Лекции.Орг


Поиск:




Кадр құрамын құрастыру әдістері




Ұйымға жаңа жұмыскерлерді қабылдағанда екі мәселе туындайды: Кадрларды кайдан іздеуге болады, бос орындар жайлы қалай хабарласа болады.

Кадрларды жинақтаудың мүмкін болатын екі көзі бар:ішкі(кәсіпорын ішінен), сыртқы (Кәсіпорыннан тыс)

Персоналдарды ішкі көздерден жинау әдістері: ішкі конкурс, кәсіпті біріктіру, ротация.

Персоналды жинақтаудың сыртқы көздеріне ұйымда жұмыс істеуге қабілетті бірақдәл қазір жұмыс істемейтін адамдардың анықталмаған саны жатады. Персоналды жұмыспен қамту орталықтары арқылы және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іздеуге болады.

Ішкі көздердің артықшылықтары: өзін өзі көрсете білу, бұрыннан белгілі қызметкер, қаржы шығандарын азайтуға болады.

Ішкі көз кемшіліктері: қызметкерлер арасында келіспеушілік, туыскандық қатынастардың пайда болуы мүмкін.

Сыртқы көз артықшылығы: көпшілік ішінен керек адамды таңдау мүмкіндігі, жаңа адамдар жаңа идея мен тәсілдер алып келеді.

Сыртқы көз кемшілігі: бейімделуге кетертін көп уақыт, бұрынғы қызметкерлердің моралдық психологиялық жағдайы нашарлауы мумкин, кадрларды жинақтауға кететін шығындар.

 

Персонал маркетингі

Персонал маркетингі - бұл ұйымды ұзақ мерзімде адам ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық ic-әрекеттің түpi.

Персонал маркетингі - персоналды басқару саласындағы өндірістік маркетинг функциясының ұлғаюы және кeлeci базистік негіздерді қамтиды:

- маркетинг нарыққа бағытталған басқарудың негізгі қағидасы ретінде;

- маркетинг басқарушылық шешімдерді іздеудің жүйелендірілген әдісі ретінде;

- маркетинг өз ұйымының бәсекелік артықшылығына жету құралы ретінде;

- персонал маркетингі жұмыс орнын ұйымға сатылатын өнім ретінде сипаттайды.

Персонал маркетингінің функциялары. Персонал марке­тингінің ақпараттық қызметі ақпараттық базис құрудан тұрады.Ол нарықты сегменттеу саласында жоспарлаудың негізін құрайды. Ақпараттық функция келесі жеке функцияларды жіктеуден тұруы мүмкін:

- ұйымның сыртқы және ішкі ортасын зерртеу;

- нарықты зерттеу;

- жұмыс беруші ретінде ұйым имиджін зерттеу;

- қызметтер және жұмыс орындарына қойылатын талаптарды зерттеу.

Ұйымның сыртқы және ішкі ортасын зерттеу. Ұйымның өндірістік іс-әрекеті ұйымдастырылатын жағдайды талдауға бағытталған.

Персонал маркетингінің ішкі факторлары:

- ұйым мақсаттары;

- қаржылық ресурстар;

- кадрлық қажеттіліктерді қанағаттандыру көздері: шеттен кадр «сатып алу» немесе іштен өз кадрларын «өcipy».

Еңбек нарығын зерттеу сыртқы (аймақтағы жұмыс күшінің мүмкіндігі) және ішкі еңбек нарығын зерттеуді (ұйымда бар еңбек ұжымы) болжайды. Ішкі еңбек нарығын зерттеуде персо­налға деген қажеттілік ұйым ішіндегі көздер есебінен қанағаттандырылады.

Жұмыс бepyшi ретінде ұйымның имиджін зерттеу. Имидж - жұмыс берушінің ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы бейнесі. Имиджді зерттеу ұйымдағы жұмыс істейтін және әлеуетті қызметкерлердің тұрғысынан қарағанда бәсекелестер алдында басым болу үшін жұмыс берушінің имиджін жақсарту жөніндегі шараларды жасауға бағытталған.

Жұмысшы және қызметтік орындарға қойылатын талап­тарды зерттеу. Жұмыс орындарына қойылатын талаптарды талдау - жұмыс беруші ұйым белгілі 6ip бос орынға үміткер персоналға қойылатын талаптар жүйесін құрайды.

Персонал маркетингі байланыстың қызметінің өз мақсаттары бар -персоналға деген қажеттілктерді қанағаттандыру жолдарын орнату және өткізу, сонымен 6ipre ұйымның жұмыс беруші ретінде артықшылықтарын көрсету.

Маркетинг қызметі отандық және шетел ұйымдарының ic-әрекетін және өнім бағалары, персонал шығындары, әлеуметтік сақтандыру қаражаттары, қызметкерлерге әлеуметтік төлем және жұмыскерлердің таза табысты белуге қатысу денгейі, дивидендтер көлемі туралы мәліметтерді жинақтап, қорытып және жақартып тұруы тиic. Бұл сыртқы мәліметтерді өзінің көрсеткіштерімен салыстыра отырып, өзінің әрі қарай даму стратегиясын, бағаларды анықтау мен ұйымға тауар мен еңбек нарығында бәсекелестігін қамтамасыз ететін еңбекті, персоналдың саны мен біліктілігін жоспарлаудың жоғары көpceткішін көрсететін дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 968 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

807 - | 736 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.