Лекции.Орг


Поиск:




VI. Орыс пен жолдас болсаң




Ақжайлауда Шодыр (Федор болуы керек) деген ауқатты орыс болды. 19 жастамын, жаздай қаратай одан әрі мұңғұл- қалмақ еліне шығып кетіп қайта оралғанда, жұмыс берушілер тұрақты жұмысқа жалшылар қабылдап қойған екен. Менің әлгі Шодырға жалшы болуыма тура келді. Оған кісі тоқтамаушы еді. Өзінен басқа енгезердей екі ұлы бар, қол астындағыларды ұрып-соғып күн көрсетпейді дейтін. Сол жылы апамды алып келгенмін, лажсыздан жұмысқа шықтым. Қара күз келді, мал азығын дайындап қойған екен. Ең алдымен қолға алған жұмысымыз қысқа отын дайындау болды. Қарағайды жығып, кесіп, жарып, саржандап жинадық. Шана жолы түскенде тасимыз деді. Сол жылы қар ерте түсті. Қарашаның ортасында түнде кәдімгідей аяз тұратын болған. Біз отын тасуға дайындықты бастадық. Бұрын мұндай жұмыспен айналыспағам. Саржанды қанатсыз шанамен тасиды екен. Қар да қалындап қалған. Төрт шанамен Сарқыраманың ішінде отынды жинаған жерге келдік. Қанатсыз шанаға саржанды тиеп арқанмен таңып алып жолға шықтық. Саржан деген бәле сусылдап тоқтамайды, шана қиғаштаса шашылып қалады. Шыға бере екі шанадағы саржан шашылып қалды, біреуі менің шанам. Арқанды шешіп шананы түзетейін деп жатыр едім арқама келіп бишік тиді. Қожайын екен, бұрыла бергенде тағыда тартып жіберді. Үшінші рет қол көтергенде бишігін жулып алып анадай жерге лақтырып жібердім. Сол кезде екі ұлы да тұра ұмтылды маған. Біреуінің қолында шанаға бұрау салғанға алған бір құлаштай қада, екіншісінің қолында балта. Сол алдымен жетті. Келе сала балтасын сілтеді. Денеме дарытпай ынғайын тауып қолынан балтаны жұлып алып ұңғысымен кеуеден бір түйдім, шалқасынан түсті. Қолымдағы балтаны көріп екіншісі қашуға бет алды. Қуып жетіп желкеден бір ұрып екпетінен түсірдім де, алды артыма қарамай үйге тарттым. Апам сұрап жатыр неге ерте келдін деп, енді онда жұмыс істемейтінімді айттым. Марқұм бір жайсыз жағдайдың болғанын іштей сезді. Сол күннің кешінде бір бала келіп мені Шодыр шақырып жатыр деді. Апам барма деп бәйек болды. Мен киініп шығып кеттім. Екі ара онша алыс болмайтын, аулада ешкім көзге түспеді үйге кірдім. Орыстардың биік үстелінің басында үш кісі отыр екен. Біреуі Шодыр, қалған екеуін жыға танымадым. Қатардағы бөлмеден екі ұлы шықты. Байқағаным үстел басындағы үшеуі қызу. Шодыр орнынан тұрып үлкен ыдысқа өздерінің арағын құйып алдыма келіп іш деді. Мен ішпейтінімді айттым. Отырған екеуі де тұрып маған жақындады, біреуі даусын көтеріп ішесің деді. Сол кезде жоныма қатты соққы тиді. Бастан ұрмақшы болған болуы керек, артымдағы оқыс қимылды байқап қалдым білем, мойнымды ішіме алып еңкейе бердім,мылтықтың дүмімең ұрған екен. Екінші соққы жұмсауға мұрша бермедім, мылтығымен қоса көтеріп әкеліп үстелге соқтым. Келесі сәтте қолыма алдымдағы екі орытсың кенірдегі ілінді, мытып жіберіп едім сұлық түсті. Шодыр шегіне берді, қолында селебе пышақ бар екен, таста деп ақырдым. Пышақ қолынан сусап түсе берді. Төбесінен бір ұрып оныда сұлаттым. Кіші ұлы жоқ болып кетті. Кәрі шешелері бар еді айғалап келіп колымнан тістеп жатыр, сілкіп тастап есікке беттедім.

Мен байқамай қалғам екен, қарағай есікті сыртынан бекітіп үлгеріпті. Күні бұрын біреуге тапсырса керек. Шегініп барып иығымен түйіп жіберіп едім есік босағасымен шалқасынан түсті. Далаға атып шықсам, аулаға жүгіріп кіріп келе жатқан Елен мен Қызданды, олардан басқа тағыда бес-алты жігітті көрдім. Апам жарықтық мен шыға сала орыстар Сарбасты өлтіреді деп жүгіріпті. Олардың жиналып келгендерінше сол болған екен. Үйден шығарда жерде жатқан мылтықты іле кеткем, қорғанның көлденең ағашынабір соғып бытшыт қылып лақтырып жібердім.

Шешелерің мына Әбілге ұрсып жатады, неге тентек болдын, неге төбелесесің деп. Кейде сол пәледен қашсаңда құтыла алмайсың. Жағаластың екен барынды сал. Ондай кезде таразы басында көп жағдайда өмір мен өлім тұрады. Кейін ойлап отырсам Шодыр ішіп отырып мені өлтіріп тастағысы келген болуы керек. Жетім жалғыз жігітке кім жоқтаушы болар дейсің деп ойлаған шығар. Сол Шодырға менен кейін ешкім малайлыққа тұрмады. Бар шаруасын ұлдарымен өзі істейтін болды. Мен біраздан кейін Таразы (Тарас болуы керек) деген кірсиянға жалға тұрдым. Діндәр, тынышты адам еді, сенбі күні монша деп, грек деп жұмыс істетпейтін. Мен сол Таразыда жеке өз шаруамен айналысып кеткенге дейін қатарынан бірнеше жыл жалда болдым.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-22; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 518 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

1013 - | 846 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.