Лекции.Орг


Поиск:




Көтерме сауда және оның түрлері




Көтерме сауда дегеніміз- тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды деолдалдарға, қайта өндірушілерге, бөлшектік саудагерлерге, корпоративтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауданың атқаратын мынадай қызметтері анықталады:

1. өндірушілерге тауарларын қысқа және тиімді байланыс жолымен өткізуге көмектеседі.

2. Білікті сауда кәсібі мамандары арқылы жұмыс жүргізеді.

3. өндірушіге және бөлшек сауда саласына маркетингтік және техникалық қолдау көрсетеді.

4. Тауарды дұрыс сақтау үшін материалдық негізін жасайды.

5. өндірушіге және бөлшек саудаға қаржы көмегін береді.

6. Ақаулы өнімдерді төмен бағамен өткізеді.

Көтерме сауданы ұйымдастырудың үш нұсқасы болады: өндірушілік көтерме саудасы, коммерциялық көтерме саудасы және сауда агенттері мен брокерлер арқылы көтерме сауда.

Өндірушілер көтерме саудасы. Егерде өндірушілер өз көтерме саудамен айналысса, барлық сауда қызметтерін өздері атқарады. Мұнда сауда олардың өткізу кеңселері, немесе дербес бөлімшелері арқылы жүргізіледі. Өндірушінің өткізу кеңсесі өндірістің өзінде, не рынокқа жақын жерде орналасады және тауар қорын жасамайды. Ал оның дербес бөлімшесінде өнімді сатумен қатар, тауарды сақтау үшін қоймалар жасалады.

Коммерциялық көтерме сауда. Коммерциялық көтерме саудамен шұғылданатын ұйымдар тауарды қайта сату үшін сатып алады. Демек ол ұйымдарға тауарға деген меншік құқығы ауысады.

Бұл ұйымдар көрсететін қызметіне байланысты толық немесе шектелген жұмыстарды атқарады. Толық қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдары тауар ассортиметін белгілі жерде жинайды, сауда несиесін қамтамасыз етеді, тауарды қоймаларда сақтау мен және жеткізумен шұғылданады, зерттеу және жоспарлау жұмыстарын жеткізуге көмектеседі. Ал шектеулі қызмет көрсететін коммерциялық көтерме сауда ұйымдарының атқаратын жұмыстары шамалы болады. Олар зерттеу және жоспарлау жұмыстарына араласпайды және несие бере алмайды.

Агенттер мен брокерлер арқылы көтерме сауда. Агенттер мен брокерлер әртүрлі көтерме сауда жұмыстарын орындайды. Алайда оларда тауарға деген меншік құқығы болмайды. Тағы бір ескертетін ерекшелігі-олар сыйақысын сату көлеміне байланысты пайызбенен алады. Агенттер мен брокерлерді пайдаланудың өзі үш артықшылық береді: шектелген ресурстарымен өндірушілер өтімді ұлғайтуға мүмкіндік алады, өтімге кететін шығындар алдын ала пайызбенен белгіленіп, шығындар үнемделеді, сауданы жоғары шеберлікпен жүргізетін мамандар арқылы дұрыс дамытуға болады.

 

35.Тауарларды тарату арналары, түрлері, деңгейлері.

Тауарды өткізу арналарын дұрыс таңдау жұмысы маркетингте күрделі шешімдерді қабылдауды талап етеді, өйткені ол маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыру үшін тікелей әсер етеді.

Тарату арналары дегеніміз-ол өндірушіден тұтынушыға дейін тауарды жылжыту үдерісінде қатысатын фирмалар мен жеке тұлғалар жиынтығы.Тарату арналарының жұмысы өзінің атқаратын қызметтерімен сипатталады. Тәжірибеде өткізу арналарының тікелей және жанама деген екі түрі қолданылады. Тікелей арна- тауарлар мен қызмет көрсетулердің өндірушілерден тұтынушыларға тәуелсіз делдалдарсыз тікелей ауысып, жылжуы. Жанама өткізу арналары – тауарлар мен қызметтердің өндірушіден тәуелсіз делдалға, одан кейін тұтынушыға жылжуына байланысты арналар.

Тарату арналарын оны құрастыратын деңгеймен сипаттауға болады.

Арна деңгейі тауарды иеленеген түпкі тұтынушыға жеткізу жұмысына қатысқан деледардар санымен анықталады. Арна ұзындығы арадағы деңгей санымен анықталады. Тарату арналарын түрлері:

Нөл деңгейлі арна-тауарды тікелей тұтынушыға сататын өндірушіден құрылады.

Бір деңгейлі арна-өндіруші мен тұтынушы арасында бір ғана делдал қызмет жасайды. Тұтыну арналары рыногынде ол әдетте бөлшек саудамен айналысады, ал өнеркәсіп тауарлары рыногынде брокер не агент ретінде қызмет көрсетеді.

Қос деңгейлі арнада екі делдал әрекет жасайды. Тұтыну тауарлары рыногынде олар көтерме және бөлшек саудамен шұғылданады, ал өнеркәсіп тауарлары рыногынде дистрибьютор және дилер ретінде қызмет көрсетеді.

Үш деңгейлі арнада үш делдал әрекет етеді. Бұл жағдайда көтерме және бөлшек саудалар арасында ірі көтерем саудадан тауарды сатып алып делдалдар ұсақ көтерме саудасын жүргізеді.

Маркетинг тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыратын компаниялардың алдында туындайтын күрделі мәселесі-ол осы арналардың өзіне тиімді деңгейін таңдап алу болып табылады

 

36.Бөлшек сауда және оның түрлері. бөлшек сауда соңғы тұтынушының жеке қолдануы үшін тауарды сату мен қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеті. Б.сауда өнімді тұтынушыға жеткізу процесін аяқ\ы. Тұтынушыларға тауар жылжыту үрдісінде шаруашылықтық байланысты тұйықтырушы буын бөлшек сауда болып саналады.

Бөлшек сауда бірнеше функциялар атқарады:

• тауарлы рынокта конъюнктураны зерттейді;

• нақты тауарларға сұраныс және ұсынысты анықтайды;

• ассортимент құруда тауарларды талдап және анықтайды, оларды сұрыптайды;

• тауарларды қабылдау, сақтау, маркировкалау операцияларын өткізеді және оларға баға бекітеді.

· Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде қызмет көрсету және жеке кеңес беру тұтынушының тауар сатып алу туралы шешім қабылдауына әсер етеді.

Қызметтеу деңгейі бойынша бөлшек дүкендер:

- өзін-өзі қызметтеуші;

- тауарларды тәуелсіз таңдаушы;

- қызметтеу циклы шектеулі;

- қызметтеу циклы толық болып ажыратылады.

Өткізетін өнімнің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер азық –түлік сататын, азық –түлік сатпайтын болып бөлінеді. Тауарлық ассортименті бойынша дүкендердің төмендегідей типтер бар: супермаркет, суперстор, гипермаркет, арнаулы дүкендер, универмаг, көпшілікке арналған таурлар дүкендері, ыңғайлы дүкендер. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданың мынадай түрлері бар: 1) пошта арқылы сату. 2) автоматтар. 3) тапсырыстар қызметі. 4) шығарып сату саудасы. Дүкеннен тыс бөлшек саудаға тікелей маркетинг, жеке сату, жарнамалық хабарландыру арқылы жүргізілетін сауда жатады.

1) Тікелей маркетинг – қазіргі кездегі жаңа технология мен БАҚ арқылы тауарларды сату.

2) Пошта немесе телефон арқылы жүргізілетін бөлшек сауда

3)Каталог бойынша тапсырыс алу саудасы.

37.коммуникацияның мәні мен түрлері. коммуникация дегеніміз тұтынушыға ықпал ету мақсатында тауар мен қызметтершге сұранысты қалыптастыру мен ынталандыруға бағытталған іс әрекеттер жиынтығы. Тұтынушыларға тиімді әсер ету үшін коммуникацияның келесі әдістерін пайдалануға болады:жарнама,арнайы сату,өтімді ынталандыру және коғаммен байланыс. Тұтыну тауарларын жылжытудың ең тиімді түрі-жарнама болып табылады, содан кейін өткізуді ынталандыру, жеке сату, паблик рилейшнз орын алады. Коммуникацияның әр элементіне сәйкес ерекше тәсілдер мен әдістер колданылады. коммуникация элементтерін дұрыс колдану аркылы рынокта тауарды ұтымды жылжытуға болады. Жарнама – бұл белгілі спонсордың атынан қаржыландыру көздерін көрсете, тауарларды жылжытудың қандайда болмасын ақылы түрі. Өткізуді ынталандыру – тауарды (қызметі) сатып алуды немесе сатуды қолдаудың қысқа мерзімдік ынталандыру шаралары. Насихаттау – тауарларға сұранысты олар туралы коммерциялық маңызды деректерді ақпараттық басылымды құралдарында немесе радио, теледидар, сахнада жағымды көрсетімдер арқылы жарнамалай және ақысыз ынталандыру Тікелей сату – тауарды сату мақсатында бір немесе бірнеше сатып алушылармен жүздесу барысында ауызша ұсыну. Паблик рилейшнз - фирманың жағымды бейнесін (имиджін) қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

38.тауар таңбасы,оның мәні және аткаратын кызметтері. Тауар таң\ы дег\з, ол басқа тауарлардан он айыру үшін, қабылданған тәртіпке сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі. Ол сурет, біріккен әріптер н\е цифрлар түрінде болуы мүмкін. Таңба\қ ат дег\з, ол атаулы тауардың таңбасы, таңба\қ белгі дег\з, суреттеп белг\н тауар таңба\ң бөлімін айт\ы. Тауар таңбасын белгілеудіің 4түрі бар: 1.фирмалык атау.ол –соз,әріп, сөздер немесе әріптер тобі.2.фирмалык белгі-символ,сурет,ерекшеленетін түс немесе белгілеу. 3.сауда бейнесі-дербестендірілген тауар таңбасы. 4.сауда белгісі-фирмалык атау,фирмалык белгі,тауар бейнесі. фирма таңбалык белгілеудің 3әдісін колдануы мүмкін. 1.өндірушінің маркасы немесе жалпы ұлттық марканы колдану. 2.фирма тауарын өз таңбасын коятын делдал-дистрибьютер немесе дилерлерге сату. 3.өндіруші өнімінің жартысын өзінің таңбасымен,ал калғанын делдал таңбасымен сату.

 

39.маркетинг жүйесіндегі баға түсінігі,оның рөлі және аткаратын қызметі. Баға бұл, тауар құн\ң ақшалай көрінісі. Сонымен қатар көп шығынды талап етпейтін марк\к кеш\ң икемді ж\е маңызды эл\і б\п таб\ы. Баға белгілеу, ол маркетинг қызметінің өте жауапты кезеңі б\п таб\ы. Өйткені кәсіпорын іс әрекет\ң көрсет\е тікелей әсер ет\і. Атқ\н қызметтері: есеп жүргізу, ынталан\у қыз\і, бөлу қыз\і, сұр\с пен ұс\ы теңес\у қыз\і, өнд\і орн\у қыз\і. Сонымен қатар көп шығынды талап етпейтін марк\к кеш\ң икемді ж\е маңызды эл\і б\п таб\ы. Баға белгілеу, ол маркетинг қызметінің өте жауапты кезеңі б\п таб\ы. Өйткені кәсіпорын іс әрекет\ң көрсет\е тікелей әсер ет\і.

Бағаның аттқаратын қызметтері: 1) есеп жүргізу қызметі – тауарды өндіруге кететін шығындарды ескере отырып баға белгіленеді. 2) ынталандыру қызметі – өндірушінің табысқа жету әрекеті баға арқылы ынталандырылады. 3) бөлу қызметі. 4) сұраныс пен ұсынысты теңестіру қызметі – сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе – теңдікті орнатудың маңызды құралы болып табылады. 5) өндірісті ұтымды орнату қызметі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3020 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1031 - | 877 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.