Лекции.Орг


Поиск:




Тапсырманы орындау кезінде студент төмендегі тақырыптар бойынша келесі жұмыстарды орындауы керек




Тақырып 1.

ТС « Құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстардың негізгі ұғымдары. Медициналық қызметтің құқықтық негізі.».

Семинар сабағында студент келесі сұрақтарға ауызша жауап беруі керек:

Мемлекеттің пайда болуы жөніндегі негізгітеориялар. Құқықтың пайда болуы жөніндегі негізгі теориялар. Құқықтық сана және құқықтық мәдениет. Заңдылық және құқықтық тәртіп. Құқықтық реттеудің түсінігі мен әдісі. Құқық түсінігі. Нормативтік-құқықтық актілердің ұғымы мен түрлері. Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік.

Студент қоғамдық қатынастардың қалыптасуындағы жаңа құқықтық нормалардың орны жөніндегі мәселелік пікірталасқа қатысуы керек, өзінің жеке көзқарасын қалыптастырып оны айта алуы керек.

ОСӨЖ « Құқық және мемлекеттік құқықтық құбылыстардың негізгі ұғымдары. Медициналық қызметтің құқықтық негізі.». ОСӨЖ тапсырмасын орындауда, студент оқулықты оқып, таңдауы бойынша «Мемлекеттің негізгі ұғымы» немесе «Құқықтық құбылыстар және құқықтың негізгі ұғымдары» тақырыпьарына эссе жазуы керек (аталған тақырыптарға өзінің түсінігін келтірут).

Тақырып 2.

ТС « ҚР конституциялық құқығының негіздері. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері.». Студент шағын топтармен жұмыс істеуге дайын болуы керек, пікірталасқа белсенді қатысып әртүрлі сұрақтарға жауап беруі керек, мысалы:

Қазақстан Республикасында конституцианализмнің даму тарихы қанша кезеңге бөлінеді?

Азаматтық дегеніміз не және оны алу мен тоқтатудың тәртібі?

ОСӨЖ Студент оқулықты, интернет ресурсты пайдаланып тақырыпты өз бетінше оқу және конспекті құрастырып төмендегі сұрақтардың шешуін табу: Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының ұғымы мен түсінігі. Қазақстанда конституционализмнің қалыптасу кезеңі. Конституциялық құрылымның негізі. Конституциялық құқық және адам мен азаматтың құқықтары мен міндеттері. Студент өзінің ойын еркін жеткізіп, болып жатқан өзгерісті білуі керек.

Аталған тақырыпты және тапсырмаларды орындағаннан кейін, КТЖ сәйкес электронды журналға студентке интегралды баға қойылады.

Тапсырма №2.

Тапсырманы орындау кезінде студент төмендегі тақырыптар бойынша келесі жұмыстарды орындауы керек.

ТС « ҚР құқық қорғау органдары және сот. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері.».

Студент аталған тақырыппен жақсы танысуы керек, осыдан кейін әрбір студентке мәселелік тапсырмалар жинағы таратылады.

ОСӨЖ « ҚР құқық қорғау органдары және сот. Денсаулық сақтау саласындағы сараптама түрлері.».

Әрбір мұғалім студенттерге ғылыми мақалалардың негізінде материалдар береді, студент материалды қарастырып ғылыми мағалаға анализ жасауы керек.

Мына сұрақтарға ауызша жауап беруі керек:

Денсаулық сақтау саласында қандай сараптама түрлері бар?

Тақырып 4.

ТС «ҚР мемлекеттік басқару жүйесі. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігі.».

Дөңгелек үстелге дайындалу барысында студент оқулықты, қосымша әдебиеттерді және ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігі тақырыбында конспект жазуы керек. Келесі сұрақтарға пікір талас ұйымдастыруға дайын болуы керек:

Қазақстан Республикасының президенті, бтлік ету мерзімі? Қазақстан Республикасының Парламентінің мерзімі? Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының конституциялық кеңесі? Қазақстан Республикасының сот билігі, әділеттілік принципі? Қазақстан Республикасының Прокуратурасы? Жергілікті мемлекеттік басқару? Мемлекеттік биліктің салалық органдары?

«ҚР мемлекеттік басқару жүйесі. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреттілігі.».

Студент оқулық, ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып тақырыпты өз бетінше оқып, сұрақтар құрастыра білуі керек, мысалы: Сенат пен Мажілістің сайлану мерзімі? Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің өкілеттік мерзімі? Сөзжұмбақ сызып және оған аталған тақырып бойынша жауаптар дайындау.

Аталған тақырыпты және тапсырмаларды орындағаннан кейін, КТЖ сәйкес электронды журналға студентке интегралды баға қойылады.

 

Тапсырма № 3

Тапсырманы орындау кезінде студент төмендегі тақырыптар бойынша келесі жұмыстарды орындауы керек.

Тақырып 5

ТС «ҚР әкімшілік құқығының негіздері».

Сабаққа дайындалу барысында оқулықты, қосымша әдебиетті, ғаламтор ресурстарын пайдаланып студент ойынға қатысуы тиіс. Оқытушы студенттерді бірнеше топтарға бөледі, әр топтан басшыларды тағайындайды және материалдарды таратады. Барлық студенттер пікір таласқа қатысуы керек. Сабақтың соңында балдар саналып, қай топ көп дұрыс жауап берді сол топ бұл ойында жеңіске жетеді.

ОСӨЖ «ҚР әкімшілік құқығының негіздері».

Студент шағын топпен жұмыс істеуге дайын болуы керек, осыған сәйкес студентке тапсырма беріледі. Бұл тапсырманы студент жоба ретінде тапсырады. Келесі сұрақтарға ауызша жауап беруі тиіс:

Әкімшілік құқықтың ұғымы мен түсінігі. Негізгі және қосымша нормативтік құқықтық актілер. Мемлекеттік әкімшіліктендірудің негізгі бағыттары. Мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындардға тағайындау. Мемлекеттік қызметтің ұғымы, түрлері және принципі. Әкімшілік құқықбұзушылықтың ұғымы және түрлері. Әкімшілік тәркілеудің ұғымы және түрлері.

 

Тақырып №6

ТС «Қ Р азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау.».

Студент шағын топпен жұмыс істеуге дайын болуы керек және пікір таласқа белсенді қатысуы керек. Азаматтық құқық тақырыбы бойынша төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беруі керек:

Азаматтық құқықтың ұғымы, түсінігі және принципі. Азаматтық құқықты қорғау және жүзеге асыру. Шығын ұғымы және түрлері. Кәсіпкерлік ұғымы. Жеке және заңды тұлға ұғымы. Жеке кәсіпкерлік ұғымы және түрлері. Заңды тұлға түрлері және формасы. Қазақстан Республикасындағы жеке меншік ұғымы түрлері және формасы. Азаматтық құқықтың ерекше бөлімі. Отбасы құқығы тақырыбы бойынша төмендегі сұрақтарға ауызша жауап беруі керек:

Отбасы құқығының ұғымы және түсінігі. Отбасы құқығының принципі. Некеге тұрудың тәртібі және оған кедергі келтіретін жайлар. Некені бұзу мен тоқтату. Ерлі зайыптылардың құқығы, міндеттері және заңдық мүліктері. Балалардың құқықтары. Балаларға қатысты ата-аналардың құқықтары мен міндеттері. Жанұя мүшелерінің алименттік қатынастары.

ОСӨЖ «Қ Р азаматтық және отбасы құқығының негіздері. Медициналық қызметтің түрлері. Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау.».

Студент аталған тақырыппен жақсы танысуы керек, осыдан кейін студенттерге мәселелік тапсырмалар тапсырылады. Мәселелік тапсырманың жауаптары нормативтік-құқықтық актілермен мысалға келтіріліп айтылуы керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 522 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

756 - | 712 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.