Лекции.Орг


Поиск:




Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі




СИЛЛАБУС

Пән – Тағам гигиенасы

Пән коды– TG 4201

Мамандық: 5B110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Оқу сағатының көлемі (кредиттің) – 135 сағат (3 кредит)

Оқытылатын курс пен семестр: ІV – курс, VII - семестр

Оқу жылы

 

Силлабус «Гигиена-2» кафедрасында 5B110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы үшін «Тағам гигиенасы» пәні бойынша «____» ___________ 201__ ж. бекітілген жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Силлабус «Гигиена-2» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

 

Хаттама № ______ «___» ___________ 2016 ж.

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. ___________ Ескерова С.У.

 

1.7. Оқытушылар туралы мәлімет:

Тізімі Дәрежесі және қызметі Ғылыми қызығушылығы Жетістіктері Е-mail
  Ескерова Сара Өстемірқызы М.ғ.к., доцент, кафедра меңгерушісі коммуналды гигиена 65 мақала, оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулардың авторы [email protected]
  Төлеуова Ақгүлім Ерболатқызы Аға оқытушы тағам гигиенасы   [email protected]
  Рыстигулова Жанар Ботабаевна Аға оқытушы, магистр тағам гигиенасы мақала авторы [email protected]
  Дүйсенбаева Меруерт Мейрамбекқызы Оқытушы тағам гигиенасы   [email protected]
  Затыбекова Мөлдір Ордабекқызы Оқытушы тағам гигенасы   [email protected]

1.8. Байланыс ақпараты: Шымкент қаласы, Ал-Фараби алаңы,1, жаңа корпус, 4 қабат; email - gigiena-2

1.9. Пәнің саясаты:

Студент:

1. Сабаққа уақытылы келу керек;

2. Сабаққа арнайы киіммен (форма) келу керек;

3. Пунктуалды және міндетін орындайтын болу керек;

4. Оқу үдерісіне белсенді қатысу тиіс;

5. Оқу кезінде ұялы сымтетіктерін өшіріп қою тиіс;

6. Жіберілген сабақты кафедраның өтем сабақ қабылдау кестесіне сай өтеуі тиіс;

7. Академиялық кезеңнің соңында пән бойынша жалпы жіберу рейтингісі қойылады. Максималды балл -100 (60%), минималды балл – 50 (40%), одан төмен болғанда студент емтиханға жіберілмейді;

8. Кафедра саясатын сақтамағанда айыппұл балы қолданылады:

А) Бір дәріс сабағы себепсіз жіберілсе, айыппұл балы жіберу рейтингісінің 0,66% кемітіледі;

Б) ОСӨЖ сабағына қатысу міндетті. ОСӨЖ бір сабағын жіберген жағдайда жалпы жіберу рейтінгісінен (60% ағымды бақылау есебінсіз) 1,33 балл алынады;

В) СӨЖ тапсырмаларын өз уақытында орындау керек, өз уақытында орындамаса кешіккен әр аптаға 10% кемітіледі.

 

Бағдарлама

Кіріспе

Медицина жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған тағам гигиенасы бойынша бағдарламасы нутрициология гигиеналық бөлімінің қазіргі уақыттың табыстарын көрсетеді. Тағам гигиенасы негізгі теориялық біліммен қамтамасыз ететін медициналық – гигиеналық ғылымдар жүйесінде міндетті және маңызды саласы болып табылады, осы білімдердің негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша болашақ маманның барлық дайындығы қарастырылады.

Зерттеудің нысаны адамның нутрициологиялық статусы, тағамдық азық – түліктердің тамақтық құндылығы мен қауіпсіздігі, алиментарлы – тәуелді аурулар, тағам гигиенасы саласындағы нысандарды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау болып табылады.

Мамандар мемлекет пен әлемдік қауымдастық деңгейінде денсаулық сақтаудың жүйесі мен менеджмент жағдайларының өзгеруіне үйрену керек, өмір бойы оқуды жалғастыру керек, қоғамның дамуына және қоғамдық денсаулыққа үлес қосу керек.

2.2. Пәннің мақсаты: тағам гигиенасы саласында бакалаврларды, жоғары білікті мамандарды дайындау.

2.3. Оқыту мақсаттары:

· студенттерге сау адамның және науқас адамның ұтымды тамақтануын ұйымдастыруының негізгі теориялық және тәжірибелік үрдістері бойынша қазіргі уақыттың білімін беру;

· тағамдық азық – түліктердің сапа көрсеткіштерін бағалауды үйрету;

· халықтың арасында азық – түліктермен байланысты инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың даму мен таралу себептерін, жағдайларын, қауіп қатерлі факторларды анықтауға үйрету және олардың алдын алуын жүргізуін үйрету;

· тамақтанудың сандық және сапалық жағын зерттеу, тамақтық заттардың қажеттілігін анықтау бойынша білім беру;

· диеталық, емдік – профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру және құрастыру үрдістерін зерделеуге үйрету;

· тамақ кәсіпорындары үшін санитарлық нормалар мен ережелерді зерделеу бойынша білім беру;

· ағымды санитарлық қадағалауды ұйымдастыру, тамақ кәсіпорын-дарында санитарлық – гигиеналық тексеруді жүргізу сұрақтар бойын-ша білім беру.

Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі

Дублин дескрипторлар ОҚМФА-да әзірленген мамандық құзыреттілігі Пәнді оқытудың нәтижесі Тұжырымдама бойынша оқытудың нәтижелері
А Зерттеліп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік Тағам гигиенасы пәнінің мақсаты мен міндеттерін, кәсіби жұмысты іске асыру үшін оның ерекшеліктерін біледі. P3
Тағам гигиенасы пәні бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау негіздерін біледі.  
Тағамтану саласындағы ҚР-ның ұлттық саясатын, тамақтанудың ғылыми мәселелері мен оның денсаулыққа және жұмысқа қабілеттілікке әсерін білетіндігін көрсетеді.  
Азық-түліктердің тағамдық және биологиялық құндылығын, олардың сапасы мен бүліну белгілерін біледі. P3
Тағам эпидемиологиясын біледі.  
Азық-түліктердің санитарлық-микробиологиялық сапалық көрсеткіштерін біледі.  
Азық-түліктердің санитарлық қорғау принциптері мен гигиеналық сараптамасын біледі.  
Халықтың әртүрлі жастағы және топтарының дұрыс тамақтануының теориялық және тәжірибелік негіздерін және табиғаты инфекциялық және инфекциялық емес алиментарлық аурулардың алдын алуды біледі.  
Халық арасында табиғаты инфекциялық және инфекциялық емес алиментарлы-тәуелді аурулардың пайда болуы мен таралу себептерін және қауіп факторларын біледі.  
Құрылыс жобалары сараптаудың гигиеналық әдістерін және тағам мекемелерін қайта құруды біледі.  
Тағам мекемелерінің санитарлық-гигиеналық тексеру әдістерін біледі.  
Тағамнан уланудың таралуын алдын алу принциптері мен оны тергеу әдістерін біледі. P3
Тағам гигиенасы саласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау негіздерін біледі.  
Денсаулық сақтаудағы маркетинг әдістемесін біледі.  
Денсаулық сақтаудағы менеджмент әдістемесін біледі.  
Тағам гигиенасы бөлімінің құжаттарын біледі.  
Тағам объектісінің жобаларына сараптау жүргізу этаптарын біледі.  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Тағам объектісін санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ережелерін ұйымдастыра біледі.  
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерін түсінеді.  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі   Санитарлық құжатнаманың тірегі болатын негізгі әдістемелік құжаттар мен нормативті құқықтық актілердің тізімдемесін біледі. P19
Тағам объектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын біледі.  
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Тағам гигиенасы бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу әдістерін біледі. P21
Тағам гигиенасы саласындағы ғылыми зерттеуер бойынша дерекқорлар мен соңғы ғылыми жетістіктер игере алады  
Тағам гигиенасы бойынша ғылыми зерттеулердің этикалық принциптері мен әдістемесін біледі.  
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі IT-технология және ақпараттық қорларды іздеу әдістерін біледі. P2
Әртүрлі бағдарламаларда қажетті ақпараттарды ала біледі және сақтай алады.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Мемлекеттік және орыс тілін еркін түсіне алады. P3
В Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік     Тағам өнімдерінің сапасына гигиеналық зерттеулер жүргізудің әдістерін біледі.  
Қоғамдық денсаулық сақтау, денсаулық сақтау менеджменті және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет интеграциясы мәселесі жөнінде құзыретті. P3
Тағам саласында медико-санитарлық құжаттарды толтыра біледі.  
Тағам өнімдерінің гигиеналық бағасын қоя біледі.  
Халық арасында алиментарлы аурулардың, жедел ішек инфекциясының, тағамдық уланулардың алдын-алу бойынша шараларды жүргізе алады.  
Тағам бөлімінен тысқары объектілерде ағымды және ескертпелі қадағалауды іске асыра алады және тексеру актісін толтыра алады.  
Тағам өнімдері сапасының санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерін бағалай алады.  
Тағамнан улану тіркелген жағдайда зерттеу жүргізіп, себептерін анықтай алады.  
Тағам өнімдеріне гигиеналық сараптама жүргізіп, гигиеналық қорытынды бере алады, медициналық-санитарлық құжаттарды рәсімдей алады.  
Халық денсаулығы үшін азық-түліктердің сапасына және қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді.  
Халық арасында ұтымды тамақтану бойынша және тағамнан уланулар және инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша шараларды өңдейді. P27
Ұтымды тамақтану бойынша шараларды өңдейді және бақылайды.  
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Тағам мәселесі бойынша халықтың әр түрлі топтарына санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша жоспарын өңдейді.  
Тағам гигиенасы нысандарына ағымдағы, ескертпелі санитарлық эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру жоспарын өңдейді.
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі   Санитарлық эпидемиологиялық қызмет мамандарының жұмысы туралы және тұрғындардың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығын жақсарту, денсаулық сақтау туралы ҚР заңнамалы құжаттарын қолдана алады және түсіндіріп береді. P19
Тағам гигиена нысандарында санитарлық эпидемиологиялық ережелер мен талаптарды қолдана біледі.  
Денсаулық сақтау менеджменті, қоғамдық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің сұрақтарын түсіндіріп бере алады.  
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Тағам саласындағы кәсіби тапсырмаларды шешу үшін, тағам гигиенасы бойынша ғылыми ақпараттарды сыни көзбен талдай отырып, жинай алады. P18
Тағам гигиенасы бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізе алады.
    Компьютерлікжәнеақпараттыққұзыреттілігі   Жүйелі технологияларды және заманауи компьютерлік құралдарды қолдану арқылы, әртүрлі ақпарат көздерінен ала отырып, негізгі әдістерді қолдана біледі. P2
Алынған оқу және ғылыми мәліметтерді кесте, диаграмма, сурет түрінде Word, Internet Explorer, Power Point, Excell программасында безендіре алады.  
«Коммуникативтікдағдылар» құзыреттілігі Топпен жұмыс жасай алады, көшбасшылыққа ұмтылуды көрсете біледі. P8
 
Кәсіптік қызметін дамыту үшін арнайы терминдерді ағылшын тілін Elementry деңгейінде қолдана біледі.  
С Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы мәселелерді шешу. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Оқу білімінің нәтижелерін бағалайды, бақылаудағы фактыларды және олардың себептік-тергеулік қарым-қатынасын түсіндіреді.  
Тұрғындардың денсаулығын сақтау және жақсарту үшін нысандарды тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою арқылы ұсыныс ретінде қорытынды құрастырады. P27
Аймақ ерекшеліктерін ескере отырып халықтың тамақпен байланысты мәселелерін шешуді және дәлелдерін белгілейді.  
Жедел ішек инфекцияларының және тағамнан уланулардың алдын алу үшін ұсыныстарды негіздейді.  
Тағам гигиенасы саласында мәселелерді шешу үшін статистикалық мәліметтерді түсіндіріп, талдайды. P17
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Тұрғындарға санитарлық оқытуға және дезинфекциялық бақылау бойынша нысандарды құруға, сонымен қатар санитарлық талаптарды сақтау бойынша қызметпен қамтамасыз етуге қатысады.  
 
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Халықтың әртүрлі топтарының азық-түліктерді тұтынудың физиологиялық нормаларын заңнамалық және нормативті құжаттар жүйесінде бағдарлайды. P8
Гигиеналық мәселелерді шешу үшін тағам гигиенасының негізгі құжаттарын пайдаланады.  
  «Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Тағам гигиенасы бойынша ғылыми зерттеулер шешімін негіздейді.  
Тағам гигиенасы саласында ғылыми жетістіктерді бақылайды және дәлелдейді.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Тағам гигиенасы бойынша берілген есептерді шешу үшін алынған мәліметтерді пайдаланады.  
  «Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Тағам гигиенасы саласындағы дәлелдерді сауатты түрде келтіре отырып, ұжымдық және жеке пікірін инабатты қорғап қалуға қабілетті.  
Ұжымда жұмыс істей алатынын көрсете алады. Тағам гигиенасы аймағында ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілетіне ие.  
Тағам гигиенасы бойынша зерттеліп жатқан мәселелердің шешу жолын өздігінен ұсына алады.  
D Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Тағам гигиенасы саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді енгізеді жәнетүсіндіреді. P17
Тұрғындарға әртүрлі аурулардың таралуындағы және пайда болуындағы азық-түліктер сапасының рөлін түсіндіреді және жинақтайды.  
 
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Азық-түліктердің сапасына және қауіпсіздігіне мониторинг ұйымдастырады.  
Тағам гигиенасының өзекті мәселелері бойынша стенд және ақпараттық бюллетендер дайындауға және ұйымдастыруға қабілетті.  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Адамның адамға деген ара қатынасын реттейтін этикалық және құқықтық нормативтерді ҚР Конституциясының негізгі ережесімен жүргізіледі. P19
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Тағам гигиенасынан берілген тақырып бойынша ғылыми және әдеби шолу мақалаларын бірлесіп жариялайды. P26
Әр түрлі ақпарат көздерінен алынған статистикалық деректерді талдайды.
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Ғаламтор базасынан, оқулықтан және ғылыми әдебиеттерден мәлімет жинау арқылы жүзеге асырылады.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Ұтымды тамақтану мәселелері бойынша өзінің жеке пікірін баяндама, есеп, презентация түрінде безендіріп, тәжірибелік сабаққа, студенттер үйірмесінің отырысына, студенттердің ғылыми конференциясында және т.б. жерлерде ұсынуға қабілетті. P27
Мемлекеттік қызметкерлер мен студенттің ар-намыс кодексін, жауапкершілікті, аяушылық принциптерін сақтай отырып, мәдени ерекшеліктерді құрметтейді.  
Студенттер мен әріптестер арасында белсенді өзара түсінісушілікті және қарым-қатынасты қалыптастыру.  
E Ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Жаратылыстану және арнайы ғылымдар саласындағы құзыреттілік   Азық-түлікті сату, тарату, сақтау жағдайларын, тұрғындарға тағамның эпидемиологиясын хабарлайды. P27
Тағам нысандарын санитарлық-эпидемиологиялық тексеруді жақсарту бойынша гигиеналық ұсыныстар мен тексеру алгоритмдерін құрастырады.  
Тұрғындар арасында тағамнан уланудың алдын алу, дұрыс тамақтану сұрақтары бойынша мәліметтерді жинайды және түсіндіреді.  
 
Кәсіпкерлік құзыреттілігі Тағам гигиенасындағы мәселелерді және ақпараттарды тарату үшін арнайы контингент жинайды.  
«Денсаулық адвокаты» құзыреттілігі Санитарлық эпидемиологиялық қызметті реттейтін жаңа және қолданыстағы құқықтық құжаттарды баяндайды. P19
Тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында әртүрлі топтарға негізгі санитарлық ережелерді хабарлайды.  
«Ғылыми зерттеу дағдылар» құзыреттілігі Жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижесін әріптестеріне және басқа студенттерге мәлімдейді. P21
Нақты тамақтануды оқыту үшін тұрғандарға сұрақ қою және сауалнама құрастырады. P17
Компьютерлік және ақпараттық құзыреттілігі Әртүрлі мәлімет тасушыларды пайдалана алады. P26
Компьютерден алынған мәліметтерді редакциялайды және шығарады.  
«Коммуникативтік дағдылар» құзыреттілігі Оқу эксперименттерін жүргізу және жоспарлау кезінде студенттерге /оқытушыларға/ экзаменаторларға жеке гигиеналық білімі мен анықталған фактілер мен құбылыстардың, олардың себеп-салдарлық арақатынастарын түсіндіреді және беруге қабілетті. P27
  Дұрыс Әртүрлі топтар, студенттер, балалар мен жасөспірімдер арасында тамақтану сұрақтары бойынша насихаттау үшін мәліметтер іздейді және өңдей алады.  
Жұмыстағы мәліметтерді (оқу, анықтамалық, ғылыми)және өз білімін студенттерге бере алады.  
Зерттелетін салада ақпараттарды жинақтау, талдау, жеке көзқарастағы пікірлерді талқылауды, көпшілікке шығарумен дағдыланған. P27
Компьютерлік технология арқылы алынған гигиеналық білімдерді таратады. P2
  Білім алуды өз бетінше жалғастыра алу қабілеті   Қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.  

2.5.Реквизитке дейінгі: жалпы патология негіздері, микробиология, вирусология және иммунология, жалпы гигиена, жұқпалы аурулар.

2.6. Реквизиттен кейінгі: эпидемиология, қоғамдық денсаулық сақтау.

2.7. Пәннің қысқаша мазмұны:

Тағам гигиенасы ғылым ретінде және оның тәжірибе жүзінде қолдану саласы. Ұтымды және сәйкестендірілген тамақтанудың физиологиялық-гигиеналық негіздері және олардың ұйымдастырылуына қойылатын гигиена-лық талаптар. Тамақтық азық-түліктерді санитарлық-эпидемиологиялық сараптау. Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық қадағалау. Тамақтық азық-түліктерді санитарлық қорғау.

2.8. Тақырыптық жоспар: тақырып, әр сабақтың өткізілу түрі мен ұзақтылығы (дәріс, тәжірибелік, өзіндік жұмыс)

2.8.1. Дәрістің тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Өткізілу түрі Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
  Тамақтануда ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер және минералды заттардың мәселелерінің гигиеналық аспектілері. Мәселелік    
  Ұтымды тамақтану және оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар. Шолу  
  Негізгі тағамдық заттардың сәйкестендірліуі және тамақтану тәртібі ұтымды тамақтанудың негізгі құрамдық бөлігі ретінде. Халықтың тамақтану жағдайын бағалау және санитарлық-гигиеналық бақылау. Шолу  
  Дән және оны өңдеу арқылы алынатын өнімдерге қойылатын гигиеналық талаптар. Сүт және сүт өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Шолу  
  Ет және ет өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Балық, балық өнімдері мен теңіз өнімдеріне қойылатын гигиеналық талаптар.Қалбырланған өнімдер.Қалбырдағы өнімдерге қойылатын гигиеналық талаптар. Шолу  
  Гендік-модифицирленген өнімдер (ГМӨ). Мәселелік  
  Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және құқықтық негіздері. Шолу  
  Тағам өнімдерін гигиеналық сараптаудың негіздері. Шолу  
  Тамақтан уланудың жіктелуі. Тамақтық токсикоинфекциялар. Тамақтық бактериалды токсикоздар. Микробты емес тамақтан улану. Қатені түзету  
  Тамақтан уланулардың алдын-алу. Ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтерге санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу. Шолу  
Барлығы: 10 сағат

2.8.2. Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары:

Тақырыбы Өткізілу түрі Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
  Энергия шығындары мен тағамның энергиялық құндылығы. Энергиялық баланс. Ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттардың тамақтанудағы маңыздылығы. SGL (шағын топпен жұмыс жасау), тестік бақылау.    
  Негізгі қоректік заттардың мөлшерлік қарым – қатынасына байланысты тағам рационының сәйкестілігі. Тамақтану тәртібі - ұтымды тамақтанудың негізгі элементі ретінде. SGL (шағын топпен жұмыс жасау), тестік бақылау.    
  Азық – түлік сапасын анықтау бойынша гигиеналық сараптауды өткізу тәртібі. Жұппен жұмыс жасау, тесттік бақылау  
  Бидай және бидай өнімдерінің тамақтық және биологиялық құндылығы. Сүт және сүт өнімдерінің тамақтық және биологиялық құндылығы. SGL (шағын топпен жұмыс жасау), жағдайлық есептерді шешу  
  Ет және шұжық өнімдерінің тамақтық және биологиялық құндылығы. Балықтың тамақтық және биологиялық құндылығы. Қалбырдағы өнімдердің тамақтық және биологиялық құндылығы. TBL (Team Based Learning)  
  Гендік – модифицирленген өнімдер (ГМӨ). SGL (шағын топпен жұмыс жасау), тесттік бақылау  
  ТҚҚБ тағам гигиенасы бөлімі бойынша лауазымды қызметкерлердің міндеттері мен құқықтары. Тамақ кәсіпорындарының жобаларын сараптау. Дөңгелек үстел, жобаларды қарау  
  Тамақ кәсіпорындарының құрылысына жүргізілетін МСЭҚ. Тамақ кәсіпорын іске қосуын бақылау. Пресс – конференция  
  Тамақ кәсіпорындарына қойылатын жалпы гигиеналық талаптар.Тамақ кәсіпорындарын санитарлық-гигиеналық тексерудің сызба нұсқасы. Тексеру алгоритмін құрастыру, пікірталас  
  Тамақтық уланулар және олардың алдын алу:тамақтық токсикоинфекциялар. Тамақтық уланулар және олардың алдын алу:бактериалды токсикоздар, микотоксикоздар. Тамақтық уланулар және олардың алдын алу(этиологиясы микробты емес тамақтан уланулар, алиментарлы-тәуелді инфекциялық емес аурулар).   PBL (Problem Based Learning)  
   
   
Барлығы: 35 сағат

2.8. 3. Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар:

Тақырыбы Тапсыру түрі Бақылау кестесі (мерзімі көрсетіледі) Сағат саны
  Қазақстан халқы үшін ақуыздың тағамдық проблемаларын шешудің негізгі жолдары. Халықты дәрумендердің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар.   Ағзаның тәуліктік энергия шығын-дарын анықтау әдістемесі. Нутриенттерде және биологиялық белсенді заттарға жеке қажеттілі-гін есептеу әдістемесі. Реферат жазу, презентация дайындау, тест сұрақтарын және жағдайлық есептерді құрастыру, нысанға бару. G –Global платформасында жұмыс жасау (оқытушымен бірге көру және пікір жазу)       2-апта    
  Макро- және микроэлементтер. Рационның энергиялық құндылы-ғын анықтау.   Энергиялық статусты анықтау. Дәрумендік статусты анықтау.   2-апта  
  Азық-түліктерді гигиеналық сараптаудан өткізудің кезеңдері.   Гигиеналық сараптауға азық-түліктердің үлгісін алу әдістемесі. 3ерттелген азық-түліктің сапасы бойынша қорытынды құрастыру.     3-апта    
  Ұнды гигиеналық сараптау әдістемесі. Жарманы гигиеналық сараптау әдістемесі.   Қойма зиянкестерін анықтау әдістемесі. Нанды гигиеналық сараптау әдістемесі. Кептірілген нанды гигиеналық сараптау әдістемесі.     4-апта  
  Ұлттық сүт қышқылды өнімдер (айран, құрт, ірімшік, қымыз, шұбат). Сүт және сүт өнімдерінің эпидемиологиялық рөлі.   Сүтті гигиеналық сараптау әдістемесі. Тамақтық майлар мен майларды гигиеналық сараптау әдістемесі.     5-апта        
  Етті гигиеналық сараптау әдістемесі. Етте трихинелла мен финналардың болуын зерттеу. Шұжық өнімдерін гигиеналық сараптау әдістемесі.   Балықты гигиеналық сараптау әдістемесі. Қалбырдағы өнімдерді гигиеналық сараптау әдістемесі.   6-апта    
  Тамақ нысандарына ескертпелі санитарлық қадағалауды жүргізу кезіндегі әкімшілік-құқықтық актілердің формалары.   Тамақ нысандарының жобасын сараптау әдістемесі. Жобаға берілетін түсініктеме хатты оқу. Сызбалар бойынша жоба бөлімдері.     7-апта        
    Аралық бақылау Тестілеу, жағдайлық есептер шығару, жазбаша бақылау 8-апта  
  Учаскенің жағдайлық жоспары мен учаскенің бас жоспарын, архитектурлы-құрылыстық бөлімін сараптау.   Жобаның технологиялық және санитарлық-техникалық бөлімдерін сараптау.   Реферат жазу, презентация дайындау, тест сұрақтарын және жағдайлық есептерді құрастыру, нысанға бару. G –Global платформасында жұмыс жасау (оқытушымен бірге көру және пікір жазу)         9-апта    
  Қоғамдық тамақтандыру және азық-түлік сауда кәсіпорындарын тексеру әдістемесі.   Ет өңдеуші, шұжық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарын тексеру әдістемесі.     10-апта      
  Қазақстанда тамақтан уланудың өріс алуы. Базарды, сүт және сүтқышқылды өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды тексеру әдістемесі.   Vibrio parahaemoliticus басқа да аз зерттелген микроағзалар қоздыра-тын тамақтық токсикоинфекция-лар. Пестицидтерден улану.   11-апта        
  Тамақтан улануды талдау кезеңдері мен әдістемесі.   Тамақтан уланулардың этиологиясын анықтауда зертханалық критерийлер. Азық-түліктің патогенді және токсикалық қасиеттерге ие болу механизмін анықтау.     12-апта      
  Тамақтан улану сырқатын жоюға бағытталған жедел шараларды, тамақтан улануды талдау актісін, қорытындыны, тамақтан улануды алдын алу бойынша шараларды құрастыру.   Халықтың арасында тамақ гигиенасы бойынша білімді насихаттау әдістері құралдары.   13-апта      
  Тамақ нысандары жұмысшыларын гигиеналық оқыту. Санитарлық минимум және оны өткізу әдістері.   Тамақ кәсіпорындарының санитар-лық жағдайын бақылау. Қалбырлау әдістерінің гигиеналық сипат-тамасы. Азық-түліктердің қауіпсіз-дігі мен сапасының және халық денсаулығының мониторингі (әлеуметтік гигиеналық монито-ринг).     14-апта          
    Аралық бақылау Тестілеу, жағдайлық есептер шығару, жазбаша бақылау 15-апта  
Барлығы:   90 сағат

2.9. Әдебиет: негізгі және қосымша

Негізгі:

Қазақ тілінде:

1. Тель З.Т. «Нутрициология». - Алматы: Эверо, 2012ж, 588 бет.

2. Сералиева М.Ш., Илакбаева У.С. «Тағам гигиенасы» Шымкент, 2009ж,

298 бет.

3. Терехин С.П. «Қәзіргі таңда нутрициологияның өзекті сұрақтары кесте және схема түрінде»: оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: Эверо, 2012ж, 334 бет.

Орыс тілінде:

1. Королев А.А. «Гигиена питания»: учебник. -3-е изд.перераб. М., 2008ж, 528 бет.

2. Тель З.Т. «Нутрициология». - Алматы: Эверо, 2012ж, 588 бет.

3. Ли М.В., Бужикеева А.Б., Ушанская Е.Ю. «Гигиена питания»: учебно-методическое пособие. - Алматы». Эверо, 2014 ж, 246 бет.

4. Терехин С.П. «Актуальные вопросы современной нутрициологии в таблицах и схемах»: учебное-методическое пособие. - Алматы: Эверо, 2012 ж,334 бет.

Қосымша:

Қазақ тілінде:

1.Шарманов Т.Ш. «Ас ішудің әліппесі»: монография. – Алматы: Қайнар, 1992ж.

2.Қазақстан Республикасы территориясында істейтін тағам гигиенасы бойынша санитариялық ережелер мен нормалар, Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қызметінің нормативтік және құқықтық актілері, нормативті-әдістемелік құжаттар.

3. Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы.

Орыс тілінде:

1. Шарманов Т.Ш. «Йодный дефицит в Казахстане:состояние проблемы и пути ее решения» монография, Астана:Б, 2008 г, 54 бет.

2. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Денсаулық» на 2016-2019 годы.

3. Нормативные и правовые акты, нормативно-методические докумен­ты Государственной санитарно-эпидемиологической службы, санитарные правила и нормы по гигиене питания, действующие на территории Республики Казахстан.

Электронды ресурстар:

Қазақ тілінде:

1. Сералиева М.Ш. Тағам гигенасы: оқулық. –(6, 25 мб). – Шымкент: Б, 2009.-300 бет. эл.опт. диск. (CD ROM).

Орыс тілінде:

1. Гринкевич А.М., Лазарев Г.Ю. «Детское питание» - М: Равновесие, 2006 г, (CD-ROM).

2.10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері

 

Дәрістер: шолу, мәселелік, қатемен дәріс.

Тәжірибелік сабақтар: жағдайлық есептерді шешу, TBL, PBL, жұппен жұмыс жасау, SGL (шағын топтармен жұмыс), тесттік бақылау, дөңгелек үстел, пікірталас, пресс – конференция, тексеру алгоритмін құрастыру, жобаны қарау.

Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): ОСӨЖ жалпы оқу кестесінде көрсетілмейтін, жеке кесте түрінде берілетін, оқытушымен бірге орындалатын, студенттің аудиториядан тыс жұмысы болып табылады. ОСӨЖ барысында оқу бағдарламасының күрделі сұрақтары бойынша, үй тапсырмасын, жобаларды, тәжірибелік сабақтарды орындау, семестірлік жұмыстарды қадағалау, есеп жасау және тағы басқа СӨЖ тапсырмаларының түрлерінде туындайтын сұрақтары, аралық бақылауды өткізу бойынша кеңестер беріледі.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): реферат жазу, презентация дайындау, тест және жағдайлық есеп құрастыру, G – Global платформасында жұмыс жасау (оқытушымен бірге көру және пікір жазу).

1. Реферат жазу: студенттердің таңдауы бойынша дайындалады. Топпен орындауға болады, топтың әр мүшесі бір бөлімді дайындайды. Реферат тақырып сұрағының мәнін ашуы тиіс, толық мағлұматты және өзіндік қорытындысы болуы тиіс. Реферат ұқыптылықпен, өз бетінше 5 әдебиет көздерін қолдана отырып жазылуы тиіс. Реферат тақырыбына сай сызба, кесте және суреттер келтіріледі.Рефератты қорғау кезінде мәтінді оқып беру емес, айтып беруі керек.Қойылған барлық сұрақтарға сенімді әрі қатесіз жауап береді.

2. Презентация дайындау: өз бетінше дайындайды. Дайындауда 5-тен кем емес әдебиет көздері пайдаланылады. Слайдтар мазмұнды және орамды болуы керек. Қорғау кезінде студент тақырып бойынша өзінің терең білімін көрсетуі қажет, сұраққа жауап беруде, талқылау барысында қате жібермеуі тиіс.

3. Тест сұрақтарын құрастыру: Тест тапсырмалары 20 тест сұрағынан кем болмауы керек. Белгіленген күнде тапсырылуы тиіс. Тест сұрақтары нақты, анық, дұрыс құрастырылған. Жауап нұсқалары бір текті. Жауаптың алгоритмі бар. Дұрыс жауаптары нақты белгіленген. Тест сұрақ түрінде болмауы тиіс.

4. Жағдайлық есептерді құрастыру: өз бетінше орындалады, есептер адекватты, қарапайым, тапсырма түсінікті болуы тиіс. Қойылған сұрақтар нақты (3-4), тақырыпқа сай болуы керек. Жағдайдың баяндалуы, берілген сандар мен дәлелдер жалпы түсінікті, нақты, шынайы болғаны жөн. Есептің саны 5 кем болмауы тиіс.

СӨЖ-дің орындалуына қойылатын талаптар:

1. Реферат жазу: Схема -тақырыбы, мақсаты мен міндеттері, мазмұны, өзектілігі, сұрақтар, кортынды мен ұсыныстан тұрады. Реферат көлемі 5-8 бет, Мазмұны - кіріспе, нөмер тізбесі және бөлімдер атаулары, қорытынды, ұсыныс, қолданылған әдебиеттер беріледі. Кіріспе 1-2 беттен тұрады, онда тақырып, мақсаты, міндеттері, өзектілігі көрсетіледі.Әдебиетке шолу 3-5 бет, онда студент авторлар айтқан ой пікір, ұсыныстарды өзі бағалайды. Қорытынды міндеттерге сәйкес 2-5 пункттен жасалады. Реферат жазуға қойылатын талап: сауаттылық, нақтылық, материалды баяндауда

логикалық ойлау реттілігі, фактілер келтіріліп, нұсқа әрі дәлділік болу керек. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

2. Презентация дайындау:Стиль -1. Безендірудің бір тұтас стилі;2. презинтациядан көңіл аударатын стиль болмау керек;3. Қосымша ақпарат мәтін мен суреттен көп болмау керек; Фон: Салқын тон таңдалу керек (жасыл, қара көк); Түсті қолдану- бір слайдта үштен артық түс қолданылмау қажет; Анимациялық эффектілер - мүмкіндігінше компьютерлік анимацияны қолданыңыз, бірақ ол слайдтан көңіл аудармайтын болу керек, ақпаратты көрсету; Ақпараттың мазмұны - қысқа сөз бен сөйлем қолдану, тарау аттары аудиторияның көңілін аудартатындай болуы керек; Бетте орналасу тәртібі -ақпарат көлденеңінен орналасу керек, негізгі ақпарат экранның ортасында орналасуы керек, атаулар суреттердің астында орналасуы керек; Шрифттер- тараудың атаулары үшін – 24 кем емес;

Ақпараттар үшін – 18 кем емес, Ақпаратты бөлу үшін қалың шрифт, курсив қолданылады; Бөлу әдістері - Рамкалар, шекаралар қолданылады: Әртүрлі түсті шрифтер, белгі, сурет, диаграмма, сызбалар қолданылады; Ақпарат көлемі - бір слайдты көп ақпаратпен толтырудың қажеті жоқ; Слайд түрлері - әртүрлі слайд жасау үшін мәтін, кесте, диаграммалар қолдану қажет. Бір тақырыпқа 15 слайд дайындау керек.

3. Тест сұрағын құрастыру: Тақырып бойынша 20 тест тапсырмасын құрастыру керек.адекваттылық,мәтіні түсінікті, қарапайым, күрделілігі бірінші деңгейдегі, бір дұрыс жауап болуы қажет. Тест сұрақтар түрінде құрастырылмайды.

4. Жағдайлық есептерді құрастыруға қойылатын талаптар: жағдайлық есеп берілген тақырыпқа сай, қосымша материалдарды қолдануға мүмкіндік беретін, өзекті, қойылған сұрақтар (3-4) нақты әрі толық болуы шарт. Жағдайды сипаттау, берілген сандар мен фактілер түсінікті, нақты болуы керек. Құрастырылатын жағдайлық есептің саны 5-тен кем емес. Формат А4 Times New Roman, шрифт 14, шеті жоғары, төмен, оң жағы- 2 см, сол жағы - 3 см;

Ескерту*- СӨЖ орындау үшін үсынылатын әдебиет көздерінің саны 5-7 кем емес және соңғы 10- жылдағы болуы тиіс.

2.11. Білімдерін бағалау белгілері мен ережелері:

Студенттердің оқу үлгерімін және білімдерін бағалау «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау» 25.08.2006ж. ҚР МЖМБС 5.03.006-2006 негізінде, ОҚМФА қабылданған унифицирленген рейтинг әдістемесіне сәйкес.

Бақылаудың келесі түрлері қолданылады: ағымдық, аралық және қорытынды

Ағымдық бақылау: тестілеу, жазбаша бақылау, орындалған тапсырманың нәтижесінің рәсімделуін тексеру және т.с.с,SGL (шағын топтармен жұмыс) кезінде өзін - өзі және топтық бағалау.

Аралық бақылау: коллоквиум. Аралық бақылау семестрдің 8 және 15 апталарында тестілеу, жағдайлық есептер шығару және жазбаша бақылау түрінде тапсырады.

Қорытынды бақылау: тестілеу қосылған емтихан.

2.12. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері қарастырылған:

2.12.1 Ағымдық бақылау:

Үлгерімін ағымдық бақылау тәжірибелік сабақта оқу кестесіне сай жүргізіледі.

Бағалау белгілері

Бақылау түрі Баға Бағалау белгілері
Ауызша жауап   Өте жақсы А (95-100%); А- (90-94%) баға сәйкес.   Егер студент жауап беру кезінде ешқандай қате және түсінбеушілік жібермесе қойылады. Пән бойынша теориялар, концепциялар мен бағыттарға сүйене отырып, оған критикалық баға беріп, басқа пәндердегі ғылыми жетістіктерді қолданса қойылады.
Жақсы В+ (85-89%); В (80-84%); В- (75-79%) баға сәйкес.   Егер студент жауап беру кезінде дөрекі қате жібермесе, қағидасыз түсінбеушіліктер не болмашы қате жіберіп, оны студенттің өзі жойса, оқытушының көмегімен бағдарламаны материалдарды жүйелендірсе қойылады.
Қанағаттанарлық С+ (70-74%); С (65-69%); С- (60-64%); D+ (50-54%) баға сәйкес. Егер студент жауап беру кезінде қағидасыз түсінбеушіліктер не қате жіберіп, тек оқытушы ұсынған оқу әдебиеттерімен шектелсе, материалдарды жүйелендіруде үлкен қиындықтарға тап болса қойылады.  
Қанағаттанарлықсыз   F (0-49%) баға сәйкес.   Егер студент жауап беру кезінде қағидалы түсінбеушіліктер жіберіп, тақырып бойынша тақырыпқа сай негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаса, пән бойынша ғылыми терминологияны қолдана алмай, дөрекі стилистік және логикалық қателермен жауап берген жағдайда қойылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 988 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

1323 - | 1139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.