Лекции.Орг


Поиск:




Жер сілкінінсі және оның түрлері




Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................... 1

Жер сілкінінсі және оның түрлері................................................................... 2

Халықты жер сілкінісінен қорғау әдістері...................................................... 5

Эвакуация........................................................................................................... 9

Пайдаланған әдебиеттер................................................................................... 13

 

Кіріспе

Жер сілкінісі – геологиялық құбылыс. Олар – кез-келген жерде пайда болуы мүмкін. Жер сілкінісінің ошағы жер қойнауында қалыптасады. Геологиялық ортадағы жылжулар, бірігулер, жарылулар, ортаюлар секілді тез өзгерістер жер сілкінісінің пайда болу себебіне жатады. Әрбір жер сілкінісі кезінде осы жарылыс нәтижесінде жер қойнауында жинақталған энергияның бір бөлігі сыртқа шығарылады.

Жер бетінің шайқалуы сейсмикалық толқындардың нәтижесінде болады. Осындай толқындар көлемді (жер денесіне таралады) және үстінгі беттегі (жердің үстінгі қабатын қамтитын) секілді 2 түрі болады. Көлемді толқындар жердің үстінгі қабатындағы толқындарға қарағанда шапшаң жүреді және де жер сілкінісінің болғандығын хабарлайтындай бақылау нүктесінде алғашқы серпіліс байқалады. Жердің үстінгі қабатындағы толқындар бірнеше секунд кеш болады. Олар әдетте келесі қатты соққыны әкеледі.

Жер сілкінісі мүмкін болатын аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық құрылыстар, мен зиянды өнімдермен жұмыс істейтін өндіріс орындары, улы және жарылғыштық қауіпі бар материалдар қоймалары орналасқан. Қатынас және инженерлік желілердің жер сілкінісі кезіндегі бұзылуы да біраз қауіп төндіпеді. Ғимараттардың құрал-жабдықтарының зақымдауынан келетін шығындар ғимараттардың өзінің шығынынан кей жағдайларда бірнеше рет асып түседі.

 

 

Жер сілкінінсі және оның түрлері

Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болган қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықты таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер сілкінісі - дүлей зілзаланың ең жойқындағыш түрі. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай-ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бірінші орынды алады.

Жыл сайын дүние жүзінде 100 000 жер сілкінісі болады, олардың көбісі әлсіз, оларды тек сейсмограф қүралы арқылы ғана байқауға болады.

Алматы қаласы мен Алматы облысындажыл сайын сейсмографтар 400 жер үсті дүмпуін байқайды.

Жер сілкінісі жер қыртысында немесе жер мантиясында болады.

Жер сілкінісінің төрт түрі бар.

Тектоникалық жер сілкінісі - жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі - жанаргаулардың атқылауы басталу кезінде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Опырылма жер сілкінісі - жердің опырлуынан, қопарылуынан болады.

Техногендік жер сілкінісі - адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күшті жарылыстардан болады.

Жер сілкінісіне жалпы мінездеме.

Орталық нүкте - жердің астында жер сілкінісі басталған (болған) орын.

Кіндік орталық - бұл орталық нүктенің тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте.

Ошақтың тереңдігі - орталық нүкте мен кіндік орталығының аралығы. Терең емес жер сілкінісі болған жағдайда ошақтың тереңдігі 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 километрге дейін болады.

Жарықтың айырылған бөлігінің көлемі (ұзындығы) – сезілмейтін жер сілкіністерінде бірнеше метр және ірі жер сілкіністерінде бірнеше км-ге дейін жетеді. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөліктерінде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетіне де жетуі мүмкін.

Қатты дүмпудің ұзақтығы - орташа жер сілкіністерінде 2 секундтан 5 секундтқа дейін, ал күшті жер сілкіністерінде 20-дан 90 секундтқа дейін болуы мүмкін.

Жер сілкіну ауданының радиусы - орташа жер сілкіністерінде 5-15 км, ал күшті жер сілкіністерінде 50-160 км болады.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы - көлемді толқындардың екі түрі бар. Бұл Р толқыны (латын тіліндегі PRIMAE - бірінші) жне 8 (SECONDAE - екінші). Р толқындары 3-8 км/сек, Ң толқындары 2-5 км/сек жылдамдығымен таралады. Сондай-ақ жер қабатының бетімен, оның астындағы аздаған тереңдікте таралатын жер бетіндегі толқындардан болады.

Жер сілкінісінің қарқындылығы - белгілі бір орындағы жер сілкінісінен болған шығындардың дәрежесі. Балл түрінде арнайы шкалалардың көмегі арқылы анықталады:

- 12 балдық шкала ММ(902 жылы Итальян вулканологы Меркалли әзірлеген, түрлендіріп АҚШ-та қабылданған);

-12 балдық МҢК-64 шкаласы (1964 жылы С.В. Медведев (КСРО), В.Шпонхойер (ГФР) және В. Карник (ЧССР) әзірлеген, еуропаның кейбір елдері мен ТМД-да қабылданған).

Жер сілкінісінің қарқындылығы салыстырмалы мөлшер болып саналады және ол мыналарға байланысты:

- жер сілкінісі кіндігінің ара цашъщтыгынан - жер сілкінісі кіндігіне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары;

- жер сілкінісі ошагының тереңдігінен - тереңдігі аз болған сайын қарқындылығы көбірек бола түседі;

- топырақ жағдайына байланысты - кеуепті жыныстар және жер асты суларының жоғары жатуы жер сілкінісі қарқындылығының бір балға көбеюіне әсер етеді.

Магнитуда - жер сілкінісі дүмпулерінің сейсмикалық қуатын сипаттайтын мөлшер (жер сілкінісі кіндігінен 100 км қашықтықта сейсмограф жасаған жер дүмпудің микрон түрінде белгіленген ең жоғарғы амплитудасы логарифм түрінде анықталады).

Магнитуда идеясын эзірлеуге көптеген ғалымдар үлес қосты, бірақ оны тек Калифорния технологиялық институтының профессоры Чарлз Ф. Рихтер ғана іске асырды (1935 ж).





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1724 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

744 - | 737 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.