Лекции.Орг


Поиск:




Уе кемелерін күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар




225. Әрбір әуе кемесінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының тексерулері тіркелетін борттық журнал жүргізіледі.
226.Әуе көлігі осы Санитариялық қағидалардың 4 қосымшасына сәйкес эпидемияға қарсы жиынтықпен және осы Санитарлық қағидалардың 14 қосымшасына сәйкес мүкәммалмен, гигиена және қызмет көрсету құралдарымен жарақталады.
227. Әуе кемесi «Халық денсаулығы және денсаулық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 144-бабының 6-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілетін «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес келетін ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
228. Әуе кемесiнен жиналған сарқынды суды жинау кейіннен сарқынды суды шаруашылық-нәжіс кәрізіне ағызу арқылы мамандандырылған машиналарға тұмшаланған жағдайларды сақтаған жағдайда жүргізіледі, кәрізге ағызатын орын тиісті аумақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасымен келісіледі. Сарқынды суларды ағызатын орын аумағының қатты жабыны, кірме жолдары болуы тиіс.
229. Ұшу кезінде (шекті рұқсат етілген ұшу биіктігіне байланысты)салонда және экипаж кабинасында ауа баптау жүйесі көзделеді.
230. Тоқтап тұрған кезде әуе кемесiнiң микроклиматы жердегi салқындатқыштың борттық жүйесiмен немесе жердегi салқындатқыштың көмегiмен жүзеге асырылады. Сыртқы ауа темперетурасы +15 оС және төмен кезiнде кабина ауасы +15 оС-тан төмен емес температураға дейiн жылытылуы, сыртқы ауа температурасы +25 оС-тан жоғары болған кезде сыртқы ауа температурасымен салыстырғанда ауа 5-8 оС-қа (бiрақ +20 оС-тан төмен емес) салқындатылуы қажет.
231. Әуе кемесiн жарықтандыру аралас көзделеді: табиғи және жасанды.
232. Жолаушылар салонын, экипаж, буфет және санитариялық-техникалық жабдықтау кабиналарын, дәретханаларды, багаж бөлiктерiн жинау аралық немесе базалық әуежайға келуiне байланысты әр сапардан кейін жүргiзiледі.
Жинау салоннан басталады, дәретхананы жинау дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ең соңында жүргізіледі.
233. Салонда кiлем төсенiштер, креслолардың тысы, қайырмалы орындықтар, багаж сөрелерi жиналады. Кiлемдерді тазарту шаңсорғышпен жүргізіледі. Креслолардың бас сүйегіштеры ауыстырылады. Қайырмалы орындықтар, багаж сөрелерi, шынтақ қоятын жақтауларжуылады және дезинфекциялау құралдарымен екi рет өңделеді.
234. Әуе кемесінде борттық тамақтандыру ұйымдастырылған жағдайда пайдаланылған борттық ыдыс сыйымдылыққа жиналады және жуу мен дезинфекциялық өңдеу үшін борттық тамақтандыру цехына жіберіледі.
235. Буфет жабдығы алмалы-салмалы асүйдің мүкәммалын (контейнер) және пайдаланылған борттық ыдысты борттық тағам цехына тапсырғаннан кейiн жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ылғалданып жиналады.
236. Бір рет пайдаланатын борттық ыдыс, жұмсақ мүкәммал жою үшін жеке полиэтилен қапқа жиналады.
237. Жинаумен айналысатын адамдар арнайы киiмде жұмыс істейді, жинау үшін таңбаланған жинау мүкәммалдары пайдаланылады.
238. Ұшу кезiнде қоқыс бiр рет қолданылатын қапшықтарға жиналады және әуежайға қонған соң қоқыс жинауға арналған контейнерлерге шығарылады.
239. Әуе кемесiн жуу сарқынды суды жинауға арналған құрылғылармен жабдықталған арнайы алаңда жүргізіледі. Әуе кемесiнiң басқыштары жуу және дезинфекциялау құралдары қолданыла отырып, ылғалданып жиналады.
240. Әуе кемесіне ауыз су құюаузы мөрленген су құятынмашиналармен жүргізіледі.
241. Әуе кемесін сумен қамтамасыз ететін ұйыммен осы Санитариялық қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес, әуе кемесіне су құю жөніндегі журнал және дезинфекция жүргізілгендігі туралы журнал толтырылады.
242. Су дайындауға тікелей қатысы бар және әуе кемесін ауыз сумен толтыруды қамтамасыз ететін адамдар арнайы киімде жұмыс істейді.
243. Су құю көлігінің жүргізушісі және авиатехник кәріз жүйесіне қызмет көрсету, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша, химиялық және басқа да қауiптi заттармен байланысты жұмыстарға тартылмайды.
244. Сапар аяқталған соң төрт сағаттан артық ұзақтықта жиналған су қалдығы сумен жабдықтау жүйесiнен төгiледі.
245. Әуе кемесінде инфекциялық ауруға күдікті науқас анықталған жағдайда келесі іс-шаралар жүргізіледі:
1) науқас жанасқан багаж, қол жүгі дезинфекцияланады;
2) жамылғылар, бас тірегіштер, жастықтардың тыстары және жұмсақ мүкәммәлдар камералық жолмен өңделіп (эпидемиялық айғақтар бойынша), соңынан кір жуатын орынға немесе химиялық тазалауға тапсырылады;
3) пайдаланылған жинау мүкәммалдары, шүберектер залалсыздандыру ерітіндісіне салынады.
246. Әуе кемесін дезинфекциялау әуежайдың санитариялық-карантиндік тұрағында жүргізіледі.
247. Пайдаланушы алдын алу мақсатында әуе кемесінің сумен жабдықтау жүйесін, су құятын машинаның ыдыстарын, шлангісін тоқсанына бір рет, су толтыру пунктіндегі штуцерлер және су толтыру машиналарын он күнде бір рет дезинфекциялайды.
248. Әуе кемелерін дезинсекциялау және дератизациялау жәндіктер мен кеміргіштер анықталған кезде және жаз мезгілінде сәуір айынан бастап қазанды қоса алғанда екі ай сайын үш рет жүргізіледі.
249. Дезинсекция және дератизация жүргізілгеннен кейін әуе кемесінің борттық журналына жүргізілген дезинсекция және дератизация туралы жазу түсіріледі.
250. АХЖ жүргізу мерзімі аяқталғаннан соң әуе кемелері және аппаратураларды тазарту, жуу және газдан тазарту жүргізіледі. Әуе кемесін тазарту, газдан тазарту сапасын бағалау үшін лабораториялық бақылау жүргізіледі.
251. Қүрылғыда пестицидтер мен агрохимикаттар қалдықтары болған жағдайда құрылғыны жөндеу және жұмыс бабына келтіру операциясын жүргізуге тыйым салынады.
252. Пайдаланушы АХЖ жүргізетін экипажды арнайы киімдермен, жеке бас құралдарымен және дәрі-дәрмек қобдишасымен қамтамасыз етеді.
253. Авиакомпания басшылығы АХЖ басталғанға дейін тиісті аумақтың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасына АХЖ жүргізілетін орындар мен мерзімдері туралы хабарлайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-04-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 567 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

824 - | 698 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.