Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мәтінді оқып төмендегі сұрақтарға жауап беріңі




Ток күші. Амперметр - Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі. Көлденең қимасының ауданы S өткізгіште электр өрісінің әсерінен кейін заряд тасымалдаушылар қандай да бір жылдамдықпен қозғалады деп алайық. Барлық заряд тасымалдаушылардың қозғалысы реттелген болғандықтан, өткізгіш бойымен электр тогы жүреді. Бұл кезде әр секунд сайын өткізгіштің кез келген қимасы арқылы электр мөлшері деп аталатын қандай да бір заряд өтеді. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атайды: I=q/t. Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші ампермен (А) өрнектеледі: 1А=1КЛ/1с 1ампер = (1Кулон/(1 секунд)). Ампер - негізгі бірліктердің бірі. Оны тәжірибе жүзінде тогы бар екі параллель өткізгіштің өзара әрекеттесуі күштері бойынша анықтаған француз ғалымы А.Ампердің құрметіне осылай атаған. 1 ампер - вакуумде бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты тоқ күші. Мұндай тоқ ұзындығы 1 м өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10-7 Н-ға тең өзара ірекеттесу күшін тудырады. Әлсіз және күшті тоқтарды өлшеу үшін тоқ күшінің үлестік және еселік бірліктерін қолданады: 1 мА= 10-3 А; 1 мкА= 10-6А; 1кА =103А. Біздің үйіміздің жарықтандыруға қолданатын қыздыру шамдарының ток күші, олардың қуатына сәйкес 7-ден 400 мА-ге дейін болады. 1А ток күші адам өміріне қауіпті. 1А ток күшінің бірлігі арқылы электр зарядының бірлігі немесе 1Кл электр мөлшері анықталады. I=q/t болғандықтан, q=It. I=1A, t=1c деп алып, электр зарядының бірлігін аламыз: 1Кл=1А*1с. 1Кл ток күші 1А болғанда 1с уақыт аралығында өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін электр зарядына тең. Ток күші өлшейтін құралды амперметр деп атайды. Амперметрдің шартты белгісі.-А-. Амперметрді ток күшін өлшейтін құралмен тізбекпен қосады. Амперметрде екі қысқыш бар: "+", "-".: "+" қысқышын ток көзінің оң полюсінен келетін өткізгішпен жалғайды.

1. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын

А)ток күші

В) Айнымалы ток

С) электр заряды

Д) тұрақты ток

2) Халықаралық бірліктер жүйесінде (SI) ток күші

А) вольтметр

В) ампереметр

С) ампереметр, ампереметр

Д) омметр

3) Трек сөздеріне анықтама беру

4) Тақырыпқа байланысты трек сөздерін жазып беру

5) Мәтінді оқып, түсінгенін айту

Электромагниттiк тербелiстер - Уақыттың өтуiмен байланысты қайталанып отыратын процесстердi тербелiстер деп атайды. Қайталанатын құбылыстың табиғатына байланысты тербелiстер әртүрлi, мысалы, механикалық, электрлiк т.с.с. болуы мүмкiн. Егер тербелiстер бiрдей уақыт аралығында қайталанатын болса, онда ондай тербелiстердi периодты тербелiстер деп атайды. Тербелiстiң қайталану уақытын тербелiс периоды деп атап, Т әрiпiмен белгiлейдi. Тербелiстiң ν жиiлiгi деп бiрлiк уақыт мезетiнде жасалатын толық тербелiстердiң санын айтады. Ал тербелiстiң ω, циклдiк жиiлiгi ретiнде 2π уақыт бiрлiгiндегi жасалынатын тербелiстердiң саны алынады. Тербелiс периодының өлшем бiрлiгi 1 секунд (1 с), ал жиiлiктiң бiрлiгi ретiнде 1 с уақыт аралығында 1 тербелiс жасайтын тербелiстiң жиiлiгi алынған. Оны 1 Герц (1 Гц) деп атайды.

1. Уақыттың өтуiмен байланысты қайталанып отыратын процесстердi

А) жылдамдық

В) қозғалыс

С) түзу сызықты айнымалы қозғалыс

Д) тербелңстер

2) Тербелiстiң қайталану уақытын

А) тербеліс жылдамдығы

В) тербелiс периоды

С) тербеліс қозғалысы

Д) тербеліс уақыты

3) Трек сөздеріне анықтама беру

4) Тақырыпқа байланысты трек сөздерін жазып беру

5) Мәтінді оқып, түсінгенін айту

 

Физика және математика кафедрасының ортасында талқыланып, бекітілді

№ хаттама «» ________ 2014 жылы

Физика және математика кафедрасының меңгерушісі: А.А.Кульжумиева

Факультеттің ОӘК талқыланып бекітілді

№ хаттама «» ________2014 жылы Ж.С.Иксебаева

Кәсіби қазақ тілі

Нұсқа

1. Тұрақты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін қажетті емес шарт:

A) Фазалар айырымы тұрақты болып келуі керек.

B) Толқындар когерентті болуы қажет.

C) Үйлесімді толқындар болуы қажет.

D) Тербеліс амплитудалары бірдей болуы керек.

2. Ампер күшінің бағытын анықтауға болады

A) Бұрғы ережесі бойынша.

B) Суперпозиция принципі бойынша.

C) Сол қол ережесі бойынша.

D) Ленц ережесі бойынша.

3. Біртекті магнит өрісінде қозғалатын электронға әсер етуші күштің жұмысы:

A) Орын ауыстыру мен күштің көбейтіндісіне тең.

B) Электрон зарядының потенциалдар айырмасына көбейтіндісіне тең.

C) Электронның потенциалдық энергиясының өзгерісіне тең.

D) Нөлге тең, өйткені электронға әсер ететін күш бағыты үнемі оның қозғалыс бағытына перпендикуляр.

4. Ядролық сәулелерді тіркеуге арналған приборлардың қайсысында шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектер буда сұйық тамшыларынан тұратын із қалдырады?

A) Гейгердің газ разрядты санағышы.

B) Күкіртті цинкпен қапталған экран.

C) Ви.льсон камерасы

D) Көпіршікті камера.

5. Дұрыс емес тұжырымды анықтаңыз.

Лоренц күші бөлшектің жылдамдығына перпендикуляр болғандықтан...

A) ол бөлшектің жылдамдығының бағытын ғана өзгертеді.

B) ол бөлшектің кинетикалық энергиясын өзгертпейді.

C) ол жұмыс атқармайды.

D) ол оң жұмыс атқарады.

6. «кг×м/с» өлшем бірлігімен өлшенетінін физикалық шама

A) Импульс

B) Күш моменті

C) Қуат

D) Күш

7. Жоғарғы жиілікті ток адам өмірі үшін қауіпсіз болу себебі

A) беттік эффекті әсерінен адамның ішкі органдары арқылы ток өтпейді.

B) ток күші 0,1 А-ден кем.

C) жоғарғы жиілікті ток үлкен энергия тасымалдамайды.

D) жоғарғы жиілікті ток бұлшық еттерді жиырмайды.

8. Резонанс кезінде тербелмелі контурда

A) Тербеліс жиілігі азаяды.

B) Тебеліс жиілігі өседі.

C) Ток күшінің тербеліс жиілігі азаяды.

D) Ток күшінің тербеліс амплитудасы артады.

9. Газ қысымы тұрақты болған жағдайда, оның температурасы 3 есе төмендеген болса, онда сол газдың көлемі

A) өзгермейді.

B) 3 есе артады.

C) 3 есе кемиді.

D) 6 есе артады.

10. Радиоактивті элементтерді археологияда қолданудың мақсаты:

A) Нәрселердің беріктілігін анықтау.

B) Нәрселердің жазықтығын анықтау.

C) Заттардағы элементтерді анықтау.

D) Өте ертедегі нәрселердің жасын анықтау.

11. Заряды q бөлшектің өзінің бастапқы жылдамдығына перепендикуляр бағытталған біртекті магнит өрісіндегі қозғалысы

A) Түзу сызықты бірқалыпты.

B) Магнит өрісі күш сызықтарына қарама-қарсы.

C) Түзу сызықты бірқалыпсыз.

D) Шеңбер бойымен бірқалыпты.

12. Біртекті магнит өрісі тогы бар рамаға

A) жарықтық әсер көрсетеді.

B) химиялық әсер көрсетеді.

C) механикалық әсер көрсетеді.

D) жылулық және химиялық әсер көрсетеді.

13. Жай механизмдер дегеніміз

A) Күшті түрлендіретін құралдар.

B) Қозғалтқыштың қозғалу бағытын өзгертуге септігін тигізетін құралдар.

C) Күшті азайтатын?ұралдар.

D) Күшті түрлендіріп, қозғалыс бағытын өзгерту үшін қолданылатын құралдар.

14. Күш моменті физикалық шама. Ол не тең?

A) Күш пен дененің жылдамдығының көбейтіндісіне.

B) Дененің массасы мен оның жылдамдығының көбейтіндісіне.

C) Күш пен дененің үдеуінің көбейтіндісіне.

D) Күш пен иіннің көбейтіндісіне.

15.Қандай процесте идеал газдың ішкі энергиясы өзгермейді:

А). изобаралық

В).адиабаталық

Г).аталған процестің барлығында

D). изотермиялық





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1171 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2229 - | 2035 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.