Лекции.Орг


Поиск:




Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қарым-қатынасы мен ұйымдастырушылық негіздері 3 страница




 

24. ҚР мемлекеттік органдарының түрлері. Жіктелу критерийлері бойынша мемлекеттік органдар келесідей түрлерге бөлінеді: 1) Биліктің бөліну қағидасы бойынша: - заң шығарушы; - атқарушы; - сот билігі органдары. 2) Территориялық масштабы боынша: - орталық; - аймақтық; - жергілікті. 3) Қызмет аясы, көлемі, сипаты боынша: - жалпы қызмет аясы, - арнайы қызмет аясы (салалық ж/е саларалық); 4) Құрылу тәртібі бойынша: - лигитимдмді – конституциялық ж/е заңды негізі бар. – лигитимді емес (заңды емес). Мем/к басқару функциясын жүзеге асыру түрлері бойынша: - саяси; - экімшілік; - фискалдық; - қаржылық; - консультациялық; - жазалау. Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

 

25. Мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы билік пен оның органдарының ролі. Мем/к органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мем/к органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді: 1) мемлекеттік билік органдары; 2) мемлекеттік атқару органдары; 3) сот билігі.Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. ҚР Парламенті тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан тұрады: ҚР Парламентінің Сенаты және ҚР Парламентінің Мәжілісі. ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан ж/е ҚР астанасынан 2 адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың ж/е республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени ж/е қоғамның өзге де елеулі мүдделеріне өкілдікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере, 15 депутатын ҚР Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір 3 жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – 6 жыл. Палатаны мем/к тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.Парламенттің Жоғары палата депутаттарының жалпы саны – 47 адам. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпылай, теңдік ж/е тікелей ж/е құпия сайлау құқығы негізінде жүргізіледі. Мәжілістің депутаттық корпусы пропорционалды ж/е можаритарлы жүйемен сайланған депутаттармен жасақталады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - 5 жыл. Палаталар әр Палатада саны 7-ден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы. Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады. Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі ж/е қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді. Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар ҚР заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін күшіне енеді.

 

 

26. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік. ҚР-сының ата заңында биліктің заң шығарушы, атқарушы,сот билігіне бөліну принцептері бекітілген. Заң шығарушы билікті-Парламент, ел аумағында атқарушы билікті-Үкімен, сот билігін-Жоғары сот, облыстық және аудандық соттар жүзеге асырады.Атқарушы билік-Үкіметтің тікелей басшылық етуімен қызмет етеді, оларға күнделікті мемл-к басқару заңдардың орындалуын ұйымдарстыру, мемл-ң әлеуметтік-экономикалық саясатының негізі бағыттарын әзірлеу, экономикалық реформаларды жүзеге асыру жүктелген. Мемлекеттің атқарушы органдарына Үкімен, Минисртліктер, Мемлекеттік комитеттер, Агенттіктер, Жергілікті әкімшілік (облыстық,қалалық,аудандық,ауылдық) және құқық қорғау органдары кіреді.Атқарушы билік-заңнамалардың негізінде қоғам іс-әрекеттерін мемл-к басқарудың жүзеге асыратын және атқару-өкім ету сипаты бар мемл-к-биліктік өкілеттіліктерді іске асыратын атқарушы билік органдарының жүйесінен көрініс тапқан мемлекеттік биліктің тармағы. Атқарушы билік оргены-бұл тиісті құзірет берілген белгілі бір аумақ шегінде қызмет атқаратын және атқарушы өкім етуші қызметті жүзеге асыратын, бір шама дербес, құрылымдық жағынан жекелеген мемл-ң аппараттың бір бөлігі. Үкімет – мемл-ң әлеуметтік-экономикалық саясатының оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлеуші орган болып табылады.

 

27. Экономика саласындағы мемлекеттік басқару. Мемлекет қоғамның ажырамас бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Мемлекет қызметін мемлекет және құқық теориясы,саясаттану,әлеуметтану,философия және экономикалық теория сияқты көптеген ғылыми пәндер зерттейді. Экономикалық теория – мемлекеттік басқарудың рөлін экономикамен байланыста қарасырады.Ал мемл.басқару теориясы мемл. басқарудың мәні мен проблемаларын,оның заңдарын,қағидаларын,нысандары мен әдістерін,сондай ақ мемлекеттік басқарудың объектілері мен субъектілерінің ерекшеліктерін қарастырады. Мемлекеттік басқарудағы экономикалық әдістер адамдар өміріндегі және соған сәйкес басқарушылық процестердегі экономикалық мүдделердің рөліне негізделген. Жеке меншікті дамыту,еркін кәсіпкерлікті қолдау, материалдық ынталандыруларды,еңбекақы деңгейін арттыруды және басқа да экономикалық тетіктерді қолдану арқылы мемлекттік билік пен жергілікті басқару органдары мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функцияларын жүзеге асырады.

 

 

28. Мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының мазмұны. Заңдылық - қолданылып жүрген құқық нормаларын барлық субьектілерінің қатаң ж/е бұлжытпай сақтауы. Мем/к басқарудағы заңдылық қызмет принципі ретінде билікті жүзеге асыратын әдісі ретінде ж/е қоғамдық саяси өмірдің режимі ретінде түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылады. Заңдылықтың өзіне тән келесідей белгілері бар: 1. Тұтас мемлекетті, барлық мем/к ж/е жергілікті басқару құрылымын толық қамтитын бірыңғайлылығы. 2. Әртүрлі жағдайларда түрлі адамдармен ұйымдық құрылымдар оны бірдей түсініп орындайтындығы; 3. Жаппай қамтитындығы яғни мем/к бақарудағы заңдар тек мем/к ж/е жергілікті органдарға, ондағы қызметкерлерге ғана емес бүкіл қоғамға және азаматтарға таралады. Құқ-қ мем/е заңдылықты қамтамасыз етеді: 1) Сот билігі (ҚР ң жоғарғы соты, жергілікті сот, конституциялық кеңес, прокуратура); 2) Атқарушы билік; 3) Халықтың саяси белсенділігі. Мем-к басқаруда заңдалықты қамтамасыз ету құралы бақылау механизмі б.т. Бақылау механизмдері арқылы басқару шешімдерінің заңға сәйкестігі анықталады. Бақылау келесі түрлерге бөлінеді: Сыртқы бақылау - бұл атқарушы биліктің бір органның екіншісін бақылауы; Жалпы бақылау - жоғары орғанның сәйкесінше төменгі органды қадағалауы; Мам-ған сыртқы бақылау; Мыс: Кедендік бақылау, халық тұтынатын тауар және тағамдар сапасын басқару, монополияға қарсы басқару, санитарлық эпидемиялогиялық басқару, рационалдық экологиялық басқару, жол қозғалысын басқару. Ішкі бақылау – мем/к органдарда орган жетекшілерінің арнайы топ бөлімдерін қадағалауы. Заңдылықты қамтамасыз етудегі халықтың саяси белсенділігі − өзінің заңды мүдделерін конституция бойынша кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған халықтың әрекеті.

 

 

29. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі. Мем/к басқару объектлері: адам, экон/а, халық шаруашылығы салалары, қоғамдық қатыстар, әлеу/к құбылыстар, саясат. Мем/к басқару субъектлері: мем/к аппарат, мем/к қызметкерлер, мем/к органдар. Мем-к б-у субъектісі–билікті ж.асыруға ж/е қоғам/қ процес–р мен мемлекет/ң жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік орган–ы.Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып,олар әр түрлі деңгейдегі мемл.шешім–ді әзірлейді ж/е қабылдайды,олар/ң орындалуын ұйымдастырады ж/е бақылайды. Қоғамдық саяси ұйымдар мен бірлестіктер мемлекеттік басқару субъектісі құрамында бола отырып,мемлекеттік институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешім–р жобасын,саяси бағдарлама–ды әзірлеуге қатысады.Саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мемлекеттік басқару субъектісі болып табылады.Мемлекеттік басқару субъекті–і:1)мемлекеттік билік түрі бойынша, 2)билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай, 3)қызмет саласына қарай,5)құрамына қарай бөлінеді.Мем-к билікбойынша–заң шығарушы,атқарушы ж/е сот билігі суб–і.Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функция–ды орындайды.Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылықмен іс–әрекетпен үйлестіреді.Сот билігі суб/сі басқару процес/ң ажырамас элементі б.табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын ж.а.Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай:орталық,аймақ/қ ж/е жерг.басқару орган–ы болып бөлінеді.

 

 

30. Мемлекеттік басқару субъектілерінің жіктелуі. Мем-к бас-у теориясында субъект түсінігі біржақты емес. Саясат субъектісі, мем/к басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі түсінік–н ажыратып алу керек. Ажырату шарттары: мем/к билікке қарай ж/е басқару функциясын ж.а. сипатына қарай. Саясат субъектісі д/з мем/к биліктің бірден бір бастауы болып табылатын ж/е тікелей н/е өкіл–і арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын субъект: халық, әлеуметтік топтар. Олар тікелей н/е өз өкіл–і арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Мем-к б-у субъектісі – билікті ж.асыруға ж/е қоғам/қ процес–р мен мемлекет/ң жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік орган–ы. Билік күші мен заңда бейнеленген қоғамның еркіне сүйене отырып, олар әр түрлі деңгейдегі мем/к шешім–ді әзірлейді ж/е қабылдайды, олар/ң орындалуын ұйымдастырады ж/е бақылайды. Қоғамдық саяси ұйымдар мен бірлестіктер мем/к басқару субъектісі құрамында бола отырып, мем/к институттар жүзеге асыратын болжамдар мен шешім–р жобасын, саяси бағдарлама–ды әзірлеуге қатысады. Саяси басшылық пен әкімшілік басқару институттары мем/к басқару субъектісі болып табылады. Мем/к басқару субъекті–і:1) мем/к билік түрі бойынша, 2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай, 3) қызмет саласына қарай, 4) құрамына қарай бөлінеді. Мем-к билік бойынша–заң шығарушы, атқарушы ж/е сот билігі суб–і. Олардың әрқайсысы басқару жүйесінде белгілі бір функция–ды орындайды.Атқарушы билік субъектісі билік жүргізу функциясын басқарушылықмен іс–әрекетпен үйлестіреді.Сот билігі суб/сі басқару процес/ң ажырамас элементі б.табылатын сотта іс жүргізу арқылы әділ сот функциясын ж.а. Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақ/қ ж/е жерг. басқару орган–ы болып бөлінеді.

 

 

3-ші блок:

1.ҚР Конституциясы, нег.ережелер. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тiл - қазақ тiлi. Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Туы, Елтаңбасы және Гимнi бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi.

 

2.«Қоғам дамуындағы мемлекеттің ұйымдық-функционалдық құрылымының ролі» тақырыбында эссе. Мемлекет – қоғамдық қатынастарды реттеуші дербес, орталықтанған саяси-әлеуметтік ұйым.Қоғамның дамуы, прогрессивті өркендеуі әр азаматтың мүдделерінің орындалуы, елдің эк-қ көркеюі мен мемлекеттің демократ-қ әрекетінің ілгері жылжуы ү.мемл-к басқару жүйесінің үйлесімді қызмет атқаруы жөн. Сонда ғана мемлекет өз мақсаттарына қол жеткізеді. Мақсатқа жету үшін мелекетке ерекше құрылым – мемлекеттік аппарат,яғни, өзара байл. мемлекеттік орган-р жүйесі керек. Олар әр түрлі сфераларды басқара отырып, мемл-ң ең басты мақсаты – қоғам өркендеуіне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Ол үшін тиімді түрде жұмыс істейтін ұйымдық-құқықтық, ұйымдық-функционалдық құрылымды құру-ң маңызы ерекше. Оны құрудың ерекшеліктері: ұйымдық-функц-қ құрылым-ң әрбір элементі өз алдына жеке-дара мақсат қойып, оларға қол жеткізуді қамт-сыз ету к/к; құрылымды құру оның мақсаттарын ж/е жұмыс сферасын айқындап алудан басталу к/к; бір-бірін қайталаушы органдардың болмауы жөн; ұйымдық-функц-қ құрылым күрделі болмау к/к; ұйымдық-функц-қ құрылым-ң әрбір құраушысы атқаратын қызмт-р заңмен реттелу к/к.

ұйымдық-функц-қ құрылым-ң қоғам дамуындағы ролі ерекше.Дұрыс таңдалған құрылым - қоғамды ілгері дамытушы механизм. Құрылымдық тиімділік адамзат-ң өмірі-ң әр сферасын қамтып, оның өркендеп-көркеюіне қажетті инструменттерді таңдап, реттеу ф-сын атқарады. Әр мемл-ң ұйымдық-функц-қ құрылымы индивидуалды б/у к/к. Дұрыс таңдалған ұйымдық –функционалдық құрылым -ұтымды биліктің, оның жемісті қызметінің өзегі. Ол арқылы мемлекет өз қызметін жүзеге асырады, нәтижесінде қоғамның ілгері дамуына қол жеткізіледі.

 

3. ҚР-ғы нормативтік-құқықтық актілердің жіктелуі. Жалпы, құқықтық-нормативтік актілер жалпы мемл-тік, ведомстволық, жергілікті, локалдік деп жіктеледі. Оларға қойылатын басты талаптар: дер кезінде қабылануы, тұрақтылығы, өзара байланыстылығы, кешенділігі. ҚР-да құқықтық реттеудің ең негізгі нысандары: ҚР Конституциясы, одан туындайтын түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар, нормативтік –құқықтық актілер, Президент жарлықтары, өкімдері. ҚР-ғы нормативтік-құқықтық актілердің жіктелуі: Негізгі 1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер. 2) Конституциялық заң құқығын иеленетін Президенттің жарлықтары, заңды құқығы бар елбасының жолдаулары. 3) ҚР-ң Парламенті және палаталарының бекіткен заңдары. 4) ҚР-ң Үкіметі бекіткен заңдар. 5) Қр-ң Жоғарғы соты мен орталық сайлау комиссиялары бекіткен заңдар жинағы. 6) ҚР-ң Министрлері мен орталық меелекеттік басқару органдарының басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары.7) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық заңдары. 8) әкімдер, әкімшіліктер мен маслихаттар бекіткен нормативтік құқықтық актілер.
туынды. 1. Регламент- мемлекеттік органдардың ішкі іс-әрекеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің байланысын реттейтін құқықтық нормативтік акт.
2. Дәреже – мемлекеттік органдар және олрадың құрылымдық бөлімшеоерінің статусын және құзіретін анықтайтын нормативтік құқықтық акт. 3. Ереже – белгілі бір іс-әрекет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру барысын анықтайтын құқықтық нормативтік акт. 4. Инструкция – құқықтық қатынастар барысында заңнамаладың қолданылуын реттейтін құқықтық нормативтік акт.
жаңадан қабыладанатын құқықтық заңнамалар негізгі заңнамалар негізінде бекітіледі және өзара бір жүйе болып табылады.

 

 

4.ҚР мемлекеттік қызмет және оның құқықтық базасы. «ҚР мемл-к қызмет т/лы» заң, «Әкімшілік процедуралар т/лы заң, «Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексі», «Жемқорлыққа қарсы күрес т/лы заң». «ҚР мемл-к қызмет т/лы» заңда Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi (1) заңдылық;2) қазақстандық патриотизм;3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;т.б.), Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы (құқықтары, міндеттері, шектеулер), Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, заңды бұзғаны үшін жауаптылық айқындалған. «Мемлекеттік қызметкердің ар-намыс кодексі» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Мемлекеттік қызметшілер: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге; 2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға; 3) қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге; 4) мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға; 5) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға,т.б. тиіс.

«Жемқорлыққа қарсы күрес т/лы заң» жемқорлыққа қатысты мәселелерді қарастырады.

 

 

5. ҚР «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралыҚазақстан Республикасының заңы 1998 ж. 2 шiлдеде қабылданды. 27.07.2007 ж өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заң төрт тараудан тұрады:1-тарау. Жалпы ережелер;2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол үшiн жауаптылық; 3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою; 4-тарау. Қорытынды ережелер. Заңның мақсаты 1. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. 2. Сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектiлерi 1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады. 2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттары, судьялар; 2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады. 3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға: 1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар; 2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері; 3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер; 4) мемлекеттiк ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес процент болатын ұйымдарда басқару мiндеттерiн атқаратын адамдар теңестiрiледi. 4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2048 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1027 - | 840 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.