Лекции.Орг
 

Категории:


Поездка - Медвежьегорск - Воттовара - Янгозеро: По изначальному плану мы должны были стартовать с Янгозера...


Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки): Структурная и функциональная единица нервной ткани и он состоит из тела...


Искусственные сооружения железнодорожного транспорта: Искусственные сооружения по протяженности составляют в среднем менее 1,5% общей длины пути...

Жазира»бөбекжай балабақшасы



Загрузка...

Жас маманмен жұмыс

«Жас маманға тәлімгер – тәрбиеші тағайындау. Оқу бағдарламсы бойынша кеңестер беру»

Діскер : Л.Капшакбаева


1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі ерте балалық шақ бала өмірінің ерекше кезеңі. Бұл уақытта бала ағзасы тез қарқынмен өсіп, үлкендердің балаға әсер етуі неғұрлым тікелей және ұзақ мерзімде болады. Бір жастағы бала сенсорлық, сөйлеу, манипуляциялық қимыл дағдыларын меңгеруден сенситивті кезеңге өтеді. Сөйлеу белсенділігі қалыптасады. Бала жеке сөздерді анық айта бастайды.

Балалардың заттық іс-әрекеттері дамыған сайын, жаңаша әсерлену жеке тәжірибесі молая түсіп, тыңдау, көру және дене арқылы сезініп, түйсінуі жетіле түседі.

БҰҰ Бас Ассамблясы қабылдаған (1989 г.) ҚР «Баланың құқықтары туралы» Конвенциясына сәйкес баланың білім алуы оның толық мөлшердегі тұлғалық, ақыл-ойының, дарындарының дамуы мен физикалық қабілеттеріне қарай бағытталуы тиіс (29 - бап). Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың Мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің жаңа стандарты 1 жастан 3 жасқа дейінгі баланың бес білім беру салаларының үйлесімді бірігуі арқылы дамуын қарастырады: денсаулық, таным, қатынас, шығармашылық және әлеуметтік орта. Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасының негізі ретінде Мемлекеттік жалпы міндетті білім берудің жаңа стандарт талаптары еңгізілген (әрі қарай - ҚР МЖМБС). Балаға бейне бір құтыға су құйып, толтырып қана қою мақсат емес, керісінше, 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі кезеңде бала өзін тұлға ретінде сезіне бастаса, оған сол тұлға ретінде қарым -қатынас жасау ләзім. Бұл жаста бала тілді тек меңгеріп қана қоймай, оған деген ерекше сезімталдық танытады. Егер баланың естіп көруіне, сезінуіне, байқап көруі мен емін-еркін козғалуына барлық жағдайлар жасалса, олар барлығын түгел дерлік меңгере алады. «Алғашқы қадам» бағдарламасында қарым-қатынас пен қимыл-қозғалыс белсенділігі бастапқы сипатқа ие. Ал білім беру міндеттері баланың қызығушылығы мен ойын әрекетері, мекетепке дейінгі білім беруді гуманизацияландыру мен психологизацияландыру негізінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениеті мен дәстүрлерге сүйену негізі мен мектепке дейінгі ұйым мен отбасының тығыз байланысы арқылы іске асырылады. Жаңа ҚР МЖМБС балалардың денсаулығы мен эмоционалдық аман-саулық мәселелерін нақты қоя білді. Осыған байланысты бағдарламада балалардың психологиялық жағдайларының барлық түрлері мен формаларын қамтамасыз етудің міндеттері ұсынылып отыр. Өйткені, дәл осы жерде «бұйырушылық пен ұйымдастырушылықтың» ескірген педагогикалық жағдайларының түрлері жинақталған.

Бағдарламада ұсынылған күн тәртібі «уақытша» тәсілді емес, дербестік пен мазмұндық-тәрбиелік бағыттылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін көздейді. Балалардың ұйымдастырылған әрекеттеріндегі бағдарламалық материал денсаулық, таным, қатынас, шығармашылық және әлеуметтік орта білім беру салаларындағы ерте жастағы балалардың физиологиялық ерекшеліктерінің даму есебімен тақырыптарды қайталау барысында күрделендіруді қарастырады. Әр ай сайын күнделікті жаңа білімдері мен дағдыларын бекіту үшін екі-үш рет қайталануы мүмкін.

Бағдарлама мына бөлімдерге бөлінген:

Кіріспе.

Бірініші бөлім:

- күн тәртібінің үлгісі;

- балалар іс-әрекеттерінің апталық белгіленген үлгісі;

- ұйымдастырылған балалар іс-әрекеттерінің түрлері.

Екінші бөлім:

- бес білім беру салалары бойынша тәрбилеу мен оқытудың негізгі мәселелері;

- балалардың ұйымдастырылған іс-әрекеттерінің тақырыптары.

Үшінші бөлім:

- ерте жастағы балалардың психо-физикалық дамуының сипаттамасы.

Төртінші бөлім:

- дамытушы орта: эколого-гигиеналық жағдайлар;

- педагогтер мен ата-аналар.

Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны мектепке дейінгі ұйым педагогінің алдында тұрған мақсат түрінде берілген. Сондай-ақ, олардың шешілу жолдары тақырыптық үлгіде ұсынылып отыр. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей балабақша жұмысында балалармен сабақтарды күннің бірінші жартысында жүргізу басымдылығы қалыптасқан болатын. Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың «Алғашқы қадам» бағдарламасы балалармен әрекеттің барлық түрлерін күні бойы өткізуге баса назар аударуды ұсынады. Күн тәртібінің әр бөлігінде баланың балабақшада болуының жайлылығын қамтамасыз етуі де қарастырылған. Күн тәртібінің әр бөлігі тәрбиешімен ұйымдастырылып, балалардың жаттығуға және бес білім беру саласында кешенді білім алу мүмкіндігіне қол жеткізуі қажет. Балалардың білім алу әрекетінің эмоционалды жағдайы мен әр баланың жеке ерекшелігі есебінен жүргізілсе, бала оны қажетті және қызықты әрекет ретінде қабылдап, соның нәтижесінде ол неліктен жуыну керектігін, қасық немесе қаламды қалай дұрыс ұстауын, отырғанда немеса тұрғанда денені тік ұстау қажеттілігін ұғынып, белгілі бір әрекеттердің не үшін, не себепті қолданып жатқанын түсінеді.Сонымен қатар, отбасылық тәрбие беру сабақтастығын, иекемділігі мен мерзімділігін сақтаған абзал.

Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы мазмұнын жүзеге әдістемелік нұсқаулар мен дидактикалық материалдарды сәтті қолдану арқылы асыруы мүмкін.

 





Дата добавления: 2016-09-06; просмотров: 767 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.