Лекции.Орг


Поиск:




Денсаулық сақтаудағы стандарттандыру




Клиникалық сипаттамасы бар мәселелердің көптеген көз-қарастары болғанымен, зертеушілердің басым көбісі медициналық көмектің сапалылығын тексере алатын медициналық көмек берудің стандарттау жүйесін жасаудың қажеттілігіне тоқтайды, себебі ол осы уақытқа дейін медициналық көмектің бағасын бере алатын жалғыз әдіс болып қала береді.

Отандық денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет жасауда стандарттау нысандарының схемасы болып мыналар жатады:

– терминологиялық атаулар;

– медициналық қызметтердің сыныптамасы;

– медициналық қызмет көрсетудің технологиясы;

– қызметкерлер ұжымы;

– медициналық қызмет көрсетуді техникамен жарақтандыру;

– медициналық қызмет көрсетудің сапасы;

– клиникалық хаттамалар;

– құжаттамалар;

– медициналық ақпаратнама;

– экономикалық нормативтердің есептері және өзара есеп айырсу.

Денсаулық сақтауда стандарттау жұйесін жасау клиникалық менедж­ментті жетілдіруге, бірегейлі жоспарлау мен мөлшерлеуге, медициналық көмек беруді лицензиялау мен аккредитациялау, сондай-ақ еңбек, материалды және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, емдеу-диагностикалық үдерісті оңтайландыру арқылы саланың бүтін болуына бағытталады.

денсаулық сақтауда стандарттау деп денсаулық сақтау саласында қолданылатын талаптарды, мөдшерлемелерді, ережелерді, жағдайдың сипаттамаларын, өнімдерді, технологияларды, жұмыс-тарды, қызмет көрсетуді оңтайлы дәрежеде тәртіпке келтіру арқылы оларды жасауды және бекітуді айтады.

Дәлелдемеге негізделген медицина болып ғылыми зерттеулер нәтижелерін сынды сараптама бойынша пайдаланатын клиникалық тәжірибе жатады.

Клиникалы-экономикалық сараптама кешенді түрде, меди-циналық араласудың нәтижелерін және оған жұмсалатын шығындарды ескере отырып екі, одан да көп науқастың алдыналу, диагностика қою, дәрілік және бейдәрілік емдеу әдістерін салыстыруды көздейді.

Стандарттауға, дәлелдемеге негізделген медицинаға жәнеклиникалы-экономикалық сараптамаға негізделген денсаулық сақ-тауда сапалалықты басқару жүйесін денсаулық сақтау саласында қолданылатын талаптарды, мөдшерлемелерді, ережелерді, жағдайдың сипаттамаларын, өнімдерді, технологияларды, жұмыстарды, қызмет көрсетуді оңтайлы дәрежеде тәртіпке келтіру арқылы денсаулық сақтауда сынды сараптама бойынша ғылыми зерттеулер нәтижесін экономикалық дұрыстығын пайдалануды сапаны басқару деп қарауға болады.

Барлық күшті жекеше жұмыстарды тексеруге жұмылдырмай, қайта технологиялық үдерістің өзін және оларды ресурстармен қамтамасыз етуді тексеруге жұмсау керек. Үдерістерді жетілдіру кінәлілерді тауып, оны жазауладан кейін ауытқуларды тауып және оларды алдағы уақытта жібермеуге келіп тіреледі.

Сапаны анықтау әдісі нақтылы жағдайды күткенімен салыстырудан шығады. Денсаулық сақтау да күткен жағдай формалды түрі сапаның базалық (эталонды) көрсеткіш ретінде қаралатын стандарттар болып шығады.

Стандарттар мыналарды анықтауы керек:

• кепілді мемлекеттік ақысыз медициналық көмек көрсетіу бағдарламасының негізін жасайтын міндетті түрде болатын талаптардың ең аз деген сапалылық деңгейін;

• ұсыныс ретінде болатын қосымша талаптарды көрсеттен сапалалық бағытын одан әрі жетілдіру жолдарын.

Стандарттандрудың үш іріленген нысандары мен үш негізгі стандарттар тобын бөліп айтуға болады:

· денсаулық сақтауда ресурстармен қамтамасыз ету стандарттары (түрлі кадрлық, материалды, қаржылық, ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптар);

· денсаулық сақтаудағы, әкімшілкті де қоса, үдерістер (технологиялар) стандарттары;

· нәтижелер (тиімділік көрсеткіштері).

Сөйтіп, денсаулық сақтауда сапалылықты басқару жүйесі сапаны үздіксіз жақсарту қағидасына негізделеді:

· адам денсаулығын сақтау мен оны қатайтудың қажеттілігі;

· медициналық көмекке қол жетуді қамтамасыз ету;

· сапаны үздіксіз көтеру жұмысына денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық мамандар мен ұйымдардың қатысуы;

· ғылыми зерттеулер қорытындысы негізінде қабылданған клиникалық және басқарушылық шешімдер;

· жекеше бақылаудан технологиялық үдерістерді жетілдіруге, оларды ресурстармен қамтамасыз етуге, қойылған талаптардан ауытқушылықты анықтап, олардың себептерін талдап және оларды алдағы уақытта болдырмауға көшу;

· жұмысты жақсартуда маңызды болатын мәселелерде мамандардың келісімге келуге өзара ұмтылуы;

· мөлшерлейтін құжаттарды жасау, қабылдау және іске енгізудің бірегей тәртібін қабылдап, оларды орындауды бақылау

· заңнаманың, мөлшерлі-құқылық актілердің, халықаралық құқылық құжаттардың сәйкес келуі;

· үдерістер мен алынған нәтижелердің тиімділігін объективті әдістермен бағалауды қамтамасыз ету.

Стратегиялық басқару негіздерінің өзінде оны үздіксіз жетілдіруге ықпал ететін шараларды жасау және өны іске енгізу қарастырылған.

Денсаулық сақтауда сапалылықты үздіксіз көтерудің маңызды бағыты болып сапалы медициналық көмек берудің ұйымдас-тырушылық технологиясын жасау болмақ. Олардың ішіне мыналар кіреді

· денсаулық сақтауда сапалалықты басқарудың әдістік көзқарастары мен технологияларын жасау;

· денсаулық сақтауда сапалалықты басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымдарын жетілдіру;

· медициналық көмек берудің сапалылығын басқаруда ақпараттық жүйемен қамсыздандыруды жасау.

Сапалылықты басқару жүйесі жұмыс тұрғысынан қарағанда әр қайсысына сараптамалы-бақылау кезеңді, сапаны қамтамасыз ететін шараларды жасауды және оны іске асыру кезеңін білдіретін үздіксіз циклдік үдеріс болып саналады.

Денсаулық сақтауда сапалалықты басқару жүйесі әр-бір медициналық мекемде, әр-бір медициналық қызметкер деңгейінде қызмет атқарады. Әр деңгейде басқару циклінің үш кезеңін қамтитын сапалылықты басқарудың басымды мәселелері тағайындалады, сапалылықты тамтамасыз ететін міндеттер мен технологиялар сипатталынады. Нақтылы міндеттерді шешу үшін стандарттар жасалынады, сондықтан басқарудың барлық деңгейінде мынадай мәселелерді шешешетін құрылымдық жұмыстар ұйымдастырылады:

- денсаулық сақтауда сапалылық көрсеткіштері сараптау;

- денсаулық сақтауда сапалылықты көтеруге бағытталған ісшаралар жасау;

- сапалылыққа бөгет болатын себептерді жоятын жедел шаралар қабылдау;

- сапалалықты басқару бағдарламасын іске асыруды бақалу.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2329 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

1283 - | 1266 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.