Лекции.Орг


Поиск:




ой шаруашылығының болашағы




Қой шаруашылығының бүкіл дүние жүзінде, соның ішінде Қазақстанда да замана талабына сай дамиды. Мал шаруашылығының бір саласы ретінде, өзінің қажеттілігін тек қой ғана өндіретін өнімдерге (жүн, қой еті, елтірі, тондық терілер т.б.) сұраныстарды қанағаттандыру үшін өсіріле береді. Өзара бәсекелестікте ең құнды, ең арзан, ең пайдалы сала болу үшін оның өсімталдығын, өміршеңдігін жақсарта беру, сол арқылы қой шаруашылығы өнімдерін көбейте беру мәселері күн тәртібінен әр уақытта да түспейді.

Сондықтан да дүние жүзінде қойдың төлшілдігін арттыру қазір басты назарда. Селекциялық жолмен қойдың төлшілдігін 200-250 пайызға жеткізу іске асырылуда. Бұл жөнінде дүниеде бар төлшіл қой тұқымдарын (романов, фин ландрасы, бурула т.б.) кеңінен пайдаланып жаңа, жоғары өнімді қой тұқымдары шығарылуда. Сөз жоқ бұл бағыттағы жұмыстар өз нәтижесін береді.

Жалпы қой шаруашылығының өнімділігін, қазіргі қол жеткен зоотехния ілімі мен технологиясын жақсы қолданумен, ерекше жаңалық жасамай-ақ, көп қаржы шығармай-ақ, едәуір жақсартуға да көбейтуге де әбден болады.

Әр саулықтан өсіретін қозы санын, олардың өсіп салмақ қосуын, жем-шөпті тиімді пайдалануын, алынған қозыны аман өсірудің өндірісте дәлелденген жүйелері мен әдіс-тәсілдері жеткілікті.

Егер де қой фермаларында алдыңғы қатардағы шаруашылықтарда қолданылып жүрген қойды бағып-қағу, өсіріп тәрбиелеу технологияларын бұлжытпай қолданып отырса, республикамызда қой басы да, оның ет өнімділігі де үлкен жылдамдықпен өсер еді. Ол үшін қой отарларында зоотехниялық-малдәрігерлік шаралар өз уақытында, жоспарлы түрде жүзеге асырылып отыруы тиіс. Қазірше біздің республикада көптеген қой фермаларында зоотехниялық-малдәрігерлік шаралар төмен дәрежеде жүргізіледі. Кейбір фермаларда, көптеген жеке шаруашылықтарда ешқандай зоотехниялық-малдәрігерлік ғылымға сәйкес жұмыстар жүргізілмейді. Сонымен қатар жем-шөп базасына көңіл аударылмайды. Әрине, осындай салғырттықтан мал шаруашылығына зиян көп болады.

Мұндай өнімдердің шарықтап қымбаттауы, азот, фосфор тыңайтқыштарының тапшылығы жайылым жерлердің құнарлылығын арттыру ісіне өзінің кері әсерін тигізуде. Осындай жағдайда жайылым жерлерді дұрыс, жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Қазақстан ғалымдары бұл жөнінде де жақсы ұсыныстар жасап отыр. Қазақтың қой шаруашылығы, қаракөл шаруашылығы және мал азығы мен жайылым институттары көптеген, әр аймаққа арналған ұсыныстар береді. Міне, сол ұсыныстарды басшылыққа алып пайдалансақ қойдан өте арзан, аса сапалы өнім өндіруге жол ашылады.

Қой малы шошқа, құс, сүтті ірі қара малмен салыстырғанда құнарлы азықты, әсіресе дәнді жемді аса жоғары пайдалана алмайды. Оның есесіне Қазақстанда қойға арналған жайылымдар (шөл мен шөлейт, құмды және таулы жерлерде) жеткілікті. Ол жерлерде өсетін шөптің өзі де қой малына жағымды. Сондықтан біздің республикамызда қой малын көптеп өсіріп, арзан ет, жүн, елтірі, тондық терілер өндіруге болады. Осы тұрғыдан алғанда, қой шаруашылығын экстенсивті және интенсивті технологияларды өзара дұрыс ұштастырып қолдануға әбден болады. Мәселен, алыстағы жайылымдарда көптеп саулық қой ұстап, оның етке деген қозыларын жеделдетіп кешендерде (қалаға жақын жерде) өсіріп, бордақылап етке сатып тұрса өте пайдалы болады.

Мұндай технологиялардың да ұсыныстары баршылық. Қой шаруашылығының өнімділігін арттыруда тұқымаралық будандастырудың үлкен пайдасы бар. Сондықтан бұл жөнінде ұмытпау керек. Қазақстанның әр өңірінде жасалған тәжірибе де жеткілікті.

Қорытып айтқанда, қой шаруашылығы нарықтық экономика жағдайында бәсекеге шыдап, пайдалы және табысты сала болуына әбден болады. Ол үшін зоотехния мен малдәрігерлік ғылым жетістіктерін іздеп тауып, өндіріске пайдалана беру қажет.

 

Дебиеттер

1. Джапаридзе Т. Г., Зарытовский В. С. и др. Овцеводство. М.: Колос, 1983.

2. Васильев Н. А., Цельютин В. К. Овцеводство. – М.: Колос, 1979. – 201 с.

3. Садықұлов Т. С., Бексеитов Т. К. Мал өсіру және селекция. – Павлодар, 2009. –375 б.

4. Сабденов К. С. т.б. Қой шаруашылығының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар. – Астана, 2008. – 95 б.

5. Сабденов Қ., Абдуллаев М., Құлатаев Б. Қой шаруашылығының технологиясы. – Астана, 2008. – 295 б.

6. Мырзабеков С. Ш., Ерохин А. Овцеводство. – Алматы, 2005. – 305 8. Николаев А. И., Ерохин А. И. Овцеводства. – М., 1987. – 350 б.

7. Целютин В. Н., Деревянко О. Ф. Практикум по овцеводству и технологии производства шерсти и баранины. – М., 1990. – 110 с.

8. Попов И. Н. Эдильбаевская овца – Алма-Ата, 1951.

9. Садыкұлов Т. С. Дегересские овцы.–Алма-Ата: Кайнар. -1985.

10. Иванов М.Ф. Овцеводство. –М.: Сельхозгиз, 1935.

11. Вениаминов А. А. Породы овец мира. – М.: Колос, 1984.

12. Иванов М. Ф. Мясо-сальные овцы.– М., 1964.

13. Иванов М. Ф. Курс овцеводства. –М.: Сельхозгиз, 1947

14. Ермеков М. А., Голодонов А. В. Курдючные овцы Казахстана. – Алма-Ата: Кайнар, 1976

15. Иванов М. Ф. Пути развития овцеводства // Собрание сочинений. - М., 1964.

16. Бексеитов Т. К. «Инбридинг и препотентность баранов-

производителей». – Павлодар, 2003. – 160 с.

17. Жиряков А. М., Хамицаев Р. С. «Промышленное скрещивание овец». – М.Агропромиздат, 1986. – 260 с.

18. Медеубеков К. У., Нартбаев А. және т.б. «Северо-казахские мериносы».- Шымкент, 1996. – 190 с.

19. Мұхамедгалиев Ф. М. «Актуальные проблемы частной генетики сельскохозяйственных животных». – Алматы, Ғылым, 1981. – 340 с.

20.Чижик И. А. «Альбом по контуции и экстерьеру сельскохо- зяйственных животных» – Ленинград. Колос, 1972. – 445 с.

 

 

Мазмұны

Кіріспе.................................................................................................  
Қойдың халық шаруашылығындағы маңызы...............................  
Қой шаруашылығының сипаттамасы............................................  
1 Қойдың шыққан тегі, биологиялық ерекшеліктері, дене бітімі....................................................  
1.1 Қойдың шыққан тектері.........................................................  
1.2 Қойдың биологиялық ерекшеліктері...................................  
1.3 Қойдың дене бітімі...............................................................  
1.3.1 Түр-тұлғасы – пішіні (экстерьері)......................................  
1.3.2 Қойлардың интерьері..........................................................  
2 Қой өнімдері..............................................................................  
2.1 Жүн...........................................................................................  
2.1.1 Жүн жайында жалпы түсінік..............................................  
2.1.2 Тері морфологиясы және гистологиялық құрылымы......  
2.1.3 Жүн талшықтарының типтері, олардың морфологиялық және гистологиялық құрылымы.....................................................  
2.1.4 Жүннің химиялық, физико-механикалық және технологиялық қасиеті......................................................................  
2.1.5. Жүн ақаулығы және оны болдырмау жолдары...............  
2.1.6 Жүнді класқа бөлу және дайындау стандарттары...........  
2.1.7 Қойды қырқуды ұйымдастыру..........................................  
2.2 Қой еті.................................................................................  
2.2.1 Қой еті және оны өндіру технология................................  
2.2.2 Қойдың ет өнімділігіне әсер ететін факторлар................  
2.2.3 Қойды жайып семірту және өнеркәсіптік негізде бордақылау.........................................................................................  
2.3 Қой терісі..............................................................................  
2.3.1 Қой терісінің түрі................................................................  
2.3.2 Қой терісін сыпыру, терілерді консервілеу, сақтау техникасы..............................................................................  
2.4. Елтірі......................................................................................  
2.4.1 Елтірілік типтер..................................................................  
2.5. Қой сүті..................................................................................  
2.5.1 Қой сүтінің химиялық құрамы..........................................  
2.5.2 Саулықтардың сүттілігі......................................................  
2.5.3 Сауу әдісі және оны ұйымдастыру...................................  
2.5.4 Қой сүтін өңдеу..................................................................  
2.6 Мәйек......................................................................................  
3 Қой тұқымдары.....................................................................  
3.1 Тұқымдар туралы түсінік.....................................................  
3.2 Қой тұқымдарының зоологиялық және өнеркәсіптік жіктеу сипаты....................................................................................  
3.3 Қазақстандағы тұқым түрлері...............................................  
3.4 Әлемдік қой тұқымы генофонды түрлері............................  
4 Қой тұқымын өсіру мен жұп таңдау тәсілі, оның генетикалық негізі.....................................................  
4.1 Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері...............  
4.2 Қой цитогенетикасы.............................................................  
4.2.1 Хромосомалар және олардың құрылысы.........................  
4.2.2 Кариотип және оның түрлік ерекшеліктері......................  
4.3 Қой селекциясының популяциялық генетикалық негіздері..............................................................................................  
4.4 Қой өсіру әдістері мен түрлері............................................  
4.4.1 Қой өсіру әдістері...............................................................  
4.4.1.1 Таза тұқымды қой өсіру..................................................  
4.4.1.2 Будандастыру...................................................................  
4.4.1.3 Гибридтеу.........................................................................  
4.4.1.4 Қойдың биотехнологиясы...............................................  
4.5 Қой сұрыптау және жұп таңдау............................................  
4.6 Ұрпақ сапасы бойынша бағалау...........................................  
4.7 Аталық малдың басым қандылығы.....................................  
4.8 Қойды жұптау........................................................................  
4.9 Селекциялық-асылдандыру жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау.................................................................................  
5 Қойды бонитировкалау....................................................  
5.1 Биязы жүнді қойларды бонитировкалау..............................  
5.2 Биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау............  
5.3 Ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау..................................................................................  
5.4 Қаракөл қозыларын бонитировкалау негіздері..................  
5.5 Асыл тұқым мал есебін жүргізу...........................................  
6 Қой шаруашылығының технологиясы..................  
6.1 Қой шаруашылығы технологиясының ғылыми негіздері..  
6.2 Қой басын көбейту...............................................................  
6.2.1 Қойдың көбею биологиясы...............................................  
6.2.2 Қойды ұрықтандыру және оны ұйымдастыру.................  
6.2.3 Саулықтарды ұрықтандыруға әзірлеу және ұрықтандыру......................................................................................  
6.2.4 Буаз саулықтарды бағып-күту, азықтандыру...................  
6.2.5 Қойды төлдету және қозы өсіру........................................  
6.3 Қойды азықтандыру және бағып күту технологиясы.......  
6.3.1 Қой шаруашылығының жем-шөп базасы.........................  
6.3.2 Қой азығы............................................................................  
6.3.3 Азықтандыру түрлері.........................................................  
7 Қойға қора-жай салу.........................................................  
8 ҚОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ...........................  

 

 

Сәбденов Қалдыбек Сәбденұлы

Бексейітов Тоқтар Кәрібайұлы

Абдуллаев Махаметжан

Құлатаев Бейбіт Тұрғанбекұлы

Исламов Есенбай Исраилұлы

 

Ой шаруашылығы

 

 

 

 

 


 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1082 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

582 - | 606 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.