Лекции.Орг


Поиск:




Кімшілік құқық бұзушылық істері бойынша прокурорлық қадағалау




Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде заңдардың дәл және біркелкі қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тікелей де, өзіне бағынысты прокурорлар арқылы да ҚР - ның Бас прокуроры жүзеге асырады. Кодекстегі 759-бабына сай 760-бапта көзделген өз өкілеттіктерін іске асыру мақсатында прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысуға құқылы.

“Бұл орайда прокурор дәлелдемелер табыс етеді және оларды тексеруге қатысады; істі қарап жатқан сотқа, органға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп отырған адамға қатысты, оның кінәлігі туралы, сондай – ақ істің қаралу процесінде туындайтын басқа да мәселелер жөнінде өз пікірін баяндайды; істі қарап жатқан сотқа, органға заңның ережелерін қолдану және әкімшілік жаза қолдану не одан босату туралы ұсыныс айтады.

Прокурор кәмелетке толмағандар жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын орны мен уақыты, сондай – ақ әкімшілік қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық туралы хабардар етіледі. Ол болмаған кезде, мұндай іс тек істің қаралатын орны мен уақыты туралы прокурорға дер кезінде хабарланғандығы туралы деректер болған және одан істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтініш түспеген жағдайда ғана қаралуы мүмкін.

Қазақстанда мемлекеттілікті дамытумен қатар республикалық органдардың жүйесінде прокуратураның рөлі мен орны өзгерді, қызметі жаңа мазмұндармен толықтырылды, қадағалау функциялары да өзгерді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы сотта іс жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және біркелкі қолданылуын жоғарғы қадағалауды мемлекет атынан ҚР-ның Бас Прокуроры тікелей немесе өзінің қарамағындағы прокурорлар арқылы сот талқылауына қатысып, заңды күшіне енген және енбеген сот актілерінің заңдылығын тексеріп, қорытынды жасап, заңсыз болған жағдайда наразылық келтіру немесе жоғары тұрған прокуратураға наразылық келтіру туралы ұсыныс беру арқылы жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалаудың міндеттері азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың конститутциялық және өзге де заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі істерді сотта қарау барысында уәкілетті мемлекеттік органдар мен азаматтардың тарапынан жіберілген заң бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану, әкімшілік құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызған себептер мен жағдайларды жою болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің өзекті санаттары бойынша прокурорлық тәжірибені жүйелі талдау барысында, заңдылық жағдайын болжау мақсатында аумақтық-пәндік ұстаным бойынша жұмыс ұйымдастырылады да, олардың нәтижелері пәндік жұмысшы топтарда, жедел мәжілістер мен алқаларда қаралып, жүргізілген қадағалаудың тиімділігін арттыруға жөніндегі нақты шараларды қолданады. Пәндік ұстаным бойынша жұмыс көрсетілген істердің өзекті санаттарын анықтау және жауапты қызметкерлерді бекіту арқылы жүзеге асырады. Олар прокурорлық қадағалаудың заңдылығының жағдайына жүйелі түрде талдау жүргізілгеннен кейін қадағалау қызметінің түрлері мен әдістерін жетілдіруге ұсыныстар енгізіледі. Пәндік бағыттарды анықтауды қадағалайтын аймақтың ерекшеліктері мен заңдылықтың жағдайына, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің белгілі бір санаттарының сотта қаралуы кең таралғанына сүйенеді.

Прокуратура органдарының жұмысын жоспарлауда, талдау мен шолу жасауда, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда прокурорлардың мамандандырылғандығы ескеріледі. Аумақтық ұстанымның мәні - кейбір аймақтардағы заңдылықтың жағдайына мониторинг жүргізу және талдау жасау мақсатында сот актілерінің заңдылығын қадағалауды осы аймақтардағы жүзеге асырушы прокурорларға бекітіп беруде болып табылады. Прокурор - әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша бірінші сатыдағы сотқа қатысу және мемлекет мүддесіне өкілдік етеді, сонымен қатар, сотқа қатысып, сол істер бойынша өз өкілеттілігін апелляциялық және қадағалау тәртібінде Конституцияға, ӘҚБтК-не, АІЖК-не, басқа да заңдарға сәйкес жүзеге асырады. Бірінші саты соттарында қаралатын істер (4-кесте).

Кесте-4

Бірінші саты соттары қарайтын төмендегі істерге прокурордың қатысуы міндетті түрде:   кәмелетке толмағандарға және әкімшілік қамауға алуға қатысты істер
  жоғары тұрған прокурор қажет деп тапса
  өзі қозғаған істер бойынша
  сыбайлас жемкорлық сипатындағы құқық бұзушылық бойынша
  сайлау құқығына қол сұғу құқық бұзушылығы бойынша
  қоршаған ортаны қорғау саласында
  салық салу саласында
  кеден ісі саласында
  мүлікті мемлекет меншігіне тәркілеуге әкеп соқтыратын істер бойынша
  ҚР- төңірегінен шығару бойынша
  заңсыз көтерілген құрылысты бұзу бойынша

(АІЖК-нің 26-тарауы) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулыларына дау айту туралы азаматтық істер бойынша прокурордың қатысуы міндетті. Прокуратура қозғаған әкімшілік өндіріс бойынша прокурордың сотқа қатысуын өз бастамасымен істі қозғаған құрылым қамтасыз етеді, осы құрылымға қаралатын істердегі сот актілерінің заңдылығын тексерумен дер кезінде наразылық келтіру міндеті жүктеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша бірінші саты сотына қатысқан прокурормен жазбаша қорытынды міндетті түрде беріледі және ол ережеге сай төмендегі тұжырымдарды қамтуы көрсетілген (5-кесте):

Кесте-5

Істің сот мәжілісінде анықталған мән-жайлары туралы прокурордың қортындысы құқық бұзушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі; оның әрекетінің дұрыс дәрежеленуі прокурордың жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне тоқтауға негіз болған дәлелдемелері

Істің мән-жайымен құқық бұзушының жеке басын ескере отырып, оған қолданылған жаза туралы, немесе істі қысқарту қажеттігі жайлы, болмаса оны уәкілетті мемлекеттік органға қайта рәсімдеу үшін береді, ал қажет болған жағдайда прокурор қорытынды соңында құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік тудырған себептер мен жағдайларды жою туралы жеке қаулы шығару жөнінде сотқа тиісті бағдар беру керек немесе анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша осындай мазмұнда прокуратура тарапынан өз бастамасымен ұсыныс келтіреді.

Сот талқылауында прокурордың қатысуына қарамастан сот актісі заңды күшіне енгенге дейін төмендегі сот актілерінің заңдылығы көрсетілген(6-кесте):

Кесте-6

Прокурордың міндетті қатысуы бойынша Соттармен ведомстволығына сәйкес қаралып, қысқартылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер Апелляцялық наразылық келтіру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардан, азаматтардан және заңды тұлғалардан прокуратураға келіп түскен шағымдар бойынша сот актілері
заңсыз сот актілері анықталған жағдайда оларға наразылық келтіру шараларын қолданылады.

АІЖК-нің 26-тарауындағы тәртіп бойынша соттармен шығарылған сот актілерінің заңдылығы прокурордың қатысқанына қарамастан тексеріледі және жарты жылда 1 рет барлық санатттар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы соттармен қысқартылған істердің заңдылығына талдау жүргізіп, есепті мерзімнен кейінгі айдың 10-на дейін Бас прокуратураға ақпарат жолдайды. Заңды күшіне енбеген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерін жоғарғы тұрған сот қайта қарағанда прокурор өз қорытындысында бірінші сатыдағы соттың қаулысының заңдылығы және дәлелділігі жөнінде пікірін білдіреді, яғни наразылық қорытынды жасаған прокурорға байланысты емес. Сонымен қорытынды жазбаша түрде жазылады да оны прокуратура басшысы оқып, зерттеп бекітеді.

Төмендегі көрсеткіштер әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалаудың жағдайын бағалау негізгі критерийлерінің бірі ведомостволығына қатысты қаралған сот актілеріне апелляциялық наразылық келтіру болып табылады.

Ведомстволығына қарасты бірінші саты соттарымен қараған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігі заңды күшіне енбеген прокурорлардың наразылығымен бұзылған және өзгертілген сот актілерінің осы санаттағы бұзылған және өзгертілген сот актілерінің жалпы санына ара қатынасымен есептеледі.
Төмендегі жағдайларды қоспағанда:

· жаза мөлшерін төмендетуге байланысты сот актілерінің өзгеруі;

· жаңадан келтірілген дәлелдердің негізінде сот шешімін шығару;

· бір жазаны екінші жазамен ауыстыратын сот актілері;

· тағайындалған жазалардың біреуін өзгерту;

· құқық бұзушыны жазадан босатуға байланысты істің қысқартылуы.

Ережеге сай сипаттау, себептеу және қарарлық бөлімдерден тұрады.

Сипаттау бөлімінде іс бойынша қабылданған сот актілерінің нәтижелері баяндалады, істі уәкілетті орган қараған жағдайда, қаулы көрсетіледі. Одан әрі сипаттау бөлімінде істің қысқаша мазмұны көрсетіледі, іс қысқартылған жағдайда бұл шешімді қабылдауға себеп болған жағдайлар көрсетіледі.

Ұсыныстың себептеу бөлімінде іс құжаттарына және заң нормаларына сүйенген уәждер баяндалып, іс бойынша қабылданған сот актілерінің осыларға сәйкес бұзылып немесе өзгертілетіндігі және сол ұсыныстың қарарлық бөлімінде іс бойынша қандай да бір нақты шаралар қолдану қажеттігі көрсетіледі.

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Прокурор қандай жағдайлар міндетті түрде 1-ші саты сотына қатысады?

2. Әкімшілік істер бойынша прокурорлар тәжірибені жүйелі талдау барысында қандай шаралар өолданады?

3. Прокурорлық қадағалаудың жағдайын бағалау кезіндегі негізгі критерийлері?





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-27; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1193 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

874 - | 786 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.