Лекции.Орг


Поиск:




С.Торайғыров «Адасқан өмір» поэмасы




«Адасқан өмір» Сұлтанмахмұттың әрі аса көрнекті, аса көркем, әрі аса терең мағыналы шығармаларының бірі. Мұны ол бұдан 27 жыл бұрын, 1918 жылы жазған. Сонда да дәл бүгін жазғандай. Ақын-жазушының былайғы, қарапайым адамнан өзгешелігі – терең пікір, аталы сөз айту, ойды, сөзді тауып айту, теңеу, салыстыру арқылы қыйсынды, күшті етіп айту, қай кезде болсын, барлық адамның болсын басында болатын мінез-қылықты, хал-жайды, ой-пікірді, көңілге қонымды етіп суреттеу болады. Ақын-жазушының күші, шығармасының құны осыған қарай бағаланады.Сұлтанмахмұттың шығармаларын әсресе осы «Адасқан өмір» деген дастанынан күшті ақын-жазушы да, құнды шығарма да болуға тиісті бұл хасиеттердің бәрі де табылады. сұлтанмахмұт бұл дастанында өзінің дүниеге, қоғамға көзқарасын айтады, айтқанда оны өзінің затшылдық материалистік жөнімен түсінетінін ашық аңғартады.

«Адасқан өмір» поэмасының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. Поэмада күрделі философиялық ой-толғамдар басым.

Басталуы:Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма?

Оны жасырар адамның күші бар ма?

Адасқан өмір 5 бөлімне тұратын поэма. Бірінші бөлім «Мен бала» деп аталады. Бұл бөлімде адам баласының күнәдан таза, періште шағы, сәби кезі сөз болады. Жас сәбидің ойының, көңілінің пәктігі, қастық, қайғы, алдап-арбау, айла, қулықтан бейхабарлығы, бай-кедей деп ажыратпауы, кәрілікті, өлімді білмеген балалық кезеңі туралы жырлайды. Екінші бөлім «Мен жігіт». 15-30 жас аралығындағы жігітшілік дәуренін, алдында толған мақсат, толған таңдау тұрғандығы жайлы жырланады. Бұл бөлім негізгі бөлім болып саналады. Алғашында бай болғанның несі бақыт екені, байлықты қара басының қамы үшін емес медресе, мектеп үшін жұмсап артыңнан жақсы деген ат қалдырған дұрыстығын, бірақ адал еңбекпен баюдың оң еместігін, біреу байыса, біреу кедейленетінін айта түсіп одан да барына қанағат етіп өмір сүргенім артық деп түйеді. Сосын әкім болу жайы қозғалады. Әкім болу үшін таптық мәселесі кедергі жасайтындығын айтады. Әкімдер байлардың қолшоқпары деп, ел билеуден де бас тартады. Содан кейін атақ-даңқ сөз етіледі. Шыңғыс хан, Бонапарттай ел жауласам атағым әлемге жайылса дейді. Бірақ ел бір күні қудалап бітеді деп бұл ойдан бас тартады. Ғалым болып еліме пайдам тисе дей тұрып бірақ пайдасын байлар көреді деп бұл пікірден де бас тартады. Соңынан ең маңызды іс деп әділдікті таңдайды. Үшінші бөлім «Мен тоқтадым». Әділдік орната алмағанына көзі жетіп, жастық жалынының сөне бастағанын айтады. Төртінші бөлім «Мен кәрі». Өмірінің бос кеткеніне өкініп, адамзатқа берген ештеңем жоқ, артымда қалар мұра, жақсы атым жоқ деп қынжылады. Бесінші бөлім «Мен өлік». Топырақ қойнына ендім, ұмтылдым, жұрт жоқтығымды да сезбейді деп аяқтайды.

Поэманың «Мен» деген бас кейіпкері анонимдік бір ғана образ, ақын геройдың іс-әрекеттерін емес, көбіне ойларын, арман-қиялдарын ғана баяндайды. Эпикалық емес, көбіне лирикалық кейіпкер ретінде көрсетілген. Өйткені бұл поэмалардың тақырыбы жеке бір проблема емес, қоғам өмірінің тұтас алынған экономикалық, таптық-идеологиялық қайшылықтары болып келеді. Бұл поэманың реалистік сипатына тән белгілер.

АДАСҚАН ӨМІР

Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма?!

Оны жасырар адамның күші бар ма?!

Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен

Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?

I

МЕН — БАЛА

Мен сәби мейірімді ана құшағында,

Ақ мамасын сүйемін, құшамын да;

Алтын ана жек көрер шамасы жоқ,

Былғанам ба, мейлі құсамын ба.

Мен — ұжмақ періштесі көңілім таза,

Қандай нәрсе білмеймін: бәле, қаза.

Еркімнің ұйғарғанын істеуіме,

 

Ұғынбаймын ешкімнен бар деп жаза.

Қастық деген не нәрсе: көрінген дос;

Қайғы деген не нәрсе: көңілім қош.

Алдау, күндеу, айла не — мен білмеймін,

Жүрегімде түкпір жоқ сүюден бос.

Мен білмеймін жалыну, жағынуды,

«Ресім», «ұлтық», «құдай» деп табынуды.

Өз еркімнің қылығы өзіме жөн,

Айтшы маған не нәрсе жаңылуды?

Кәпір жоқ, мұсылман жоқ, мал мен адам —

Бәрі де айырмасыз бауыр маған.

Пайда, зиян ұят не? — мен білмеймін,

Менің үшін сөз һәм жоқ деген жаман.

Менде жоқ: мынау орыс, мынау қазақ

…деп жалғаса береді. Барлығы 60 бетті құрайтын поэма болғандықтан, мазмұнын қысқартып жаздым.

 

КЕДЕЙ поэмасы





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2025 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

1448 - | 1391 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.