Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң құзыретi




1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:/

1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi;

1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;

1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;

2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмi мен әкiмдігінің актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiн орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiне тиiстi қорытынды енгiзуге құқылы;

3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;

3-1) тиісті мәслихатқа "Облыстың (қаланың) құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;

4) мына лауазымды адамдарды:

жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiнiң орынбасарларын;

облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiм киіп жүру құқығы және әскери немесе өзге де арнаулы атақ берiлетiн басшыларды қоспағанда, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары құрылымдарының басшыларын тағайындау және қызметiнен босату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;

6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) әкiмдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;

7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиістi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;

9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекiтуге ұсынады;

10) Алынып тасталды.

11) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттiк меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен тең дәрежеде келiсiм-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады;

13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;

14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды.

2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.

4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық әкiмдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметi алдында жауап бередi.

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.05.22 N 255, 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.04.2014 N 200-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-03-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 841 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2256 - | 2103 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.