Лекции.Орг


Поиск:




Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Жандану» экологиялық жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жазушылар Одағы, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың екінші патриоттық фестивалін өткізеді. Ақпараттық серіктесі – «Қазақ радиосы», «Нұрмедиа» холдингі.

Фестивальді өткізу мақсаты - студент жастардың Қазақстан болашағына деген азаматтық жауапкершілігін көтеру және патриоттық сезімін арттыру.

Фестивальға төмендегі іс-шаралар кіреді:

- «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім»атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауы;

- «Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе байқауы;

- «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы;

- «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық ән байқауы.

Фестиваль екі кезеңнен тұрады:

І іріктеу кезеңі, бұл кезеңде қатысушылар байқау материалдарын ұйымдастыру алқасының пошталық адресіне [email protected] 2014 жылғы 5 қарашаға дейін жіберулері қажет.

ІІ негізгі кезең, 2014 жылғы 28 қарашада GALA-форум форматында өтеді, бұл кезеңде ең үздік байқау жұмыстары ұсынылады және Фестивальдің жүлдегерлері мен лауреаттары анықталады.

Тапсырыстар мен байқау материалдарын 2014 жылғы 5 қарашаға дейін мына адреске жіберу керек: Алматы қ-сы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Мен жастарға сенемін!» байқауына белгісімен. Байланыс тел: 8 (727) 3773315; 87023563113, 87016282686, 87016850011, e-mail: [email protected]

Тапсырыста келесі мәліметтер болуы тиіс: ЖОО-ның ресми атауы, студент(тердің) аты-жөні, байқау, мамандық, байқау жұмысының атауы, пошталық адрес, телефондары, электронды адресі.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

1.«Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» студенттік инновациялық жобалар байқауына әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге және мемлекеттің, аймақтың немесе жергілікті қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, экологиялық дамуына бағытталған жұмыстар қабылданады. Жоба қағазға басылған және электронды тасымалдаушыда ұсынылады (қағаз және электронды түрде).

Жоба қарастырылатын идея мәні мен басымдығын толығымен ашуы және келесі бөлімдері қамтуы тиіс: титул парағы (ЖОО, бағыты, номинация, жоба авторы), жоба атауы, жоба маңыздылығы, жобаның мақсатты бағыты, жоба міндеттері, жалпы ой, жобаны жүзеге асыру формалары мен механизмдері, қормен қамтамасыз ету, күтілетін нәтиже, жобаны жүзеге асыру мерзімі. Жобаға қосымша ретінде жобалық қызметті суреттейтін фото, бейне, аудиоматериалдар, клиппингтер, жарнамалық және басқа да қажет материалдарды қолдану қошеметтеледі.

Жоба келесі критериялар бойынша бағаланады: жобаның инновациялығы, оның шындығы, түпнұсқалығы, шешімнің ерекшелігі, жобаны жүзеге асыру механизмі мен құралдарының нақтылығы, шығын үйлесімі мен жоба тиімділігінің оңтайлылығы, жоба болашағы.

2.«Мен мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе (прозалық шығарма-пікір) келесі бөлімдерден құрылуы тиіс: титул парағы, мазмұны немесе орындалатын жұмыстың қысқаша жоспары, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Текст көлемі – 3-7 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал). Бағалаудың негізгі критерийлері: тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, идея түпнұсқалығы, ойдың дербестігі, оқырманға эмоционалды әсері.

3.«Мен жастарға сенемін!» тақырыбында өлеңдер байқауына әлеуметтік маңызды топ ретінде жастарға, олардың мемлекеттің дамуында орны мен рөліне, рухани-адамгершілік құндылықтарды бекітуге арналған авторлық өлеңдер қабылданады. Қорытындылау кезеңінде төмендегілер ескеріледі: стилистикалық сауаттылық, мағыналық толықтыру, байқау тақырыбына сәйкестілік, эмоционалдық әсер күші. Өлең көлемі – 8 тармақтан аса және 30 тармаққа дейін болуы тиіс.

4. «Мәңгілік ел – мұратым!» патриоттық ән байқауына бір немесе бірнеше қатысушының орындауында азаматтық-патриоттық тақырыптағы әндердің аудиобасылымдары қабылданады (мини-дискте, CD-дискте пошта немемсе mp3 нұсқасындағы жазбаны электронды пошта арқылы). Бағалаудың негізгі критериилері: дауыс ырғағының тазалығы; сахна мәдениеті; шығарманың байқау мазмұнына сәйкестігі, көркемдік бейне. Ақтық мәреде гала-форумда әндерді тек «минус 1» сапалы фонограммамен орындауға болады.

Іріктеу кезеңінен өткен қатысушыларға фестивальдің GALA-форумына шақыру жіберіледі.

Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бірінші орынға ие болған байқау қатысушыларының бас жүлдесі - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу гранты. Байқаудың үздік материалдары арнайы студенттік жұмыстар жинағында жарияланады.

Фестиваль туралы ережемен толығырақ http://www.kaznu.kz сайтында танысуға болады.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Раздаточный материал к дипломной работе | УСЛОВИЯ проекта Golden Line Компании Орифлэйм очень простые
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-09-06; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 624 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

1482 - | 1281 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.