Лекции.Орг  

Навигация:

Главная О нас Популярное ТОП Новые страницы Случайная страница Изречения для студентов Пожаловаться на материал Обратная связь FAQ

Рекомендуем:

Почему я выбрал профессую экономиста Почему я выбрал профессую экономиста. Моя будущая профессия - экономист, я выбрал специальность, которая в государственном списке профессий названа так: «Финансы и кредит».

Почему одни успешнее, чем другие Почему? Даже при наличии хорошей мотивации возможны неудачи. Посмотрите на муху, бьющуюся об стекло в попытке вырваться на улицу.

Алименттер –алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті болатын асырау қаражаты



Отбасылық жағдай –некеде тұрғандағы немесе айрылысқандағы жағдай, балалардың немесе отбасының басқа да мүшелерінің болуы немесе болмауы.

Азаматтық хал актілері –адамның құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына және тоқтатылуына байланысты оны дараландыратын заңдық ресімделген мән-жайлар.

Қорғаншы –қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам.

Қорғаншылық -кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны.

Репродукциялық денсаулық –адамның толымды ұрпақ туғызуға қабілетін көрсететін денсаулығы.

Суррогат ана –суррогат ана мен ықтимал ата ана арасындағы шарт бойынша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.

Мүліктің шарттық режимі –ерлі-зайыптылардың және олардың осы некеден туған балаларының неке шартымен белгіленген меншігінің режимі.

Әкімшілік құқық негіздері:

Әкімшілік құқық -қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқықтың әдісі -жолдардың , тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді.

Әкімшілік құқықтың жүйесі -өзара байланысты әкімшілік құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы.

Әкімшілік құқықтың қайнар көздері-бұл әкімшілік құқықтық нормалар көрінісінің сыртқы нысандары.

Гипотеза -нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет ете бастайды.

Диспозиция -тиісті мінез - құлықтық ережесі бар норманың бөлігі.

Санкция -диспозицияны бұзған нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарды көрсететін норманың бөлігі.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар -бұл әкімшілік құқық нормаларының негізінде пайда болатын басқару қатынастары, олардың қатысушыларының субьективтік құқықтары мен заңдық міндеттері болады.

Субъектілер -қатысушылар субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелену болып табылады.

Объектілер -неге байланысты қатынас пайда болды, өзгертілді. тоқтатылды.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші -мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

Біліктілік талаптары -мемлкеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін, құзіреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар.

Әкімшілік жауапкершілік -әкімшілік құқық нормаларына сүйене отырып өкіметтің арнайы органына немесе лауазымды адамның құқық бұзушыға әкімшілік жауапқа тарту, қалпына келтіру шараларды қолдануда көрініс табатын заңды жауапкершіліктің маңызды түрі.

Мемлекеттік саяси қызметші -тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси айқындаушы сиаптта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты- мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын лауазымдық өкілеттіктердің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы.

Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

Еңбек –адам мен қоғам өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық,рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі.

Еңбек қатынастары –ҚР еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмы с берушінің арасында туындайтын қатынастар.

Еңбек стажы –қызметкер еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт.

Жұмыс беруші –қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға.

Жұмыс орны –қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орныдауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны.

Жұмыс уақыты –қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.

Қызметкер –жұмыс берушімен еңбек қатыснастарында түратын және меке еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға .

Мереке күндері –Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері .

Тәртіптік жаза –тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы .

Негізгі жалақы –жалақының тарифтік ставка , лауазымдық айлықақы , кесімді бағалау бойынша төлемді қамтитын , салыстырмалы түрде тұрақты бөлігі және еңбек заңнамасында салалық келісімде , ұжымдық шартта және еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер .

Тәртіптік теріс қылық –қызметкердің еңбек тәртібін бузуы , сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы .

Ұжымдық шарт –ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатыстарынан реттейтін, қызметкерлер ұжымы мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім нысанындағы құқықтаракт .

Іссапар –жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде белгілі бір мерзімде еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу , сондай-ақ қызметкерді басқа жерге оқуға , біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу .

Арнаулы киім– қызметкерді зиянды немесе қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім.

өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндірістік объектілерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында бағалау жөніндегі қызмет;

өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың қызметкрлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;

өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, қызметкерлердің еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзгеде мірдеттерді орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеугебайланысты ақшалай төлемдер;

тарифтік жүйе – еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады;

тарифтік кесте – орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы;

тарифтік разряд – жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші;

тарифтік ставка (айлықақы) – қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері;

тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қоданатын тәртіптік әсер ету шарасы;

тәртіптік теріс қылық – қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін құқыққа қайшы келетіндей кінәмен орындамауы немесе тиісінше орындамауы;

Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент – ҚР-да қызметін тұрақты жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғамен қатар жеке немесе заңды тұлға, міндетті зейнетақылар жапрналарын есептеп шығаратын, ұстап қалатын және аударатын шетел заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері

Ерікті зейнетақы жарналарының салымшысы- ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немес заңды тұлға

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшысы- ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа сәйкес өзінің жеке қаражаты есебінен алушының пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын жеке немес заңды тұлға

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы- міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға

Диверсификация- зейнетақы активтерінің жоғалып кету қатерін азайту мақсатында оларды уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес қаржы құралдарына орналастыру

Жеке зейнетақы шоты – салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жеке атаулы шоты.

Ең төменгі зейнетақы – тиісті қаржы жылына араналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері





Дата добавления: 2016-09-06; просмотров: 609 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.