Лекции.Орг


Поиск:




Тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз




Жеке меншік, құрайды, қызығушылық, қаржы, қондырғы, нарық, жоба, жүйе, жетістік, тауар, тұтынушы, бағыт.

 

 

Тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Б.Гейтстің жеке байлығы қанша доллар құрайды?

2. Ата-анасы кім болған?

3. Б.Гейтс қандай мектепте оқыған?

4. MITS фирмасы не шығарды?

5. Б.Гейтс қандай университетте оқыды?

6. Қандай жүйе жасау жөнінен жетекші ролге ие болды?

 

Тапсырма. Мәтін мазмұнын түсінгеніңізді дұрыс жауабын шын (Ш) немесе жалған (Ж) таңдай отырып, дәлелдеңіз.

  Ш Ж
Б.Гейтс әлемдегі бай адамдардың бірі.    
Анасы адвокат, әкесі жазушы болған.    
  Жеке байлығы 1000 млдр. Долларды құрайды.    
Б.Гейтс екінші курстан оқуын тастап, компаниясын құрады.    
Ғылыми орталықтарда үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты тегін болатын.    
Б.Гейтс Гарвард университеттінде оқыды.    
Ол кезде жеке компьютерлер болды.    
Б.Гейтс Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болды.    
MITS фирмасы шағын қондырғы шығарды.    
Б.Гейтс жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатынын кезінде бағаламады.    

Тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйене отырып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Осында компьютерге деген... артады.

2. Гейтстің... сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр.

3. Арада... жыл өтеді.

4. Кейіннен бұл... алғашқы жеке компьютерлер болып саналады.

5. MITS фирмасы шағын... шығарды.

6. Осының бәрі Гейтстің мектептегі... еді.

7. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен....

8. Б. Гейтс қолдануға... жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет екенін бағалай білді.

ОЛӨНЕР

Қазақ жерінде ХVІІІ – ХІХ ғасырларда қолөнер дәстүрлері қатты дамыған. Әсіресе жүннен жасалған ашық түсті текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-жасылды түскиіздер, ал қызыл гүлді кілемдер, қошқар мүйізді алашалар мен тоқылған сандық қап, аяқ қап, кесе қап және шекпен, шапан, т.б.

Сонымен бірге, қазақтың өткен заманда дамыған қолөнер түрі – зергерлік өнер. Бұрынғы заманда Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы тағы басқа металдар өндірілген. Олардың түрлері бұйымдар, киім-кешектер де әзірленген. Әсіресе әйелдерге, қыздарға арналған шолпы, білезік, қапсырма, сақина, жүзік, сырға, алқа, түймелер жасаған.

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй негізгі төрт бөлшектен тұрады. Ол – кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі ағаштың мынадай түрлерінен жасалады: тал, қайың, терек. Ең жақсысы – тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті осы кәсіпке маманданған шебер жасайды. Үйшілер көбінесе талды өзендер бойында тұрады. Олар – Еділ, Жайық, т.б. кішірек өзендер. Ағаш бөлшектерді жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық жабдықтарды пайдаланған.

СОӨЖ: « Адам бәрін жасайды» тақырыбында әңгімелеу.

«Қазақтың қолдан жасалған ұлттық бұйымдары» туралы мәліметтер беру.

СӨЖ: «Адам бәрін жасайды» тақырыбына әңгіме. «Билл Гейтс» туралы әңгіме. «Қол өнер» тақырыбына буклет жасау.

 

Тақырып. Уақыт

А) Менің күн тәртібім

Мен бос уақытымды қалай өткіземін.

Грамматика: Сөз таптары. Сан есім.

УАҚЫТ

Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.Уақыт – ақсүйектікті мойындамайды. Ханға да, қараға да берілетін мерзім – тәулігіне жиырма төрт сағат. Дүниеде уақыт белгілегеннен артық демократия жоқ. Мұндағы ақсүйектік уақытты пайдалануға байланысты, кім уақытын бағалай білсе, сол ғана тектілердің қатарына қосылмақ.Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Өзіне-өзі бағыт белгілейді. Дүниедегі ең жаман дерт-еріншектікті жеңеді. Өзін нағыз адам етіп тәрбиелеп шығады. Бүгінде іскерлер әлемін басқаратын ұлы мәртебелі уақыт.

Тапсырмалар:

1. Жаңа сөздерді оқып, аударып, сөз тіркесінде қолданыңыз.

2. Мәтіндегі сын есім сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екенін табыңыз.

3. Мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді оқыңыз.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз:

Бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз?

Бүгінгі жұмысты ертеңге қалдырасыз ба?

Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

Әр күнге жоспар құрасыз ба?

Босқа кеткен уақытыңызға ренжисіз бе?

Уақыт – алтыннан қымбат дейді.

5. Мәтіннен ауыспалы осы шақтағы сөйлемдерді табыңыз.

мәтіннен сан есімді сөйлемді табыңыз;

мәтіндегі дерт сөзіне синоним табыңыз.

6. Мәтін мазмұны бойынша төмендегі кестені толтырыңыз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1196 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

831 - | 743 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.