбектерінің әсерінен энергия түзіледі.

Негізгі зат алмасудан пайда болған энергия, адамның тіршілігін қамтамасыз етуге, тыныс алуға, жүрск қызметіне, бүйректің жұмыс жасауына жұмсалынады.

Ересек адамның әрбір кг массасында 24 ккал энергия болады. Терморегуляция үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Тамақтанған кезде терморегуляция жоғарылап, тамақ ішпеген кезде терморе-гуляция төмендейді. Жылу үнемі алмасып отырады. Жылу адамның терісі арқылы айналаны қоршаған ортаға тарап отырады.

Терморегуляция екі жолмен өзгереді.1) Нервті терморегуляция; 2) гуморалды терморегуляуция. Терморсгуляцияның барлық көрінісі 3-таблицада (5-суретте) көрсетілген. Терморегуляция жоғары нерв жүйесі арқылы реттелініп отырады. Адам денесінің терморегуляциясы шексіз. Адам күйзелген кезде немесе қорыққан шақта терморегуляция төтенше жағдайда өтсді. Суық тердің ағзадан бөлініп шығуы тегіннен-тегін емес екендігі байқалады. Ағзада төтенше түрде физиологиялық үрдістердің жүргенін көрсетеді.





Дата добавления: 2016-10-23; просмотров: 692 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.