Лекции.Орг


Поиск:




Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау




1. Азаматтық қорғаныс жоспарында көрсетілген эвакуациялық шараларды орындауға төтенше жағдай мен Азаматтық қорғаныс қызметтерінің басқару құрамы мен басқармалардың, бөлімдердің қызметкерлерін даярлау;

2. Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;

3. Халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;

4. Көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;

5. Стансаларды, аймақтарды және кеме жайларды халықты отырғызатын және түсіретін пункт ретінде жабдықтау, көлік коммуникациялары мен кіре беріс жолдарын отырғызу және түсіру пункттері мен эвакуацияның аралық пункттеріне ұластыру;

6. Халықты жаяу алып шығуға арналған жолдар мен сап түзету жолдарын таңдау, барлау және даярлау, марш схемасын пысықтау мен егжей-тегжейлі зерттеу;

7. Азаматтық қорғаныстың басқару пункттерін, байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;

8. Қауіпсіз аумақта селолық жерлерде материалдық жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің қорын жасау, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау.

Эвакуациялық шараларды жүргізу және ұйымдастыру. Халықты бытыраңқы орналыстыруға және эвакуациялауға даярлау жөніндегі бүкіл жұмысты азаматтық қорғаныстың бастықтары эвакуациялық комиссия арқылы жүргізеді. Эвакуациялық комиссиялар жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Азаматтық қорғаныс бастықтарының жұмысшы органдары болып табылады. Олар халықты бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялау жөніндегі шаралардың бүкіл кешенін орындауға және осы шараларды жан-жақты қамтамасыз етуге жауап береді. Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.

Эвакуациялық комиссия құрамына жергілікті атқару органдарының, Азаматтық қорғаныс қызметтерінің білімі, әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдерінің, қорғаныс істері жөніндегі мекеменің, ұйымдардың және басқалардың өкілдері енеді.

Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.

Эвакуациялық жиналу пункттерін орналастыру үшін әралуан қоғамдық бөлмелер пайдаланады. Эвакуациялық жиналу пункттерінде тікелей жақын жерде халықты қорғау үшін тіршілікті қамтамасыз етуге арналған (медицина, тамақтандыру, күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.

Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады. Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады. Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады. Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.

Аудандар мен қала ұйымдарының Азаматтық қорғаныс жоспарлары бытыраңқы орналастыру және эвакуациялау мәселелері бойынша аудандардың, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының Азаматтық қорғаныс жоспарларымен келіседі.

Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;

қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;

орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;

эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;

жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;

халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;

халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;

халықты көлікке отырғызу пункттері;

оны қауіпсіз аймаққа түсіру;

Бейбіт уақытта барлық баспаналар шаруашылық мақсатқа пайдаланылады. Қала мен селолық жерлердің халқы радиацияға қарсы баспаналарда, туннелдерде, кен орындарында, жер асты өткелерінде, жер асты гараждарында және басқада паналау ғимараттарында жасырынады, сол үшін жоспарлы жиналу және есеп, сондай-ақ халықты жасырыну ғимараттарына бөлу жүргізіледі.

Халықты қорғау әдістерінің ең негізгісі уақытша көшіру (эвакуация) шаралары болып табылады, оған: адамдардың өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдайлар аймағынан және казіргі қырып жою құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан халықты көшіру, соғыс уақытында санатталған қалаларда жұмыс істеп жаткан, ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін қауіпсіз аймаққа жайғастырып бөлу және орналастыру жатады.

Көшіру шаралары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органдарының және аумақтык баскару органдарынын жалпы басшылыгымен алдын ала жоспарланады. Бейбіт уақытта қауіпсіздік катерімен табиғи апаттық төтенше жағдайлар болуы ықтимал аймақтар үшін көшіру шараларын жүргзу анықталынады. Сонымен қатар соғыс уақытша шекаралас аудандар мен санатталған қалалардан халықты көшіру тәртібі белгіленеді.

Соғыс уақытында кенеттен ьолған қатерлі жағдайларда және төтенше жағдайларда көшірілу жедел жүргізілуі тиіс.

Тұрғындарды толық немесе бөлігін қктерлі аймақтардан алдын ала көшіру бейбіт уақытта да, соғыс уақытында да жүргізілуі мүмкін.

Уақытша көшіру шаралары:

· ұйымдардын жұмысшылары мен қызметкерлерін және олардын отбасы мүшелерін- өңдірістік принцип бойынша

· халықты көшіру- аумақтық принципы бойынша жүзеге асырылады

· көшіруді ұйымдастыру және мүмкіндігінше жеке меншік көлік иелерінін көлегін тарту жеке меншік пәтерлер кооперативтеріне жүктеледі.

Халықты радиоактивті және химиялық зақымданудан қорғауға: санатталған қалалардын халқын радиоактивті және химиялық зақымдану туралы дер кезінде хабарлауды ұйымдастырумен, адамдарды жекелеген таныс қорғау құралдары мен қамтамасыз етумен, баспаналарда, радиацияға карсы баспаналарға және баскада корганыс ғимараттарында жасырынумен, зақымдану аймағынан тасып шығарумен, радиациялық және химиялық қорғану режимін орындаумен, радиацияға карсы профилактика, обьектілерге, техникаларға, жабдықтармен жергілікті жерге дезактивация, дегазация жүргізумен, өзін өзі корғау әдістеріне үйрету мен жетеді.

Облыстық эвакуациялық комиссияның міндеттері. Облыс әкімшілігінін бөлімшелерімен, комитеттерімен, басқармалары мен бірлесіп, қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты орналастыруға, аудандарда әзірлеу жөніндегі шараларды жасайды және осы шаралардын жүзеге асуын (олардв бекіткеннен кейін) бақылайды.

Жеке құрамаларды құруды оларды жабдыктауды бақылайды. Уақытша көшіру шараларын даярлауға арналған өкімді алысымен эвакуациялық және эвакоқабылдау коммисияларының даярлыққа келтіруін бақылайды. Халықты орналастыру мен эвакуациялау жоспарын нақтылайды. Қарамағындағы эвакуациялық ұйымдарының жұмыстарын бақылайды. Эвакуауиялық жинау бекетінің жұмысын жақсартуға даярлықты ұйымдастырады.

Көлік органдары мен бірлесіп, көшірілетін және орналастырылатын халықты тасымалдайтын көліктін түрлерін, саның, дайындығын нақтылайды.

Уақытша көшірілу кезіенде адамдардын демалатын, дәрігерлік көмек алатын орындарың, қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуін, келген адамдардын орналасуын қамтамасыз етіп, қадағалайды. Азаматтық қорғаныстың тиісті қызметтерімен өзара әрекет етуі мақсатында орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты жан-жақты жабдықтауды және қорғауды ұйымдастырады. Ұйымның эвакокомиссияның міндеттері болып:

· Ұйымның Азаматтық қорғанысының штабымен бірлесіп, обьектінің жұмысшылары мен қызметшілерін және олардын отбасы мүшелерін орналастыруға (жұмысшыларға, қызметшілерге, лоардын мүшелеріне сұрау салмастан), олардын тізімдерін жасайды.

· Азаматтық қорғанысының бастығына эвакуациялық жинау пунктінің өкімшілік құрамы, эшолондар бастықтарын, автомобиль колонналары мен жаяу саптар бастықтарын тағайындау туралы ұсыныс әзірлейді.

· Эвакуациялық жинау пунктінің әкімшілігінің құрамына еңген жеке құрамына, эвакуациялық эшолондар мен колонналардын бастықтарын дайындауды ұйымдастырады.

Эвакуациялық шараларды дайындауға арналған өкімді алысымен, оларды орналастыру және эвакуациялар жоспарын, сондай-ақ орналастырылатын (эвакуацияланатын) жұмысшылардың, қызметшілердің және олардын отбасы мүшелерінің тізімі анықтайды.

Ауданның эвакокомиссиясы облыс комиссиясымен бірлесе отырып және оның басшылығымен әрі жоспары мен нақты уақытша көшіру жұмыстарын ұйымдастырып анықтайды.

Жергілікті атқару органдары ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының эвакуациялық қабылдау комиссиялары аудандық комиссияның басшылығымен және оның жоспарымен уақытша көшіру жұмыстарын немесе көшіп келушілерді орналастыру жұмыстарың нақтылы жүргізеді.

Эвакуациялық жиналу бекетінің әкімшілігінің міндеттері:

· Эвакуциялық жиналу бекетіне келуші халықты тіркеуді жүзеге асырады, оларды пойыздарға (автоколонналарға, кемелерге) және вагондарға (автомашиналарға, кемедегі бөлмелерге) бөледі, отырғызу бекеттеріне жібереді.

· Қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты есепке алуды жүргізеді, бұл туралы аудандық эвакуациялау комиссиясына (уақыты, ұйымдар мен көлік түрлері бойынша) мәліметтер береді.

· Эвакуациялық жиналу бекетінде болған кезде, ауырғандарға дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастырады.

· Эвакуациялық жиналу бекетінде қоғамдық тәртіпті сақтауды және ЭЖП-да орналасқан халықтың қорғануын қамтамасыз етеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-11-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1381 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1411 - | 1265 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.