Лекции.Орг
 

Категории:


Расположение электрооборудования электропоезда ЭД4М


Объективные признаки состава административного правонарушения: являются общественные отношения, урегулированные нормами права и охраняемые...


Деформации и разрушения дорожных одежд и покрытий: Деформации и разрушения могут быть только покрытий и всей до­рожной одежды в целом. К первым относит...

Допты тігінен қойылған нысанаға лақтыру



Допты оң (сол) колменкөлбеу қойылған нысанаға лақтыру

 

 

Күні:-------------- Пәні:Дене шынықтыру Тексерілді:--------------------

Сабақ тақырыбы:Әртүрлі жүру түрлері

Міндеттері:1. Жоғарғы сөреден екпінмен жүгіру түрін қайталау.

2.Кішкентай доптармен орындалатын жаттығуларды қайталау.

3.Допты тігінен қойылған нысанаға көздеп лақтыруды жаттықтыру.

4. Шапшаңдық, төзімділік тәрізді сапаларын, дәлдеп лақтыру
машықтарын дамыту.

5. Мұғалімнің командасы бойынша жылдам сапқа тұруды үйрету.

Сабақтың барысы:

Тізбек кұрып, сабақ өтілетін орынға келу. Сап түзетіп тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар: санау, бұрылу, қайта сап құру.

600-700 м қашықтықты баяу жүгіріп өту.

Шеңбер жасап тұру. Кішкентай доптармен жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

6-сабақта көлбеу қойылған нысанаға іші нығыздалып толтырылған допты төменнен және бастан асыра лақтыру.

7-сабақта 6 м қашықтықта тұрып, тігінен қойылған нысанаға кішкентай допты (сол тәсілдермен) лақтыру үйретіледі.

Жоғарғы сөреден екпінмен 10 м қашықтықты жылдамдықтарын арттыра отырып, жүгіріп өтуді қайталау.

6-сабақта «Кім жылдам?» эстафетасы (15 м қашыктықта жатқан допты жүгіріп барып алып, кері қайту) ойнатылады.

7-сабақта «Жерден жоғары» ойыны жүргізіледі.

Қалыптан тыс жабдықпен орындалатын жаттығуларды орындау: гимнастикалық кабырға не белтемірде еркін асылу.

Қатар кұрып сапқа тұрып, сабақты қорытындылау. Тізбекпен киім ауыстыратын бөлмеге бару.

Сабақ өтілетін орын:спорт алаңы.

Құрал-жабдықтар:оқушылардың санына қарай кішкентай доптар, 2 құм толтырылған доп, ысқырық, 2 фишка.

Допты тігінен қойылған нысанаға лақтыру

 

Күні:-------------- Пәні:Дене шынықтыру Тексерілді:--------------------

Сабақ тақырыбы:Әртүрлі жүгіру түрлері

Міндеттері:1. Допты тігінен қойылған нысанаға лақтыруды жат-тықтыру. 2Баланың шапшаңдык, төзімділік және ойын кезіндегі ұтқырлық
пен шеберлік сияқты сапаларын шыңдау.3 Мұғалімнің командасын жылдам орындауға үйрету.

Сабақтын барысы:Сап құрып, жаттығу орнына жылжу. Бір қатарға тұрғызып, сабақтың тапсырмасын хабарлау.

Сапқа арналған жаттығулар: санау, бұрылу, бір және екі қатарға кайта сап кұру, бірден және екіден қатарға сап түзеп жаттығу.

700-800 м қашықтықты баяу жүгіріп және жүріп өту.

Шеңбер жасап тұру. Кішкентай доптармен жаттығулар орындау. Арнайы жүгіріп жаттығу: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру.

Жоғарғы сөреден 30 м қашыктыкка екі-екіден екпінмен жүгіру түрін кайталау.

Екінші сабақта нәтиже үшін 3x10 кайталамалы жүгіру (сынак нәтижесін жақсарту үшін).

Допты тігінен қойылған нысанаға лақтыру.

«Қыр көрсету» ойыны.

Қалыптан тыс жабдықпен орындалатын жаттығуларды орындау: гимнастикалық қабырға не белтемірде еркін асылу.

Қатар құрып сапқа тұрып, сабақты қорытындылау. Тізбекпен киім ауыстыратын бөлмеге бару.

Сабақ өтілетін орын:спорт алаңы.

Ені 20-30 смдәлізде (тарсоқпақпен) жүгіру Ені5 см түзу жолмен жүгіру


Жоғарғы сөре: а) «Сөреге!»; ә) «Назар аудар!»; б) «Марш!»

Жоғары қарқынменжүгіру

Құрал-жабдықтар:оқушылардың санына карай кішкентай доптар, секунд санағыш, текшелер.


Жылдамдықты арттырып жүгір

Күні:-------------- Пәні:Дене шынықтыру Тексерілді:--------------------

Сабақ тақырыбы:Әртүрлі жүгіру түрлері

Міндеттері:1. «Бірінші», «Екінші» деген санаудан соң екі қатарға тұруды үйрету.

2.Баланың қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктері сапасын анықтау
мақсатында сынақ алуды жалғастыру.

3.Жаттығуды бар ынтасымен орындауға деген талпыныстарын ояту.

Сабақтың барысы:

Тізбекпен сабақ өтілетін орынға келу.

Оқушыларды қатар құрап сапқа тұрғызып, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар:

1. Рет бойынша санау.

2. Бір орнында аяқты кезек көтере бұрылыс жасау және екі қатар
құрап сап түзеу.

3. «Ысқырыкты тыңда!» ойыны. Шарты: мүғалімнің белгісі бойынша
алаңда жүру және жүгіру.

4. Шеңбер жасап тұру. Бір орнында жалпы дамыту жаттығулары
орындатылады. Бір орнында тұрып, арнайы жүгіріп жаттығу: тізеден
бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру.

Сынақ: 1. Нәтиже үшін 3x10 м-ге қайталамалы жүгіру (екі текшені кезектесіп тасымалдау).

2. Тартылу (ұл балалар биік белтемірде, қыздар аласа белтемірде
тартылады).

3. 6 минут жүгіру.
Нәтижелерді бағалау.
«Доппен қуаласпақ» ойыны.

Қалыптан тыс жабдықпен орындалатын жаттығуларды орындау: гимнастикалық қабырға не белтемірде еркін асылу.

Қатар құрып сапқа тұрып, сабақты корытындылау. Тізбекпен киім ауыстыратын бөлмеге бару.

Сабақ өтілетін орын:спорт алаңы.

Құрал-жабдықтар:секунд санағыш, текшелер, доп, ысқырық, биік және аласа белтемір, бор.

Жоғары қарқынменжүгіру

 

Күні:-------------- Пәні:Дене шынықтыру Тексерілді:------------

Сабақ тақырыбы:Секіру

Міндеттері:1. Допты тігінен қойылған нысанаға дәлдеп соғуға жаттықтыру, мергендіктерін бағалау.

2. Шапшаңдығын жетілдіру, төзімділігін шыңдау, секіру қабілеті мен
ойнау шеберлігін ұштау.

3. Шамадан тыс күш түскен жағдайда қажет болатын төзімділік
сияқты дене сапасын тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Тізбекпен сабақ өтілетін орынға келу.

Бір қатарға сап түзеп, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар: санау, бұрылу, қайта сап құру.

800 м қашыктықты жай жүгіріп және жүріп өту.

Шеңбер жасап тұру. Шеңберді айнала жүгіріп жүріп және бір орнында тұрып, жалпы дамыту жаттығуын орындау. Арнайы жүгіріп жаттығу: тізеден бүгілген аяқты жоғары көтеріп жүгіру.

Допты тігінен қойылған нысанаға лақтыру (6 м қашықтықтан 5 рет лақтыру). Бағалау.

Секіртпені алдыға айналдыра отырып секіру.

Қалыптан тыс жабдықпен орындалатын жаттығуларды орындау: гимнастикалық қабырға не белтемірде еркін асылу.

Қатар құрып сапқа тұрып, сабақты қорытындылау. Тізбекпен киім ауыстыратын бөлмеге бару.

Сабақ өтілетін орын:спорт алаңы.

Құрал-жабдықтар:оқушылардың санына қарай кішкентай доптар, секіртпе, бор, ысқырық.

 

 


СЕКІРТПЕМЕН СЕКІРУ

а) ә) б)

Секіртпені айналдыра секіру: а) екі аяқты бірдей көтеріп секіру; ә) секіртпе арқылы бір аяқпен секіру; б) екі аяқты кезек-кезек көтеру арқылы секіру.

а) ә)

Секіртпе арқылы секектеп секіру: а) екі аяқпен секіртпені алдыға айналдыра секіру; ә) бір аяқпен секіртпені артқа (алға) айналдыру арқылы секіру.

 

ә) артпен жүріп секіру.

 

 

Күні:-------------- Пәні:Дене шынықтыру Тексерілді:------------

Сабақ тақырыбы: Секіру

Міндеттері: 1.Секіртпемен секіруді жаттықтыруды жалғастыру.

2.Кедергілер арқылы секіруге үйрету.

3.Жаттығуларды орындау барысында және ойын кезінде төзімділік,
шапшаңдык, ептілік сияқты дене сапалары мен кимыл-қозғалыстарды
дамыту.

Сабақтың барысы:

Тізбекпен сабақ өтілетін орынға келу.

Бір қатарға сап түзеп, сабақтың міндеттерімен таныстыру.

Сапқа арналған жаттығулар: санау, бұрылу, қайта сап құру.

900 м қашықтықты жай жүгіру және жүру.

Шеңбер жасап тұру. Төрт бүктелген секіртпемен орындалатын жаттығу кешені.

Секіртпені алдыға айналдыра отырып секіру.

Кедергілер арқылы секіруді түсіндіру, көрсету (бір аяқпен және екі аяқпен серпіліп секіру, жерге екі аяғымен түсу).

3-5 қадам қашыктықта екпін алып, кедергіден аттап өтіп, құм төгілген ойпаң жерге секіріп түсу.

«Номермен шақыру» командалық ойыны.

Қалыптан тыс жабдықпен орындалатын жаттығуларды орындау: гимнастикалық қабырға не белтемірде еркін асылу.

Қатар құрып сапқа тұрып, сабақты қорытындылау. Тізбекпен киім ауыстыратын бөлмеге бару.

Сабақ өтілетін орын:спорт алаңы.

Құрал-жабдықтар:оқушылардың санына қарай секіртпелер, ыскырық, бөгет болатын (отырғыш, текше сиякты) заттар.

Екі аяқпен секіртпені айналдыра жүріп секіру: а) алдыға қарап жүріп секіру;

¥зын секіртпе арқылы екі аяқпен секіру





Дата добавления: 2016-03-26; просмотров: 1799 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.