Лекции.Орг
 

Категории:


Макетные упражнения: Макет выполняется в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 на подрамнике...


Универсальный восьмиосный полувагона: Передний упор отлит в одно целое с ударной розеткой. Концевая балка 2 сварная, коробчатого сечения. Она состоит из...


Электрогитара Fender: Эти статьи описывают создание цельнокорпусной, частично-полой и полой электрогитар...

Күрделі кемістігі бар балалардың негізгі топтары



Жас өспірім балалардың дамуы жағынан екі кемістік немесе одан көп, бірнеше психофизиологиялық ауытқушылықтар біріккен жағдайды күрделі кемістік деп атайды. Мысалы: нашар естумен қатар нашар көру, зият ауытқушылығы соқырлықпен біріккен жағдай, тірек қимыл қозғалысындағы кемісткпен бірге сөйлеуіндеге кемістіктер кездеседі т.б. Қазіргі арнайы әдебиеттерде күрделі кемістіктер ретінде тек алғашқы біріншелік күрделі кемістіктер көрсетіледі, мысалы: бір тұлғаның бойында көрмеушілік және естімеушілік біріккен жағдай.

Күрделі кемістіктің синонимі ретінде арнайы әдебиеттерде басқа да нұсқалары кездеседі, мысалы «қиын бұзылыстар», осыған сәйкес «қиын кемістік», «біріккен бұзылыстар», «күрделі ақау». Бірақ соңғы уақытта «кемістіктің күрделі құрамы» атты түсінік күрделі кемістіктің мағынасын толық ашатын және қолайлы болып табылады.

Күрделі кемістіктері бар балаларды негізгі үш топқа бөлуге бөледі, олар:

- бала бойында екі аса байқалатың психофизиологиялық кемістік біріккен, бірақ әр қайсысы өз бетінше бала дамуына жығымсыз әсер тигізетің жағдайдағы топ, мысалы: көру мен есту қабілетінең айырылған, зиятында ауытқушыдығы бар естімейтін, нашар естийтің психикалық дамуы тежелген балалар.

- негізгі бір кемістікпен қатар қосымша деңгей жеңіл кемістік қосылған жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушылығы бар нашар естийтің балалар.

- көптеген кемістігі бар, балаланың бойыңда нақты екіден аса кемістігі кездесетің жағдайындағы топ, мысалы: зиятында ауытқушыдығы бар нашар көретің естімейтін бала.

Осы кезге дейін біздің мемлекетте күрделі кемістігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету және тәрбиелеуде көп көңіл бермеген. Өйткені олар тәрбие, білім ала алмайтын деп саналатын. Бірақ күрделі кемістігі бар балаларды оқытуға, осы соңғы он жыл арасында көп көңіл бөлуде.

Баланың күрделі ақауы болуы, оның ерте дамуына кедергі жасайды. Ауытқушылықтын бір емес екі немесе одан да көп болуы баланы қоршаған ортадан бөледі, ол үлкен депривацияға түседі. Бұл көптеген қызметтердің дамуына және психикалық дамудың тежелуіне әкеп соғады (заттарды тану, олардың бейнесін қалыптастыру, кеңістікті бағдарлау, моторикалық даму, эмоциялық-сезімдік қарым-қатынас, ересектермен сөйлесу). Бұл ауыр жағдайды қоршаған әлеуметтік ортаның баланың танымдық әрекетіне бейімделмеуі қиындатады.

Кейіннен бұндай бала арнайы ортаға түскенде жанындағы балаларға қарағанда және салыстырғанда оның ауытқулары, ауыр екендігін білдіреді. Осындай біріккен бұзылыстар проблемасына жеке-жеке тоқталуды және арнайы психологиялық-педагогикалық әдістерді қолдануды талап етеді. (А.И.Мещеряков, Т.В.Розанованың зерттеулері) көру және естуі жоқ балалар қоршаған ортадан бөлек болады, шетте қалады. Бұл баланы жиі ақыл ойы кемтар ретінде қабылдайды, өйткені танымдық жетілмеуі, қарым-қатынасты және тәртіп, мінез-құлқысын ортада қалыптасқан ережелерге сәйкес тәрбиелеуін мүлде қиындатады. Бірақ ақыл ойы кемтар балаға қарағанда дамуында күрделі кемістігі бар балада зиятын дамытуға мүмкіндігі әлде жоғары.

Күрделі кемістіктің ерекше салдарының бірі - кемістіктің орнын толықтыру мүмкіндігінің шектеулігі. Мысалы, көрмейтіндерде қоршаған ортаны қабылдау сақтаулы есту мен сипап сезу арқылы мүмкін. Ал естімейтіндерде - көру және кинестетикалық тактильді, вибрациялық қабылдау мүмкіндік береді. Ал керең-соқыр балаларда көруі мен естуі жоқ болғандықтан сыйпап сезу және кинестетикалық қабылдауы соңымен қатар иіс білу кемістіктің орнын толықтыруға баланы дамытуға жол ашады. Мұндай балалардың тіл білуінің маңызы зор.

Л.С.Выготский баланың психикалық қызметін қалыптастыру, оның сақталған ақыл-ой дамуының деңгейіне байланысты деген. Ал күрделі кемістіктің құрамына зият кемістіктері қосылса бұл жағдайды ауырлатады, бірақ түзету шараларын қолданудан бас тартпайды. Дамуында күрделі кемістігі бар балаларды оңалту мүмкіндіктері қазіргі күнге дейін ғылыми толық зерттелмеген, бірақ кемістік ерте жаста пайда болса оның құрамы мен деңгейі ауыр болатыны анық.

А.Н.Мещерянковтың (1974 жылы) зерттеуі бойынша соқыр-керең балаларда өзегеше іс-әрекет қалыптастыру үшін кейбір жағдайларды қамтамасыз ету қажет, олар:

- біріншіден ол - заттармен түрлі әрекет жасау, әйтпесе заттар туралы нақты бейнесін қалыптастыру мүмкін емес;

- екіншіден қоршаған ортадағы заттармен әлеуметтік әрекет жасау;

- үшіншіден, әр әрекет нәтижесін баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағыттау.

Басында бала бойындағы өмір сүру үшін қажеттіліктер (тамақтануға, ұйқыға, суықтан қорғануға болады). Кейін бала заттарды таныған соң қосымша басқа да қажеттіліктер қосылады, осыған байланысты балада іс-әрекетте қалыптаспады, өзгереді.

 





Дата добавления: 2015-11-05; просмотров: 6606 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.