Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі




Мақсаты: Халықтық педагогикадағы имандылық тәрбиесі туралы білім беру

Дәріс мазмұны:

1. Ежелгі түркі жазба ескеткіштеріндегі иманжүзділік, инабаттылық мәселесі

2. Қазақы тұрмыстағы діннің рөлі

3. Тәрбие негіздері және дін.

Имандылық тәрбиесі бүгінгі таңда қоғам қажеттілігінен туындап, өзекті мәселелердің құрамына енуде.Имандылық ұғымы ерте кезден бастап қолданыста болған,оны көне жазба мұраларға көз жіберту арқылы дәлелдеуге болады.Анығырақ айтар болсақ, халқымыздың халық болып қалыптасу кезеңінен бастау алады.Бұл ұғым көпшілік түсінігінде діни ұғыммен суреттеледі.Бірақ имандылық ұғымы таза діни ұғымды білдірмейді. Тұрмыстық өмірде иман жүзді, иманды, тб. Ұғымдар пайдаланылған және әлі де пайдаланылуда. Енді жеке- жеке талдап көрсек, иман жүзді деп бойында адамгершілік қасиеттер, кеңпейілділік, жанашырлық, иабаттылық, ізеттілік, т.б. да қасиеттері барадамдарды айтсақ, иманды адамдарға да қасиеттерді бойына сіңірген және оны сеніммен ұштастыра білетін адамдар тобы жатқызылады.Бұл қасиеттердің бірі де таза діни ұғымға жатпаса керек.Яғни бұдан имандылық адам бойындағы ізгі қасиеттердің жиынтығы деген ой түйіндеуге болады.

Рухани құндылықтарды бағалаудың бірден- бір көзі аталмыш имандылық идеяларды насихаттау болып табылады.Енді осы идеяның генезисіне тоқталар болсақ, алдымен мұсылмандар заңдарының жинағы, тарихи деректердің бірі, жазба мұралар ретінде қарастыруға болатын- Құран және Хадистер жинағы.Мұнда халыққа тәлім- тәрбие берерлік өнегелі, ұлағатты дана сөздер жинақталған.Мысалы, Құранның Ғалақ /1-5/ сүресінде «оқыңдар, ол- Мұхаммед Пайғамбарға жіберген алғашқы аят. Оқу- аса ардақты» деп келтірген.Сондай-ақ, Құранда «намысына, абыройына, адамгершілігіне дақ түсіретін бейнеде ойнау, мазақтау, сондай- ақ біреуді қорлау, ғайбаттау, жала жабу, күншілдік істеу, өсек айтуға тұжырымды түрде тыйым салынсын» деп бұйрық беріліп, жаман іске қарсылық көрсеткен.Адам бойындағы ең жаман қасиет адамды қорлау, зәбірлеу, намысына, ар- ұятына дақ түсіру екенін бәріміз де мойындаймыз.Өзіміз көріп отырғандай, бұл істерге «Құранда» да мән беріліп, шек қойылған, демек бұл да- адамзатқа қажетті игілікті өнеге.

Келесі имандылық идеясының бастау алар бұлағы- Хадистер жинағы.Мұнда әрбір жақсы- жаман қасиеттерге байланысты түсініктер енгізілген.Әсіресе, Мұхаммед Пайғамбардың: «Өзімнен кейінгі қалатын ұрпағымды ойласам, үш нәрседен қорқамын:

1.Құлқынның құлы болып, жолдан таюдан.

2.Нәпсіқұмарлыққа салынып, лас істерге ұрынудан.

3.Ілім- білім бола тұрып, қараңғы наданның ісін істеуден» /1.6./ деген сөздері көңілге қонарлық..Оқу, білім, ғылым-адам өмірінің, тіршілігінің мәні, мазмұны екенін Хадистерде анық берген.Мысалы, «Тіпті, Қытайа болса дабілм алуға ұмтылыңдар, неге десеңіз, білім алуға әрекетену- әрбір мұсылманның парызы» /2.6./,- деген екен Мұхаммед Пайғамбар.Бірде ол: «Бір сағат білім үйрену- бір кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бір күн бойы дәріс алу- үш ай бойы непіл ораза тұтқаннан жақсы» /2.7./, деп,білім алуға, дәріс тыңдауға шақырады.Хадистердің тағы біріндегі: «Перзенттеріңізге ізет- құрмет жасай отырып, ақыл- әдеп үйрету керегін ұмытпаңыздар» /2.12/,-деген ескерту жалпы педагогика саласында жеке адамды сыйлау, адамның өзін- өзі сыйлауы принципімен үндесіп жатыр.Сонымен қатар «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» дастандарының имандылық идеяларға қосатын үлесі мол.Халықтың кемеңгер ойшылдары Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұд Қашқари, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы, т.б. шығармалары имандылық идеясының қалыптасуының алғышарты болды десек қателеспейміз.Он бесінші ғасыр мен он тоғызыншы ғасырдың бірінші жартысында хандық дәуірде өмір сүрген Асанқайғы, Ж.Баласұғын, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Шалкиіз, Доспамбет, Ақтамберді, Шал ақын, Дулат Бабатайұлы, т.б. ақын- жырау және ойшылдар шығармаларының ұрпағымыздың бойына отансүйгіштік,ұйымшылдық, еңбексйгіштік, үлкенді сыйлау, әдепті, елгезек, кішіпейіл, мейірімді болу сияқты имандылыққа жатқызып отырған қасиеттерді сіңіріп ұялатуда үлкен маңызы бар.Әсіресе он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында бұл ұғымдар Ыбырай, Абай, Шәкәрім мұраларында насихатталады.Жоғарыда аты аталған ортағасырлықғұлама ойшылдар имандылық идеясының теориялық негізін қалаушылар қатарына жатады.Және бұл еңбектерді қарастыру барысында олар осы Құран және Хадистердің мазмұнына қанық екен, тіпті еңбектерін Құран және Хадистерге сүйене отырып жазған деген ой түйіндеуге болады.Профессор Ә.Дербісәлиевтің «Бағзы заманнан күні кешеге дейін шығыстың ақын-жазушылары, шежірешілері, тарихшылары Құраннан дәйектемелер алып, оныөз мақсатына пайдаланып келеді» /3.231/ деген пікірі бұл ойды дәлелдей түседі.

Этнопедагогика ұрпақ тәрбиесіндегі діннің рөлін жоққа шығармайды.Бүкіл түркі елдеріндегі мәдениетке шолу жасай қарасақ, сонау тас жазбалар арқылы келіп жеткен мұралардағы тәрбие әсерінің имандылық тәрбиесі арқылы берілгенін көруге болады. Ұрпақ тәрбиелеуде адамгершілік пен парасаттылық жайында, инабаттылық хақында айтылған парсы, ирак классиктерінің дін туралы ұлағатты сөздері бүкіл түркі елдер педагогикасының негізін қалаған.

Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Имандылық-алланың ақ екендігіне, ал Мұхаммед пайғамбарымыз алланың елшісі екендігіне сеніп, алла жолын, пайғамбар ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындау, яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілікпен ақтаудың көрінісі.Халық адамгершілігі жоғары кісіні – иманды деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп оны жек көреді. Адамгершілігі, ар- ұяты бар адамның бет- бейнесі иманжүзділігі жарқын, биязы, өзі парасатты болады.Ондай адамды халық «Иманжүзді кісі» деп құрметтейді.Қазақ халқының ата дәстүрлерінде имандылық тек дідік сенім емес, ол әрі ұлттық, психологиялық салтқа, ұлттық ерекшелікке айналған психологиялық құбылыс.

Дәріс





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-07-29; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2053 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

992 - | 931 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.