Лекции.Орг


Поиск:




Тегін немесе жеҢілдікті рецепт – рецепт бесплатный или льготный 3 страница




д) сыртқы бақылау

Вариант 2

1. «Сипаттау» көрсеткіші бойынша келесілерге көңіл бөлінеді:

+а) сыртқы түріне

б) иісіне

в) түсіне

г) таңбалануына

д) тіркеу нөміріне

2. Дәріханада дайындалған көз тамшыларының сақталу мерзімі:

а) 5 тәулік

+б) 2 тәулік

в) 10 күн

г) 1 жыл

д) 1 ай

3. Этикеткадағы ескерту жазбалары:

+а) «Жарықтан қорғалған және салқын жерде сақтау керек»

+б) «Балалардан қорғау кере»

+в) «Оттан қорғау керек»

+г) «Абайлап қолдану керек»

д) «Абайлап араластыру керек»

4. Дәріханаішілік дайындау мен қаттаудың этикеткаларында көрсетіледі:

а) фармацевтің фамилиясы

б) науқастың мекен-жайы

+в) эмблема

+г) сериясы

+д) қолдану тәсілі

5. Органолептикалық бақылау кезінде тексеріледі:

+а) дәрілік қалыптың сыртқы түрі

+б) түсі

+в) иісі

+г) араласу біркелкілігі

д) ДЗ құны

Вариант 3

1. «Таңбалану» көрсеткіші бойынша келесілерге көңіл аударылады:

+а) дәрілік заттардың нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес ресімделуіне

б) дәрілік заттың құрамына

в) дәрілік заттың жарнамасына

г) дәрілік заттың сандық көрсеткіштеріне

д) дәрілік заттың түріне

2. Дәрілік заттарды таңбалау кезінде көрсетіледі:

+а) дәрілік заттарды шығаратын ұйымның аты

+б) жарамдылық мерзімі

в) дәрілік заттардың бағасы

+г) серия нөмірі және дайындалған күні

+д) сақтау шарттары

3. № 90-П бұйрығына сәйкес этикеткалардың түрлері:

+а) «Ішке»

+б) «Сыртқа»

+в) «Көз тамшылары»

+г) «Көз жағылмасы»

д) «Стерильді»

4. дәріхана этикеткаларының ақ фондағы сигнальды түстері:

+а) «Ішке» – жасыл

+б) «Сыртқа» – сарғыш

+в) «Көз тамшылары» және «Көз жағылмасы» – қызғылт

г) «Инъекцияға арналған» – көк

д) «Ұнтақ» – қара

5. Жеке дайындалған дәрілік заттардың этикеткаларында көрсетіледі:

+а) эмблема

+б) дәріхананың аты

+в) дәріхана №

+г) рецептің №

д) фармацевтің фамилиясы

Вариант 4

1. Жалпы тізімдегі дәрілік затқа жазылған рецептің жарамдылық мерзімі:

а) 3 жыл

б) 10 жыл

в) 10 ай

г) 12 ай

+д) 7 күн

2. Дәрілік заттардың таңбалануы келесілердің сәйкестігін білдіреді:

+а) ресімделуінің қолданыстағы заңдылық талаптарына

б) құрамының

в) жарнамасының

г) сандық көрсеткіштерінің

д) дәрілік заттың түрінің

3. № 90-П бұйрығына сәйкес этикеткалардың түрлері:

+а) «Тамшылар»

+б) «Инъекцияға арналған»

+в) «Жағылма»

+г) «Ұнтақ»

д) «Стерильді емес»

4. «Бума» көрсеткіші бойынша келесілерге көңіл аударады:

+а) бумасының бүтіндігіне

+б) физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкестігін

в) дәрілік заттардың мөлшерленуін

г) көлемінің сәйкестігіне

д) түсінің сәйкестігіне

5. Жеке дайындалған дәрілік қалыптардың этикеткаларында көрсетіледі:

а) фармацевтің фамилиясы

б) науқастың мекен-жайы

+в) науқастың фамилиясы

+г) қолдану тәсілі

+д) рецептің №

 

 

ТАҚЫРЫП: АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ №2

 

МАҚСАТЫ:

Өткен тақырыптар бойынша студенттердің бағдарлама материалын игергендігін тексеру.

 

ӨТКІЗУ ФОРМАСЫ

Бақылау: а) сұрақтар және тест сұрақтарының варианттары бойынша; б) ситуациялық есептерді шешу.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

Вариант 1

1. Дәріхана ұйымдарының қызметкерлерінің штаты.

2. Дәріханада дәрілік заттарды асептикалық жағдайда дайындау тәртібі.

3. ҚР ДСМ-нің 2003 жылғы 2 маусымдағы № 85 бұйрығы.

Вариант 2

1. Асептикалық блоктың жабдықталуы.

2. Этикеткалардың түрлері.

3. Дәріханада дайындалған дәрілік қалыптарды ресімдеу ережесі.

Вариант 3

1. Дәрілік қалыптарды дайындайтын фармацевт-технологтың жұмыс орнын жабдықтау және құралдары.

2. Дәріханадағы дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету бойынша ескерту іс-шаралары.

3. Құрамында спирті бар ерітінділер мен қоспадағы спиртті босату ережесі.

Вариант 4

1. Шаруашылық есептегі дәріхананың ұйымдастыру құрылымы.

2. Рецептерді қабылдау кезіндеі фармацевт-технологтың жұмыс орнында қолданылатын кіші механизация құралдары.

3. Құрамында этил спирті бар дәрілік заттарды ресімдеу және рецепт бойынша босату.

Вариант 5

1. Дәріханадағы материалды жауапкершілік.

2. Дәрілік заттарды тегін босату және оларды есепке алу.

3. Дәрілік заттарды асептикалық жағдайда дайындаудың ерекшеліктері.

Вариант 6

1. Экстемпоральды дәрілік заттарды дайындау кезінде қолданылатын автоматизация және механизация құралдары.

2. Дәрілік заттардың (қалыптардың) сапасына дәріханаішілік бақылау. Дәріханаішілік бақылаудың түрлері.

3. Дәріханада дайындалған дәрілік қалыптарға паспортты құрастыру.

Вариант 7

1. Дәріхананың құрал-жабдықтары.

2. Инъекцияға арналған ерітінділердің сапасын бақылауға қойылатын ерекше талаптар.

3. Амбулаторлық рецептерді есепке алу. Дұрыс жазылмаған рецептердің есебі.

Вариант 8

1. Дәріхана ұйымдарының специализациясы.

2. Науқастарға жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттарға рецептерді ресімдеудің ерекшеліктері.

3. Еңбекті рационалды ұйымдастыру.

Вариант 9

1. Дәрілік қалыптарды дайындайтын фармацевт-технологтың құқы мен міндеттері.

2. Есірткі дәрілік заттарға рецепті ресімдеудің ерекшеліктері.

3. Дәрілік заттардың (қалыптардың) сапасын бағалау.

Вариант 10

1. Дәріханалардың жіктелуі.

2. Құрамында кодеин, кодеин фосфаты, этилморфин гидрохлориді, пахикарпин гидрохлориді бар дәрілік заттарға рецепті ресімдеу ерекшеліктері.

3. Құрамында улы және есірткі заттары бар дәрілік заттарды ресімдеу.

Вариант 11

1. Экстемпоральды дәрілік заттарды дайындауда қолданылатын автоматизация және механизация құралдары.

2. Фармацевт-аналитиктің, фармацевт-технологтың функциялары. Құқы және міндеттері.

3. Рецептураның құрылымы. Рецептерді тіркеу формалары және құнын анықтау тәртібі.

Вариант 12

1. Дәріхананы ашу және дәріхана жағдайында дәрілерді дайындау және дәрі-дәрмектерді сату құқын лицензияны алу тәртібі.

2. Глаукоманы және катарактаны емдеу үшін құрамында прозерин және пилокарпин бар дәрілік заттарды ресімдеу және рецепт бойынша босату ережесі.

3. Құрамына кіретін ингредиенттердің сипатын ескере отырып дәрілік заттарды дайындау тәртібі.

Вариант 13

1. Бөлмелердің сипаттамасы және жобалау бойынша жалпы мәліметтер.

2. Ұйықтататын дәрілік заттарға, антидепрессанттарға, транквилизаторларға және психотропты дәрілік заттарға рецепті ресімдеу ерекшеліктері.

3. Ассистенттік бөлменің құрал-жабдықтары.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ:

Вариант 1

1. Дәріханаішілік бақылаудың таңдамалы түрлері:

а) биохимиялық

б) бактериологиялық

+в) сұрақты

+г) физикалық

+д) химиялық

2. Стерильді ыдысты сақтау мерзімдері:

а) төрт тәулік

б) бес тәулік

+в) үш тәуліктен артық емес

г) екі тәулік

д) жеті тәулік

3. Рецептің фармацевтикалық сараптамасы – бұл келесілердің сәйкестігін бағалау:

+а) дәріханаға түскен рецептердің қолданыстағы регламенттерге

б) рецептердің құнын анықтауға

+в) түскен рецептердің рецепт бойынша дәрілік заттарды босату ережесіне

г) дәрілердің сапасының

+д) рецептуралық бланк формасының

4. Рецептік-өндірістік бөлімнің штатында келесі қызметтер қарастырылған:

+а) бөлім меңегрушісі

+б) рецепті қабылдайтын фармацевт

+в) жеке дайындалған дәрілік заттың сапасын бақылайтын фармацевт

г) санитария и гигиена бұйымдарын босататын фармацевт

д) бас дәрігердің орынбасары

5. Фармацевт-аналитиктің жұмыс орны жабдықталады:

+а) өлшеу құралдарының типтік жиынтығымен

б) жұмсақ жиһаз жиынтығымен

+в) реактивтермен

+г) ҚР нормативті-құқықтық актілерімен

д) рецептуралық журналмен

Вариант 2

1. Дәрілік заттарды дайындау және қаттау кезінде қолданатын кіші механизация құралдарын:

+а) жуады

б) күйдіреді

+в) дезинфекциялайды

г) механикалық өңдейді (тек сүртеді)

д) бір рет қана қолданады

2. Дәріханада дайындалатын дәрілік заттардың сапасын бағалау үшін келесі терминдер қолданылады:

а) өте сапалы дәрілік зат

б) сапасы жақсы дәрілік зат

+в) «қанағаттандырады» (жарамды өнім)

+г) «қанағаттандырмайды» (жарамсыз)

д) сапасы төмен дәрілік зат

3. Дәрілік қалыптарды дайындауда қолданылатын дәрілік заттар ассистенттік бөлмеде сақталады:

+а) тығыз жабылған штангластарда

+б) ластануды болдырмайтын жағдайларда

в) қағаз пакеттерде

г) картон қораптарда

д) полиэтилен пакеттерде

4. Босатылатын тауарлар (дәрі-діәрмектер) топтарының спецификасына қарай дәріханалардың жіктелуі:

+а) психотропты

+б) гомеопатиялық

+в) онкопрепараттар

г) гериатриялық

+д) туберкулезге қарсы

5. Дәріхананың өндірістік функциясы - бұл:

+а) дәрілерді дайныдау

+б) экстемпоралды рецептердің құнын есептеу

+в) дайындалған дәрілердің сапасын бақылау

г) нарықты кешенді зерттеу

д) инвентаризацияны жүргізу

Вариант 3

1. Қор бөлімінде жұмыс істейтін фармацевт-технолог міндетті:

+а) концентраттар мен жартылай фабрикаттарды дайныдауға

+б) дәрі-дәрмектердің сақтау ережесін орындауға

в) рецептер мен талаптардың құнын дұрыс есептеуге

+г) штангластардың дәрі-дәрмектің қорымен дұрыс толтырылуын қадағалауға

+д) ассистенттік бөлмедегі дәрі-дәрмектердің қорын толтыруға

2. Фармацевтикалық көмек болу керек:

+а) квалификациялы (білікті)

б) тез арада

+в) заман талабына сай

+г) жетімді

д) үздіксіз

3. Рецепт қандай құжат болып табылады:

а) заңдылық

+б) заңды

+в) медициналық

+г) қаржылық

д) ұйымдастыру

4. Дәрілік заттарды сақтауға арналған бөлмелер қамтамасыз етілуі және жабдықталуы керек:

+а) күзет және өртке қарсы құралдармен

+б) сору шкафтарымен

+в) шкафтармен, сөрелермен, поддондармен және т.б.

+г) орталықтан және автономды жылыту құралдарымен

д) телевизормен

5. Қор бөлімінің материалды жауапты адамы:

а) қаттаушы

+б) бөлім меңегрушісі

+в) қор бөлімінің меңгерушісінің орынбасары

г) фармацевт-аналитик

д) РӨБ меңегрушісі

Вариант 4

1. дәріханадағы есірткі заттардың табиғи шығының нормасы:

а) ЕАҰ талаптары бойынша дайындаған кезде – 3%

б) рецепт бойынша дайындаған кезде – 2,15%

+в) дәрілік заттарды жеке дайындаған кезде – 0,95%

+г) қосымша технологиялық операцияларсыз өлшеу кезінде – 0,4%

д) мақтаны, дәкені қаттау кезінде – 0,5%

2. Табиғи шығынды тізімнен шығару жүргізіледі:

+а) инвентаризация кезеңінде

б) ай сайын

в) жыл сайын

г) тоқсан сайын

д) қажет болған жағдайда

3. Ішке қолданылатын қандай дәрілік заттарға дәмі тексеріледі:

+а) үлкендерге арналған таңдамалы түрде

+б) балаларға арналған міндетті түрде

в) балаларға арналған жағылмалар

г) үлкендерге арналған жағылмалар

д) балаларға арналған сепкіштер

4. Жазбаша бақылау паспортында көрсетіледі:

а) рецептуралық журналдың нөмірі

+б) дайындалған күні

+в) рецептің (талаптың) нөмірі

+г) алынған дәрілік заттардың аты

д) науқастың Ф.А.Ж.

5. Төмендегілер туралы мәліметтер болмаған жағдайда инъекцияға арналған ерітінділерді дайындауға тиым салынады:

а) бағасы

б) ыдысы

+в) құрамына кріетін ингредиенттердің химиялық сиымдылығы

+г) физикалық сиымдылығы

+д) дайындау технологиясы

Вариант 5

1. Қабылдау кезіндегі бақылауда тексеріледі:

+а) бумасы

б) бағасы

+в) таңбалануы

+г) сыртқы түрі

д) алушының мекен-жайы

2. Тоқсанына 2 реттен кем емес төмендегі дәрілік заттардың стерильділігіне лабораторлық бақылау жүргізіледі:

+а) инъекциялық ерітінділердің

+б) көз тамшыларының

+в) жаңа туылоған сәбилерге арналған дәрілік қалыптардың

г) ішке қолдануға арналған микстуралардың

д) таблеткалардың

3. Фармацевт-аналитик келесі жұмыс түрлерін орындайды:

а) рецептер мен талаптарды қабылдау

б) экстемпоральды дәрілік заттарды дайындау үшін рецептерді қабылдау

в) дайын дәрілік заттарды буып-түю

г) дайын дәрілік заттарға рецептер мен талаптарды босату

+д) дәрілік заттардың сапасын бақылау

4. Рецептік-өндірістік бөлімде келесі қызметтер болады:

+а) бөлім меңгерушісі

+б) меңгерушінің орынбасары

+в) экстемпоральды дәрілік заттарға рецептерді қабылдау бойынша фармацевт-технолог

г) дайын дәрілік қалыптар бөлімінің меңегрушісі

д) бухгалтер

5. Предасептикалық бөлменің (тамбурдың) құрал-жабдықтары:

а) жартылай жұмсақ орындық

+б) бір есікті медициналық шкаф

+в) электр құрғатқыш

г) жұмсақ орындық

д) фотоэлектроколориметр (ФЭК)

Вариант 6

1. Асептикалық блокта жұмыс істейтін фармацевтердің жеке гигиенасының ережелері:

+а) стерильді, толық жауып тұратын халаттарда жұмыс істеу

+б) арнайы аяқ киімде жұмыс істеу

+в) ауыз және мұрынды дәке таңғышпен жабу

+г) медициналық қалпақта жұмыс істеу

д) дезодорантты пайдалану

2. Инъекциялық ерітінділерді дайындауға арналған дәрілік заттар расталуы керек:

а) есеп-фактурамен

+б) сапа сертификатымен

+в) нормативті құжаттармен

г) тасымалдау накладнойымен

д) квитанциямен

3. Инъекциялық ерітінділерді пирогенділікке таңдамалы тексерудің жиілігі:

а) төрт айда 1 рет

б) жарты жылда 1 рет

+в) тоқсанына 1 реттен кем емес

г) бес айда 1 рет

д) жылына 1 рет

4. Дәрілік қалыптарды дайындауда қолданылатын кіші механизация құралдары:

+а) жуылады

б) күйдіріледі

+в) дезинфекцияланады

г) механикалық өңдеуден өтеді (тек сүртіледі)

д) бір реттік қоллдануға арналған құралдар

5. Органолептикалық бақылау – бұл келесі көрсеткіштерді бақылау:

+а) көрінетін механикалық қоспалардың болмауын

+б) сыртқы түрін

в) бағасын

+г) иісін, дәмін

+д) біркелкілігін

Вариант 7

1. Босату кезіндегі бақылауда келесілердің сәйкестігі тексеріледі:

+а) дәрілік заттың бумасының – оның физикалық-химиялық қасиеттеріне

+б) рецептегі нөмір мен этикеткадағы нөмірдің

+в) рецепте көрсетілген мөлшерінің – науқастың жасына

+г) рецепт көшірмесінің – рецепт жазбасына

д) бағасының – прейскурантқа

2. Асептикалық бөлменің құрал-жабдықтары:

+а) ассистенттік стол

+б) бақылаушының столы

+в) есірткі дәрілерге арналған шкаф

+г) сұйықтықтарды сүзуге арналған аппарат

д) жұмсақ кресло

3. Фармацевт-аналитик білуге тиіс:

+а) фармацевтикалық талдаудың теориялық негіздерін

+б) Мемлекеттік фармакопеяның жалпы баптарын

+в) дәрінің сапасын бақылауды регламенттейтін бұйрықтарды, инструкцияларды

г) рецептің құнын анықтау ережесін

+д) дәрілік заттарды сертификаттау ережесін

4. Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарды дайындау кезінде фармацевтке тиым салынады:

а) бір дәрілік қалыпты дайындауға

+б) бір мезгілде бірнеше дәрілік қалыпты дайындауға

+в) атауы бір, бірақ концентрациясы әртүрлі бірнеше дәрілік қалыпты дайындауға

+г) осы дәрілік қалыпты дайындауға қолданылмайтын штангластарды жұмыс орнында ұстауға

д) жаңа туылған сәбилерге арналған дәрілік заттарды дайындауға

5. Дәрілік затты қолдану тәсілі қазақ және орыс тілдерінде келесілерді көрсете отырып белгіленеді:

+а) мөлшері

б) сақтау тәсілі

+в) қабылдау жиілігі

+г) қабылдау уақыты

д) емдеу курсның құны

Вариант 8

1. Рецептің фармацевтикалық сараптамасының негізгі міндеті – бұл анықтау:

+а) рецептуралық бланк формасының рецептерді жазу ережесіне сәйкестігін

+б) рецепті жазған адамның құқын

в) бағасын

+г) рецептің жарамдылық мерзімін

+д) рецептің дәріханадан рецепт бойынша дәрілік затты босату тәртібіне сәйкестігін

2. Тапсырыс берілген дәріге квитанциялық кітап келесі бөліктерден тұрады:

а) 3 бөліктен

+б) 4 бөліктен

в) 2 бөліктен

г) 5 бөліктен

д) 1 бөліктен

3. Дәрілердің сапасын дәріханаішілік бақылауды регламенттейтін бұйрық:

а) № 38, 03.02.05

б) № 238, 11.05.99

в) № 692, 05.07.05

+г) № 85, 02.06.03

д) № 160, 04.11.02

4. Дәріханаішілік бақылаудың түрлері:

+а) қабылдау кезінлегі бақылау

+б) жазбаша бақылау

+в) сұрақты бақылау

+г) химиялық бақылау

д) сыртқы бақылау

5. Асептикалық жағдайда дайындалады:

+а) инъекцияға және инфузияға арналған ерітінділер

+б) көз тамшылары

+в) жаңа туылған сәбилерге арналған ерітінділер

+г) жуу-шаюға арналған офтальмологиялық ерітінділер

б) жағылмалар

Вариант 9

1. Міндетті түрде толық химиялық бақылау жүргізіледі:

+а) инъекцияға арналған барлық ерітінділерге стерильдеуге дейін

+б) күйген жерді емдеуге арналған стерильді ерітінділерге

+в) барлық көз тамшылары мен жағылмаларына

+г) жаңа туылған сәбилерге арналған барлық дәрілік заттарға

д) барлық микстураларға

2. Инъекциялық ерітінділерге қойылатын міндетті талаптар:

+а) қандай да бір жүзінді бөлшектердің болмауы

б) тұнбаның болуы

в) жүзінділердің болуы

+г) стерильділігі

+д) асептикалық жағдайда дайындалуы

3. Асептикалық блок неден тұрады:

а) жуу бөлмесінен

+б) асептикалық бөлмеден

+в) предасептикалық бөлмеден (тамбур)

+г) стерилизациялық бөлмеден

д) қаттау бөлмесінен

4. «Қанағаттандырмайды» термині қандай жағдайда қолданылады:

а) сипаттауы бойынша сәйкес келгенде (сыртқы түрі, түсі, иісі)

б) мөлдірлігі бойынша сәйкес келгенде

в) ыдырауы бойынша сәйкес келгенде

+г) ұнтақтардың майдалануы біркелкі болмағанда

+д) жағылмалардың араласуы біркелгі болмағанда

5. Жұмыс аяқталғаннан кейін кіші механизация құралдары:

+а) жұмыс бөліктерін бөлек алады

+б) оладың жұмыс бөліктерін дәрілік заттардың қалдығынан тазалайды

+в) ыстық сумен жуылады

+г) дезинфекцияланады

д) сақтауға беріледі

Вариант 10

1. Жабдықтау қызметінің спецификасы бойынша дәріханалардың жіктелуі:

+а) өндірістік

+б) ауруханалық

в) балаларға арналған

+г) аурухана аралық

+д) ұсақ көтерме

2. Дәріхана ұйымын ашу үшін қажет:

а) медициналық білімі бар маманның болуы

+б) фармацевтикалық білімі бар маманның болуы

+в) фармацевтикалық қызметтің лицензияланатын түрлерінің талаптарына жауап беретін бөлменің болуы

г) медициналық қызметтің лицензияланатын түрлерінің талаптарына жауап беретін бөлменің болуы

+д) бөлмелердің сауда құрал-жабдықтарымен жабдықталуы

3. Қаттаушының міндетіне кіреді:

а) жеке дайындалған дәрілік заттарды босату

+б) жеке дайындалған дәрілік заттарды қаттау

+в) дәрілік заттарды қаттау

+г) дәріханаішілік дайындауларды қаттау

д) дәрілік заттарды босатуды құжатта ресімдеу

4. Қор бөлімінің фармацевт-технологы міндетті:

+а) дәрі-дәрмектің сапасына күмән туындаған жағдайда дәріхана меңегрушісіне хабарлауға

+б) бекітілген мекемелерге, дәріхананың бөлімдеріне тапсырыстарды жинақтауға

+в) дәрі-дәрмектерді босатуда мерзімдерін сақтауға

г) босатылған дәрі-дәрмектерге ақша алудың дұрыстығын бақылауға

+д) бөлімнің материалды бөлімдерінде санитарлық-гигиеналық режимнің сақталуын бақылауға

5. Инъекциялық ерітінділерге (шынайы) қойылатын міндетті талаптар:

+а) жүзінді бөліктердің болмауы

+б) асептикалық жағдайда дайындалуы

в) тазартылған суда дайындалуы

+г) стерильдеуге дейінгі толық химиялық бақылау

д) кәдімгі жағдайда дайындалуы

Ситуациялық есептер:

№ 1 есеп

1. Фармацевт-технолог 2 айлық балаға кәдімгі баланкте жазылған рецепті қабылдады (тұз қышқылының 1% ерітіндісі).

А) қандай қателік жіберілген?

Б) дәріні босатуға ресімдеңдер.

В) осы дәрілік қалыпқа жүргізілетін міндетті бақылау түрлерін атаңдар.

2. Анаболикалық белсенділігі бар дәрілік препараттарға рецпп қалай ресімделеді? Олардың дәріханада сақталу мерзімі қандай?

3. Дәріханаға хлорлы этилге жазылған рецепті бар науқас келді. Сіздің іс-әрекетіңыз?

4. Штамппен, дәрігердің қолымен және жеке мөрімен, ЕАҰ «Рецептер үшін» деген мөрімен куәландырылған кәдімгі бланк формасында пахикарпин гидройодидінің 1,5 г жазылған. Фармацевт-технолог рецепті жазу ережесі бұзылған деп, рецепті қабылдаудан бас тартты. Оның іс-әрекетіне түсініктеме беріңіздер.

№ 2 есеп

1. Дәріханаға 20.02.10 ж. көз тамшысына (пилокарпиннің 1% ерітіндісі) 05.01.10 ж. кәдімгі благнкте жазылған рецепт түсті.. Фармацевт-технолог рецепті дайныдау үшін берді.

А) фармацевт-технологтың іс-әрекетінде бұзушылық бар ма?





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 731 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1033 - | 880 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.