Лекции.Орг


Поиск:




Көлемді қосалқы станциялар




Монтажды индустриаландырудың деңгейін жоғарылатуды, объектілерді салудың мерзімін қысқартуды, құрылыстардың сапасын жақсартуды қамтамасыз ететін жаңа техникалық шешімдер болып 6(10) кВ кернеудегі бір және екі трансформаторлы көлемді қосалқы станцияларды қолдану табылады.

Сондай қосалқы станциялардың құрылыс бөлімі зауыттарда темірбетонды өнімдерден жасалатын жеке көлемді блоктардан тұрады. Электр жабдықтарды блокқа бекіту үшін арнайы металл бөлшектер орнатылады. Қосалқы станцияның жеке элементтерін (панельдерін) өзара дәнекерлеу немесе болттау арқылы көлемді блоктарда байланыстырады.

Зауыттар қосалқы станцияларды толықтай немесе монтаж кезінде құрастыратындай, бөлшектеп жеткізеді. Көлемді КТП ауа, жылу, жарық және байланыс көздерін қамтамасыз ететін құрылғылардан тұрады. Сонымен қатар, конструкциясында ішкі коммуникацияларды жүргізуге қажет барлық жалғанатын элементтер қарастырылған. Ашық ауада қондырылатын осындай қосалқы станция құрылысы ауданды жоспарлауға немесе кірпіштен не темірбетонды блоктардан ленталы фундамент орнатуға сайып келеді.

Өндіріс корпустарының ішіне қондырылатын қосалқы станцияларға бетоннан алаң орнатады, ал көлемді блоктарды темірбетон мен металлдан жасайды. Трансформатордың саны мен қуатына; ЖК және ТК тарату құрылғыларының шкаф саны мен типіне байланысты мұндай қосалқы станцияның құрылыс бөлімі бір не бірнеше қондырылатын жерінде қандай да бір қосымша қарастыруды талап етпейтін, дайын күйдегі көлемді блоктардан орнатылады.

Әрбірінің қуаты 400 кВА екі трансформатордан тұратын көлемді қосалқы станция 4.2.4 суретте бейнеленген. Ол зауытта дайындалып, трансформатор мен тарату құрылғылар орнатылған, екі көлемді темірбетонды блоктардан 2 және 4 тұрады.

4.2.5 суретте қуаттары 630 кВА екі трансформаторлы қосалқы станция жоспары берілген. Ол 6(10) кВ кернеудегі тарату құрылғысы мен 0,4кВ күштік трансформатор 1 орнатуға арналған, төрт темір бетонды блоктан 2,4,3 және 5 тұрады. 6...10 кВ тарату құрылғысын КСО-366 камераларынан жинаса, ал 0,4 кВ тарату құрылғысын – ЩО-70 панельдерінен жинайды. Әрбір блок қалыңдығы 88 мм вибропрокатты беттен жасалады. Барлық блоктардың электр қондырғылары зауытта жөнделеді. Толық жиналған трансформаторсыз блоктардың салмағы 14 тоннаға жуық. Қосалқы станцияның сыртқы бетін сырлайды, ал есіктерін болаттан жасайды.

4.2.4 сурет. Қуаттары 400 кВА екі трансформаторлы комплектілі көлемді қосалқы станция: 1 - 0,4 кВ тарату құрылғысы; 2, 3 - көлемді блоктар; 4 - контакторлы станция; 5 - күштік трансформатор; 6 - кернеуі 6(10) кВ тарату құрылғысы; 7 - фундамент

 

Көлемді қосалқы станцияның әрбір блогы жеке тасымалданады, олардың габаритті өлшемдері тасымалды автомобиль және темір жолдар арқылы жүргізуге ғана мүмкіндік береді. Темір бетонды көлемді блоктарды тек электр қондырғыларын монтаждау барысында МЭЗ-дарда немесе орнатылатын жерінде ғана қабылдау жүргізіледі, тексеріс барысында конструкциялардың орналасуы, кабельдердің орны, май жинауыш оры, жақтаулардың, қабырға, еден және төбесінің сапасы қаралады. Қабылдаудың негізгі шарты блоктардың сәйкестігі мен бөлшектерінің толық комплектілігінің дұрыс болуы.

Алғашқы көлемді КТП-лар тек темірбетонды элементтерден жасалып, темірбетонды зауыттарда ғана даярланған. Онда сонымен қоса, қондыру, тексеру және электр қондырғыларды орнату жұмыстары да жүргізілген. Содан соң олар монтаж орнына трайлер арқылы жеткізіліп, алдын ала дайындалып қойған алаңға немесе фундаментке қондырылған. Мұндай қосалқы станцияны іске қосуға тек ішкі кабельдер мен әуе желілерін жалғау ғана қалған.

4.2.5 сурет. Қуаттары 630кВА екі трансформаторлы комплектілі көлемді қосалқы станция жоспары: 1-трансформаторлар; 2,3,4,5-темірбетонды блоктар

 

Темірбетонды көлемді трансформаторлы қосалқы станциялардың орнын болат мырышталған горфирленген парақпен қапталған, металл каркасты қосалқы станциялар басты. Мұндай қосалқы станциялар да зауыттар мен монтажды шеберханаларда барлық электр қондырғыларды (трансформатордан өзге) орнатып, дайын күйде орнатылатын жеріне жеткізіледі. (4.2.6 сурет). Көлемді металл қосалқы станция темірбетонды панельді қосалқы станцияға қарағанда арзан әрі сыйымдылығы жоғары, және де кірпіштен қаланады. Мұндай қосалқы станция салмағы 5 т аспайды.

4.2.6 сурет. Көлемді блоктан құралған трансформаторлы қосалқы станцияның құрылыс алаңындағы монтажы





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 954 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

806 - | 689 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.